Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қоректендіру жүйесінің приборлары

Пән аты: Өндірістік оқыту
Топ № _______ Мамандығы: <<Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану>>
Квалификациясы : <<Автокөлікті жөндеу слесары>>

БЕКІТЕМІН

Аға шебер _______________ Т.Тажиметов.

- - - - - - - ________ 20 _______ж

№ 25 ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1. Сабақтың тақырыбы: Қоректендіру ТҚ көрсету, ақауларын анықтау және жөндеу
2. Сабақтың мақсаты: Студенттердің білімділік қабілетін арттыру
3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
4. Дамытушылық: Студенттердің есте сақтау логикалық қабілетін дамыту
5. Сабақтың көрнекілігі: Оқу өндірістік шеберханасы, плакат, оқулықтар

САБАҚ БАРЫСЫ

І Кіріспе нұсқау:
А) Тәртіп секторының баяндамасын қабылдау;
Б) Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару, құрал-жабдықтарын тексеру;
В) Оқушыларды жұмыс орнына отырғызу, кезекші тағайындау;
Г) Техника қауіпсіздігін еске салу;
--------------------------------------------------------------------------------
Д) Бұрын өтілген оқу материалын еске алу;
--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ - - - ______

ІІ Ағымдағы нұсқау.
Тақырып:
--------------------------------------------------------------------------------
Кез келген автокөлік жанармай(бензин,солярка немесе газ) құюды талап етіп тұрады.Заманауи автокөлік толық бакпен 600-800 км жол жүре алады.Жалпы автокөліктің қоректендіру жүйесін адамның қоректену жүйесімен салыстыруға болады.Ең алдымен жанармайды құйып алу керек,одан кейін автокөлікті <<қоректендіру>> керек.Жанармай <<асқорыту жүйесі>> арқылы қозғалтқышқа,ал қалдық пайдаланылған газ ретінде сыртқа шығарылады.
Тәжірибелі автокөлік жүргізушілері қозғалтқышқа әр түрлі жұмыс кезеңінде қандай мөлшерде жанармай керек екенін жақсы біледі.Дәл уақыт кезеңінде автокөлікке қажетті жанармай мөлшері тағы қоректендіру жүйесі арқылы анықталады.
Кез келген адам автокөлік тек жанармай құйғанда жүретінін жақсы біледі.Сәйкесінше автокөлікте жанармайды сақтайтын арнайы бак болуы керек.
--------------------------------------------------------------------------------

Ережеге сай бензин багі автокөліктің артқы бөлігінде орналасады.Жағармай багі карбюратормен байланысқан.Жанармай карбюраторға бармастан бұрын тазалаудан өтуі керек.Осы себепті таза жанармаймен ғана жүретін жаңа шетелдік автокөліктер тез істен шығады.Егер сіз жанармайды канистрден құятын болсаңыз,тазалаудан өткізуді ұмытпағаныңыз жөн.
Жалпы автокөлікті пайдаланбастан бұрын оны жөндеуден өткізген жөн.Әсіресе қоректендіру жүйесіне баса назар аударылуы керек.Жалпы қоректендіру жүйесінің істен шығуына алып келетін жағдайларға мыналар жатады:
1)Тым көп немесе тым аз мөлшердегі жанғыш қоспаның түзілуі;
2)Жанар жағармайдың ағып кетуі;
3)Жанар жағармайдың карбюраторға берілуінің тоқтатылуы;
4)Жанғыш және салқын қозғалтқыштың жұмыс істеу қиындығы;
5)Пайдасыз жұмыс кезіндегі қозғалтқыштың нашар жұмыс істеуі;
6)Жұмыстың барлық кезеңінде қозғалтқыштың істен шығуы;
7)Жанар жағармай шығынының артуы.
Жанар жағармайдың карбюраторға берілуінің тоқтауы жанар жағармай құбырының және торлы сүзгіштің ластануынан,жанар жағармай сорғышының бұзылуынан,негізгі тазалаушы сүзгіштің лайлануынан,сонымен қатар екі ретті тазалау қақпағының ақауынан болуы мүмкін.
--------------------------------------------------------------------------------
Қоректендіру жүйесінің приборлары
Қоректендіру жүйесі сақтауға қолданылатын прибордан, отынды тазарту және оны беретін, ауа тазартатын және отын булары мен ауадан жанатын қоспа дайындауға арналған прибордан тұрады. Мұндай приборларға : жанармай багы, сүзгі-тұндырғыш және насос, карбюратор, ауа сүзгісі, отын өтетін түтік, енгізу және шығару трубопроводтары, өшіргіштер кіреді. Бұл приборлардың әрқайсысының өзінің атқаратын қызметі бар.

ІІІ Қортынды нұсқау.
Студенттердің жұмысты толық меңгергеніне көз жеткізу. Түсінбеген жерлерін қайталап түсіндіру

Үй тапсырмасы.

Бір күндік қортынды шығару. Орындалған жұмыстарға сарапта жасау.
Әрбір білім алушының орындаған жұмысын сапасын бағалау.
Білім алушының ішінен кім жақсы көрсеткішке ие болғанын атап айту.
Білім алушылардың жұмыс барысында едәуір жіберген қателіктерін талдау.
Жұмыс орнын жинау.

Топ шебері: ____________________________________

Ұқсас жұмыстар
Қоректендіру жүйесіне ТҚК дегі талаптар
Дизель қоректендіру жүйесінің жұмыс приципі
Бүрку жуйесі бар қозғалтқыштың отын беру жүйесін тексеру
Карбюраторлы қоректендіру жүйесі
Жанармай шығынын анықтау
Форсунка және отын өткізгіштер
Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою
Сабақтың тәрбиелік мақсаты
Карбюратордың құрылысы және бөлшектерін ата
Сен және төтенше жағдай
Пәндер