Автомобиль электрондық тетіктері мен басқару жүйелерінің жұмыс қабілеттілігін анықтау

Сабақтың тақырыбы: Электрондық тетіктердің жұмыс қабілеттілігі жай-күйін анықтау

Топтар
Асл 9-181
Топтар: Сабақ өтетін күн
Асл 9-181: 10. 03. 2021
:
:
:

САБАҚ БАРЫСЫ

І Ұйымдастыру бөлімі:

А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;

Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;

В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;

Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;

Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау

В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;

1. Электрондық басқару блоктарының негізгі функциялары қандай?

2. Электрондық басқару блогы қандай негізгі бөліктерден тұрады?

3. Электрондық басқару блоктарының негізгі ақаулары қандай?

4. Электрондық блоктың жады дегеніміз не?

5. Электрондық блок жадының түрлері қандай?

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Қазіргі уақытта автомобиль көлігін әртүрлі электронды жүйелерімен техникалық жабдықтау барынша артты. Электроника мен микропроцессорлардың соңғы жетістіктері көлік құралдарының сенімділігін, эргономикасы мен қауіпсіздігін арттырды. Автомобильдердің заманауи электронды жүйесінің жіктелуі (48 сурет) мыналарды қамтиды:

- АЭБЖ (ЭСУА) - автомобильдің электронды басқару жүйелері;

- ҚЭБЖ (ЭСУД) - қозғалтқышты электронды басқару жүйелері;

- ААБЖ (СБСА) - автомобильдің арнайы борттық жүйелері;

- ЖЕЖ (ЛВС) - жергілікті есептеу желілері.

48 сурет. Автомобильдердің электронды жүйелерінің жіктелуі

Автомобиль көлігін басқарудың электронды жүйелері екі түрге бөлінеді: көлік жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және автомобильді басқару мен эргономикасын жақсарту. Мысалы, тұрақтандыру жүйесі көліктің басқарусыз сырғанауына жол бермейді, ал автоматты беріліс қорабы көлікті жүргізуді жеңілдетеді.

Қозғалтқышты басқарудың электронды жүйелеріне бүрку жүйесі, оталдыру жүйесі, іске қосу жүйесі және қозғалтқыштың сенімді жұмысын және оның жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін автомобильдің электр жабдықтарының басқа құрылғылары кіреді.

Борттық мамандандырылған автомобиль жүйелеріне жүргізушіге қажетті ақпаратты көрсетуге арналған әр түрлі жүйелер кіреді; көлік құралдарының жайлылығын арттыратын жүйелер; навигациялық жүйелер; ұрлыққа қарсы құрылғылар.

Жергілікті есептеу желілері - бұл CAN технологиясына негізделген мультиплексті ақпарат беру жүйесі. Олар автомобильдегі сымдардың, түйіспелер мен байланыс желілерінің санын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

IV. Бағалау

А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;

Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Көліктегі электрондық жүйелерді атаңыз?

2. AБС тестерінің жұмысын қалай тексеруге болады?

3. Доплер эффектісі дегеніміз не?

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.

V. Үй тапсырмасын беру

Үй тапсырмасы

  1. Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
  2. Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Автокөлік электрондық жүйелерінің жұмыс қабілеттілігін тексеру
Электрондық басқару блоктарының тетіктерін диагностикалау және ақауларын анықтау
Автомобиль элементтерінің техникалық жағдайын диагностикалау: электрондық басқару жүйелері, әдістер және қауіпсіздік талаптары
Оталдыру шамдары, электрондық басқару блогы (ЭББ) және сезгіштер: жұмыс принципі мен диагностикасы
Электрондық басқару блогының функциялары мен диагностика әдістері
Сұйытылған және сығымдалған газбен жұмыс істейтін қозғалтқыш жүйелерінің құрылымы мен жұмыс принциптері
Іс-тәжірибе: автомобильдердің жай-күйін анықтау және техникалық жағдайын басқару
Рөлдік басқару механизмінің ақауларын анықтау және жөндеу
Автомобиль газ есептегіштері (газоанализаторлар): құрылысы, жұмыс принциптері және қолдану салалары
Автомобиль қозғалтқышының салқындату және майлау жүйелерін техникалық қызмет көрсету және ақауларын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz