Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Рөлдік күшейткіш механизмін диагностикалау

Сабақтың тақырыбы: Басқару механизмі ақауларын анықтау және жөндеу
Топтар
Асл 9-181

Сабақ өтетін күн
28.12.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Карданды берілісті қай кезде ауыстыру керек?
Беріліс қорабының қақпағында не болмауы керек?
Берілісті қайта қосу механизмін басқару қалай жетегін реттейді?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Рөлдік күшейткіш механизмін диагностикалау. Рөлдік доңғалақтың бұрыштық бос жүрісін тексеру үшін қозғалтқыш бос жүріс редимінде жұмыс істегенде рөлдік доңғалақты солдан оңға тербелту керек. Тексерісті серіппелі динамометрмен жасауға болады (7.25-сур.). Бо жүрісті алдын ала алдынғы доңғалақтарын орнатып тексерген жөн.
Рөлдік доңғалақтың бос жүрісі рұқсат етілгеннен артық болса, шинадағы ауаның қысымын, рөлдік басқару торабында жəне күпшегінде жағармайдың болуын, мойынтіректің реттелуін, рөлдік басқару тартылысын жəне олардың дұрыс орналасуын, кардандық біліктегі топсалар мен оймакілтектегі саңылаудың бар болуын, сонымен қатар рөлдік механизмдегі тіреуіш мойынтіректегі сомындардың бекітілуін тексеру, себебі осының бəрі рөлдік басқаруға əсерін тигізеді. Бұдан басқа рөлдік күшейткіштің орсғыш багындағы май деңгейін тексеру, сонымен қатар жүйеде ауаның, бак пен сүзгіште қалдықтар мен кірдің жоқтығына, құбыр сымдары қосылыстарында майдың ағып кетпеуін тексеру керек. Рөлдік басқару механизмінің немесе тартылыс торабында реттелуі бұзылса, жөндеу қажет.
Кардандық буындарда ұлғайған саңылаулар болса (2° артық), кардандық білікті ауыстыру қажет. Аталған тораптар қанағттанарлық күйде екеніне көз жеткізіп, рөлдік механизмнің тіреуіш мойынтіректерінің сомындарын тексеру керек. Рөлдік доңғалақтың осьтік қозғалуына болмайды. Рөлдік доңғалақ осьтік қозғалуы кезінде, тоқтатқыш шайбаның қылқандарын алдын ала жазып, біліктің төменгі ұшындағы сомынды тартып қою қажет. Кардандық біліктен ажыратылған рөлдік басқарудың айналу сəті 0,3...0,8 Н ■ м тең болуы тиіс. Біліктің берілген айналу сəтін алу үшін оны бұрап алумен сомынды тым қатты тартып тастауға болмайды, себебі мойынтіректңі зақымдануын болдыруы мүмкін.
Рөлдік механизмнің жұмысын автомобильден шешпей, рөлдік басқарудың бойлық тартылысы ажыратылған қалпында тексеруге, серіппелі динамометрдің көмегімен күшті үш күйде өлшеуге болады:
■ Біріншісі - рөлдік доңғалақ орта күйден екеуден артық айналымға бұралған, тоғындағы күш 5,5.13,5 Н шамасында болуы тиіс;
■ Екіншісі - рөлдік доңғалақ орта күйден 3/4 -- 1 айналымға бұралған, тоғындағы күш 20 Н шамасында болуы тиіс;
■ Үшіншісі - рөлдік доңғалақ орта күйден өтті, тоғындағы күш екінші күйде өлшенгеннен 8.12,5 Н шамасына артық, бірақ 28 Н аспауы тиіс.
Егер күш шамасы көрсетілгенге сəйкес келмесе, рөлдік механизмді реттеу керек. Рөлдік доңғалақтың аналу сəьін тексеріп, бір уақытта сошка білігінің айналу сəтін тексеруге болады (рөлдік басқарудың бойлық тартылысы ажыратылған күйінде), ол 120Н-м аспауы керек. Автомобильдегі сошка білігінің айналу сəтін тексеру барысында тексеру барысында автомобильде қозғалтқышты қосу жəне майды шамамен 50 °С қыздыру, қозғалтқышты сөндіру жəне рөлдік басқаруды орта күйге қою,динамометр мен сошканың арасында шамамен 90° сақтай отырып, динамометрді шарлы саусақтың тесіктің ортасынан ілу жəне кез келген жаққа тарту. Осы жағдайда динамометр 510 Н артық көрсетуі тиіс, бұл 120 Н-м сəтіне сəйкес келеді. Егер осы көрсеткіштер аталған мəннен асып кетсе, онда сошка білігінің реттегіш винтін айналдырып, үшінші күйде рөлдік доңғалақ тоғынындағы күшті реттеу керек, себебі рөлдік механизмді осы үшін бөлшектеу қажет етілмейді. Винтті сағат тілі бойынша айналдыру кезінде күш өседі, ал сағат тіліне қарсы айналдырғанда - азаяды. Екінші күйдегі доңғалақ тоғынындағы күштің жоғарыда көрсетілген мəнге сəйкес келмеуі шарлы сомын торабының бөлшектері зақымданғаннан, ал бірінші күйде - сол себеппен жəне тіреуіш шарлы мойынтіректерді алдын ала тартуды қате реттегеннен болуы мүмкін.
Автомобильде гидравликалық күшейткіштің сорғышын тексеру. Сорғыштан болатын қысымды, рөлдік механизмнің дұрыстығын тексеруді ссорғыш пен құбыршек арасындағы жоғары қысымды арнайы құрылғымен орнатып жүрнізуге болады (7.27сур.), ол 1 500 МПа шкалалы манометрден, рөлдік механизмге майды апаратын жолды жабатын шұрадан тұрады. Тексеру үшін келесіні орындау қажет.
Құрылғының шұрасын ашу, қозғалтқышты іске қосу жəне иіндік біліктің 1 000 мин-1 айналу жиілігімен шұраны ақырындап бұрау. Сорғыш дұрыс жұмыс істеп тұрғанда қысым кем дегенде 6 МПа болуы тиіс. Шұраны ашу. Доңғалақтарды тірелгенше оң жаққа бұрау жəне қысымды тіркеу; доңғалақтарды тірелгенше солға бұру жəне қысымды монометрде тіркеу. Механизм ақаусыз болғанда осы тексерістердің əрқайсында қысым дұрыс жұмыс істеп тұрған сорғыштағы қысыммен салыстырғанда 0,5 МПа артық азаймауы тиіс. Тексерісті сорғыш багындағы майдың 65...75°С температурасымен жүргізу керек. Қажет болған жағдайда, доңғалақты бір тірелгеннен екінші тірелгенге дейін 3 с ұстап бұрып ысытуға болады. Қатты ысып кетуді болдырмау үшін шұраны жабық күйде ұстауға немесе доңғалақты 3 с артық бұрып тұруға болмайды.
Реттегіш винт пен сошка білігіндегі қосылыста аса үлкен саңылаудың болмауын тексеру. Реттегіш винт пен сошка білігіндегі қосылыста люфттің көлемін анықтау үшін бойлық рөлдік тартылысты ажырату, рөлдік доңғалақты орта күйден əрбір жаққа бір жарымнан артық айналымға бұру, жəне сошка білігіне қажетті осьтік күш салып, индикатордың көмегімен рөлдік механизмнің картеріне қатысты сошка білігінің осьтік орын ауыстыруын өлшеу қажет. Егер осы орын ауыстыру екі күйдің кез келген 0,2 мм асып кеткен жағдайда, ұлғайған саңылаудың себебін анықтау үшін рөлдік механизмді ішінара бөлшектеу керек.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Рөлдік доңғалақтың бұрыштық бос жүрісін тексеру қалай жүргізіледі?
Динамометрдің көмегімен күшті неше күйде өлшеуге болады?
Автомобильде гидравликалық күшейткіштің сорғышын тексеру қалай жүргізіледі?

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Рөлдік басқаруды диагностикалау
Газ тарату механизміндегі тарсылды анықтау
Шарлы топсаны бұдан анығырақ тексеру
Газ тарату механизмінің ақаулары
Рөлдік күшейткіш сорғышының бөлшектерінің дефектациясы
Карданды беріліс агрегаттарынаы диагностикалау
Автокөлікті жөндеуші слесарь
Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы
Логопедия негіздері
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер. 4-сынып
Пәндер