Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Адам - әлем бөлшегі
Сабақ 1
Сабақтың тақырыбы: Адам - әлем бөлшегі
Мақсаты: <<Әлем>>, <<Адамзат>>, <<Адам>> құндылықтарының мәнін ашу.
Міндеттері:
* адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктерін кеңейту.
* өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып - білуге баулу;
* сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: фотосуреттер.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, пікір алмасу, тренингтер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу.
Шаттық шеңбері:
Мұғалімнің басшылығымен оқушылар шеңберге жиналып, бір - бірімен сәлемдеседі. Жұбан Молдағалиевтың сөзіне жазылған Әсет Бейсеуовтың <<Адам бол, адам!>> әнін айтады.
Ай, жулдыз аспан төсін алқалаған,
Жер - ана әлдилеген, арқалаған.
Нәзік гүл, алып емен, асау бұлақ -
Бәрі де саған құштар, дарқан адам.
Әңгімелесу:
Адам ғалам құпиясын ашуға неліктен құштар?
<<Көк шеңбер>>, <<көкжиек>> деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
Адам өзін қоршаған әлемге ықпал ете ала ма?
Дәйексөз:
Сабақ тақырыбын оқушыларға кеңірек түсіндіру үшін дәйексөз беріледі. Сабақтың дәйексөзі беріледі. Сабақтың дәйексөзі ретінде Ақжан әл- Машанидің:
<<Адам - ғалам, ғажайып, жеке дара,
Жан құмары ізденген мәңгі сана.
Өзіңді өзің танысаң істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана>> -
деген өлең шумағы алынған.
Жаңа ақпарат:
<<Адам баласы түйсік, сезімі мен ақылы арқылы өзі өмір сүріп жатқан әлемін танып - біледі. Әр адам өзінің ойлау қабілетіне сәйкес өз әлемін іштей қалыптастырып алады. Адамның рухани даму жолындағы талпынысы оның танымдық көзқарасы мен ойлау деңгейін кеңейтеді>>.
Сабақ 2
Сабақтың тақырыбы: Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Мақсаты: оқушылардың табиғатпен үйлесімділік , табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
* оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту;
* оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету;
* Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: кітаптар.
Әдіс-тәсілі: сұрақ ,жауап әңгімелеу

Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберіне тұрып, бір - біріне сәттілік тілейді. К. Салықовтың өлеңін оқиды.
Арал кеуіп кетпесін... Арал кеуіп,
Марал кеміп кетпесін... марал кеміп.
Табиғаттың тәніне түскен ұшқын
Талмау жерден тиеді маған келпі.
Жаңа ақпарат: Адам өмірі табиғатпен тығыз байланысты.Адам табиғатты аялап, қамқорлап, туған жерге сүйіспеншілікпен қарауы тиіс. Адам табиғат сұлулығынан, әдемілігінен, әсемділігінен бойына қуат, көңіліне шуақ алып, аса зор іңкәрліктерін сезімге бөленеді.
Дәйексөз: Табиғаттың адамға берер сыйы ұшан - теңіз; таза ауа, мөлдір су, қанатты достар, жасыл желек, сан алуан түсті хош иісті гүлдер, тазалық, сұлулық, әдемілік. Осы табиғат сыйын тек табиғатты аялап, сүйе білген, табиғатқа аялы қарым - қатынас жасаған адам ғана түсінеді, сезіне алады. Сондықтан да белгілі ғалым Ш. Уәлиханов: <<Табиғаттың өзіне өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар>> - деп тегін айтпаған.
Жүректен жүрекке:
Мұғалім оқушылардың бір - бірінің қолынан ұстасып, шеңбер құрғызып, сабақты оқушылардың табиғат ғажаптарына байланысты бір - біріне жақсы тілек айтумен қорытындылауға болады. Мұғалім оқушылардың пайымдауларын саралап, адам табиғаттың ғажаптарын сезініп, сүйіп, аялай білсе ғана табиғатпен үйлесімді өмір сүре алатына олардың көзін жеткізеді.
Сабақ 3
Сабақтың тақырыбы: Салауаттылық - өмір салты
Мақсаты: Оқушылардың <<денсаулық>> ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
* Салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
* Денсаулығын күту іскерліктерін дамыту;
* Денсаулықты күтуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер.
Әдіс-тәсілі: пікір алмасу , сұрақ-жауап

Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберіне тұрып, Ш. Сариевтың <<Дені сау адамдарға өмір - жұмбақ>> атты өлеңін оқиды. Сонымен қатар өмір, денсаулық туралы оқушылардың өздері шығарған немесе жатқа оқитын өлеңдері болса айтуларына болады.
Дені сау адамдарға өмір - жұмбақ,
Кәусардай мөлдірейді көңіл бұлақ.
Кеуденің сәулесіндей көз жанары,
Тірліктен жайнап өтер небір шырақ.
Жаңа ақпарат: Дені сау, жан - жақты дамыған, жаны сұлу адам мәнді де салауатты ғұмыр кешеді. Адам тән сұлулығын жан сұлулығын үйлестіргенде ғана өмірлік мақсатына жете алады. Адам өз денсаулығын сақтап, ішкі жан дүниесін дамыту үшін өмір бойы белсенділік танытуы қажет. Салауаттылық - әр адамның, сол сияқты бүкіл қоғамның өте құнды жетістігі. Ол өздігінен қалыптаспайды. Әр адам өз өмір салтын өзі таңдап алуға құқылы.
Түйіндеме: Өз - өзіне сенімді, жақсы мен жаманды ажырата білетін адам өзгенің айтқанымен емес, өз жүрегінің қалауымен әрекет етеді. Өз өміріне жауапкершілікпен қарайтын адам жаман әдеттен аулақ болады.
Дәйексөз: Оқулықтағы <<Дәйексөз>> айдарымен берілген А. Шопенгауердің <<Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты>> деген сөзі бұл сабақты қорытындылау және денсаулықты күте білуіміз - бақытты болуымыздың бірден - бір баспалдағы екенін түсіндіреді.
Жүректен жүрекке: Оқушылар бір - бірінің ұзақ та бақытты өмір сүруіне, ауырмай,дененің сау болуына тілектер айтып, сабақты аяқтайды.
Сабақ 4
Сабақтың тақырыбы: Халық даналығы - рухани байлық көзі
Мақсаты: оқушыларға алдыңғы сыныптарда өткен халық даналығы, салт - дәстүрлер туралы алған білімдері негізінде ата - баба дәстүрінің, көсем сөздер мен шешен сөздердің рухани тағылымы, адамгершілік құндылық, даналық ретіндегі мәні мен мағынасын түсіндіру.
Міндеттері:
* Халық даналығының ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын қазына екендігін ұғындыру;
* Оқушылардың ұлттық мәдениетке, ата - баба дәстүріне деген сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету;
* Халық даналығын ұлттық құндылық ретінде құрметтеуге үйретіп, олардан тағылым алуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, кітаптар.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, пікір алмасу

Оқушылар шаттық шеңберін құрып төмендегі өлең жолдарын оқиды.
Адамның да ішінде адамы бар,
Ақылдысы, арлысы, наданы бар.
Жақсының да, жастың да, кәрінің де
Уақыттан алатын бір сабағы бар.
Жаңа ақпарат:
Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған өмірлік тәжірбиесі ұрпақтан - ұрпаққа жетіп отырған. Ата - бабаларымыздың көрегендікпен айтып кеткен ұлағатты ой - пікірлерін, өсиет - өнегесін халық даналығының қайнар көзі деп білеміз. Халық даналығы нақыл сөз, мақал - мәтел, шешендік сөз үлгілері және салт - дәстүрлерден көрінеді. Оларда айтылған зерделі ақыл, тапқыр ой, ұтқыр шешім мен тобықтай түйін рухани тағылым ретіндегі ұлттық игілік болып табылады. Халық даналығы атадан балаға мұра болып қалатын ізгілікті іс - әрекетттің де тәлімді үлгісі. Болашақ ұрпағына өшпес мұра қалдырған , зиялы, ақылгөй адамды данышпан дейді. Ата - ана жүрегінің лүпілін сезе біл, олардың жанарынан көңіл хошы мен тыныштықты, бақыт пен қуаныш сәулесін, беймазасыздығы мен әбігерленуін, қиналасы мен кейістігін көре біл. Ата - ананың көзінен оның жан дүниесін көре білуге жастайыңнан үйрен. Өзгелерге жақсылық жасау арқылы біз ең алдымен өзімізге көмек көрсетеміз. Барлық адамдармен байланыстарыңды сүйіспеншілікке, сыйластыққа негізде. Алдымен ізгі ниеттерге, ал содан соң даналыққа үйрен, өйткені алғашқысыз соңғысына үйрену қиын.
Сабақ 5
Сабақтың тақырыбы: Ана тілі - жүрек үні.
Мақсаты: оқушыларға ананың қоғамдығы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру.
Міндеттері:
* Оқушыларға әлемдігі барлық жақсылық пен игі істердің ен асыл сезім - ана махаббатынан тараитығын түсіндіру;
* Балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік, қадір - құрмет сезімдерін дамыту;
* Адамзат баласының алдындағы үлкен парыз - ананы сүюге, ана еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: суреттер, оқулықтар.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, пікір алмасу,

Мен де бір перзентімін маң даланың,
Қазақтың қара сөзі - қанбағаным.
Ананың аппақ сүтін ішкендіктен,
Адамдық адал жолды тандағаным.
Жаңа ақпарат:
Адам бойындағы жақсы - жаман қасиеттердің бәрі анадан... Ананың тілі, ананың мейірбандығы, ананың махаббат сезімі, ізгілігімен ізеттілігі, ақ көңілі мен адал ниеті - бәрі - бәрі адамға ана құрсағында жаттқанда - ақ түйіндеп, ананың ақ уыз сүтімен бойға сіңеді. Батыр да, бағылан да, көсем де, шешен де, данышпан да - бәрі анадан. Сондықтан да болар - ау, атам қазақ ана парызын әке парызынан әлдеқайда жоғары қояды. <<Анады көтеріп, меккеге үш рет апарсан да, анаға мәңгі бақи қарызсың>> деген сөз соны анғартпайма?
Әркім өз анасымен мақтанады, оны мақтайды, мадақтайды. Мен де, ел сияқты, анаммен мақтанамын, тұла бойымда титімдей ізгі қасиет болса, оны сол анамнан ауысқан деп білемін...
Дәйексөз:
Адамның бойына ана сүтімен бірге сіңген, мыңдаған жылдар бойы сақталып келе жатқан ұлы дәстүр - анаға деген махаббат. Осы белгілі жәйді қайта - қайта айтудан, жастардың құлағына құя беруден жалықпаймыз. Үлкендердің жағымды қылық, өнегелі істерін, жақсы дәстүрлерін жастар дамыта отырып, өзіне кейінгілерге табыс етуін арман етеміз.
Сабақ 6
Сабақтың тақырыбы: Елім деп соғар жүрегім
Мақсаты: <<Отан>>, <<ел>> ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
* Отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру;
* Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру;
* Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер ,оқулықтар
Әдіс-тәсілі: сұрақ - жауап

Оқушылар шеңберге тұрып, Қ. Мырза Әлидің <<Өз елім>> атты өлеңін орындайды. Әнді оқушыларға үнтаспадан тындауға да болады.
Жаңа ақпарат:
Халықтың қажетіне жарап, ұрпақтар мұратының орындауын жолында қызмет ету - әрбір азаматтың міндеті.Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, қызмет - азаматтықтың көрінсі. Ел, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін бүгінімен, бүгінгісін ертенімен жалғастыра алады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді. Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің мүддесіне игілігіне жұмсайды.
Жүректен - жүрекке:
Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберін құрып төмендегі <<Астана>> өлеңін оқып, сабақты аяқтайды.
Саян дала құт қонған мекен еді,
Даналарым алға елін жетеледі.
Төле би мен Қазыбек, Әйтекенің
Есімдерін ұран ғып көтереді.
Бірге соғып жүрегі халықпенен,
Абылай хан сара жол салып берген.
Абыройын қазақтың асқақтатып,
Туған жерін бөледі даңқпенен.
Сабақ 7
Сабақтың тақырыбы: Талаптыға-нұр жауар
Мақсаты: оқушыларды алдына қойған мақсатын, табиғи дарынын, қабілетін жетілдіруде ізденуге, талаптана білуге үйрету.
Міндеттері:
* Өмірде адамның алдына қойған түрлі мақсаттаырмен ойлаған ойларын жүзеге асыруда талаптың алтын орны туралы түсінік беру;
* Оқушылардың талаптанк барысында адамгершілік, ізгілік құндылықтарын тірек етіп алуына ықпал ету;
* Оқушыларды табиғи дарынын дамыта білуге, еңбекқорлыққа, төзімділікке тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: суреттер

Мұғалім балалардың біріне А. Есенбаеваның <<Талап>> атты өлеңін оқып шығуды ұсынады:
Талаптын мініп тұлпарын,
Кейде шауып, желемін,
Өмірдің шатқар қырларын
Аралап көріп келемін.
<<Талап>> атты тұлпардың
Жал - құйрығын түйемін.
Еңбек етіп, тер төгіп,
Жүрген жанды сүйемін.
Жаңа ақпарат:
Адам баласының ең жаманы - талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады.Һәм талаптың өзі де түрлі - түрлі. Һәм сол талаптардың қайсысының соны түссе де, бірінен - бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді. Уа, ләкин адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір <<бәрекелдіні>> керек қылмайтыны болмайды...
Талаптың ішінде адам баласы көбінесе басына қадыр іздеп, сол талапта болады. Біреу мал қуып жатыр. Сараңдықпен, арамдықпен, әйтеуір мал тапсам, <<Малдының беті жарық>> дейтұғын мақалға сеніп, малдыны сөзге алмайды деп, бұл мал һәм пайда, һәм қасиет болады бойыма дейді.Әрқайсысы қазаққа яки бір бар, бірі жоқ болса, бағанағы екі бұлдамақта болып, <<осының бір сыпыра елеу азық болар>> деген талаппен жүр>>.
Сабақ 8
Сабақтың тақырыбы: Өнер - өмір өрнегі
Мақсаты: Оқушылардың адам өміріндегі өнердің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
* Адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухании - адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу:
* Жасампаздық қабілеттерінң дамуына ықпал ету;
* Өмірде сұлулық, жақсылық қырынан қабылдай білуге тәрбиелеу.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, төмендегі <<Өмір - өнер>> өлеңімен танысып шығады.
Өнер - өзен, жан - тәніңді шаятын,
Өнер - өріс, рухыңды жаятын.
Өнер - өмір, әлдилейтін санаңды,
Өнер - өткел, серуендейтін саятың.
Тыныштық сәті Балалардың қабілетін арттыру мақсатында осы тәсіл арқылы олардың денесі, ойы сергітіледі.Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп,ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды,айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады.
Жаңа ақпарат:
Өнер адамды асқақ сезімге бөлеп, жан дүниесін нұрландыра түсетін құдірет. Ол өмірді кемелдендіріп, ізгілік шуағын таратады.
Өнер арқылы адам өзінің өмірге деген ерекше құштарлығын, сүйіспеншлігін білдіреді және өзге адамдардың да өмірге деген көзқарасына ықпал етеді.
Адамның өмірі, пейілі және іс - әрекеті - оның өзіне деген махабатының көрінісі, өнер арқылы өмірге деген көзқарасымызды білдіреміз. Нағыз өнер адамның игілігіне қызмет етеді.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz