Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Алдынғы және артқы аспаны бөлшектеу

Пән аты: Өндірістік оқыту
Топ 9-173 Мамандығы: <<Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану>>
Квалификациясы : <<Автокөлікті жөндеуші слесарь>>
- - - - - - - 01.06 2020 ж

№50 ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1. Сабақтың тақырыбы: Алдынғы және артқы аспаны бөлшектеу.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту

САБАҚ БАРЫСЫ
Тақырып: Алдынғы және артқы аспаны бөлшектеу.
Алдынғы және артқы аспаны бөлшектеу. Алдынғы аспаны шешу үшін автомобильді жазық жерген не қарау шұңқырына орнату керек. амортизатордың астынғы жəне үстінгі көздерін бекіту сомындарын ағыту, шайбаларды шешу, резеңке төлкесін бір-бірлеп шығару, амортизаторларды шешу. саусақтардан екінші резеңке төлкесі мен шайбаны шешу. Тартпалы бұрандаманы рессордың артқы кронштейнінен шешу. Саусақты шешу үшін автомобильдің алдынғы бөлігін көтергішпен көтеру, жима сатыны шешу, саусақты қағу, рессорды ось балкасынан шешу. Рессорды бөлшекктегенде құлақтың жима сатысын бекіту сомындарын бұрап алу, жима сатыны шешу, құлақты бекіту бұрандама сомынын бұрап, құлақты шешу.
Рессорды құрылғыға орнату (7.13-сур.), рессорға қысылатын қапсырыманы бағыттап, жұмысшы винтпен оны қысу. Қамытшалардың сомындарын бұрап, бұрандамаларды кергі төлкелермен шығару, рессор жапырақтарын ажырату, қажет болса, төлкелерді жақтаумен рессор құлақшаларынан сығып алу. Осы жағдайларда, жапырақтардың түгелін немесе жекелеп ауыстыру үшін автомобильден алдынғы не артқы рессорды шешу керек болғанда, құлақты саусақпен орнында қалдырып, тек рессорды шешу ұсынылады.
Аспа бөлшектерінің дефектациясы. Рессорлық жапырақтарды жарылыстардың жоқтығына лупа немесе магниттік деектация əдісімен тексереді. Сынықтар жəне кез келген жарылыстар анықталғанда, жапырақтарды жарамсыз етеді. Жапырақтардың радиустарын өлшейді. Барлық жаңа жапырақтарды зауытта бытыралы арынмен өңдейді (жапырақтың ішке кірген жағымен), бұл олардың төзімділігін жоғарылатады. Бытыралы арынмен өңдеу диаметрі 1 мм бытырамен 60 м/с беріліс жылдамдығымен жүргізіледі, бір рессорлық жапырақты беру жылдамдығы 1 м/мин.
Құлақтың төлкесі тозған жағдайда төлкені пресстейді, жаңасын 0,01...0,11 мм тартылысымен пресстейді. Сосын дұрыс саусақты таңдап, оны диаметрі бойынша төлкеге келтіреді, төке мен саусақтың арасындағы саңылау 0,07.0,255 мм шамасында болуы тиіс. Алдынғы жəне артқы рессорлардың кронштейндерінде жарылыстар немесе сынықтар болса, ауыстыруға жатады. Егер рессор саусағының тесігі берілген шамадан тыс тозған болса, кронштейндерді ауысытру керек. Егер тотарма қосылыстар босаса, оларды шауып немесе жаңасын тойтару керек. Босаған тойтармаларды тартуға жол берілмейді. Тойтарма тесіктері тозған жағдайда диаметрі ұлғайтылған тойтармалардың тесіктерін бұрғылау қажет. Тойтармалар өз тесігіне мықты кіруі керек. Рессор саусақтары рұқсат етілгенм шамадан асып тозған жағдайда саусақтарды ауыстыру қажет.

Үй тапсырмасы.
1. Алдынғы және артқы аспаны бөлшектеу қандай жүзеге асырылады?
2. Аспа бөлшектерінің дефектациясы дегеніміз не?
Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П.Жүнісбеков.

Ұқсас жұмыстар
Екінші білікті шешу және бөлшектеу
Бекітпені бекітпе жақтауынан алу
Автоматты жинақтау және бөлшектеу
Калашников автоматы
Автокөліктің тежеуіш жүйелеріне қойылатын талаптар
Артқы белдікті бөлшектеу
Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу
Автомобильден алдынғы аспаны шешу
Сабақ өтетін күн
Жүріс дөңгелектері
Пәндер