Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жанармай шығынын анықтау

Сабақтың тақырыбы: Қоректендіру жүйесінің диагностикалау
Топтар
Асл 9-181

Сабақ өтетін күн
12.03.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Майлау жүйесінің диагностикасы қандацй құралмен тексеріледі?
Центрифуга роторының айналу жиілігін гегің көмегімен анықтайды?
КИ-9912 өлшеу құралының құрылысы қандай?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Қоректендіру жүйесінің диагностикалау технологиясы.
Қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі элементтерінің техникалық жай-күйі оның қуаттылығы мен үнемділігіне, демек, автомобильдің динамикалық қасиеттеріне және пайдаланылған газдардың құрамына айтарлықтай ықпал етеді.
Қоректендіру жүйесінің диагностикалық параметрлеріне төмендегілер жатады:
:: карбюратор үшін -- жағармай беру клапанының бітеулігі, қалтқы камерасындағы жағармай деңгейі, камералар мен дроссельдік жапқыштар жұмыстарының үйлесімділігі;
:: жағармай сорғысы үшін -- соратын жағармай құбырында сорғымен жасалатын вакуум, сорғымен жасалатын қысым;
:: иінді біліктің айналу жиілігін шектегіш үшін -- хабаршының ісе қосылу сәтіне сәйкес келетін айналу жиілігі;
:: жағармай құбырлары мен бактар үшін -- бітеулік, бак тығындары клапандарының кіргізуші және шығарушы клапандарын ашу;
:: сүзгілер үшін -- лай тұнбаның шекті қалыңдығы (инерциялық-май ауа сүзгілері үшін), ауа және жағармай сүзгілерінің гидравликалық кедергісі (ауа және жағармай шығыны бойынша анықталады), ауа сүзгісі ваннасындағы майдың деңгейі (майды бұру);
:: бақылау аспаптары үшін -- бактарда жанармай деңгейі көрсеткіштерінің дәлділігі.
Жанармай шығынын анықтау. К-427 (РТА-1) мод. шығын өлшегіш диагностикалық және реттеу жұмыстарын, сондай-ақ жол сынақтарын жүргізуде карбюраторлық қозғалтқышты автомобильдерде жағармай шығынын үздіксіз өлшеуге арналған.
Шығын өлшегіш хабаршыдан (7.7, а-сурет) және тіркегіш құрылғыдан тұрады (7.7, б-сурет). Хабаршы корпусының 18 (7.7, а-суретін қараңыз) агат өкшетірегінде роторға арналған өтпелі каналы бар, өкшетіректер жағармайдың өтуі үшін өтпелі саңылаулары бар реттелетін тіреулерге 13 кіріктірілген. Реттелетін тіреулер контргайкалармен 12 шегенделеді.
Ротор диаметрі 0,5 мм болат осінен 4 тұрады, оған екі қанатша 5 және олардың арасында жалаушылар 6 қатты бекітілген. Корпустың екі ұясы бар. Біреуі патроннан 7 және электр шамынан тұратын жарықтандыру құралына, екіншісі -- колодкаға 17 арналған, оның өтпелі саңылауына фотокедергі 16 орнатылған.
Жарық сәулесі жарықтандыру құралынан фотокедергіге өтуі үшін хабаршыда шыны тығындармен 9 жабылған екі өтпелі саңылау бар. Фотокедергі және электр шамы 8 және 15 қысқыштары арқылы қосылады. Хабаршы карбюратормен түтік 11 және штуцер арқылы, ал жағармай сорғысымен -- түтікпен 2 біріктіріледі, ол хабаршыға салмалы сомынмен 3 бекітілген. Хабаршы корпусы 18 арнайы қаптамада 14 орналасқан. Тасымалдау ыңғайлылығы үшін құрал қайырмалы тұтқамен жабдықталған. Электр бөлігі құралдың ішіндегі баспа тақтаға орнатылған.
Шығын өлшегіштің жұмыс принципі жағармай шығынын ротордың жылдамдығына пропорционал (функционал) тәуелділікпен өлшеуге негізделген. Хабаршының жағармай каналынан өтетін роторды айналдырады, оның жалаушасы шамнан түсетін жарық сәулесін жауып тастайды. Бұл жағдайда фотокедергіде фотоимпульстер пайда болып, олар есептегіш құрылғыға беріледі.
Ротор бір айналғанда есептегіш құрылғының кіре берісіне екі импульс келіп түседі. Есептегіш құрылғы импульс жиіліктерінің күшейткіші мен бөлгішінен тұрады, ол электр-магниттік санағыш жиілігінің жоғарғы шегін ұлғайтуға мүмкіндік береді, себебі оған хабаршыдан келген әрбір импульс емес, қайта санау коэффициентімен анықталған импульстер тобы беріледі.Импульстік жиілік диапазоны кіріс импульстарының саны сегізге бөлінетін үш сериялы байланысты триггерлерден тұрады. Қоршаудың алдыңғы панелінде орнатылған, үш бөлгіш күйінің көрсеткіштері өлшеу дәлдігін арттыратын жинақталған импульстардың санын көрсетеді.
Жанармайдын шығынын анықтау үшін карбюратор мен жанармай сорғысы арасындағы бұл мақсатқа арналған шығын датчигін арматурасы бар тиісті түтіктерді қосқан жөн. Содан кейін құрылғыны қуат көзіне қосыңыз (батарея жинағы). Бұл жағдайда оң терминалды аккумулятордың сәйкес полюсіне, ал терісін көлік құралының <<салмағына>> қосыңыз.

7.7 -сурет. К-427 мод. Шығын өлшегіштің құрылысы: а -- датчик; б -- тіркеу құрылғысы; 1 және 10 -- (келтеқосқыштар); 2 және 11 -- тұтқалар; 3 -- салмалы сомын; 4 -- ротордың осі; 5 -- қалақты аспап; 6 -- жалауша; 7 -- патрон; 8 және 15 -- қысқыштар; 9 -- шыны тығындар; 12 -- қарсысомын; 13 -- реттелетін тірек; 14 -- қап; 16 -- фотокедергі; 17 -- колодка (қалып); 18 -- датчиктің корпусы; 19 және 26 -- тиісінше есептеуді бастау және электрмен жабдықтау тумблерлері; 20, 22 және 23 -- индикаторлар; 21 -- есептен шығару батырмасы; 24 -- тіркеу құрылғысының корпусы; 25 -- тұтқа; 27 -- ашалы розетка; 28 -- сақтандырғыш; 29 -- сигнализатор; 30 -- импульстық есепеуіш; 31 -- есептен шығару тұтқасы
Электрмен жабдықтау айырғышын <<Қосу>> күйіне ауыстырыңыз, сол кезде сигнал бергіш шамы жанып тұруы керек. Есептеуді бастау тумблері <<Тоқтату>> күйіне ауыстырылуы тиіс. Бөлгішті оның бастапқы күйіне келтіру үшін <<Түсіру>> батырмасын пайдаланыңыз (күй индикаторларының шамдары жанбауы тиіс). Есептегіш көрсеткішін нөлге келтіріп орнатыңыз. Қозғалтқышты іске қосып, қыздырыңыз (салқындатқыш сұйықтығының температурасы 80 ... 85°С болуы тиіс). Есептеуді бастау тумблерін <<Іске қосу>> күйіне ауыстырып, жағармай шығынын қажетті режимде өлшеңіз.
Өлшеу аяқталғаннан кейін есептеу тумблерін <<Тоқтату>> күйіне ауыстыру керек, есептегіш көрсеткіштерін есептеу механизмінің цифрлық роликтері бойынша жазып алып, алынған санды хабаршының түзету коэффициентіне көбейту керек.

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Қоректендіру жүйесінің диагностикалық параметрлеріне нелер жатады?
Жанармай шығынын қалай анықтайды?
К-427 мод. Шығын өлшегіштің құрылысы қандай?

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Жанармай шығынының жүргізуші шеберлігіне тəуелділігі
Автомобильдің жай - күйін анықтау тәсілдері
Автокөлікті жөндеуші слесарь
Автомобильдердің жай - күйін анықтау жүмыстарын ұйымдастыру
Автокөлікке ТҚК мен ағымды жөндеуді орындау жұмыстары
Жай күйін анықтау үдерісі мен тәсілдері
Сабақ барысында қарастырылатын сұрақтар
Пайдаланылған газдардың құрамы
Қоректендіру жүйесіне ТҚК дегі талаптар
Қоректендіру жүйесінің приборлары
Пәндер