Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Цилиндр гильзалары

Сабақтың тақырыбы: Цилиндер блогын қалпына келтіру.
Топтар
Асл 9-181

Сабақ өтетін күн
15.12.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Поршеньді сақиналардың жырашықтарын күйіктен тазарту қалай жүргізіледі?
Серпімді таспаның көмегімен піспекті сақиналардың серпімділігін тексеруге арналған аспап қызметі қандай?
Поршеньд сақинаның саңылаулары қалай өлшенеді?
Шатунды тексеру және оның түзету қалай жүргізіледі?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Қозғалтқыштың цилиндрлер блогы жинауға ілінісу картерімен бірге негізгі мойынтіректердің қақпақтарымен, таратқыш білік төлкелерімен, салқындату жүйесінің краниктерімен, май жүйесінің бітеуіштерімен жабдықталып түседі. Блоктағы барлық май каналдары жуылып, тығыздалған ауамен үрленуі тиіс. Жинаудың алдында ілінісу картері тіреуіштерін стендке жалғап, цилиндрлер блогының алдыңғы бөлігін стенде тіреуіштермен, ал артқы бөлігін гайкалы болттармен бекіту керек.
Цилиндр гильзалары. Пайдалану және жөндеу ыңғайлылығы үшін дайындаушы зауыттар цилиндр гильзаларын және соларға іріктелген сақиналар мен саусақтармен поршеньдері бар жиынтықтарды шығарады. Жәшіктерге салынған жиынтықтар тұтынушыларға жеткізіледі. Осы жиынтықты қозғалтқышқа орнату үшін консервант қабатын алып, бөлшектерді керосин немесе жанармаймен жуу керек. Поршеньдерді зауыт жіберген гильзалармен жиынтықтау қажет.
Бір блоктың барлық цилиндр гильзалары бір жөндеу өлшемінде болулары тиіс. Жаңа гильзаның сопақтық және конустық шектері 0,02 мм-ден аспаулары тиіс. Гильзалар 8.10-суретінде көрсетілген 2500 мод. құрылғының көмегімен престеледі. Блокқа орнатудан кейін гильзаның тірек ернемегі блоктың жоғары жазықтығының үстінен дайындаушы зауыт белгілеген шамаға шығып тұруы керек.
Гильзаның төменгі бөлігі резеңке сақиналармен нығыздалады. Бұл сақиналардың бітеулігі судың астында 0,3 МПа қысыммен мұқият тексеріледі. Гильзаларды орнатуда оларға тығыздаушы резеңке сақиналарды қигізу керек, сақиналарды қатты созбауға тырысқан жөн. Сақиналы көмкергіштерге орнатуда гильзалардың шиыршықталмауын қадағалау керек. Әрі қарай тығыздаушы сақиналардың блоктағы өткір жиектерге қиылуына жол бермей, гильзаларды абайлап орнықтыру керек және құрылғының көмегімен гильзаларды сығымдау қажет. Гильзаны блокқа орнатқаннан кейін түйіскен орында ендірме сәл шығып тұруы мүмкін.
Цилиндрлер блогының бітеулігін гильзалармен бірге арнайы стендте тексерген жөн. Стенд жоқ болса, гильзасымен блокты саңылаусыздыққа тексеру үшін цилиндрлер бастиегінің блогында кіргізуші газ құбырын, сұйықтық сорғысын орнатып, сұйықтық жейдесі мен су төгетін кранның ашық саңылауларын (біреуінен басқаларын) жабу керек. Ашық қалған тесікті магистральмен біріктіріп, Гильзалары бар блоктың бітеулігін 0,3 МПа сұйықтық қысымымен тексеру керек.
Ажырату картері. Блоктың бүйіріне сығымдалған екі орнатылатын штифттің көмегімен ілінісу картері блокқа монтаждалады, ауыстыру кезінде ол орталандырылатын штифттарға орналастырылып бұрандалармен бекітіледі.

9.1 -сурет Цилиндрлер блогында бекітілген 1У-2376 мод. құрылғының көмегімен ЗИЛ-508.10 қозғалтқышының иінді білігі осінің ілінісу картері тесігінің оське сәйкестігін перпендикулярлығын тексеру
Беріліс қорабы орталандырылатын ілінісу картері тесігінің иінді біліктің осімен сәйкестігі және перпендикулярлығы иінді білікті орнатқаннан кейін тексеріледі. Тексеру иінді біліктің фланеціне бекітілген 1У-2376 мод. құрылғының (9.1-сурет) көмегімен жүргізіледі. Ілінісу картері тесігінің ішкі бетінің және бүйірінің радиалды соғуының иінді біліктің осіне қатысты шегі 0,1 мм құрайды
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Цилиндрлердің блоктары қандай ретпен жиналады?
2. Қосиінді-шатунды механизмнің бөлшектерін қалай теңгереді?
3. Шатун-поршень тобының торабы қандай ретпен жиналады?
4. Цилиндрлерге поршеньді қалай таңдау керек?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Айналу денелері: конус цилиндр, шар жайлы ақпарат
Форсунка және отын өткізгіштер
Цилиндр. 11 сынып
Aйналу денелері. тік цилиндр, оның элементтері. цилиндрдің жазықтықпен қималары
Пирамида немесе конус
Пирамида көлемінің формуласы
Конус-айналу денесі
Тік дөңгелек конус, оның элементтері. Конустың жазықтықпен қималары
Кеңістік фигуралары
Шар бетінің ауданы
Пәндер