Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Поршеньді сақиналар
Сабақтың тақырыбы: Цилиндер және поршен топтарын жөндеу.
Топтар
Асл 9-181
Сабақ өтетін күн
15.12.2020
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Ақаулау барлық тетіктерді неше топқа бөлінеді?
Қозғалтқыштың бөлшектерін қалпына келтірудің ең тиімді тәсілі қандай?
Жөндеу өлшемдерінің неше түрі болады?
ІЖҚ тетіктерін қайта қалпына келтіру тәсілдері қалай жүргізіледі?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Поршеньдер. Поршеньдер алюминий балқымадан жасалған және қалайы жалатылған. Поршень етегі сопақша бөшке тәріздес пішінді. Етектің ең үлкен диаметрі поршень бармағының осіне перпендикуляр кеңістікте анықталады. Поршень етегінің беті тегіс, жапырылмаған және сызылмаған болуы тиіс. Поршеньді сақиналардың кертіштерін күйіктен тазартуды 8.21-суретте көрсетілген құрылғының көмегімен орындайды. Күйікті мұқият әрі абайлап, кертіштердің беттерін зақымдап алмай кетіру керек. Майбұрғыш саңылаулардан шыққан күйе металл стерженьмен немесе диаметрі 3 мм бұрғымен кетіріледі.
Поршеньді сақиналар. Сақиналарды қажеттіліксіз ауыстырмаған жөн, себебі мерзімінен бұрын ауыстыру қозғалтқыштың жұмысын нашарлатады және цилиндрлердің тозуын арттырады. Поршеньді сақиналардың серпімділігі және қапталы бойынша тозуы тексеріледі.
8.21- сурет. Поршеньді сақиналардың жырашықтарын күйіктен тазарту.
Сақиналардың серпімділігін сыналатын сақина орнатылған құралдағы икемді лентаны қысып тексереді (8.22-сурет).
Сақинаны бақылау калибріне орнатқан кезде құлпындағы саңылауды өлшеу 8.23, а-суретте көрсетілген. Сақина мен поршень кертігінің арасындағы саңылауды өлшеу 8.23, б-суретте көрсетілген. Тиісті өлшемдегі поршеньді сақинаның саңылауы ұсақ кертікті егеудің көмегімен үйлестіріле алады.
8.22-сурет. Серпімді таспаның көмегімен піспекті сақиналардың серпімділігін тексеруге арналған аспап.
Сақиналарды поршень кертіштеріне үйлестіруді ұсақ түйірлі тегістегіш егеуқұм қағазымен жасау керек. Сонымен бірге тегістегіш егеуқұм қағазды тексеру плитасының үстіне қойып, жаймен баса отырып, сақина мен кертіші арасында қажетті саңылау пайда болғанша сылау қажет. Поршень жырашықтарына орналастырылған сақиналар еркін жылжуы тиіс. Сақиналар құлыптарындағы саңылаулардың үлкеюі олардың жарамсыздығының белгісі болып табылмайды. Поршеньді сақиналардың жарамдылығы цилиндрлердегі сығылу қысымын өлшеген кезде анықталуы мүмкін.
Шатун. Қақпағымен жиынтықтағы шатунды тексеру 8.24, а суретте көрсетілген құрылығының көмегімен жүргізіледі.
8.23 -сурет. Поршеньд сақинаның саңылауларын өлшеу: а -- сақина құлпына, оны калибрге орналастыру кезінде; б -- сақина мен поршень жырақшасының арасына
Шатунды тексеруді дәл осы құрылғыда немесе қыспақтарда арнайы түзету кілтімен жүзеге асыруға болады (8.24, б-сурет). Түзетуге жалпы кеңістіктегі осьтер параллельдігінен, 100 мм ұзындықта 0,08 мм аспайтын ауытқуы бар шатундар жіберіледі.
8.24 -сурет. Шатунды тексеру (а) және оның түзетуін қабылдау (б): 1 -- құрылғының корпусы; 2 -- тексерілетін шатун; 3 және 7 -- шатунның жоғарғы және төменгі бастиектеріне арналған жиектемелер; 4 -- индикаторлар; 5 -- тірек дөңестері, 6 -- түзеткіш кілт; 8 -- тіреу
Ширатылған шатунды түзету келесі жолмен жүргізіледі. Бастапқыда шатунның жоғарғы бөлігін, деформацияны жою үшін қажетті бұрыштан артық бұрышқа бұруға кеңес беріледі, содан кейін онымен саңылау осьтерінің параллельдігін қамтамасыз ете отырып, кері бағытта бұруға кеңес беріледі. Түзеудің осындай әдісі деформация шатунының кейінгі жұмыс барысында кедергісін арттырады. Деформацияланған шатунның түзетуін қол сығымдағышымен жүргізуге болады. Цилиндрлік саңылаудың рұқсат етілген шамасы 0,01 мм-ден асқан шатундарды ауыстыру қажет.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Поршеньді сақиналардың жырашықтарын күйіктен тазарту қалай жүргізіледі?
Серпімді таспаның көмегімен піспекті сақиналардың серпімділігін тексеруге арналған аспап қызметі қандай?
Поршеньд сақинаның саңылаулары қалай өлшенеді?
Шатунды тексеру және оның түзету қалай жүргізіледі?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz