Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Өндірістік оқыту

Пән аты: Өндірістік оқыту
Топ № _______ Мамандығы: <<Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану>>
Квалификациясы : <<Автокөлікті жөндеу слесары>>

БЕКІТЕМІН

Аға шебер _______________ Т.Тажиметов.

- - - - - - - ________ 20 _______ж

№ __2__ ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1. Сабақтың тақырыбы: Өндірістік жарақаттану мен кәсіби науқастану
2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту
5. Сабақтың көрнекілігі: Оқу өндірістік шеберханасы, плакат, оқулықтар

САБАҚ БАРЫСЫ

І Кіріспе нұсқау:
А) Тәртіп секторының баяндамасын қабылдау;
Б) Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару, құрал-жабдықтарын тексеру;
В) Оқушыларды жұмыс орнына отырғызу, кезекші тағайындау;
Г) Техника қауіпсіздігін еске салу;
--------------------------------------------------------------------------------
Д) Бұрын өтілген оқу материалын еске алу;
--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------
1.Еңбек жағдайы деген не?
--------------------------------------------------------------------------------
2.Қауіпті өндірістік факторлар деген не?
--------------------------------------------------------------------------------
3.Зиянды өндірістік факторлар деген не?

ІІ Ағымдағы нұсқау.
Тақырып: Өндірістік жарақаттану мен кәсіби науқастану
Қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен жұмысшының кездейсоқ ұшырауы өндірісте болған қайғылы оқиға деп аталады.
Егер жұмысшы жұмыс кезінде өзінің қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан жарақат алса, ол өндірістік жарақаттану деп аталады. Өндірістік жарақаттануға, сондай-ақ, жұмысшының сол мекеменің көлігімен жұмысқа барар жолда яки қайтарда алған жарақаттары да жатады. Қоғамдық тапсырмаларды орындау кезінде, адамдардықұтқару кезінде және жұмысқа бару немесе жұмыстан қайтуда жаяу яки жалпы көлікпен жүрген кезінде алған жарақат жұмысқа байланысты деп есептеледі. Денені жаралап алу, соғып алу затты өңдеу кезінде құрал-жабдықтарды абайламай қолданудан жарамсызаспаптарды пайдаланудан, балғаның басының сабынан шығып кетуінен, ауыр аспаптың немесе өңделіп жатқан заттың жерге түсіп кеуінен, аспаптың қолдан шығып кетуінен, қатар үйілген заттардың арасынан өтетін жолдың енсіздігінен немесе адамдардың жүріп бара жатқанда сүрініп құлауынан болады. Қолдың саусақтары мен аяқтың басының сынуы ауыр заттың биіктен құлап түсуінен болады. Сүйектің аса ауыр сынықтары (жамбастың, санның, орыртқаның, бел омырқаның, бас сүйегінің) адамның биіктен құлауынан, көлік апатынан болады. Дененің, әсіресе қолдың жиі жарақаттануы металл өңдейтін станоктардың жарамсыз жабдықтарын пайдаланудан, металл шикізаттардың өткір қырынан, кескі аспаптарды қауіпсіз пайдаланбаудан, металды шапқанда ұшатын металл кесектерінен, металды станокта өңдегендегі үгінділерден болады. Көз зақымданғанда, көзге бөтен заттар түскенде, қабақтың терісін кесіп кеткенде, тері сыдырылғанда, көздің жарақаттары аса қауіпті болып саналады. Механикалық жарақаттанудың ерекше түрі-қолдың терісінің жарылуы, тітіркеніп ісінуі. Ол электрлік машиналардың орамдарының арасын құрамында шыны талшықтары бар материалдармен оқшаулау кезінде, жанар-жағармайларды пайдалануда, тұзды сумен жуынғанда, тіпті ауа райының қолайсыз жағдайларында орын алады. Осының әсерінен адамдар тері ауруына шалдығуы мүмкін.

ІІІ Қортынды нұсқау.
Оқушылардың жұмысты толық меңгергеніне көз жеткізу. Түсінбеген жерлерін қайталап түсіндіру

Үй тапсырмасы.
Еңбек қорғау 19-22 бет

Бір күндік қортынды шығару. Орындалған жұмыстарға сарапта жасау.
Әрбір білім алушының орындаған жұмысын сапасын бағалау.
Білім алушының ішінен кім жақсы көрсеткішке ие болғанын атап айту.
Білім алушылардың жұмыс барысында едәуір жіберген қателіктерін талдау.
Жұмыс орнын жинау.

Топ шебері: ____________________________________

Ұқсас жұмыстар
Өндірістік оқыту сабақтарын жоспарлау
Лампаларды бөлшектеу жұмыстарын орындау
Табиғи факторлар
Тәлімгер сабақтарына қатысу, оқытудың жаңа технологияларын сабақ барысында пайдалану
Өндірістік оқу сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдалану
Негізгі қорлар мәні мен құрылымы
САБАҚ БАРЫСЫ. Сабақтың мақсаты
Автокөліктің жалпы құрылымы
Қортынды нұсқау
Батареядан оталу құрылғысы
Пәндер