Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Кардандық біліктердің ауытқымаларын тексеруге арналған құрылғы
Сабақтың тақырыбы: Трансмиссия агрегаттарының ақауларын анықтау және жөндеу
Топтар
Асл 9-181
Сабақ өтетін күн
18.12.2020
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Май айдайтын сорғыны қалай бөлшектейді?
Май айдайтын сорғы бөлшектерін ақаулауда не тексеріледі?
Май айдайтын сорғыны қалай жинайды?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Автомобильді пайдалануда трансмиссия агрегаттары тозады.Тозудың қарқындылығы аввтомобильді тұтыну режимдеріне, жол жағдайларына жəне жүргізушінің біліктілігімен байланысты жүргізу əдістеріне (тəсілдеріне), жəне ең алдымен техникалық қызмет көрсетуде жəне ағымдық жөндеу жұмыстарының сапасына байланысты. Жол жағдаларына қарай автомобильдің жылдамдығы, ажыратқыш пен беріліс қорабын пайдалану кезеңділігі, барлық агрегаттарға түсетін жүктемелік өзгеріп отырады. Қалалық жағдайда, сондай-ақ ойықтары, шұңқырлары бар жолдарда пайдаланғанда ажыратқышты өшіретін муфтаның мойынтірегі, ажыратқыш дискі, беріліс қорабының тегершігі тез ескіреді. Ажыратқыш механзимі, беріліс қорабы мен кардандық беріліс жүктемені қозғалтқыштың максималды айналдырған сəтіндегі жүктемеден бірнеше есе ауыр қабылдайды. Бұл бірінші берілісте жəне артқы жүрісте, сондай-ақ жоғары жылдамдықтан күрт тоқтаған кезде болады. Бұл ретте ажыратқыш, осы жүктемелерді дисктердің буксирлеуі есебінен қабылдағанда амортизатордың рөлін ойнайды.
Беріліс қорабының тегершіктерінде айтарлықтай байланыс кернеуі туындайды, ол тегершіктердің бұзылуына, біліктердің майысуына жəне мойынтіректердің бұзылуына алып келеді. Алдыңғы белдіктің техникалық өзгеруі, алдыңғы доңғалақтардың түйіскен жерінің бұзылуы, шү беріндерді орнату шиналардың тозуына жəне автомобильді жүргізгенде кедергілерге алып келеді.
Трансмиссияның жəне жүретін бөлігінің бұзылған механизмі бар автомобильді пайдалануға тыйым салынады. Трансмиссия агрегаттарын диагностикалауды алдын ала автомобиль жүрген кезде, сыртқы қарап тексеруде, содан кейін арнайы жабдықта автосервистерде жүргізеді. Бұл ретте негізінен кардандық білікте белгіленетін трансмиссия агрегаттарындағы саңылауларды анықтайды. Автомобильдің трансмиссия жүйесін кешендік тексеру үшін 2.4.6-тарауында сипатталған стационарлық диагностикалық стендтармен жəне мотор-тестерлермен пайдалану
ұсынылады. Мысалы ажыратқыштың техникалық күйін тепкінің бос жүрісінде, сонымен қатар тартылыс күшінің стендінде ажыратқышты өшірудің толықсыздығы мен тоқтап қалуы бойынша анықтауға болады. Ажыратқыш тоқтап қалғанда жетекші жəне жетектегі дискті бұрыштық жылдамдығының теңсіздігі пайда болады. Тоқтап қалғанын анықтау үшін стробоскопиялық аспапты немесе кез келген мотор-тестердің шам жарқылын (жарықтатқыш) қолдануға болады (6.1-сур.). Аспап арқылы жүріп тұратын барабандары бар стендтегі жүктемемен автомобильдің жұмыс істеу уақытында кардандық топсаның айқышын импульстік жарықтау кезінде кардандық біліктегі немесе топсадағы белгінің орналасуы бойынша ажыратқыштың жұмысын көзбен бақылауға болады. Стробоскопиялық эффект ажыратқыш бұзылған жағдайда кардандық білікке не кардандық топсадағы айқышқа салынған белгі мен жарқыл (оталдыру) сəтінің арасындағы қозғалыстан бақылауға мүмкіндік береді.
6.1-сур. Стробоскопиялық аспап: 1 -- сақина; 2 -- линза; 3 -- жақтау; 4 -- шам; 5 -- экран; 6, 9, 11, 12, 18 -- платалар; 7 -- резистор; 8, 10 -- конденсаторлар; 13 -- диод; 14 -- қамыт; 15 -- төлке; 16 -- трансформатор; 17 -- түйме; 19 -- сым; 20 -- өткізгіш
Ажыратқышты тексеру үшін аспаптың минустық сымын автомобильдің (массасына) қосу, ал <<+>> белгісі бар жетекті автомобильдің аккумуляторлық батареясының плюстік клеммасына, жəне белгісі жоқ сымды (қуыс құлақты) бірінші цилиндрдің білтесіне қосу қажет. Стробоскоппен жұмыс істеу алдында кардандық берілістің құбырына немесе басты берілістің кардандық топсасындағы айқышқа бормен белгі салу керек. Ажыратқыштың тексерісін автомобильге стенд орнатқан соң, қозғалтқышты жылытып, стробоскопты қосқан соң орындайды.
Содан кейін тікелей берілісті қосып, дроссельді жапқышты бірқалыпты толық ашады. Стендті қосып, реостатпен автомобильді стенд барабандарын 900 мин-1 (50 км/с) тең болатын айналдыру жиілігіне дейін жүктейді. Содан кейін стробоскопты қосу түймесіне басып, жарық сəулесін белгіге апарады. Ажыратқыш дұрыс жұмыс істегенде белгі қозғалмаған күйінде көрінеді.
Стендтер болмағанда трансимиссия агрегаттарының дұрыстығын люфтоөлшегіштің көмегімен тексеруге болады (6.2- сур). Люфтоөлшегіш 7 динамометриялық тұтқасынан, кардандық топсаның айырына орнату үшін 1 қысқышынан жəне 3 өлшеу дискісінен тұрады.
Өлшеу дискі осьте қозғалмайды, +-90° өлшем шегіндегі градуста жəне 0,5°бөлу шкаласының бағасымен таңбаланған. Дискте оның жарты көлеміне боялған сұйықтық құйылған түссіз материалдан жасалған герметикалық сақина бар.
6.2-сур. Люфтоөлшегіш: 1 -- қысқыш; 2 -- бұрауыш; 3 -- таңбаланған диск; 4 -- боялған сұйығы бар поливинилді құбыр; 5 -- нұсқар; 6 -- шкала; 7 -- динамометриялық тұтқа
Автомобильді диагностикалауда қарау жырасына орнатады. Трансмиссия агрегаттарының бұрыштық саңылауын қозғалтқыш жұмыс істемей тұрғанда өлшейді. Трансмиссиядағы люфттерді өлшеу операциялары кардандық берілістің жиынтық бұрыштық саңылауын анықтаудан бастаған жөн. Бұл үшін аялдау тежегішті тірелгенге дейін басу жəне құрылғыны кардандық топсаның артқы айырына орнату керек. Содан кейін құрылғымен кардандық біліктібір жаққа бұра отырып, саңылауды жою жəне түтіктегі сұйықтық деңгейі шкаланың нөлдік белгісіне сəйкес келетіндей етіп, таңбаланған дисктің шкаласын орнату қажет. Құрылғыны басқа
жаққа бұра отырып, саңылауды жою керек жəне сұйықтық деңгейі бойынша оның енін анықтау керек. Кардандық берілісдің саңылауын кішірейтудегі күштің сəті автомобильдің моделіне байланысты 10...20 Н :: м шамасында болады.
Беріліс қорабындағы тегершіктердің ілінісіндегі саңылауларды анықтау үшін автомобильдің жүргізушісі диагностика шеберінің талабы бойынша берілістерді кезектеп қосуы тиіс. Бұл ретте маман қажетті өлшеуді жүргізеді.
Құрылғымен өлшенетін саңылау беріліс қорабы берілістерінің біреуінің тегершіктердің ілінісіндегі саңылаулардың жəне кардандық берілістің (бұрын өлшенген) саңылаудың жиынтығы
болып табылады. Сəйкесінше тегершіктердің ілінісіндегі саңылау кардандық берілістің бұрыштық саңылауына кіші болады. Жетекші белдіктің басты берілісінің саңылауын анықтамас бұрын автомобильдің артқы белдігін тоқтатып, беріліс қорабындағы тегершіктің нейтралды күйінде кардандық берілістің саңылауын өлшеу қажет.
6.3-сур. Кардандық біліктердің ауытқымаларын тексеруге арналған құрылғы: 1 -- қақпақ; 2 -- индикатор; 3 -- корпус; 4 -- қысқыш; 5 -- сухарик; 6 -- тетік; 7 -- тұтқа; 8 -- электромагнит; 9 -- желілік айыр
6.3-сур.көрсетілген құрылғы кардандық біліктердің радиал ауытқымасын тексеру үшін арналған. Құрылғы тұтқаға бекітілген 2 индикаторынан, жəне 8 электромагнитінен тұрады. Құрылғының 3 корпусы 6 тетігіне бос орнатылған. Ол ось бағытында 100 мм шамасында орын ауыстыра алады. Берілген күйде 3 корпусы 4 қысқышымен жəне 5 сухарикпен бекітіледі. Кардандық біліктің
майысуын тексергенде автомобильдің артқы белдігін домкратпен немесе басқа көтергіш құрылғымен артқы доңғалақтары жерге тиемйтіндей етіп, ал кардандық білік бос бұрылатындай етіп көтереді. Сосын білтенің көмегімен электромагнитті 12 В кернеулі тұрақты тоқ желісіне қосады.
Әрі қарай электромагнитті кардандық біліктің майысуын өлшеген орынға қарама-қарсы шанақтың түбінің тазартылған бетіне қояды, құрылғыны мықтылап бекітіп, электромагнитті қосады. Сосын 7 тұтқасымен жəне 4 қысқышымен осьтік жəне телескопиялық қысқышпен босатады, кардандық білікте пышақ ұшты индикатормен индикаторға 2...3 мм алдын ала тартылысы хабарланатындай етіп келтіріп қысады, жəне индикатордың нұсқарын нөлдік белгіге орнатады. Осыдан кейін қысқыштарды тартады, кардандық білікті қолмен бір рет бұрады жəне индикатордың көрсетуі бойынша кардандық біліктің құбырының майысқанын анықтайды.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Трансмиссия агрегаттарын диагностикалауды қалай ұйымдастырылады?
Трансмиссия агрегаттары қандай кездерде тозады?
Трансмиссия агрегаттарының ақауларын анықтау әдістеріне нелер жатады?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz