Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қозғалтқыш ақауларын жөндеу

Сабақтың тақырыбы: Қозғалтқыш ақауларын жөндеу.
Топтар
Асл 9-181

Сабақ өтетін күн
14.12.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Цилиндрлі-поршеньді топтың (ЦПТ) тозған тетіктерін ауыстыру немесе реттеу қалай жүргізіледі?
Пайдалану кезінде пайда болатын қозғалтқыш бойынша тоқтап қалуды бөлу қалай жүргізіледі?
Автомобильдің техникалық жағдайын толық бағалауға нелеркіреді?
Қалпына келтіру (ҚК) дегеніміз не ?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Қозғалтқышты бөлшектегеннен кейін, оның барлық тетіктерін мұқият зерттеп, оларды әрі қарай қолдану мүмкіндігін тексереді.
Ақаулау ұғымының аясы тұтастықты, бүтіндікті тексеру дегенді қамтиды, яғни сыртқы және ішкі жарықтар мен сынықтарды табу, тозу, пішіннің өзгеру белгілерін, беткі бөліктердің өзара орналасуы мен тазалығының бұзылуы секілді ақаулардың деңгейін анықтау.
Ақаулау барлық тетіктерді үш топқа бөлуге көмектеседі. Бірінші топқа тозу деңгейлері жарамды деп табылған бөлшектер, сондай-ақ қажетті тексерістердің барлығынан өткен бөлшектер; екінші топқа - тозу шегіне жеткен және беткі бөліктерінің геометриялық пішіндері ауытқыған, дегенмен қайта қалпына келтірілетін бөлшектер; үшінші топқа - түпкілікті ақауланған және қайта қалпына келтірілмейтін бөлшектер жатады. Бөлшектерді алмастырмай және қайта қалпына келтірмей қолдануға болатын, яғни жарамды деп есептелетін тозу деңгейі мен өлшемдері қозғалтқыштың құрылымына байланысты болып табылады және оларды өндіруші зауыт бекітеді.
Бөлшектерді ақаулау келесі жұмыстардан тұрады: сыртқы тексеру; көзге көрінбейтін ақауларды табу үшін бөлшектерді арнайы құралдармен тексеру; бітеулігін тексеру; өлшемдер мен көлемдерін өлшеу және бастапқы геометриялық пішіннен ауытқуын тексеру. Бөлшектердегі көзге көрінбейтін ақауларды табу үшін магниттік дефектоскопия, рентген сәулелерін түсіру, гамма-дефектоскопия, ультрадыбыстық және люминесцентті бақылау қолданылады.
Магниттік дефектоскопия жүргізу кезінде болат бөлшектердің беткі бөліктеріндегі жарықшақтарды табу үшін бөлшекті магниттеп, содан соң магниттік суспензия толтырылған ваннаға салады. Жарықшақтар бар жерлерге суспензия жиналып, төмпешіктер мен қуыстар пайда болады, ақаудың орны мен өлшемі соларға қарап анықталады, бұл тексеру ақау орындарында магниттік күш желілерінің шашырауы құбылысына негізделген. Бөлшекке рентген және гамма-сәулелерін түсіру арқылы бөлшектің ішкі ақауларын анықтау мүмкіндігі пайда болады. Әдетте іс жүзінде бұл сәулелерді фотоэмульсияға түсіргенде ақаудың бейнесі пленкада көрсетіледі.
Беткі бөліктердің ақауларын анықтау үшін бірқатар кәсіпорындарда люминесцентті ақаулама дефектоскопия сәтті қолданылып келеді, бұл әдіс кейбір органикалық қосылыстардың ультракүлгін сәулелерінің әсерінен жарқырау қасиетіне негізделген. Тетік бетіндегі жасырын ақаулар металл қуысына немесе жарықшағына өтетін сәулеленген ерітіндінің жарқырауы бойынша анықталады. Ерітінді ретінде керосин мен кариолдың қоспасы қолданылады, ол сарғыш-жасыл түсті. Тетіктің бетінде ақаулар болатын болса, онда сыртқы ақаулардың орнын көрсететін ақшыл жолақтар пайда болады.
Бұл әдіс керосинмен сынау әдісіне ұқсайды, мұндай әдіс кезінде ақауларды анықтау үшін тетіктің ең қолайлы бөлігін бордың суға езілген ерітіндісімен бояйды. Боялған беткі бөлігі кепкеннен кейін, оның сырт жағын керосинмен дымқылдайды. Тетікте бос қалған орындар болса, керосин солар арқылы өтіп, боялған беткі бөлікте дақтар мен сызықтар пайда болады. Сондай-ақ тексерілетін беткі бөлікті алдымен керосинмен дымқылдап, құрғатып сүртіп, содан соң металл ерітіндісімен бояйды. Кепкеннен кейін жарықшақтар борлы бетте айқын көрініп тұрады. Қозғалтқыштардың ішкі қуыстары бар, жарықшақтардың пайда болу ықтималдығы жоғары кейбір маңызды бөлшектеріне белгілі бір қысымдағы ыстық сумен гидравликалық бақылау жүргізіледі.
Жөндеу кәсіпорындарында мұндай тексерулер арнайы стендтерде жүргізіледі. Бұл ретте қысқыштың көмегімен тексерілетін бөлшекті (блоктың бастиегі, кіргізу коллекторы, т.б.) стендтің рамасына бекітіп, оның саңылауларын резеңке төсемелермен тығыздап, біреуінің арасынан су ағызады. Содан соң қажетті қысымды келтіріп, бөлшекті тексереді. Тетіктерді өлшеу үшін қолданылатын құралдар мен аспаптардың дәлдігі мен дәлсіздік деңгейлері әртүрлі. Ақаулау кезінде құралдардың көрсеткіштері бойынша өлшемдері жарамды және қандай болмасын ақау белгілері жоқ бөлшектер жарамды деп табылады.
Стандарттар өлшеу дәлсіздіктерінің нәтижесінде туындайтын өлшемдерге рұқсат етілетін шектердің шынайы өлшемдерінің рұқсат етілген ауытқуларын бекітеді. Қандай болмасын өлшеу құралын таңдау дәл осы мәліметтерге байланысты.
Мамандандырылған кәсіпорындарда қарапайым құралдармен қатар ақаулау калибрлері мен арнайы өлшеу құралдары кеңінен қолданылады. Калибрлер қол жеткізілуі қиын беткі бөліктердің өлшемдерін тексеру кезінде қажет болады. Жағармай аппаратурасының прецизиялық жұптарының тетіктерінің өлшемдерін анықтау үшін пневматикалық өлшеу әдісі қолданылады. Индикаторлық құралдармен салыстырғанда, пневматикалық құралдардың өнімділігі мен дәлдігі жоғары болады.
Бөлшектерді өлшеу барысында әр тетіктің конструкциялық ерекшеліктері мен жұмыс істеу жағдайларын ескеретін белгілі бір әдістемесі қолданылады. Үйкелістің цилиндрлік беттерінің диаметрін цилиндрлік пішіннің ауытқуын ұзындығы бойынша (конустығы, бөшке тәрізділігі, корсеттілігі) анықтай отырып, әртүрлі белдіктерде тексереді. Диаметрді бірнеше өзара перпендикулярлы жазықтықтарда өлшеу тексерілетін цилиндрлік тетіктің сопақтығын көлденең қимада анықтауға мүмкіндік береді. Мәліметтерді өлшемдер картасына түсіріп, өңдегеннен кейін, қозғалтқыштың тексерілген бөлшегін қай ақаулық деңгейіне жатқызуға болатындығы туралы қорытынды жасалады.
ІЖҚ тетіктерін қайта қалпына келтіру тәсілдері. Жөндеу жұмыстарының тәжірибесінде кең таралған қондырманы қайта қалпына келтіру - жөндеу өлшемдеріне сәйкес келетін бөлшектерді қолдана отырып немесе түйіндесулерді реттеу жолымен жүзеге асырылады.
Реттеу жұмысын төсемелерді суырып алып, қосылыстарды қатайту арқылы немесе бөлшектердің қапталдық беттерін жөндеу арқылы орындайды. Алайда бұл тәсілдер барлық түйіндесулер үшін бірдей қолданылмайды. Жөндеу өлшемдерінің бөлшектерін қолдана отырып, түйіндесулердің бастапқы саңылауын орнына қайтарып, бөлшектердің геометриялық пішінін қайта қалыпқа келтіруге болады. Бұл жағдайда түйіндесу тетіктерінің бірін жөндеу өлшеміне сәйкес келетін бөлшекпен (номиналдыдан өзгеше) алмастырады, ал екіншісін оның геометриялық пішінінің бұрмалануын болдырмау және бөлшек өлшемдерін жаңа жөндеу өлшемдеріне келтіру шартымен қалдырады.
Жөндеу өлшемдерінің екі түрі болады: бекітілген және бекітілмеген. Қозғалтқыштардың барлық серияларының бөлшектеріне жарайтын нақты бекітілген өлшемдер (1-ші жөндеу, 2-ші жөндеу, т.б.) болады. Бөлшектерді алдын-ала бекітілген жөндеу өлшемдері бойынша дайындайды, сондықтан оларды қолдану барысында қосымша өңдеулер қажет болмайды.
Жөндеу өлшемдері бекітілмеген бөлшектер алдын-ала дайындалғанымен, соңынан өңдеу жағы қарастырылуы мүмкін. Қосылыстардың қай бөлшегі жөндеу өлшемдерінің жаңа бөлшегімен алмастырылуы керек екендігі туралы мәселе технологиялық және экономикалық тұрғылардан шешіледі.
Қосылыстар қосымша жөндеу бөлшектерінің көмегімен де жөнделуі мүмкін. Бұл жағдайда, бір бөлшек жөндеу өлшемдеріне сәйкес келетін тетікпен алмастырады, ал екіншісін алмастырмай, қайта жасайды, мысалы, бастапқы қондырманы қалпына келтіру мақсатында өтпелі төлкелерді немесе қосымша сақиналы төсемелерді орнату арқылы жасалады.
Кейіннен қондырманы қалпына келтіру шартымен бөлшектердің бастапқы өлшемдерін қалпына келтіру - қосылыстың екі тетігінің де өлшемдерін электр-доғалы, ацетилен-оттекті және виброконтактілі балқымамен қаптау, электролиттік немесе химиялық никельдеу, электролиттік болаттау және өзге де бірқатар тәсілдермен қалпына келтіруді қамтиды.
Қозғалтқыштың бөлшектерін қалпына келтірудің ең тиімді тәсілін таңдау, кез келген жөндеу әдісінде жөндеуге қойылатын техникалық талаптарды, бөлшектердің нақты техникалық жағдайын, олардың құрылымдық ерекшеліктерін, материалдарды, термиялық өңдеу түрі және жұмыс жағдайын ескере отырып, жүзеге асырылады.
Бөлшектерді жөндеудің ықтимал тәсілдері экономикалық тұрғыдан салыстырылады. Бірдей жұмыс сапасы қамтамасыз етілген жағдайда жөндеу құны ең арзан болатын тәсіл таңдалады. Сондай-ақ жөндеу кәсіпорнының өндірістік мүмкіндіктері ескеріледі: станоктар мен арнайы жабдықтардың, құрылғылар мен құралдардың бар болуы; әмбебап жабдықтарды қолдану мүмкіндігі. 0,4...1,0 мм-ге тозған 30 мм диаметрлі шыныққан және шынықпаған болат бөлшектердің беткі бөліктерін ұзарту үшін, сондай-ақ жұқа бүйірлі гильзаларды (цилиндрлердің төлкелерін) қалпына келтіру үшін, автоматты виброконтактілі балқымамен қаптау тәсілі қолданылады.
Көптеген ІЖҚ-тардың корпустық бөлшектерін қалпына келтіру үшін ацетилен-оттекті және электр-доғалы дәнекерлеу әдісі қолданылады. Шойын бөлшектер электрдәнекерлеудің көмегімен шойын электродтармен, азкөміртекті немесе сапасыз болаттан жасалған жұқа электродтармен, сондай-ақ қаңылтырмен қапталған мыс электродтармен қалпына келтіріледі. Газбен дәнекерлеу барысында қоспа материалы есебінде қола немесе сұр шойын таңдалады және осының нәтижесінде жапсарлар өте тығыз болып шығады.
Алюминий қорытпалардан жасалған бөлшектерді әдетте ацетилен-оттекті отта балқытады, мұнда қоспа материалы ретінде силуминнен (алюминий мен кремний қорытпасы) жасалған біліктер қолданылады. Мұндай бөлшектерді аргонмен имектеп дәнекерлеу әдісімен балқымалау және дәнекерлеу арқылы өте жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Шағын көлемді бөлшектерді қалпына келтіру үшін және 0,2 мм дейінгі тозған бөлшектерге жеңіл кескіндеме жүргізу үшін хромдау тәсілін қолданған абзал. Бұл тәсілмен үлестіруші біліктің, берілістердің, кейбір мойынтіректердің орнату беттерін және т.б. қалпына келтіруге болады.
Жылжымайтын қондырмасы бар бөлшектердің беткі бөліктерін ұзарту үшін электролиттік мыс жалату тәсілі қолданылады.
Қалыңдықты айтарлықтай жабу керек болған жағдайда, хром астындағы ішкі қабатты алу үшін алдын ала жасалатын операция есебінде, сондай-ақ бөлшектерді қалпына келтірудің дербес тәсілі есебінде, әсіресе кейін оларға термиялық өңдеу жасайтын болса (цементтеу, циандау, жоғары жиілікті токтармен шынықтыру), болаттау тәсілі қолданылады. Болаттау дегеніміз - темірмен қаптаудың электролиттік процесі. Электролитпен тұндырылған темірдің беріктігі мен төзімділігі өте жоғары болады, және ерекшеліктері бойынша шынықпаған орташа көміртекті болатқа жақын болады.
Тартылымдар, тартылымдардың ашалары, бекіткіш бөлшектер, құбыр желілері және өзге де бөлшектерге электролиттік мырыштау жасалады.
Тетіктердің сыртын коррозиядан қорғау үшін, тегершіктерді, түйреуіштерді, сорғыштардың білікшелерін және өзге бөлшектерді қалыңдығы 0,5...0,8 мм тотықты қабықшамен қаптайды. Дәл осындай мақсатпен бакелиттеу - корпус бөлшектерін фенолды және бакелитті лактармен қаптау әдісі қолданылады.
Қырнап тегістеу - жөнделетін бөлшектерді тазалап өңдеудің ең кең тараған тәсілдерінің бірі. Балқыма беткі бөліктерді түйіршіктілігі 60-36 мкм және беріктігі СМ1 немесе СМ2 электрокорунд дөңгелектермен қырнап тегістейді. Хроммен қапталған бөлшектерді түйіршіктілігі 60-46 мкм және беріктігі СМ1, СМ2 немесе С1 дөңгелектермен қырнап тегістейді.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Ақаулау барлық тетіктерді неше топқа бөлінеді?
Қозғалтқыштың бөлшектерін қалпына келтірудің ең тиімді тәсілі қандай?
Жөндеу өлшемдерінің неше түрі болады?
ІЖҚ тетіктерін қайта қалпына келтіру тәсілдері қалай жүргізіледі?

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Жүйелер мен механизмдер
Дизельді қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету
Сабақтың тәрбиелік мақсаты
Доңғалақтар аумағындағы белдіктің жоғары шуылы
Карбюратордың құрылысы және бөлшектерін ата
Автомобильдің жай - күйін анықтау тәсілдері
Цилиндрдің тығыздығын талдағыш
Кардандық біліктердің ауытқымаларын тексеруге арналған құрылғы
Тежегіш сұйықтығын ауыстыру
Рөлдік күшейткіш механизмін диагностикалау
Пәндер