Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сұрақтар мен тапсырмалар

Сабақтың тақырыбы: Күрделі және ағымды жөндеу.
Топтар
Асл 9-181

Сабақ өтетін күн
14.12.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Тозған бөлшектерді жөндеудің қандай тәсілдері бар?
Механикалық өңдеумен бөлшектерді жөндеу қалай жүргізіледі?
Бөлшектерді беттік беріктендіру әдістері дегеніміз не?
Беріктендіруші электр - ұшқындық өңдеу жұмыс түрлерін қамтиды?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Күрделі және ағымды жөндеу.
Ағымды жөндеу (АЖ) автомобильді пайдалану барысында туған акауларды жою үшін қолданылады. Ағымды жөндеуде жеке бөлшектер, механизмдер және агрегаттар ауыстырылады.
Парктің техникалық пайдалану коэффициентін арттыру үшін, АЖ- ды мүмкіндігінше ауысым аралығында, жұмыстан кейін немесе түнде орындауға тырысады. Егер күрделі агрегат ауыстырылатын болса, онда жөндеу күндіз арнаулы жұмыс орнында агрегатты тәсіл бойынша атқарылады. Ондай жағдайда агрегат алдын ала жөнделіп қойған қордан алынып қойылады.
Ағымды жөндеуге тиісті еңбек қажеттілігі адам/сағ. арқылы автомобильдің 1000 шақ. жүрген жолына есептеліп беріледі.
Ағымдық жөндеу жүргізу кезінде кейбір реттеу жұмыстары және ақауы бар бөлшектерді ауыстыру басты берілісті бөлшектеусіз, тұрған орнында атқарылады.
Егер басты берілісті толық реттеу жэне жөндеу қажет болса, онда редукторды алып, агрегатты цехқа жібереді.
Онда редукторды толык бөлшектеп жуып, тетіктердің жарамды-жа- рамсыз екендігін тексеріп, жарамсыз тетіктерді жаңа бөлшектермен ау- ыстырып жинастырады. Жетекті тістегерішті редуктордың картеріне орнатқаннан кейін ернемек сомынын динамометрлік кілтпен 16...20 кгс/м күшпен тартып бұрайды
Автомобильдің жүріс бөлігінде әртүрлі ақаулар: шиналардың тесілуінен бастап жүріс бөлігінің басқа элементтерінің сынуына дейін, мысалы, рессордың, серіппелердің, дөңгелектің дискілерінің жэне т.б. болуы мүмкін.
Бұлардың бэрі жолдың сапасыздығьінан, автомобильді дұрыс пайдаланбағандықтан, жол апаттарынан жэне ТҚ көрсету жұмыстарын дұрыс жүргізбегендіктен болады. Ағымдық жөндеу жұмысын жүргізуге еңбек қажеттілігін аз, кейде арнаулы қондырғыларды қажет ететін, кейде еңбек көп жұмсалатын кездері болады. Мысалы, автомобильдің артқы немесе алдыңғы белдіктері, беріліс корабы т.с.с. ауыстырылатын болса, көтергіш қондырғылар, арнаулы стендтер қолданылады.
Көрсетілген көтергіш жабдықтар автомбильдің белдіктерін жэне де басқа бөлшектерін көтеріп тасымалдауға арналған.
Ақауы бар амортизаторды ақтарып, жарамсыз бөлшектерін ауысты- рып, қайта жинайды. Амортизаторды жөндеу тэртібі төменде көрсетілген. Серіппені шығаруға арнаулы аспап пайдалану қажет етілмейді, жай со- мынды босатып, резервуардағы газды шығарады
Күрделі жөндеу (КЖ) кезінде жұмыс істеу қабілетін жоғалткан автомобильдің агрегаттарын қалпына келтіріп, келесі КЖ-ге дейін жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Автомобильдерді күрделі жөндеу арнаулы жөндеу кәсіпорындарында, автомобиль жөндеу зауыттарында толық агрегаттарға, бөлшектерге ажыратып жөндеп, оларды қайта жинау жұмыстары орында- лады.
Ілеспелі жөндеу (ІЖ) -- еңбекті аз қажет ететін ТҚ көрсету жұмыс- тарымен бірге орындалатын жөндеу (ТҚ-1 кезінде 5...7 адам/мин., ал ТҚ-2 кезінде 20...30 адам/мин.). ІЖ-ді ТҚ жұмыстарымен бірге орындауға болады.
Автомобильді күрделі жөндеуге қоюдың көрсеткіші оның жүрген жолы болуға тиіс. Мысалы, Горький автомобиль зауытының жеңіл автомобиліне 300 мың шақ., жүк автомобильдеріне 250 мың шақ. жол жүру белгіленген. БелАЗ автомобильдері үшін -- 500 мың, ал алға қойған жоспар бойынша 1 млн. шақ. жол жүру жоспарланған. Көпшілік шетелдік жеңіл автомо- бильдер үшін -- 450...500 мың шақ. Кейінгі кезде ЕУРОстандартқа сәйкес күрделі жөндеу қарастырылмаған.
Автомобиль жөндеу зауытында күрделі жөндеуден өткен автомобильдердің жөнделу сапасы одан ары пайдалану үшін кейінгі талаптарға сай келмейтінін және оның қымбаттығын тәжірибе көрсетуде. Сондықтан автомобильді күрделі жөндейтін зауыттар қазіргі кезде жеке агрегаттарды ғана жөндеуге көшкен.
Жаңа экономикалық жағдайда нарықтық қатынасқа байланысты автопарктердің барлығының толық немесе жартылай жекеменшік басқаруына көшуі нәтижесінде тасымалдауды жаңаша үйлесімді ұйымдастыру жолдары іздестіріліп, автомобильді тиімді пайдалану іске асырылуда, соған байланысты жөндеу саласында да өзгерістер енгізілуде. Авто- парк жұмыстарын ұйымдастыратын көптеген нұсқаулар мен ұсыныстар, нормативтік көрсеткіштер түбегейлі өзгеріске ұшырап, автопарктің еркін басқаруға көшуіне байланысты жөндеу жүргізудің реттілігіне, көлеміне, техникалық қызмет көрсетудің еңбек қажеттілігіне өзгерістер енгізілді.
Мысалы, кейбір автомобиль шығарушы зуыттар өздерінің тиімді жоспарлы техникалық кызмет көрсету кезектілігін ұсынса, кейбіреулері жалпы қабылданған техникалық қызмет көрсету (ТҚ) жүйесінің атын өзгертіп, қосымша техникалык қызмет көрсету түрін енгізуде (айталық, автомобильдерді жұмыс істеуге төселту кезеңі). Горький автомобиль зауыты <<Волга>> автомобилі үшін ТҚ-1 жол жүру нормасын 8000 шақ. дейін көбейтуді, ал <<Газель>> автомобилі үшін ТҚ-2 16000 км болуын ұсынады. Камск автомобиль зауыты КамАЗ автомобилі үшін сервистік техникалық қызмет көрсету тэсілін: бірінші 1000 шақ. жол жүргеннен кейін -- <<Сервис А>>, 4000 шақ. жол жүргеннен кейін -- <<Сервис Б>> ТҚ-1-дің орнына <<Сервис 1>>, маусымдық қызмет көрсетудің (МҚ) орнына <<Сервис С>> ендіруді ұсынады. Бұл ұсыныстардың барлығы -- дүниежүзілік стандартқа көшудің алғашқы қадамы.
Қалпына келтіру (ҚК) жөндеуі күрделі жөндеудің шарттарына жатпайтын жылжымалы құрамдардың функциональдық ақауларын қалпына келтіру мақсатында жасалады.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Агымды жөндеу (АЖ) қалай жүргізіледі?
Агымды жөндеу жұмыстарына қандай қызметтер жатады?
Күрделі жөндеу (КЖ) қалай жүргізіледі?
Қалпына келтіру (ҚК) дегеніміз не ?

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Топпен талқылату
Ұзақ мерзімді жоспар 6-7-8 сынып (i-ii тоқсан)
7-сыныпқа арналған алгебра, геометрия пәнінен омж
Барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы
Темір дәуірінің негізгі ерекшеліктері
Ұзақ мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар. Қазақстан тарихы 7-сынып
Зат есім. Сабақтың тақырыбы
Деңгейлік тапсырмалар. Зат есім
Түрлі карталарда меридиандер мен параллельдердің бейнелену ерекшеліктері
Пәндер