Өндірістік оқыту сабағы: Іштен жану қозғалтқышы - сабақ жоспары

Пән аты: Өндірістік оқыту

Топ № Мамандығы: «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Квалификациясы : «Автокөлікті жөндеу слесары»

БЕКІТЕМІН

Аға шебер Т. Тажиметов.

20 ж

№ _8_ ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ

  1. Сабақтың тақырыбы: Іштен жану қозғалтқышы
  2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
  3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
  4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту
  5. Сабақтың көрнекілігі: Оқу өндірістік шеберханасы, плакат, оқулықтар

САБАҚ БАРЫСЫ

І Кіріспе нұсқау:

А) Тәртіп секторының баяндамасын қабылдау;

Б) Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару, құрал-жабдықтарын тексеру;

В) Оқушыларды жұмыс орнына отырғызу, кезекші тағайындау;

Г) Техника қауіпсіздігін еске салу;

Д) Бұрын өтілген оқу материалын еске алу;

1. Атқаратын міндетіне қарай қозғалыс құрамын атаңыз?

2. Автомобильдің түрлерін атаңыз?

ІІ Ағымдағы нұсқау.

Тақырып: Іштен жану қозғалтқышы

Қазіргі кезде ең көп тараған - жылу, электр және буданды қозғалтқыштар. Жаңа жеңіл және ауыр жүк автомобильдерінде жылу және электр қозғалтқыштары қолданылады. Жылу қозғалтқыштары үлкен үш топқа бөлінеді:

  1. Бу қозғалтқыштары;
  2. Іштен жану қозғалтқыштар;
  3. Электрмоторлары.

Сырттан жанатын моторларда отын бу қозғалтқыштарынан тыс бу қазанының пешіне жағылады. Іштен жану қозғалтқышында жану процесі және одан алынған жылуды механикалық жұмысқа айналдыру процесі қозғалтқыштың цилиндрінде өтеді. Отын жанғанда пайда болатын жылудан газдар кеңейе түсіп, поршень мен бұлғақ арқылы қозғалтқыштың иінді білігіне бнрілетін күш туғызып, механикалық жұмыс атқарады. Дүние жүзінде ең көп пайдаланатын іштен жану қозғалтқыштары 99%-дан астам автомобильд. Іштен жану қозғалтқыштары отын жылуының 25-38 пайызын механикалық жұмысқа айналдыратын болса, қозғалысты құрылыстардың бу машиналары отын жылуының тек 8-13 пайызын ғана пайдаланады. Бұрын автомобильдерде карбюраторлы қозғалтқыштар қолданылатын, ал соңғы кездерде бензин отынмен карбюраторсыз жұмыс істейтін қозғалтқыштар және дизельдер пайдаланылады. Іштен жану қозғалтқышындағы жұмыстық процесті жүзеге асыру үшін бірнеше дайындық операциялары өтеді:

  1. Цилиндрді жанғыш қоспамен немесе ауамен толтыру;
  2. Жанғыш қоспаны немесе ауаны сығу;
  3. От алу және жұмыстық жүріс;
  4. Жұмыстық жүріс аяқталған соң пайдаланылған газды цилиндрден шығарып жіберу.

Бұл операциялардың барлығы да поршенньнің жоғары және төмен қозғалуының жоғары және төмен қозғалуының көмегімен және тиісті клапандармен жабылып тұратын кіргізу және шығару тесіктерін ашу арқылы орындалады. Отын жану камерасыда пайда болған энергетік күшті механик күшге айналдыратын механизм.

ІІІ Қортынды нұсқау.

Өтілген тақрып бойынша қайталап келу. Оқушылардың жұмысты толық меңгергеніне көз жеткізу.

Үй тапсырмасы.

Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П. Жүнісбеков. 20-25бет

  • Бір күндік қортынды шығару. Орындалған жұмыстарға сарапта жасау.
  • Әрбір білім алушының орындаған жұмысын сапасын бағалау.
  • Білім алушының ішінен кім жақсы көрсеткішке ие болғанын атап айту.
  • Білім алушылардың жұмыс барысында едәуір жіберген қателіктерін талдау.
  • Жұмыс орнын жинау.

Топ шебері:


Ұқсас жұмыстар
Жылу қозғалтқыштары: іштен жану, бу және газ турбиналары мен реактивті қозғалтқыштарды қайталау және салыстырмалы талдау
Өндірістік оқыту сабақ жоспары: Қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі (карбюраторлы жүйе)
Автокөліктің жалпы құрылысы, түрлері, маркалары және арнаулылығы: өндірістік оқыту сабақ жоспары
Өндірістік жарақаттану мен кәсіби науқастану бойынша өндірістік оқыту сабақ жоспары
Өндірістік оқыту сабақ жоспары: Оталдыру жүйесі (Автокөлікті жөндеу слесары)
Өндірістік оқыту сабақ жоспары: Автомобильдің жалпы құрылымы
Трансмиссияның түрлері және схемасы: өндірістік оқыту сабақ жоспары
Өндірістік оқыту сабақ жоспары: Газ тарату механизмі
Өндірістік оқыту сабағы: карбюратордың бекітпесін және басқару механизмінің жұмысын тексеру
Белдемшенің жоғарғы қиығын белдікпен өңдеу: өндірістік оқыту сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz