Автомобильдің артқы белдігін рессорсыз ажырату және бөлшектеу

Пән аты: Өндірістік оқыту

Топ 9-173 Мамандығы: «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Квалификациясы : «Автокөлікті жөндеуші слесарь»

29. 05 2020 ж

№48 ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ

  1. Сабақтың тақырыбы: Автомобильден артқы белдікті рессорсыз шешу. Артқы белдікті бөлшектеу
  2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
  3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
  4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту

САБАҚ БАРЫСЫ

Тақырып: Автомобильден артқы белдікті рессорсыз шешу . Артқы белдікті бөлшектеу

Автомобильден артқы белдікті рессорсыз шешу . Артқы белдікті бөлшектеу

Автомобильден артқы белдікті рессорсыз шешу . Автомобильді тегіс көлденең алаңға немесе көтергіш құрылғысы бар қарау жырасына орналастыру. Астынғы жəне үстінгі бекіткіштерді бұрап шығарып, амортизаторларды шешу. Жүйеден тежегіш сұйықтығы ағып кетпеуі үшін тежегіш сұйықтықты белдікке əкелетін құбыршектерді қысқыштармен қысуға жол беріледі. Мұны құбыршекті зақымдамайтындай етіп ұқыпты жасау қажет. Енді құбыршекті белдіктен адыратып алуға болады. Кардандық білікті ажырату. Роликтерді шығарып алып, аялдау тежегіші жетегінің арқанын босату. Тежегіш күштің реттегіш кронштейнді бекіту бұрандамаларын белдікке бұрап алу. Тұрақтандырғыштың саусағын бекітетін сомынды кронштейнге бұрап шығару жəне мыс қаққы арқылы кронштейннен саусақты қағып шығару. Көтергіш механзимнің көмегімен автомобильдің артқы бөлігін артқы рессорлары жүктемеден босайтындай етіп көтеру керек. Белдік редукторының астына сүйеніштер қою. Жима сатының сомындарын бірдей бұрап алу, раманы көтеру. Редікторынан ұстап тұрып, раманың астынан артқы белдікті домалатып шығару. Раманы сүйенішке түсіру.

Артқы белдікті бөлшектеу . доңғалақтарды шешу, белідкті кірден тазарту. Майды ағызу. Жартылай осьтерді шешу жəне доңғалақты мойынтіректі бекітетін контрсомынды бұрап алу, құлыпты сақинаны шешу. Құлыпты сақинада оларды шешуді жеңілдету үшін екі бұрандалы тесік бар (жартылай осьтік фланецтағыдай) . Реттегіш сомынды бұрап алу. 6. 29-суретте доңғалақты бекіту түйреуіштеріне сақиналы қармаумен орнатылған жəне доңғалақты сомындармен бекітілген алынғыштың көмегімен доңғалақ күпшелерін шешу көрсетілген.

Артқы белдік картерінің қақпағын бекіту бұрандамаларын бұрап алып, оны шешу. Дифференциал тостағаншаларының мойынтірек қақпақтарының жəне белдік картерінің өзара орналасуын кернмен белгілеу, моынтірек қақпақтарын бекіту бұрандамаларын бұрап алу жəне қақпақтарын шешу. Екі реттегіш сомынды белгілеп шешіп алу, дифференциал мойынтірекпен қоса шешу.

Жетекші тегершік мойынтіректерінің стақанын бекіту бұрандамаларын бұрап алу, сосын оны шығарып алу. Реттегіш төсемшелерді шешу жəне стақанды бөлшекктеу. Стақаннан артқы мойынтіректің сыртқы сақинасын жақтаудың көмегімен сығып алу. Жетекші тегершік білігінен артқы мойынтіректі алынғышпен шешу ұсыгылады (6. 30-сур. ) . Жетектегі тегершікті бекіту бұрандамаларын бұрап алу жəне оны мыс жақтауды не балғаның көмегімен дифференциалдың сол тостағаншасынан шешу. Кернмен дифференциал тостағаншасының өзара орналасуын белгілеу. Дифференциал тостағаншасын бекіту бұрандамаларын бұрап алу. Тіреуіш шайбадан оң тостағанды жəне жартылай осьтің оң тегершігін шешу. Жіңішке тескішпен сателлит саусақтарының сіргелерін саусақтың тесігіне тірелгенше итеріп салу. Осыдан кейін кез келген біріздікпен тескіштің көмегімен сателлит саусақтарын сығып алып, сателлиттерді тіреуіш шайбалармен шығару қажет. Жартылай осьтің сол тегершігін тіреуіш шайбадан шешу. Дифференциал тостағанының мойнынан мойынтіректің алынғышы жетекші тегершік білігінен мойынтірек алынғышының конструкциясы бойынша ұқсас. Бұл ретте алынғышты қармаудары мойынтіректің ішкі сақиналарының бүйіріне келетіндей етіп орнату керек.

Үй тапсырмасы.

  1. Автомобильден артқы белдікті рессорсыз шешудеқандай жұмыстар атқарылады?
  2. Артқы белдікті бөлшектеу қалай жүргізіледі?

Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П. Жүнісбеков.


Ұқсас жұмыстар
Алдынғы және артқы аспа жүйесін бөлшектеу және компоненттерін дефектациялау әдістері
Алдынғы және артқы доңғалақ жетектерінің мойынтіректерін тексеру, реттеу және алдынғы аспаны бөлшектеу әдістері
Автомобильдің тежеу жүйесі: құрылысы, түрлері және тиімділігін бағалау
Артқы белдік пен дифференциалдың техникалық күтіп-ұстауы (ТҚК): ақауларын анықтау және жөндеу
Автокөлікті жөндеуші слесарьлар үшін беріліс қорабы механизмін шешу және бөлшектеу оқу сабағы
Жарты ось шпилькаларының бұрандаларын тексеру және артқы жүріс бөлігінің шуды диагностикалау
Өндірістік оқыту сабақ жоспары: Автомобильдің тежеу жүйелері
Автомат пен пулеметті бөлшектеу және жинақтау тәртібі
Іс-тәжірибе сабағы: автомобильдің бақылау-өлшеу аспаптарын меңгеру
Артқы белдікке тежегіштер мен доңғалақ күпшектерін орнату және жетекші белдікті сынау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz