Автомобиль элементтерінің техникалық жағдайын диагностикалау

Сабақтың тақырыбы: Автомобиль элементтерінің техникалық жағдайын диагностикалау

Топтар
Асл 9-181
Топтар: Сабақ өтетін күн
Асл 9-181: 11. 03. 2021
:
:
:
:

САБАҚ БАРЫСЫ

І Ұйымдастыру бөлімі:

А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;

Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;

В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;

Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;

Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау

В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;

1. Көліктегі электрондық жүйелерді атаңыз?

2. AБС тестерінің жұмысын қалай тексеруге болады?

3. Доплер эффектісі дегеніміз не?

5. Электрондық блок жадының түрлері қандай?

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Автомобиль конструкцияларында электрондық басқару жүйелері кеңінен қолданыс тауып келеді. Қазіргі заманғы автомобильге электрондық басқару жүйелерінің жұмысын талдау үшін құралдарды пайдаланбай диагностика жүргізу оның техникалық жай-күйі туралы ақпаратты жеткілікті толық бере алмайды. Автомобильде электрондық жүйелерді көп мөлшерде пайдаланған кезде автокөліктің электрлік жабдықтары автономды және күрделі емес кіші жүйелерден тұрады. Электр қорегі электронды, электр техникалық құралдар тікелей автомобильдің аккумуляторлық батареяынан жүргізіледі. Бүгінгі күні іс жүзінде барлық шығарылатын Іштен жану қозғалтқыштары электрондық жүйемен жабдықталған. Автоөндірушілер осы жүйеге ерекше көңіл бөледі, өйткені бір мезгілде отын шығынын төмендете отырып, экологиялық талаптарды қатаң түрде орындау, отынды өте дәл және уақтылы мөлшерлеу және қозғалтқыш жұмысының барлық режимдерінде отын-ауа қоспасын тиімді жағу арқылы ғана қозғалтқыштың жоғары қуатына қол жеткізуге мүмкіндік болады. Бірақ ұзақ пайдалану процесінде автомобильдің электрондық жүйесінің құрылымдық элементтерінде әртүрлі ақаулар мен жарақсыздықтар мәжбүрлі пайда болады. Электрлік сипаттамалардың өзгеруі, реттеулердің бұзылуы, датчиктердің, олардың ажыратқыштарының, сақтандырғыштары мен сымдарының жұмыс істеу қабілетінің жоғалуы орын алады. Бұл қозғалтқыш жұмысының елеулі нашарлауына және электрондық жүйеде туындаған ақауларды уақтылы жоймаған кезде олардың жұмысқа жарамдылығының толық жоғалуына әкеп соғады [30] .

Техникалық қызмет көрсету процесіндегі диагностиканың негізгі міндеті-техникалық жағдайды анықтау және оның одан арғы өзгерістерін болжау. Бұл автомобильдің техникалық күйін басқаруға мүмкіндік береді.

Автомобильдің электрондық жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қозғалтқыш жүйесінің элементтері мен тораптарын қосу, бөлшектеу, монтаждау, диагностикалау жөніндегі талаптарды сақтау өте маңызды. Осы талаптарды орындау автомобильді диагностикалау және жөндеу кезінде қосымша ақауларды қосылуының мүмкіндігін жоққа шығарады. Басқару жүйесінің кез келген элементтерін бөлшектеу алдында аккумулятор массасын ажыратыңыз;

- батареяны дұрыс жалғамастан, қозғалтқышты іске қосуға жол берілмейді.

- қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде аккумуляторды автомобильдің борттық желісінен ажыратуға жол берілмейді.

- сыртқы көзден зарядтау кезінде батарея борт желісінен ажыратылуы тиіс.

- басқару блогын, мысалы, кептіру пешінде, 80° С-дан асатын температураның әсеріне ұшыратпау керек.

- қозғалтқышты басқару жүйесінің сым бумаларының тұтқыр жүйелерінің конструкциясында тек белгілі бір бағдармен біріктіру көзделген. Қосқыштың екі бөлігінде де бағдар элементтері бар.

Дұрыс бағдарлау кезінде бөлшектеу көп күш салмай жасалады.

Дұрыс емес бағдармен жалғау қосқыштың, модульдің немесе жүйенің басқа элементінің істен шығуына әкелуі мүмкін.

- оталдыру қосылып тұрған кезде басқару блогының қосқыштарын бөлшектеуге немесе ағытуға жол берілмейді.

- электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу алдында аккумуляторлық сым мен басқару блогының ажыратқыштарын ажыратыңыз.

- қозғалтқышты бумен тазалау кезінде түйіспелердің тотығуын болдырмау үшін жүйенің шүмекті элементтерін бағыттамау керек.

-дұрыс тораптардың қателері мен зақымдануын болдырмау үшін диагностикалық карталарда көрсетілмеген бақылау-өлшеу жабдығын қолдануға жол берілмейді.

- кернеуді 10 МОм/в номиналды ішкі кедергісі бар вольтметрдің көмегімен өлшеу.


Ұқсас жұмыстар
Автокөлікті жөндеуші слесарь
Шарлы топсаны бұдан анығырақ тексеру
Өлшеу камераларпы
Жүйелер мен механизмдер
Автокөлік құралдарын пайдаланудағы техникалық күйінің өзгеру себептері
Аспа құрылымындағы саңылаулар мен амортизаторларды тексеруге арналған стендтер
Автокөлікке ТҚК мен ағымды жөндеуді орындау жұмыстары
Сұрақтар мен тапсырмалар. Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою
Жүк автомобильдері
Рөлдік басқаруды диагностикалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz