Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сұрақтар мен тапсырмалар. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы: Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету
Топтар
Аэл 9-181

Сабақ өтетін күн
03.03.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Әлемдік тарихта автомобильдің қатысуымен ең алғашқы ЖКО қашан болды жəне ол қай түрге жатты?
Қауіпсіз жол ахуалы деген не?
Ірі автомобиль апаты деп не түсініледі?
Қауіпсіздік белдігі не үшін қажет?
Жол жүрісі қауіпсіздігі үшін кім жауапты?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Апаттың қандай түрі болмасын, зардап шеккен адамды барғысы келмегендігіне, қолхат жазғанына қарамастан, емдеу мекемесіне жіберу керек, тексеруден өту керектігін түсіндіру қажет. Жарақат басында байқалмайды: соқтығысу кезінде терінің астында қуыс емес ағзалардың - бауыр, көкбауыр, бүйректің жыртылуы мүмкін. Алғашқы минуттарда қан бірден қатты кетпей, кейіннен қатты кете бастауы мүмкін (әсіресе көкбауыр және бауыр туралы айтатын болсақ, себебі олар қатты қан ағатын ағза). Бұл жағдайда адам күшін жылдам жоғалта бастайды: қан әрі қарай жарылып кету қаупі бар ағзаның капсуласына жинала береді, ішперде қуысындағы қатты, көп қан кету - геморрагиялық шокты туындатады. Осының бәрінің нәтижесінде, қан кетуден де, шоктан да адам өліп кетуі де мүмкін.

Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын, келтіре берсең мысал да көп, алайда бүйрек тамырларының жарақаты, немесе көкбауырдағы ірі артерияның жарақаттануы алғашқы минуттарда-ақ өлімге алып келуі мүмкін. Егер уақытында көмек көрсетілетін болса, адамды құтқарып қалуға болады.

Сондықтан да, адам ЖКО түскен кезде полиция қызметкері немесе апат орнындағы кез-келген адам зардап шеккен адамның жағдайын бағалау үшін жедел жәрдемді міндетті түрде шақыруы тиіс. Жақын орналасқан медициналық мекемеде тексеріс жүргізгеннен кейін ғана, оның жағдайының қауіпті немесе қауіпсіз екендігі туралы сұрақ көтеру қажет.
Транспорт құралынан адамдарды шығаруға тырысу керек, себебі ол жарылып немесе жанып кетуі мүмкін. Егер аккумуляторды ешкім сөндірмесе, ешкім жанғыш заттың ағуының алдын алмаса: адамдардың алған жарақатының үстіне, тағы жаппай күйік шалуы мүмкін. Сондықтан да, жарақаттың түрін ескере отырып, адамдарды ЖКО болған жерден қашықтау жерге жылдамырақ шығару керек.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, соқтығысу кезінде аяқ-қолдың ірі сүйектері, жұлынның сынуы мүмкін және көп жағдайларда (сіздің автобуста, поезд вагонында, трамвайда немесе машинада отырғаныңызға қарамастан), бассүйек немесе омыртқаның зақымдалуына байланысты бассүйек-ми жарақаттары болады. Сол себепті, зардап шеккендерді көліктен шығарғанда және тасымалдағанда өте мұқият болу қажет.
Қолынан және аяғынан тартудың қажеті жоқ, себебі біз адамды өзі түспеген жұлын шогына (жұлын сынған жағдайда) немесе жарақат шогына түсіруіміз мүмкін. Жарақаттанған адамның дене қимылын жасамауы үшін оны көліктен орындығымен алып шығуға болады.

Сондай-ақ тақтай, жұлынып қалған панель сияқты қолда бар заттарды қолданып, зардап шеккен адамды тасымалдауға болады. Сонымен қатар, адамды тігінен жатқызған кезде аяқ-қолдарын қатты ашуға немесе бүгуге болмайды, олардың бастапқы қалпын сақтаған жөн, зардап шеккен адамды медицина қызметкері келгенге дейін шығару керек.

Омыртқаның мойын бөлігін міндетті түрде бекіту қажет - омыртқаның мойын бөлігінің сынуына алып келетін жарақаттың болу мүмкіндігі туралы ұмытпауымыз керек.

Қол астында ешқандай зат болмаған жағдайда, зардап шеккен адмады өз бетінше алып шығуға болады, алайда мұндай кездері өте мұқият болу керек: Ең бірінші, қауіпсіздік белдігін шешеміз және зардап шеккен адамның ес-түсін білетін-білмейтіндігін тексереміз.

Екінші, тасымалдау кезінде мойын, арқа және аяқ-қолдардың қатты қозғалуына жол бермеу үшін зардап шеккен адамның мойны мен денесін құшақтап, қолдарымызбен каркас жасаймыз.

Үшінші, зардап шеккен адамды ептеп, асықпай көліктен шығарамыз - естеріңізде болса, оның денесі жерге параллель, перпендикуляр да емес <<жартылай жамбастап жатады>>.

Төртінші, зардап шеккен адамның денесін абайлап тегіс бетке жатқызамыз, қол мен аяқтарын ашуға және бүгуге, мойнын қатты бұруға болмайтындығын есте сақтаймыз, себебі зардап шеккен адамның жағдайын ушықтырып алуымыз мүмкін.

Тағы да бір маңызды нәрсе: егер зардап шеккен адам есін білетін болса, одан нақты қай жерінде ауырсынуды сезінетіндігін сұрап алып, осыған сәйкес оны барынша қауіпсіз, сәл қырымен жатқызған жөн. Неліктен? Егер ол есінен танып қалатын болса, оның тілі көмейіне түсіп кетіп, адам тұншығып қалуы мүмкін. Бассүйек-ми жарақаты кезінде құсық пайда болуы мүмкін, біздің зардап шеккен адамымыз өзінің құсығына тұншығуы мүмкін.

Өзіңізбен бірге дәрі қобдишасы болса, ауруды басатын дәрі беріңіз, киім, жамылғы жабыңыз, себебі жарақат шогы кезінде адамда қатты діріл пайда болуы мүмкін.

Егер зардап шеккен адам ес-түссіз жатса, онда оның пульсі мен тынысын тексеру қажет. Олар болмаған жағдайда, стандартты жүрек-өкпе реанимациясын BLS жасау керек (жүрек тұсына 30 рет басу және екі рет дем алу, осы алгоритмді пульс пен тыныс пайда болғанға дейін қайталаймыз).

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар

Алғашқы көмек көрсетуде қандай шаралар атқарылады?
Жарақаттанған адамның дене қимылын жасамауы үшін не істеу керек?
Егер зардап шеккен адам ес-түссіз жатса не істеу керек?

V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Зат есім. Сабақтың тақырыбы
Деңгейлік тапсырмалар. Зат есім
7-сыныпқа арналған алгебра, геометрия пәнінен омж
1917 – 1956 жылдардағы қазақ әдебиеті
Nis бойынша әр сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспары
Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
Атомдық құбылыстар
Оқушы мен оқушы
Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір
<<оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау>> модулі бойынша <<қалыптастырушы (формативті) оқыту әдістері>>
Пәндер