САБАҚ ЖОСПАРЫ. Сабақтың түрі

БЕКІТЕМІН
Аға шеберТ. Тажиметов.
20 ж
Мамандығы: 1201000- Автомабиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
Біліктілігі: 1201072 - «Автокөлікті жөндеу слесары»
1201092 - «Көлік жөндеу шебері»
а) білімділік: пән бойынша білімдерін тереңдету қайталау пысықтау
ә) дамытушылық: оқушылардың тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін тиімді пайдалана білу.
б) Тәрбиелік: оқушыалрды білімділікке, адамгершілік ізгі қасиеттерге баулу.
1) Оқушыларды техникаларға деген қызығушылығын арттыру және үйрету.
2) Оқушыларға техника қауіпсіздігінен тура пайдалану жайында үйрету.
Сабақтың соңында студенттердің түсінігі:
1) Автомобильге техникалық қызмет көрсетуді үйрену
«П. Ж. Жүнісбеков» Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы
«Б. Т. Тұрысбеков» Автомабильдерге техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
Уақыт
(минут)
1. Журнал бойынша білім алушылар тізімін тексеру.
2. Білім алушылардың сырт көріністеріне назар аудару техника қауіпсіздігімен таныстыру, арнайы кімдер кігізу.
1. Жаңа сабақ тақырыбын баяндау.
2. Сабақтың оқу мақсатын баяндау.
Электр жабдықтары тізбектеріндегі ақаулар . Электр жабдықтары тізбектерінде төмендегідей ақаулар байқалады: сымдардың үзілуі және қысқа тұйықталуы, қысқыштарға баратын сымдар бекітуінің босауы, сымдар мен қысқыштар ұштығының майлануы және тотықтануы, аспаптың өзіндегі ақаулар.
Сымның үзілуін бақылау шамымен анықтайды. Бір сүңгіні машинаның "массасына", екіншісін - алма-кезек тізбек қысқышына тигізеді. Егер бір қысқышқа тигізгенде шам жанып, екіншісінде - жанбаса, онда бұл сымда үзік болғаны.
Бір сымды жүйе сымдар санын азайтады, өткізгіштің бүкіл жүйесін оңайлатып, арзанға түсіреді. Алайда, ол изоляция жағдайында ұқыпты болуды талап етеді. Сымдардың изоляция тәртібін бұзған жағдайда, ондағы қысқа тұйықталу өрт қаупін тудырады.
Қысқа тұйықталу кезінде тізбекте изоляцияланған материалдың жанған иісі шығады және іске қосылған ток тұтынатын орындар жұмысы тоқтатылады. Бұл кезде амперметр нұсқары шегіне дейін ауытқып, разрядтануды көрсетеді.
Қысқа тұйықтау кезінде амперметр мен аккумулятор батареясы жылдам істен шығуы мүмкін. Қысқа тұйықталу кезінде, барлық ток тұтынатын орындарды шұғыл түрде қоректендіру кезінен ажырату керек.
Сақтандырғышы бар тізбектерде қысқа тұйықталу кезінде тізбек сақтандырғыштан ажыратылады. Ақауларды жойғаннан кейін ғана сактандырғышты қосуға болады. Сымның жалаңаштанған бөліктерін изоляцияланған лентамен орау қажет.
Май сигнализаторының датчигі корпустан, диафрагмадан, серіппе мен түйіспелі құрылғыдан тұрады. Мотордың майлау жүйесінің магистраліндегі қысым болмаған кезде, диафрагма серіппенің әсерінен түйіспелерден бері қарай иіледі де, шам жанады. Қалыпты май қысымы кезінде диафрагма қарама-қарсы жаққа иіледі, түйіспелер және сигнал шамы сөніп қалады.
Мотордың шамадан тыс қызуының авариялық сигнализаторы датчигі радиатордың жоғарғы багына орнатылған. Ол жез гильзадан жасалған корпустан тұрады, онда екі түйіспе орналасқан. Қозғалмайтын түйіспе "массамен" қосылған, ал қозғалмалы түйіспе "массадан" изоляцияланған серпімді биметалды пластинаға бекітілген. Биметалды пластина сыртынан қысқыш арқылы сигналды шаммен қосылған.
Салқындатқыш сұйықтықтық қалыпты температурасы кезінде датчик түйіспелері ажыратылады. Егер сұйықтық температурасы есептегіден жоғары болса, биметалды пластинаның иілетіні соншалық, түйіспелер тұйықталады және сигнал шамды электр тізбегіне қосады.
ЭЛЕКТР ЖАБДЫҒЫ ЖҮЙЕСІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҚАУЛАРЫ
Генераторды күту сымдардың түйіспелерімен қосылатын жерлерін таза ұстау болып табылады. Генератор мен кернеу реттегіштің ішіне кір және тозаң кіріп кетуіне жол беруге болмайды. Кернеу реттегіші мен реле қақпақтары әрдайым берік жабық тұруы тиіс.
Зауытта құрастырғанда генератордың шарикті подшипниктеріне тозаң кіріп кетпейтіндей етіп, майлап мықтап жауып қояды.
Жұмыс кезінде мезгіл-мезгіл, кемінде айына бір рет коллектор мен щетканық күйін тексеріп, қарап тұру керек. Жұмыс кезінде коллектордың бетіндегі көмір тозақын үрлеп түсіріп тұрған жөн. Коллектор кірлеп кетсе, бензинмен жуылады.
Генератордың жұмысы дұрыс болуы үшін щеткаларды коллекторға басып тұратын серіппелердің қалыпты керіліп тұруының үлкен мақызы бар.
Серіппелердің щеткаларды қысуы кем болса, ұшқынның күшейетіні және коллектор пластинкаларының күйетіні белгілі. Жалғағыш белдікті бензин, керосин және май тиюден сақтау керек.
Кернеу реттегішін күту - кішкене якорьді тартып тұратын серіппенің керілуін реттеу, түйіспелерді тазарту (егер күйген болса) және түйіспелердің өзара қашықтығын реттеу болып табылады. Түйіспелер арасынық қалыңдығы 0, 25 мм болуы тиіс. Осы айтылғандардың бәрін тек шеберханалардағы тәжірибелі механиктер істей алады.
Релені күту - түйіспелерді таза ұстау, оларды тазарту (егер күйген болса) және кішкене якорь мен өзекшенің арасындағы сақылауды реттеу болып табылады.
Кішкене якорь мен өзекшенің арасындағы саңылау, реле түйіспелері тұйықталып тұрғанда 0, 25 миллимерден 0, 75 миллиметрге дейін болуы тиіс. Тіреліп тұрып қалғанға дейін ажыратқанда түйіспелердің арасы 0, 75 миллиметрге дейін болуы керек.
Электр тізбегін қарап шығу, фараларды бекітіп сынап көру, генераторды тазарту мен тексеру, коллекторды тазалап, оның күйін тексеру, щеткалардың коллекторға дұрыс жабысып тұрғанын тексеру және подшипниктердің күйін тексеру техникалық күту ережелері бойынша жүргізіледі.
Стартерді бұзып көрген кезде оның мыс-графит төлкелерін маймен майлап
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz