САБАҚ ЖОСПАРЫ. Сабақтың мақсаты

БЕКІТЕМІН

Аға шеберТ. Тажиметов.

20 ж

САБАҚ ЖОСПАРЫ
САБАҚ ЖОСПАРЫ: Топтар:
Асл 9-172
САБАҚ ЖОСПАРЫ: Сабақ жоспары:
№ 6
САБАҚ ЖОСПАРЫ: Сабақ өткен күн:
26. 01. 19
САБАҚ ЖОСПАРЫ: Мамандық -біліктілік:

Мамандығы: 1201000- Автомабиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

Біліктілігі: 1201072 - «Автокөлікті жөндеу слесары»

1201092 - «Көлік жөндеу шебері»

САБАҚ ЖОСПАРЫ: Модульдің атауы:
Автомобилге техникалық қызмет көрсету және жөндеудің бастапқы диагностикасын өткізу
САБАҚ ЖОСПАРЫ: Сабақтың тақырыбы:
Автокөлікктердің электрондық бортына қызмет көрсету
САБАҚ ЖОСПАРЫ: Ұзақтығы:
6 сағат
САБАҚ ЖОСПАРЫ: Өткізу орны:
Шеберхана
САБАҚ ЖОСПАРЫ: Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: пән бойынша білімдерін тереңдету қайталау пысықтау

ә) дамытушылық: оқушылардың тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін тиімді пайдалана білу.

б) Тәрбиелік: оқушыалрды білімділікке, адамгершілік ізгі қасиеттерге баулу.

САБАҚ ЖОСПАРЫ: Сабақтың міндеттері:

1) Оқушыларды техникаларға деген қызығушылығын арттыру және үйрету.

2) Оқушыларға техника қауіпсіздігінен тура пайдалану жайында үйрету.

САБАҚ ЖОСПАРЫ: Күтілетін нәтиже:

Сабақтың соңында студенттердің түсінігі:

1) Автомобильге техникалық қызмет көрсетуді үйрену

САБАҚ ЖОСПАРЫ: Сабақтың түрі:
Практикалық
САБАҚ ЖОСПАРЫ: Оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдер, педагогикалық техника, педагогикалық технологиялар:
САБАҚ ЖОСПАРЫ: Мәлімет беру, сұрақ-жауап, бекіту.
САБАҚ ЖОСПАРЫ: Қажетті жабдықтар мен аспаптар:
Плакат, слайд, инстурменттер жиынтығы, гидравликалық көтергіш
САБАҚ ЖОСПАРЫ: Қосымша көздер (әдебиеттер) :

«П. Ж. Жүнісбеков» Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы

«Б. Т. Тұрысбеков» Автомабильдерге техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу

САБАҚ ЖОСПАРЫ: Өндірістік оқыту шебердің байланыс ақпараты:
САБАҚ ЖОСПАРЫ: Т. А. Ә:
Тел. :
САБАҚ ЖОСПАРЫ: Т. А. Ә:
Тел. :
Сабақтың барысы

Уақыт

(минут)

Оқытушының әрекеттері
Студенттердің әрекеттері
Оқу ресурстары мен материалдары
Сабақтың барысы: 1
Уақыт(минут): 2
Оқытушының әрекеттері: 3
Студенттердің әрекеттері: 4
Оқу ресурстары мен материалдары: 5
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Уақыт(минут): 15 мин
Оқытушының әрекеттері:

1. Журнал бойынша білім алушылар тізімін тексеру.

2. Білім алушылардың сырт көріністеріне назар аудару техника қауіпсіздігімен таныстыру, арнайы кімдер кігізу.

Студенттердің әрекеттері: Топ старостасы оқушылар туралы баяндады.
Оқу ресурстары мен материалдары:
Сабақтың барысы: 2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
Уақыт(минут): 20 мин
Оқытушының әрекеттері: 1. Өтілген тақрыптар бойынша білімдерін қадағалау
Студенттердің әрекеттері: Оқушылар өтілген сабақтың мазмұнын түсіндірді, өз ойларымен бөлісті.
Оқу ресурстары мен материалдары: Плакат, слайд, инстурменттер жиынтығы
Сабақтың барысы: 3. Оқушылардың негізгі кезеңде жұмысқа дайындығы.
Уақыт(минут): 10 мин
Оқытушының әрекеттері:

1. Жаңа сабақ тақырыбын баяндау.

2. Сабақтың оқу мақсатын баяндау.

Студенттердің әрекеттері: Оқушылар жаңа сабақты тыңдауға зейін қойды.
Оқу ресурстары мен материалдары: Плакат, слайд, инстурменттер жиынтығы
Сабақтың барысы: 4. Қызметтің жаңа білімі мен тәсілдерін бекіту.
Уақыт(минут): 90 мин
Оқытушының әрекеттері:

Автомобильдерде электр энергиясы іштен жанатын қозғалтқышты іске қосуға (стартермен), жанғыш қоспаны тұтатуға, дыбыс және жарық дабылдарына, қозғалыс жолдары мен кабинаны жарықтандыруға, электронды басқару жүйесіне, бақылау-өлшеу жабдықтары мен қосымша жабдықтарды қоректендіруге қолданылады.

Электр энергиясын өндіретін приборлар электр тоғының көздері, ал оны тұтынатындар тұтынушы деп аталады.

Генератор мен аккумулятор батареясы ток көздері, ал тұтынушылар - электронды басқару блогы, электрқозғалт-қыштар, стартер, дабылдар мен жарықтандыру және бақылап-өлшеу жабдықтары т. с. с.

ГАЗ-53А автомобильінің электр жабдық сызбасы

Электр тоғының көздері механикалың және химиялық энергияны электр энергиясына айналдырады (аккумулятор және генератор) .

Тұтынушылар электр тоғы энергиясын - энергияның басқа түріне (механикалык, жарық, дыбыс, жылу) айналдыруға қызмет етеді.

Автомобильдің қаңқасы (метал бөліктері) электр жүйеде «масса» қызметін атқарады, ал жүйе өткізгішін оң полюске жалғастырады. Электр жүйесінің кернеуі әр көліктің сұранысына байланысты 12 В және 24 В.

Электр жабдықтары тізбектеріндегі ақаулар . Электр жабдықтары тізбектерінде төмендегідей ақаулар байқалады: сымдардың үзілуі және қысқа тұйықталуы, қысқыштарға баратын сымдар бекітуінің босауы, сымдар мен қысқыштар ұштығының майлануы және тотықтануы, аспаптың өзіндегі ақаулар.

Сымның үзілуін бақылау шамымен анықтайды. Бір сүңгіні машинаның "массасына", екіншісін - алма-кезек тізбек қысқышына тигізеді. Егер бір қысқышқа тигізгенде шам жанып, екіншісінде - жанбаса, онда бұл сымда үзік болғаны.

Бір сымды жүйе сымдар санын азайтады, өткізгіштің бүкіл жүйесін оңайлатып, арзанға түсіреді. Алайда, ол изоляция жағдайында ұқыпты болуды талап етеді. Сымдардың изоляция тәртібін бұзған жағдайда, ондағы қысқа тұйықталу өрт қаупін тудырады.

Қысқа тұйықталу кезінде тізбекте изоляцияланған материалдың жанған иісі шығады және іске қосылған ток тұтынатын орындар жұмысы тоқтатылады. Бұл кезде амперметр нұсқары шегіне дейін ауытқып, разрядтануды көрсетеді.

Қысқа тұйықтау кезінде амперметр мен аккумулятор батареясы жылдам істен шығуы мүмкін. Қысқа тұйықталу кезінде, барлық ток тұтынатын орындарды шұғыл түрде қоректендіру кезінен ажырату керек.

Сақтандырғышы бар тізбектерде қысқа тұйықталу кезінде тізбек сақтандырғыштан ажыратылады. Ақауларды жойғаннан кейін ғана сактандырғышты қосуға болады. Сымның жалаңаштанған бөліктерін изоляцияланған лентамен орау қажет.

Май сигнализаторының датчигі корпустан, диафрагмадан, серіппе мен түйіспелі құрылғыдан тұрады. Мотордың майлау жүйесінің магистраліндегі қысым болмаған кезде, диафрагма серіппенің әсерінен түйіспелерден бері қарай иіледі де, шам жанады


Ұқсас жұмыстар
Ән Желтоқсан желі Хорда жаттығу
Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар
Қалай қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың оқуын жақсартуға ықпал етуге болады
Күнделікті сабақ жоспары
Жеңіл атлетика. Бір орынан екі аяқпен 90,180,360 гр. бұрылу, секіру
Кесте арқылы саяси қысым жағдайындағы Қазақстанды түсіндіру
Сынып деңгейі
Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндері
Мектепті дамытудың перспективалық жоспары
Формулаларды еңгізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz