Артқы белдікке тежегіштер мен доңғалақ күпшектерін орнату және жетекші белдікті сынау

Пән аты: Өндірістік оқыту

Топ 9-173 Мамандығы: «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Квалификациясы : «Автокөлікті жөндеуші слесарь»

30. 05 2020 ж

№49 ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ

  1. Сабақтың тақырыбы: Артқы белдікке тежегіштер мен доңғалақ күпшектерін орнату. Жетекші белдікті сынау
  2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
  3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
  4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту

САБАҚ БАРЫСЫ

Тақырып: Артқы белдікке тежегіштер мен доңғалақ күпшектерін орнату. Жетекші белдікті сынау

Артқы белдікке тежегіштер мен доңғалақ күпшектерін орнату . Мойынтіректің сыртқы сақиналары өзара алмаспайтынын есте сақтау қажет, себебі қажет болған жағдайда əр мойынтіректі жинақпен бірге ауыстыруға тура келеді.

Доңғалақ күпшегін оорнату жəне доңғалақ мойынтірегіндегі саңылауды келесідей реттеу керек:

■ мойынтіректегі роликтерді дұрыс орнату үшін күпшекті екі бағытта бұрай отырып, реттегіш сомынды тарту (айналу сəті - 60 . . . 80 Н • м) . Осьтік саңылауға жол берілмейді, күпшек тартылған соң айналмауы тиіс;

■ реттегіш сомынды шамамен 45° сыртқа бұрау. Құлыпты шайбаны орнату. Егер құлыпты шайбадағы тесік реттегіш сомындағы сіргеге келмесе, шайбаны 180° аударып көруге болады, сомынды кез келген жаққа сəл бұрауға да болады. Контрсомынды 250. 300 Н • м сəтімен тарту. Тұтыну кезінде, индикаторлық бастиекпен осьтік саңылаудың өлшемін тексеру барысында, саңылау 0, 125. 0, 25 мм шамасында болуы тиіс.

Реттеудің дұрыстығын 8. 10 км жүріп өткеннен кейін күпшенің қызуы бойынша тексереді. Жаңа мойынтіректер үшін ғана күпшектердің аздап қызуына болады. Елеулі ысыған жағдайда, қайта реттеу қажет. Тексеру барысында тежегіштерді қолданбаңыз, себебі олардың ықпалынан айтарлықтай қызуы мүмкін. Белдікті маркалауды зауытта белдік картерінің оң қабының артқы бөлігінде соққылау əдісімен жүргізеді. Ол негізгі берілістің беріліс саны, шығарылған күні жəне жиналған күйдегі белдіктің каталогтық нөмірі туралы ақпараттан тұрады.

Жетекші белдікті сынау . Жиналған артқы белдік стендтенемесе аввтомобиль жүрісімен тексерілуі тиіс. Бұл ретте негізгі беріліс тегершігінің айқын білінетін шуылына, сондай-ақ бір тежелген барабан жағдайында дифференциалдағы қағыстар мен айқын бөлінетін шуылға жол берілмейді; картер мен картер қақпағындағы жетекші тегершік мойынтіректерін жəне дифференциалды орнату орындары, сонымен қатар доңғалақ күпшегінің мойынтіректерін орнату орындары суық немесе жылы, бірақ 50 °С аспауы тиіс; тежегіш барабанының ысуына 50 °С артық емес (қолмен ұстап көру арқылы тексеруге болады) рұқсат етіледі; манжеталар арқылы жəне қосылыстарда май ақпауы керек.

Үй тапсырмасы.

  1. Артқы белдікке тежегіштер мен доңғалақ күпшектерін орнату қандай іске асырылады?
  2. Жетекші белдікті сынау қалай жүргізіледі?

Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П. Жүнісбеков.


Ұқсас жұмыстар
Жетекші білдік құрылғыларын диагностикалау және мойынтіректерді реттеу технологиясы
Алдынғы және артқы доңғалақ жетектерінің мойынтіректерін тексеру, реттеу және алдынғы аспаны бөлшектеу әдістері
Автомобильдің артқы белдігін рессорсыз ажырату және бөлшектеу
Алдыңғы доңғалақ жетегіне техникалық қызмет көрсету, ақауларды анықтау және жөндеу
Артқы белдік пен дифференциалдың техникалық күтіп-ұстауы (ТҚК): ақауларын анықтау және жөндеу
Жарты ось шпилькаларының бұрандаларын тексеру және артқы жүріс бөлігінің шуды диагностикалау
Доңғалақты динамикалық теңестіру стенді және орнату бұрыштарын тексеру мен реттеу технологиясы
6-сынып технология пәні бойынша алжапқыш пен белдікті өңдеуге арналған орта мерзімді жұмыс жоспары
Жетекші тегершіктің мойынтірегін алдын ала тартуды реттеу және беріліс қорабы бөлшектерін тексеру
Алдынғы және артқы аспа жүйесін бөлшектеу және компоненттерін дефектациялау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz