9 сынып сабақ жоспары

Күніпәнісыныбы

Сабақтың тақырыбы. Өзіңді тану-өмірді тану

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • өмірдің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;
  • өмірде мәнді де мазмұнды сүруіне ықпал ету;
  • өмірді бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Сахналау

ІV. Тыныштық сәті

V. Тапсырма

VІ. Дәйексөз

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері . Оқушылар шаттық шеңберін құрып, А. Шамкеновтың «Жас өмір» әнін айтады.

Әңгімелесу.

  1. Өзін-өзі тану пәнінен не үйрендік?
  2. Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?
  3. Мәнді өмір сүру үшін адамға не қажет?

Сахналау. Оқушыларға оқулықтағы диалогті сахналайды.

Тыныштық сәті. Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Тапсырма. Оқулықтағы М. Мақатаевтың өмір туралы пайымдауларын басшылыққа ала отырып, жазбаша түйіндеме жасаңдар.

Дәйексөз. «Алдымен өзіңді өзің үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аласың».

Үй тапсырмасын беру. «Өзіңді тану-өмірді тану тақырыбына шығарма жазу».

Жүректен жүрекке . Оқушылар сабақты бір-біріне ізгі тілектер айту арқылы сабақты аятайды.

Бағалау

Күніпәнісыныбы

Сабақтың тақырыбы. Өзіңді тану-өмірді тану

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • өмірдің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;
  • өмірде мәнді де мазмұнды сүруіне ықпал ету;
  • өмірді бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Оқу ақпараты

ІV. Мәтінмен жұмыс

V. Дәптермен жұмыс

VІ. Дәйексөз

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері . Оқушылар шаттық шеңберін құрып, А. Шамкеновтың «Жас өмір» әнін айтады.

Әңгімелесу.

  1. Өмірді бағалай білесің бе?
  2. Өмірден не күтесін?
  3. Сенің мақсатың қандай?

Оқу ақпараты. Жақсы көру, өз күшіне сену, сенім арту, қамқорлық жасау арқылы рухани, әлеуеметтік шығармашылық өсуі тұрғысынан үйлесімділікке қол жеткізу қабілеттерін ашады және қоршаған әлемге ізгілікті, шынайы қарым-қатынас жасауы, оның өмірлік позициясын анықтауына көмектеседі.

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы Ә. Файзуллаұлының «Өмірдің мәні» атты ертегісін оқып, өмірдің мәні туралы өз ойларын ортаға салады.

Дәптермен жұмыс. Ғалымдардың оқулықтағы «Өмір» туралы төменде берілген пайымдауларымен танысып, өз ой-толғаныстарыңды жазыңдар.

Үй тапсырмасын беру. «Өмір» деген сөзге сөз жұмбақ құрастырып келу.

Дәйексөз. Адам-өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді.

Бағалау

Күніпәнісыныбы

Сабақтың тақырыбы. Салауаттылық-өмір негізі

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;
  • салауатты өмір сүруіне ықпал ету;
  • денсаулығын бағалауға, салауатты өмір ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Назар аударту

ІV. Шығармашылық жұмыс

V. Мәтінмен жұмыс

VІ. Тыныштық сәті

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бәрі бірге Н. Сарсенбаевтің өлең жолдарын оқиды.

Әңгімелесу.

  1. Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай түсінесіңдер?
  2. Осы екі ұғымның арасында қандай байланыс бар?
  3. Өзің салауатты өмір сүру үшін қандай әрекеттер жасайсың?

Тыныштық сәті . Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Шығармашылық жұмыс. Оқулықтағы Ұлықпан Хакімнің денсаулықты сақтауға байланысты өсиетін өз ойларыңмен толықтырыңдар. Жеті өсиетін талдап беріңдер.

Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы А. Самиғоллаұлының «Ойлан, достым . . . » әңгімесін оқып, жан-жақты талдайды.

Үй тапсырмасын беру. 21-30 беттерді оқу.

Назар аударыңыз. Денсаулық дегеніміз тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуы мен бүкіл дене қызметтерінің жүзеге дұрыс асырлуы деп ұққан жөн.

Жүректен жүрекке. Оқушылар сабақты бір-біріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты аяқтайды.

Бағалау

Күніпәнісыныбы

Сабақтың тақырыбы. Салауаттылық-өмір негізі

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту және өз өмірін сақтауға үйрету.

Міндеттері:

  • салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;
  • салауатты өмір сүруіне ықпал ету;
  • денсаулығын бағалауға, салауатты өмір ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Назар аударту

ІV. Мәтінмен жұмыс

V. Оқу ақпараты

VІ. Дәйексөз

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне ізгі тілектер айтады.

Әңгімелесу.

  1. «Салауаттық-өмір негізі» деген ойға көзқарасыңыз қандай?
  2. Сен салауатты өмір салтын ұстанасың ба?
  3. Денсаулыққа зиян қандай заттарды білесің? Олардың адам өміріне қандай зияны бар?

Назар аударыңдар. Егер адам ақылға салып, табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей ұзақ өмір сүрген болар еді.

Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы Р. Пернеханқызының «Қателіктің арты өкініш» мәтінін зейінмен оқып шығады.

Оқу ақпараты. Есірткі- бұл адамның көңіл күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын халге жетеді. Бір шырмалған жанның онан құтылуы оңайға соқпайды. Біреу қызық көріп, біреу алдауға түсіп байқаусыз барады, енді біреу өзгелердің ықпалымен барады. Шығатын жол біреу, ол-салауатты өмір сүру. Өз сеніміңе берік болу.

Дәйексөз. «Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі».

Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңбер құрып, барлығы қосылып «Көңіл көктемі» әнін айтады.

Үй тапсырмасын беру. «Менің қалауым-салауаттылық» тақырыбына ой-толғау жазыңдар.

Бағалау

Күніпәнісыныбы

Сабақтың тақырыбы. Әсемдік-өмір жарасымы

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың сұлулық, табиғат, өнер туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • табиғат, өнер, өмір әсемдігінің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;
  • сұлулықты, әсемдікті сезіну және қолдану іскерліктерін дамыту;
  • әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Шығармашылық жұмыс

ІV. Мәтінмен жұмыс

V. Оқу ақпараты

VІ. Назар аударыңдар

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, оқулықтағы

Ф. Оңғарсынованың өлеңін оқиды.

Әңгімелесу.

  1. Сендер әсемдік сыры неде деп ойлайсыңдар?
  2. Табиғат пен адамның арасындағы қандай байланысты сезіндіңдер?
  3. Не үшін табиғатты әсемдікке балайды?

Шығармашылық жұмыс. «Табиғат-әсемдік-өмір» сұлбасын үш баған түзіңіздер. Бірінші бағанға сұлбаның мағынасын ашатын сұрақ қойыңдар. Екіншісінде қойылған сұрақтарға жауап беріңдер. Үшіншісінде қорытынды шығарыңдар.

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы «Сүйкімі дүниенің сұлулықта» ертегісін оқиды.

Оқу ақпараты. Әсемдік адам өмірінің сәні болып қана табылмайды, ол оның мәні десек те қателеспейміз. Өйткені еңбек-адамды адам еткен болса, сұлулық-адам бойын қуаныш, әсем сезімге бөлей отырып, сол еңбекке деген талпынысты, құштарлықты оятады, сұлу қимылдар мен әсем де әдемі қылықтарды, әдеттерді қалыптастырады. Сұлулық адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантып, тәнті ететін, таңырқатып, сүйсіндіретін көрініс. Айналадағы дүниенің әсемдігін түйсіну сұлулық пен ұсқынсыздықты айыра алуға, бағалай білуге үйретеді. Сұлулық адамның ізгі сезімдерін тербеп, көңілі мен жүрегін баурап алады

Назар аударыңдар. Жаны әсем адам деп адамгершілігі жетілген адамды айтамыз. Жанның әсемдігі-адамның әділеттілігінен, ер жүректілігінен, саналығынан, яғни барлық ізгілікке ие мінездерінен көрінеді.

Жүректен жүрекке. Оқушылар сабақты бір-біріне ізгі тілектер айту арқылы аятайды.

Үй тапсырмасын беру. «Әсемдік-өмір жарасымы» тақырыбына эссе жазыңдар.

Бағалау

Күніпәнісыныбы

Сабақтың тақырыбы. Әсемдік-өмір жарасымы

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың сұлулық, табиғат, өнер туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • табиғат, өнер, өмір әсемдігінің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;
  • сұлулықты, әсемдікті сезіну және қолдану іскерліктерін дамыту;
  • әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Оқу ақпараты

ІV. Дәптермен жұмыс

V. Тапсырма

VІ. Дәйексөз

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне ізгі тілектер айту арқылы сабақты бастайды.

Әңгімелесу.

  1. Адамды сұлу ететін не нәрсе?
  2. Әсем, сұлу нәрсе көргенде қандай сезімде боласыңдар?
  3. Жан сұлулығын қалай түсінесіңдер?

Оқу ақпараты. Адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар, ол әдемілікті аңсайды. Адам жұлдызды аспанды тамашалайды, музыканың сазына елтиді, бидің ырғағына тербеледі. Нәтижесінде айналасын, мекендейтін тұрағын әдемілеп, сәндейді, өзінің сырт келбетіне көңіл бөледі, әрбір ісі мен әрекетін сұлуландыруға ұмтылады . . . Адам сұлулықты табиғат арқылы, өнер арқылы сезіне отырып, өз өмірін сұлуландыру өз қолында екендігіне шүбә келтірмейді.

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарымен берілген Ә. Кекілбаевтың «Әлди» әңгімесін оқып, талдауда оқушыларға ананың әлдиі бөлеген әсем сезімдердің өмірде қандай орны бар екенін түсіндіру. Өмірдегі әсемдіктің өзі ананың махаббаты деген асыл сезіммен басталатынына көңіл аудару.

  • Осы мәтінде әлди мен әсемдіктің байланысы қандай ?
  • Әлди бөлеген әсем сезімдерді атап бере аласыңдар ма?
  • Тағы басқа қандай өнер түрлері сізді әсемдікке бөлей алады?

Дәптермен жұмыс. Тәттімбеттің күйі «Саржайлау» естіген тыңдағандарың болса онда не туралы айтылғанын дәптерге шығарма ретінде жазу. Күйде табиғаттың сұлулығы туралы шертілетінін естен шығармаңдар.

Тапсырма. Оқулықта Ә. Нілібаевтың «сұлулық» өлеңі берілген Өлеңді оқып отырып өмірде кездесетін сүлулық туралы өз ойларын айтады.

Дәйексөз . Адам бойындағыының бәрі де- бет-пішіні де, киім-киісі де жан дүниесі де, ақыл ойы да сұлу болуға тиіс. А. П. Чехов

009 Жүректен жүрекке 009 Сен сұлу М. Жұмабаев

Үйге тапсырма беру. Сен сулу өлеңін жаттау.

Бағалау.

Күніпәнісыныбы

Сабақтың тақырыбы. Еңбек-өмір мәні

Сабақтың мақсаты 1. Оқушыларға еңбектің адам үшін маңыздылығын түсіндіру мен қатар еңбек істеуге ықпал ету.

Міндеттері:

  • шығармашылық тұрғыдан еңбек ету қабілетін дамыту;
  • еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Оқу ақпараты

ІV. Шығармашылық жұмыс.

V. Тыныштық сәті

VІ. Дәйексөз

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері . Оқушылар шаттық шеңберін құрып бір-біріне ізгі тілектер айту арқылы сабақты бастайды.

Әңгімелесу.

  1. Еңбек етуде шығармашылық, шабыт не үшін қажет?
  2. Адам қабілетін қалай дамытуға болады?
  3. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқу ақпараты. Қоғамда еңбек ету барысында адамның өмірге дағдылануы қалыптасады, ал еңбектің қарапайым түрінен күрделі түріне көшу жолында оның ойлау қабілеттері одан әрі дамып, жетіле түседі. Ал, өз бойындағы табиғи қабілетін дамыту, сол жолда тынымсыз еңбектену әр адамның өзіне байланысты. Оқушының басты еңбегі-жақсы оқу, сапалы білім алу. Адам өзінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, тілегін қажетіне қарай айқындап, ерік-күшін, жігерін соған бағындырса, өзін - өзі кемелдендіріп, үлкен жетістіктерге жетеді, қоғамда өз орнын таба алады.

Шығармашылық жұмыс. Еңбек - бақыт бастауы» тақырыбына эссе жазыңдар.

Тыныштық сәті . Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Үй тапсырмасын беру. «Еңбек-бірлік бастауы» тақырыбына шығарма жазу.

Дәйексөз. Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш - қуатын, ақыл - ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.

Бағалау

Күніпәнісыныбы

Сабақтың тақырыбы. Еңбек-өмір мәні

Сабақтың мақсаты 1. Оқушыларға еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті деген сөздің мән мағынасын ашып түсіндіру мен қатар еңбекке тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • оқушыларды мақсатқа жетуге баулу;
  • еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Мәтінмен жұмыс

ІV. Шығармашылық жұмыс.

V. Дәйексөз

VІ. Тапсырма

VІІ. Оқу ақпараты

VІІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері .

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, Д. Әлімжановтың «Еңбек-өмір мәні» атты өлең жолдарын оқиды.

Әңгімелесу.

  • Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?
  • Еңбек етуде адамның қандай ерекшелігі байқалады?
  • Еңбексүйгіштік қасиетті қалай түсінесіңдер?

Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы аңызды оқып, сұрақтарға жауап беру.

Шығармашылық жұмыс. «Адам көркі - еңбек» тақырыбына ақын, жазушы ретінде өлең, әңгіме құрастырыңдар. Суретші ретінде сурет салыңдар.

Дәйексөз. Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады. .

Тапсырма. Оқулықта берілген өлең жолдарын оқып, еңбек туралы түйінді ойларды іріктеп анықтаңдар.

Оқу ақпараты. Қоғамда еңбек ету барысында адамның өмірге дағдылануы қалыптасады, ал еңбектің қарапайым түрінен күрделі түріне көшу жолында оның ойлау қабілеттері одан әрі дамып, жетіле түседі. Ал, өз бойындағы табиғи қабілетін дамыту, сол жолда тынымсыз еңбектену әр адамның өзіне байланысты. Оқушының басты еңбегі-жақсы оқу, сапалы білім алу. Адам өзінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, тілегін қажетіне қарай айқындап, ерік-күшін, жігерін соған бағындырса, өзін - өзі кемелдендіріп, үлкен жетістіктерге жетеді, қоғамда өз орнын таба алады.

Үй тапсырмасын беру. Еңбек туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

Жүректен жүрекке.

Оқушылар сабақты Н. Байғаниннің мына өлең жолдарымен аяқтайды:

Жастыққа еңбек ету қандай қызық,

Қуаныш билемей ме бойды кернеп?. .

Қызықты тұрмысымды етем десең,

Аянбай маңдай термен істе қызмет.

Бағалау

Күніпәнісыныбы

Сабақтың тақырыбы . Қайталау

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың өзін-өзі тану сабағынан алған білімдерін ары қарай жетілдіруге ықпал ету.

Міндеттері:

  • оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру;
  • еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу;
  • оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамытуға ықпал ету.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер,

Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Өзіммен-өзім

ІV. Оқу ақпараты.

V. Үй тапсырмасын беру

VІ. Дәйексөз

VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері . Оқушылар шаттық шеңберін құрып бір-біріне ізгі тілектер айтады.

Әңгімелесу .

  1. Өзін-өзі тану пәнінен не үйрендің?
  2. Өмірді бағалай білесің бе?
  3. Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай түсінесіңдер?
  4. Өзің салауатты өмір сүру үшін қандай әрекеттер жасайсыңдар?

Өзіммен-өзім . Көздеріңді жұмып бір минут уақыттарыңды бөліп денсаулыққа көз жүгіртіңдер. Әрбір оқушы өз денсаулығы туралы ойлансын. Енді көздеріңді ашыңдар не сезіндіңдер? Бір-бірлеріңе айтып беріңдер.

Оқу ақпараты . Әсемдік, әдемілік, денсаулық адам өмірінің сәні болып қана табылмайды, ол оның мәні десек те қателеспейміз. Өйткені еңбек-адамды адам еткен болса, сулулық-адам бойына қуаныш, әсем сезімге бөлей отырып, сол еңбекке деген талпынысты, құштарлықты оятады. Адамның өмірін әсем ететін тағы бір күш ол денсаулық талаптылық, қажырлық, төзімділік болып табылады.

  1. Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?
  2. Адам қабілетін қалай дамытуға болады?
  3. Еңбек етуде шығармашылық, шабыт не үшін қажет?

Үй тапсырмасын беру. Өткен сабақтарды қайталап оқып, дәптерді толтырып келу.

Дәйексөз. «Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. » Абай

Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңбер құрып бір-біріне ізгі тілектер айту арқылы сабақты аяқтайды.

Бағалау

Күніпәнісыныбы

Сабақтың тақырыбы. Жақсылық-жан жадыратады.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту және адамдарға қамқорлық көрсету, қол ұшын беруге қалыптастыру.

Міндеттері:

  • жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу;
  • жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Оқу ақпараты

ІV. Мәтінмен жұмыс

V. Назар аударыңдар.

VІ. Дәптермен жұмыс

VІІ. Дәйексөз

VІІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, Д. Әлімжановтың «Жақсы адам көңілі-күн» атты өлең жолдарын оқиды.

Әңгімелесу.

  1. Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер?
  2. Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?
  3. Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?

Оқу ақпараты. Адамгершілік пен имандылық жақсылық алып келеді. Адамға жағымды нәрселердің бәрі Жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат-мүддесіне, арман-тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенімін білдіреді. Жақсылық арқылы жеке адамдардың іс әрекеттеріне, қоғамдық қатынастарына, адамаралық байланыстарына баға беріледі. Жақсылық адамның ізгілігін анықтайды.

Мәтінмен жұмыс. Оқулықта берілген А. Құнанбаевтың «Жиырма үшінші сөз» атты қара сөзін оқып, талдау жасау арқылы өз ойларынды айтыңдар.

Назар аударыңдар. «Жақсы» да, «жаман» да-жеке адамның мінез-құлық, қам-қаректі, қарым-қатынасынан бастап, тұтас бір ұлттың ортақ мінез-құлқын, ұлттық сипатын қалыптастырады. «Жаман» адам болады, ал «жаман» ұлт бола ма? Мейлі ол барып тұрған оңбағанның оңбағаны болсын, ешкім өзін «мен жаман адаммын»

демейді.

Дәптермен жұмыс. Оқушы дәптерінде берілген «Мен бүгін:» айдарымен әр сабақта арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап, оны талдаңдар немесе өз ойларынды білдіріңдер.

Дәйексөз.

Биік төбеге шықсаң,

Көзің ашылады.

Жақсымен сөйлессең,

Көңілің ашылады.

М. Әлімбаев.

Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңбер құрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты аяқтайды.

Үй тапсырмасын беру. Өз жасаған жақсылықтарынды тізбектеп жазыңдар.

Бағалау.

Күніпәнісыныбы

Сабақтың тақырыбы. Жақсылық-жан жадыратады.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу;
  • жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

ІІ. Әңгімелесу

ІІІ. Назар аударыңдар

ІV. Мәтінмен жұмыс

V. Тапсырма

VІ. Тыныштық сәті

VІІ. Түйіндеме

VІІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.

Әңгімелесу.


Ұқсас жұмыстар
Сынып жетекшінің сынып оқушыларымен жұмыс жоспары
Абайдың мұражай -үйі Мақсат және қимыл- сын
Қазақ тілі сабағында
Қай түзу перпендикуляр түзу
Информатика кабинеті меңгерушісінің қызметтік нұсқауы
Психологтың айлық, апталық жоспары. 2013-2014ж
Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау
Сынып деңгейі
Бірлестік мүшелері
Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz