Қозғалтқышты іске қосу және қыздыру: қысқы температурадағы техникалық ерекшеліктер мен қауіпсіздік талаптары

Сабақтың тақырыбы: Қозғалтқышты іске қосу және қыздыру

Топтар
Асл 9-181
Топтар: Сабақ өтетін күн
Асл 9-181: 13. 03. 2021
:
:
:
:
:

САБАҚ БАРЫСЫ

І Ұйымдастыру бөлімі:

А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;

Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;

В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;

Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;

Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау

В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;

  1. Жүктерді тасымалдау қауіпсіздігіне қандый талаптар қойылады?
  2. Қауіпті жүктер қалай артып түсіріледі?
  3. Автокөлікпен қауіпті жүкті артып түсіруді қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет?

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Ауаның төменгі температурасында қозғалтқышты іске қосу ерекшеліктері

Алматы қаласында жэне Қазақстанның көпшілік аудандарында қысқы орташа температура -10°С. Автопарктерде ауысым арасында автомобильдерді ашық жэне жабық алаңдарда сақтайды. Қыс кезінде автомобильдерді ашық тұрақтарда сақтағанда, оларды іске қосу қиындайды, жанармай шығыны артып, ТҚ жэне АЖ жүргізу қүрделенеді.

Суық кезде қозғалтқышты іске қосқанда, аккумулятордың қуаты 75% болғанда бензинді қозғалтқыштың иінді білігі 10 сек, дизельді қозғалтқыштың иінді білігін 15 сек. айналдырғанда тез іске қосылуға тиіс.

Қозғалтқыштың іске қосылуының нашарлауы жанармай қоспасының дұрыс дайындалмауынан болады. Егер қозғалтқыштың иінді білігі төменде көрсетілген айналыспен айналатын болса, онда қозғалтқыш ақаусыз, жанармай қоспасы дұрыс дайындалған болып есептеледі.

Қозғалтқыштың түрі
Ауаның температурасы, °С
-5
-30
Қозғалтқыштың түрі: Бензинді
Ауаның температурасы, °С: 40…60
70…80
Қозғалтқыштың түрі: Дизельді
Ауаның температурасы, °С: 100…150
200…250
Айналу жиілігі, мин 1

Стартердің қозғалтқышты іске қосу айналу жиілігін қамтамасыз ету үшін, айналу моментінің МС кедергісін жеңуге тиіс.

м г = м т + м и + м к + м в

мұндағы М т - қозғалтқыштың кедергі күшін жеңу моменті;

М и - қозғалыстағы массаның инерциясын жеңу моменті;

М к - қозғалтқыштың компрессиясын жеңу моменті;

М в - жанармай қоспасының кедергісін жеңу моменті.

М т - қозғалтқыштың литражына, ыргағына, түріне және майдың сұйықтығына байланысты.

Ауаның температурасы төмендегенде майдың тұтқырлығы өзгереді, оның ағу қасиеті төмендейді, бұл иінді біліктің айналуына кедергі туғызады. Ауа температурасының төмендеуінен майдың қозғалыстағы бөлшектеріне берілуінің нашарлауын төменгі кестеден көруге болады.

Қозгалтқышты іске қосқанда температураның әсерінен майдың
бөлшектерге берілу уақытының өзгеруі

Одан басқа, бензинді қозғалтқышта жұтаңдалған қоспа пайда болады, өйткені жанармайдың тұтқырлығы артып, ауаның тығыздығы көбейеді, ал дизельді қозғалтқыштарда жанармайдың тұтқырлығы артқандықтан, олардың бүркілу сапасы нашарлайды. Мысалы, ауаның температу- расы +20°С-тан -20°С-қа дейін өзгергенде, дизельді жанармайдың тұтқырлығы 5…7 есе өседі. Ауаның температурасы 1°С-қа төмендегенде, аккумулятордың қуаты 1% төмендейді. Ауаның температурасы -30°С-қа төмендесе, электролит мұз болып қатып қалуы мүмкін.

Ауаның температурасы төмен болған сайын, қозғалтқыштың жұмыс істеудегі көрсеткіші нашарлайды, қозгалтқышты іске қосу жэне қыздыру үшін жанармай шығыны 5…20%-ға дейін артады.

Осының бэрі көлік құралдарына кері әсер ететінін ескеріп, оны жақсарту шаралары қолға алынуда.

IV. Бағалау

А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;

Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Қозғалтқыштың іске қосылуының нашарлауы неден болады?
  2. Стартердің қозғалтқышты іске қосу айналу жиілігін қамтамасыз ету үшін қанадй жұмыс атқарылуы тиіс?
  3. Қозгалтқышты іске қосу жэне қыздыру үшін жанармай шығыны қанша пайызға артады?

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.

V. Үй тапсырмасын беру

Үй тапсырмасы

  1. Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
  2. Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Автомобиль элементтерінің техникалық жағдайын диагностикалау: электрондық басқару жүйелері, әдістер және қауіпсіздік талаптары
ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ: МАШИНАЛАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
Информатика кабинеті талаптары: техникалық, қауіпсіздік, санитарлық-эргономикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету
Информатика пәні мен оның міндеттері: ақпараттың анықтамасы, қасиеттері және қауіпсіздік талаптары
Компакт-дискіден бағдарламаларды орнату және іске қосу
Сандық ақпараттарды өңдеу: Калькулятор бағдарламасын іске қосу және пайдалану
Егістіктерді суару әдістері және суару машиналарының құрылымы мен техникалық талаптары
Оқу шеберханасының еңбек және техникалық қауіпсіздік ережелері
Экономикалық ақпарат пен ақпараттық технологиялардың негіздері, классификациясы және техникалық қауіпсіздік ережелері
3-сыныпқа арналған дене тәрбиесінің ұзақ мерзімді жоспары: қауіпсіздік ережелері, денсаулық негіздері және қыздыру жаттығулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz