Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Автокөлікті орнынан қозғау және берілістерді ауыстыру

Сабақтың тақырыбы: Автокөлікті орнынан қозғау және берілістерді ауыстыру

Топтар
Асл 9-181

Сабақ өтетін күн
13.03.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Қозғалтқыштың іске қосылуының нашарлауы неден болады?
Стартердің қозғалтқышты іске қосу айналу жиілігін қамтамасыз ету үшін қанадй жұмыс атқарылуы тиіс?
Қозгалтқышты іске қосу жэне қыздыру үшін жанармай шығыны қанша пайызға артады?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Автокөліктің орнынан қозғалуы автокөлікті басқарудың маңызды элементі болып табылады. Әсіресе, бірнеше мəрте тоқтау жəне орнынан қозғалу қажет болатын қалалық жағдайда (бағдаршамда, жүргінші өткелдерінде, автокөлік кептелістерінде жəне т.б.) бұл өте маңызды.
Автокөліктің орнынан жұлқымай қозғалуы үшін ажыратқышты тез ағытып, беріліс басқышын бірқалыпты жəне соңына дейін басып, берілісті басқышын барынша баяу жəне бірқалыпты жіберу арқылы қосу керек. Ажыратқыш басқышын жіберуді бастаған сəттен бастап <<газ>> басқышын басып, қозғалтқыштың айналымын біршама арттырып алу керек. Себебі, қозғалтқыш өшіп қалмау керек жəне автокөлікті қол тежегішінен ажыратып үлгеру қажет болады. Жаяу жүргіншілер жолының жанындағы тұрақта немесе жол жиегінде тұрған автокөлікті орнынан қозғау келесі тəртіпте жүргізіледі:
бұрылыс жарықтарын қосу;
артқы айна жəне сол иық арқылы артқа қарап, қозғалысты бастау қауіпсіздігіне көз жеткізіп, жақын келе жатқан көлік құралын өткізу;
жол жағдайын мұқият қадағалауды жалғастыра отырып (бірқалыпты, бірақ тез ажыратқыш басқышын басу; кідіріссіз, бірқалыпты төменгі берілісті қосу; ажыратқыш басқышын бірқалыпты жібере отырып, артынша <<газ>> басқышын басып, қозғалтқыш айналымын арттырып жəне тоқтау тежегішінің тетігін жіберу);
тоқтау орнынан немесе тұрақтан (тротуар, жолдың жиегінен) қозғалу кезінде жолға міндетті түрде қиғаштап шыққан жөн. Ол - өзіне де, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қажеттілік болған жағдайда дер кезінде маневрлеу мүмкіндігін беру үшін керек;
автокөлікті жолда түзулеу жəне бұрылыс жарықтарын сөндіру.
Автокөлік қозғалғанда жəне берілістерді ауыстыруда ажыратқыш басқышымен сауатты жұмыс істеу жəне оның <<газ>> басқышымен, сондай- ақ берілісті ауыстыру тетіктерімен үйлесімде жұмыс істеуі автокөлікті басқару техникасының барынша күрделі элементтерінің бірі болып табылады. Аталған ережелерді даңғдыға айналдыру - автокөлікті басқарудың жеткілікті ұзақ тəжірибесін талап етеді.
Ажыратқышты сөндіру-қосудағы қателерді тек жаңадан бастағандар ғана жібереді. Алайда, тəжірибелі жүргізушінің өзі басқа автокөліктің тізгініне отырған кезде ажыратқышты сөндіріп, қосқанда қателесуі мүмкін.
Жаңадан бастаған жүргізушілердің арасында көп таралған қателіктің бірі - автокөліктің жұлқынуына əкелетін ажыратқыш басқыштарын дұрыс жібермеуі. Мұның себебі, басқышты шамадан тыс ұзақ басуында жатыр. Бұл ажыратқыш детальдарының тез тозуына əкеліп, жөндегенкүннің өзінде қызмет мерзімінің сəйкесінше қысқаруына себеп болады.
Неге бұлай болатынын жақсы түсіну үшін, ажыратқыштардың жұмыс сызбасын қысқаша қарайық (14-сур.). Бос тұрған ажыратқыш басқышы орталық тегерікті 5қысқыш серіппенің серіппелігі есебінен қосылған. (немесе ажыратқыштардың құрылымына байланысты шеткі серіппелер) ажыратқыштың жетектегі тегерігі 2 оған үйкелісті қаптамалармен сермер 1 жəне ажыратқыштың қысқыш тегерігі 3 арасында қысылуы мүмкін. Жетектегі тегерік жəне қысқыш тегерік арасындағы үйкеліс қаптамаларының үйкелістері есебінен оларды бірлесе айналдыру жəне сермерден айналатын кезді 8 беріліс қорабына бірінші білік жəне жетектегі тегеріктің оймакілтек қосылысы арқылы болады. Ажыратқыштың қысқыш тегерігінің қаптамасы 4 сермерге болттармен бекітілгенде, қозғалтқышпен жұмыста ол қысқыш жəне жетектегі ажыратқыш тегеріктері жəне беріліс қораптарының бірінші білігімен бірге сермермен қоса айналады.
Берілісті қосу үшін сермерден беріліс қорабының бастапқы білігін ағыту талап етіледі, ол үшін ажыратқыш басқышты 15 басумен сөндіріледі. Бұнда механикалық жетек арқанының 14 көмегімен (немесе ажыратқыш құрылымына байланысты гидравликалық жетектің жұмыс цилиндрінен,) ажыратқышты сөндіру айырымен тетікті 9 ауыстыруға болады, ол ажыратқышты сөндіру мойынтірегімен жалғастырғыш 7 арқылы тегерікті серіппенің ішкі бөлігін басады жəне оның кедергісін жеңе отырып, сыртқы бөлігіне бекітілген қысқыш тегерік серіппесін 3 жетектегі тегеріктен 3 бұрады. Сəйкесінше жетектегі тегерік беріліс қорабының бастапқы білігінің оймакілтегі бойынша ауыса отырып, сермерден кетеді (жетектегі тегерік жəне сəйкесінше сермер мен қысқыш тегерік арасындағы А жəне В саңылаулары түзіледі).
Осылайша ажыратқыш басқышын басқанда ажыратқышты ағыту мойынтірегі жұмыс істейді жəне сəйкесінше ол тоза бастайды. Әсіресе бұрынғы шығарылған <<Москвич>> (<<Москвич>>-412, 2140) автокөліктерінде орнатылатын графит мойынтіректер тез тозады. Осы себепті ажыратқыш басқышын басқан жағдайда барынша аз ұстау жəне мүмкіндігінше берілісті қосуды тез жүргізген жөн.
Ажыратқыш басқышын баяу басып жəне оны жəй жіберу қысқыш тегерік жəне сермердің жұмыс беттері бойынша жетектегі дисктің үйкеліс төсемдерін тоқтату ұлғаяды жəне сəйкесінше олардың тозуы күшейеді, сондай-ақ жоғары айналымдарда берілістерді ауыстыру кезінде қозғалтқыш жұмысы ұлғайып, отын шығыны артады.
Керісінше, ажыратқыш басқыштары шамадан тыс тез ауысқанда ажыратқыш детальдарына жүктеме ұлғаяды, ал басқышты кенеттен жібергенде трансмиссияның басқа агрегаттарының детальдарына жүктеме ұлғаяды (беріліс қораптары, басты беріліс жəне дифференциал, алдыңғы жетекті немесе карданды берілісті автокөліктердің жетекті біліктері жəне артқы жетекші көпірі бар автокөліктердің жартылай осьтері). Бұл олардың тозуын арттырады жəне олардың істен шығуына əкелуі мүмкін.
Кейбір <<күшті>> жүргізушілер дөңгелекті орнында тежеп, қозғалу арқылы өз автокөліктерінің жоғары жүру сапасын көрсеткенді жақсы көреді. Бұнда нəтижеге кез келген автокөлікте қол жеткізуге болады. Егер <<газ>> басқышын аяғына дейін басу арқылы қозғалтқыш айналымын бірден арттырып, ажыратқыш басқышын кенеттен жібергенде автокөлік орнынан бірден ырғып қозғалады. Бұнда жетекші дөңгелектерді тіпті құрғақ асфальтта тежеуге болады. Алайда, автокөлікті айдау бұдан жылдамдап қана қоймай, сонымен қатар баяулайды, бұнда детальдардың, əсіресе ажыратқыш жəне шиналардың тозуы артады. <<Күшті>> жүргізуші шын мəнісінде жақсы жəне қымбат автокөлігін көрсетудің орнына, керісінше өзінің мəдениетінің жəне жүргізу дағдыларының аздығын көрсетеді. Сондай-ақ, автокөлікті бұлай орнынан қозғау тайғақ жолда автокөліктің сырғанауына əкелуі мүмкін. Оның салдары айтпаса да түсінікті.
Берілістерді ауыстыруда немесе орнынан қозғалуда қозғалтқыш айналымдарын шамадан тыс ұлғайту - ажыратқышты басқан кезде автокөліктің жұлқынуын жəне оның детальдарының шамадан тыс тозуын тудырып, жанармай шығынын артырып жəне ажыратқыштың тоқтап қалуына əкелетінін атап өткен жөн.

Берілістерді ауыстыру автокөлік орнынан қозғалғанда, сондай-ақ оны əрі қарай айдауда (переключение передач в восходящем порядке) жəне қозғалысты баяулатуда (переключение передач в нисходящем порядке) берілістерді беру тетігін қажетті жағдайға ауыстыру жолымен жүргізіледі.
Төрт сатылы беріліс қораптарынан тұратын автокөліктерде берілістерді ауыстырудың көп таралған сызбасы 16-суретте келтірілген. Алдыңғы жүрістің берілістері берілістерді ауыстыру тетігін ауыстыру арқылы қосылады: бірінші -- солға-алға, екінші -- солға-артқа, үшінші -- алдыға, төртінші -- артқа. Артқы жүріс берілісі əдетте оңға-артқа ауысумен қосылады. Кейбір автокөліктерде артқы жүріс сондай-ақ оңға- алдыға немесе солға-алдыға тетікті біруақытта <<батырумен>> қосылуы мүмкін. Бес сатылы автокөліктердегі бесінші беріліс ереже бойынша берілістерді оңға-солға ауыстырумен қосылады. Берілістерді ауыстыру сызбасы əдетте автоклікті ауыстыру тетігінің тұтқасында бар жəне оны пайдалану ережесі нұсқаулықта келтіріледі.

Берілісті қосар алдында ажыратқыш басқышын толығымен басу қажет (ажыратқышты толығымен сөндіру), осы арқылы қозғалтқыштан беріліс қорабын ағыту, одан кейін бірқалыпты, бірақ кідіріссіз талап етілетін берілісті қосу. Ажыратқыш жартылай қосылған жағдайда (ажыратқыш басқышын толық баспаған жағдайда, немесе ажыратқыш ақауы болғанда) берілісті қосу қиындап, берілістер тетігін керек жағдайға ауыстыру үшін көп күш салуға тура келеді, ал берілісті қосу беріліс қорабындағы шумен жалғасатын болады. Мұндай жағдайда беріліс қорабы детальдары сынып кетуі мүмкін (синхронизаторлар, тегершіктер) жəне олар істен шығады.
Осындай жағдай алдыға қозғалған автокөліктің толық тоқтауын күтпестен артқы жүріс берілісін қосқан кезде туындайды. Осындай қатені əдетте тар жолдарда маневрлеуде, қозғалысты алдыңғы жəне артқы жүріспен кезектестіруге тура келгенде жаңадан бастаған жүргізушілер жиі жібереді. Жаңадан бастаған жүргізушілер тегершіктерде артқы жүріс синхронизаторларының жоқтығына байланысты беріліс қорабына артқы жүрісті қосу тек автокөлік тоқтап тұрғанда ғана мүмкін болатынын есте сақтаған жөн. Аталған жағдайды сондай-ақ автокөлік артқы жүріспен Жоғарыға көтерілгенде де ескеру қажет. Бұл жағдайда автокөлікті тежегішпен сенімді тежеу қажет. Артқы жүріс берілісін қосып жəне біруақытта ажыратқышты қосу арқылы автокөлікті мүмкіндігінше орнынан қозғау сəтін оны тежеумен біруақытта жүргізген жөн. Сонымен қатар, автокөлік алдыға қозғалғанда артқы жүріспен қозғалғаннан кейін оны тоқтату міндетті емес, себебі барлық алдыңғы беріліс жүрістері синхронизаторларға ие.
Әр беріліс автокөлікті жылдамдықтардың белгілі бір диапазонында қозғалуын қамтамасыз етеді, ол қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жылдамдықтарының жұмыс диапазонына сəйкес келеді. Бұл жерде келесі жылдамдықтардың бірінен кейін бірі келетін диапазондары ішінара жабылады, ол жүргізушіге қозғалтқыштың аталған жылдамдығы үшін оңтайлы қозғалыстарды пайдалануға мүмкіндік береді. Берілістерді таңдау автокөліктің талап етілетін жылдамдығына байланысты жəне оны жүргізуші қозғалыс шарттарын ескеру арқылы анықтайды. Берілісті дұрыс таңдау - белгілі бір дəрежеде автокөлік қозғалысының үнемділігіне жəне қауіпсіздігіне байланысты болады. Жүруде, бұрылыстардан өтуде, тежеуде, сондай-ақ қиын жол жағдайларында берілістерді таңдау мəселелері төменде кітаптың тиісті тарауларында қаралады.
Автоматты қорабы бар автокөлікті басқару үшін берілістерді ауыстыру тетігімен жəне ажыратқыш басқышымен мұқият жұмыс істеу аса өзекті емес екенін атап өткен жөн. Дегенмен, əдеттегі қорабы бар автокөлік тізгініне отыру қажет болғанда аталған дағдыларды əр жүргізуші білуі тиіс. Себебі күрделіден оңайға ауысу оңай, ал керісінше болғанда - қиын болатыны белгілі.

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Берілістерді ауыстыру қалай жүргізіледі?
Автокөліктің сырғанақ, лай немесе қарлы жолда қалай қозғалады?
Төрт сатылы беріліс қораптарынан тұратын автокөліктерде берілістерді ауыстыру қалай жүргізіледі? ?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Автокөлік мұзды, қарлы немесе ластанған сырғанақ жол жабынында қозғалғанда басты ереже - дөңгелектердің тоқтап қалуына жол бермеу
Тегершіктерді ауыстыру
Доңғалақтар аумағындағы белдіктің жоғары шуылы
Көліктердің қозғалыс қауіпсіздігі және басқару техникасы
Автоматты беріліс қорабының ақаулары
Май ауыстыру процедурасы
Автоматты беріліс қорабы сұйықтығын құю
Майдың сапасын және деңгейін қалай тексеру
Автоматты беріліс қорабын басқару
Автокөліктің бұзылуы, бірақ жұмысқа қабілетті болуы зақымдану
Пәндер