Беріліс қорабы мен аспа бөлшектерінің техникалық күйін тексеру әдістері

Пән аты: Өндірістік оқыту

Топ 9-173 Мамандығы: «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Квалификациясы : «Автокөлікті жөндеуші слесарь»

02. 06. 2020 ж

№51 ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ

  1. Сабақтың тақырыбы: Беріліс қорабының бөлшектерін тексеру.
  2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
  3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
  4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту

САБАҚ БАРЫСЫ

Тақырып: Бөлшектердің техникалық күйін тексеру .

Бөлшектердің техникалық күйін тексеру . Алдынғы аспаны түгел бөлшегін керосинмен жуу жəне кептіру. Телескопиялық бағана бөлшектерінің келесі талаптарға сəйкестігін мұқият тексеру. Қысу жəне қайтарым клапандарының дисктерін, сондай-ақ қата шығаратын клапан тəрелкесі деформацияланбаған болуы, қайта шығару клапаны тəрлекесінің жазықтығы 0, 05 мм аспауы тиіс. Поршеннің, поршендік сақинаның, бағыттаушы төлкенің, штоктың, цилиндрдің, буфер плунжерінің жұмысшы беттері содырсыз, майысусыз жəне тозу ізінсіз болуы керек. Манжетаның жұмысшы ернеулерінде зақымдар немесе тозу іздері болуы керек. Штоктың бағыттаушы төлке фоторопласттық қабатында сызықіздер, содырлар мен қабаттасулар болмауы керек. Қайтарым жəне қысу клапандарының, сондай-ақ буфер плунжерінің серіппелері бүтін əрі жеткілікті серпінді болуы қажет. Бағана корпусының ішкі беті таза, сызықізсіз жəне зақымсыз, ал бұрандасы жақсы күйде болуы тиіс. Бағана корпусының герметикалығы 0, 3 МПа ауа қысымымен тексеру. Ауаның шығып кетуіне болмайды. Бағана корпусы, кронштейн, серіппе тостағаны жəне бұрылыс тетігі деформациясыз жəне бұзылусыз болуы қажет. Қысу жүрісінің буфері жəне қорғанысты қап зақымсыз жəне бұзылусыз болуы керек.

Аспаның тетіктерін тексеру. Аспа тетіктерінің деформациясы арнайы құрылғымен тексеріледі. Аспаның тетігін шарлы топсамен қоса құрылғыға центрлейтін жақтау тетіктің шарлы топсасының конусты саусағымен буындасатындай, ал құрылғының қондыру саусақтары тетіктің ортаңғы жəне шеткі тесіктеріне кіретіндей етіп орнатқан дұрыс. Деформациялану белгісі тетіктің қондырғы саусақтарын күш салусыз орнату мүмкінсіздігі немесе жақтаудың топса саусағының конусы бойынша нашар буындасуы болып табылады.

Шарлы топсаларды тексеру жəне олардың қорғанысты қаптарының сақтығына көз жеткізу. Жарылыстарға, резеңкенің металлды арматурадан қабатталуына, жағармай аққан ізге жол берілмейді, шарлы топсаның корпусындағы тесік арқылы жағармайды аздап сығып шығаруға рұқсат беріледі. Шарлы топсаның жұмысшы беттерінде тозу іздері бар жоғын қолмен бұрап тексеру. саусақтың еркін кіруіне (0, 7 мм астам) немесе оның қажалып қалуына жол берілмейді.

Шарлы топсаны радиалды жəне осьтік саңылаудың көлемі бойынша дəл тексеруді құрылғымен жүргізеді. Бұл үшін 1 шарлы топсаны (7. 12-сур., а) құрылғының ұяшығына салып, винтпен қысу керек. 2 индикаторы құрылғысының кронштейнін аяқшасы топса корпусының бүйір бетіне тірелетіндей, ал индикатор нұсқары нөлде тұратындай етіп бекіту керек. 3 динамометриялық кілтті құрылғының жоғарғы ұясына орнату, оның екі жағына ауысып күш салып (196 Н • м сəтімен), индикатор бойынша шарлы топсадағы радиалды саңылаудың жиынтығын анықтау. Егер 0, 7 мм асып кетсе, топсаны жаңаға ауыстыру қажет. Осыған ұқсас əдіспен шарлы топсадағы осьтік саңылауды тексеру, 7. 12, б суретінде көрсетілгендей алдын ала оның бекітуін құрылғыда өзгерту керек. Шарлы топсадағы осьтік саңылауға 0, 7 мм артық емес беріледі.

Арқалық тұрақтандырғыштың тұрақтылығын қарау барысында штанганың деформацияланбағанын тексеру жəне оның ұштары бір жазықтықта ма екенін тексеру; егер аздап деформаияланған болса, онда штанганы түзеуге болады, ал қатты деформацияланған болса, штанганы ауыстыру қажет. Штанга кронштейніндегі жастықтардың жағдайын жəне бүтіндігін тексеру. Жастықтар тозған немесе зақымданған жағдайда, оларды ауыстыру керек. Калибрмен тұрақтандырғыштың бағаналарын тексеру; егер калибр саусақтары бағананың тесіктеріне кірмесе, онда оны ауыстыру қажет. Аспаның серіппелерін тексеру. Оларды тиянақты қарап шығу.

Үй тапсырмасы.

  1. Аспаның тетіктерін қандай тексереді?
  2. Бөлшектердің техникалық күйін қандай тексереді?

Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П. Жүнісбеков.


Ұқсас жұмыстар
Беріліс қорабы: техникалық қызмет көрсету, ақауларды анықтау және жөндеу әдістері
Кардандық беріліс агрегаттарын диагностикалау және техникалық тексеру әдістері
Автомобильдердің техникалық жай-күйін анықтаудың әдістері мен жүйелері
Біріліс қорабы, басты беріліс және дифференциалдің қызметі мен конструктивтік ерекшеліктері
Жетекші тегершіктің мойынтірегін алдын ала тартуды реттеу және беріліс қорабы бөлшектерін тексеру
Аспа құрылымындағы саңылаулар мен амортизаторларды диагностикалау және тексеру стендтері
Өндірістік оқыту сабақ жоспары: Беріліс қорабы (Топ №13, автокөлікті жөндеу слесары)
Автокөлікті жалпы тексеру және техникалық диагностика: әдістері мен өндірістік тиімділігі
Беріліс қорабының бөлшектерін тексеру және берілісті қайта қосу механизмін реттеу
Кардан білігін тексеру және техникалық қызмет көрсету әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz