Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

САБАҚ БАРЫСЫ. Сабақтың тақырыбы

Пән аты: Өндірістік оқыту
Топ № _______ Мамандығы: <<Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану>>
Квалификациясы : <<Автокөлікті жөндеу слесары>>

БЕКІТЕМІН

Аға шебер _______________ Т.Тажиметов.

- - - - - - - ________ 20 _______ж

№ _7_ ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1. Сабақтың тақырыбы: Автомобилдың жалпы құрылуы
2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту
5. Сабақтың көрнекілігі: Оқу өндірістік шеберханасы, плакат, оқулықтар

САБАҚ БАРЫСЫ

І Кіріспе нұсқау:
А) Тәртіп секторының баяндамасын қабылдау;
Б) Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару, құрал-жабдықтарын тексеру;
В) Оқушыларды жұмыс орнына отырғызу, кезекші тағайындау;
Г) Техника қауіпсіздігін еске салу;
--------------------------------------------------------------------------------
Д) Бұрын өтілген оқу материалын еске алу;
--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ - - - ______

ІІ Ағымдағы нұсқау.
Тақырып: Автомобилдың жалпы құрылуы
Автомобиль - механизмдер мен жүйелер жиынынан тұратын күрделі машина. Олардың конструкциясы әркелкі болуы мүмкін. Дегенмен, көпшілік автомобильдерде негізгі механизмдердің жұмыс әрекеті мен құрылыс принциптері бірыңғай болып келеді. Механизмдердің қызметі мен өзара орналасуына байланысты автомобильдерді құрастыру жағы көбіне ортақ болып келеді. Әрбір автомобильде негізгі бөліктерді үш жұпқа бөледі: кузов, қозғалтқыш және шасси.
Кузов тасымал жүкті орналастыру үшін қажеттілік қызметін атқарады. Жеңіл автомобиль мен автобуста кузов жолаушыларды және жүргізушіні орналастыру үшін қызмет атқарады. Жүк автомобильдерінің кузовы жүк тиейтін платформадан және жүргізуші кабинаснан тұрады.
Қозғалтқыш жанармай жанғандағы жылу энергиясын механикалық энергияға айналдырады. Осындай энергияны айналдыру қорытындысында қозғалтқыштың иінді білігін айналысқа келтіріп, механизмдер қатары арқылы айналу моментін автомобильдіңғ жетекші доңғалақтарына жеткізіп отырады. Көпшіл автомобильдерде поршеньді бензинді немесе дизельді қозғалтқыштар қолданылады. Көбіне қозғалтқыш автомобильдің алдыңғы жағына орналастырылады.
Шасси механизм және жүйе топтарын біріктіреді: трансмиссия, аспалы жүйе (несущая система), белдік (мосты), аспа(подвеска), доңғалақ, рульдік басқару және тежегіш жүйелері.
Трансмиссия қозғалтқыштың білігінен жетекші доңғалақтарға айналдыру моментін жеткізеді және түрлендіреді. Трансмиссияға кіретіндер: ілініс (сцепление), беріліс қорабы, карданды беріліс, бсты беріліс, дифференциал және жарты осьтер. Автомобильдің трансмиссиясы беріліс механизмдерінен құралған. Автомобильдің шассиі жүріс бөлімінен тұрады. Автомобильдің беріліс механизміне кіретіндер: ілініс муфтасы, беріліс қорабы, басты беріліс және дифференциал. Мұнымен қатар кардан білігі болады, бұл арқылы беріліс қорабынан айналдыру моменті басты беріліске беріледі.

ІІІ Қортынды нұсқау.
Өтілген тақрып бойынша қайталап келу. Оқушылардың жұмысты толық меңгергеніне көз жеткізу.

Үй тапсырмасы.
Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П.Жүнісбеков. 14-18 бет

Бір күндік қортынды шығару. Орындалған жұмыстарға сарапта жасау.
Әрбір білім алушының орындаған жұмысын сапасын бағалау.
Білім алушының ішінен кім жақсы көрсеткішке ие болғанын атап айту.
Білім алушылардың жұмыс барысында едәуір жіберген қателіктерін талдау.
Жұмыс орнын жинау.

Топ шебері: ____________________________________

Ұқсас жұмыстар
Сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері
Қай түзу перпендикуляр түзу
Ән Желтоқсан желі Хорда жаттығу
5 сынып - Математика - жылдық жоспар
Үй жануарларының қысқы тіршілігі
Қазақ тілі – ұлттық мәдени,рухани асыл мұра туралы
Натурал сандарға амалдар қолдануға есептер шығару
Сабақтың тақырыбы Кірме сөздер
Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар
Мүсіндеу
Пәндер