Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Белсенді қауіпсіздік
Сабақтың тақырыбы: Автокөлік жүргізушінің кәсіптік сенімділігінде шеберлік әрекеттері
Топтар
Асл 9-181
Сабақ өтетін күн
27.01.2021
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Белсенді қауіпсіздік.
Пассивті қауіпсіздік.
Авариядан кейінгі қауіпсіздік.
Экологиялық қауіпсіздік.
Автомобильдің габариттері жəне қауіпсіздік.
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Жүргізуші сенімділігінің негізгі құрамдас бөліктерін қарастыру кезінде, білімі, икемділігі мен дағдылары оның бүкіл кəсіби қызметі бойына дамиды, бекітіледі жəне жетілдіріледі. Жұмыс өтілінің артуына қарай жүргузі тəжірибесі жинақталады, демек, жүргізуші сенімділігінің деңгейі өседі, алайда сонда да өз білімін жүйелі түрде толықтырып, қимыл, сенсорлық жəне ойлау дағдыларын жетілдіріп отыруы қажет. Қимыл жəне сенсорлық дағдылар автомобиль жүргізу бойынша тəжірибелік сабақтарда дамытылып, жүргізушінің өзіндік жұмысы кезінде жетілдіріледі. Уақыт өте келе сенсорлық дағдылар жүргізушіге жол жағдайын, оның профилін, обектілерге дейінгі жəне олардың арасындағы арақашықтықты дəл бағалауға, автомобиль траекториясының ауытқу мүмкіндігін, жүру жылдамдығы мен оның өзгерістерін анықтауға мүмкіндік береді.
Ойлау дағдыларының дамуына жол ахуалын дəл əрі жылдам бағалау мен болжау байланысты болады, бұл уақытылы дұрыс шешім қабылдау үшін қажет.
Автомобильді басқару үшін жүргізушіге жүру ортасы, автомобиль салонындағы орта, сондай-ақ оның жүйелері мен механизмдерінің жай-кұйі бойынша ақпарат қажет. Сонымен қатар, жүргізугі шектеулі уақыт аралығында бұл ақпаратты саралап, тиісті шешім қабылдауы қажет. Шешім қабылдау үшін уақыттың жетіспеушілігі жиі ЖКО себебі болып табылады.
Авариялық ахуалда жүргізушілердің уақыт жетіспеушілігімен анықталатын қателіктерін қарастыруға болады:
■ жағдаяттық талдаудағы қателік;
■ қате қабылданған шешім;
■ қате іс-əрекеттер.
Аталған қателіктер сондай-ақ жүргізушінің дəл сол сəттегі тұрақсыз психикалық жай-күйінің салдары болуы мүмкін екенін атап өту қажет. Міне сондықтан, жүргізушіге автомобильді басқару үдерісінде, ақпаратты қабылдау үдерісі барынша жылдам əрі сапалы өтетін оңтайлы психикалық жай-күйді ұзақ уақыт сақтау маңызды болып табылады.
Жүргізушініңжеке-психологиялықерекшеліктеріндұрыстүсіну үшін, оны жеке тұлға ретінде сипаттайтын жекелеген психикалық үдерістерді зерттеу жеткіліксіз, себебі кез келген адамды өзара байланысты қасиеттердің алуан түрлілігі сипаттайды: қабілеттері, мүдделері, темпераменті, мінез-құлқы, түрлі бейімділіктері, өз мамандығына эəне қоғамдық жұмысқа қарым-қатынасы.
Темпераменттің төрт типін ажыратады: сангвиниктік, холе- риктік, флегматиктік жəне меланхолиялық.
Әр темперамент түрінің ерекшеліктерін түсіндіре отырып, тек нақ бір ғана типті темпераментті адамдар - өте сирек кездесетін құбылыс екенін атап өту қажет. Түрлі темпераменттердің жекелеген сипаттарының үйлесуі жиі кездеседі. Зерттеулер көрсеткендей, ЖЖҚ-ны жүйелі түрде бұзатын жүргізушілер, көбінесе өзімшіл, жеңілтек, қоғамдық өмір нормаларын жиі бұзатын адамдар. Керісінше, ЖЖҚ бұзбауға тырысатын жүргізушілер, өмірде тəртіпті, салмақты, саналы, айтарлықтай кең ой-өрісімен, барынша жоғары мəдениет деңгейімен жəне тапқырлығымен ерекшеленетін адамдар (2.9-сурет).
Адам белгілі бір жұмысты атқару шамасына қарай, оның ағзасында белгілі бір уақытта жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне əкелетін үдерістер жүзеге асады. Ұзақ уақыт жұмыс істеудің əсерінен туындаған мұндай жай-күй қажығандық деп аталады.
Қажығандық нəтижесінде жүргізуші жедел əрекет етуге дайындығын жоғалтады, қырағылығын жоғалтады, бұл өз кезегінде жол оқиғасының орын алу ықтималдығы айтарлықтай артады. Жүргізушінің қажығандығы мен тежелген жай-күйін алдын ала ескертудің негізгі құралы болып жұмыс пен демалыс режимін ұйымдастыру табылады.
Хал-жайының нашарлығы, денсаулығының əлсіздігі - бұл жүргізушінің сенімділігін қатты төмендететін факторлар (2.10-суреті).
Денсаулықты нашарлататын себептердің бірі болып шылым шегу табылады. Жапондық сарапшылардың деректері бойынша руль алдында шылым шегуге байланысты ЖЖҚ үлесіне олардың жалпы санының 2 %-ы келеді, ал француз мамандарының деректері бойынша бұл көрсеткіш 5 %-ға жетеді. Айтарлықтай ауыр ЖКО- лардың көпшілігі алкогольдік мастық күйіндегі жүргізушілердің кінəсінен болады. Тіпті алкогольдің аз мөлшерін қабылдаған кезде жүргізушілердің ақпаратты қабылдау жəне өңдеу дəлдігі мен жылдамдығы төмендейді, қимыл үйлесімділігі бұзылып, қабылданған шешімдерді орындау дəлдігі нашарлайды. Күшті алкогольдің 75 г-ын қабылдаған кезде адамның əрекет ету уақыты 2,0-2,5 есеге, 100 г қабылдаған кезде - 4 есеге, ал 165 г - дан аса қабылдағанда - 6-9 есеге артады.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Жүргізушінің сенімділігінің негізгі құрамдас бөліктері.
Жүргізушінің рухани қасиеттері.
Жүргізушінің жұмыс жəне демалыс режимі.
Жүргізушінің дене жағдайы. Жүргізушінің қозғалу, сенсорлық жəне ойлау дағдылары.
Жүргізушінің жұмыс қабілеттігі мен шаршағыштығы.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz