Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Газ тарату механизмінің түрлері

Пән аты: Өндірістік оқыту
Топ № _____Мамандығы: <<Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану>>
Квалификациясы : <<Автокөлікті жөндеу слесары>>

БЕКІТЕМІН

Аға шебер _______________ Т.Тажиметов.

- - - - - - - ________ 20 _______ж

№ _11_ ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1. Сабақтың тақырыбы: Газ тарату механизмі
2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту
5. Сабақтың көрнекілігі: Оқу өндірістік шеберханасы, плакат, оқулықтар

САБАҚ БАРЫСЫ

І Кіріспе нұсқау:
А) Тәртіп секторының баяндамасын қабылдау;
Б) Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару, құрал-жабдықтарын тексеру;
В) Оқушыларды жұмыс орнына отырғызу, кезекші тағайындау;
Г) Техника қауіпсіздігін еске салу;
--------------------------------------------------------------------------------
Д) Бұрын өтілген оқу материалын еске алу;
--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------
1.Атқаратын міндетіне қарай қозғалыс құрамын атаңыз?
--------------------------------------------------------------------------------
2.Автомобильдің түрлерін атаңыз?
--------------------------------------------------------------------------------

ІІ Ағымдағы нұсқау.
Тақырып: Газ тарату механизмі
Газ тарату механизмі цилиндрлерге дер кезінде ауа (дизельді моторда) немесе жанғыш қоспа (бензинді моторда) жеткізу және цилиндрдегі пайдаланылған газды шығару қызметін атқарады.
Клапандар енгізу және шығару тесіктерін ашып-жауып тұрады, ал бұлар цилиндрлердің енгізу және шығару түтіктерімен жалғастырады.
Газ тарату механизмінің екі түрі бар (сурет 4.1), жоғары және бүйірге орналасқан клапандар.

а) тарату білігімен клапандары төмен орналасқан; б) клапандар жоғары ал тарату білігі төмен орналасқан, в) тарату білігімен клапандары жоғары орналасқан

4.1 - сурет - Газ тарату механизмінің түрлері

Газ тарату механизмінің құрамына енгізу және шығару клапандары, таратқыш біліктен клапандарға қозғалыс бергіш бөлшектер, таратқыш білік пен шестернкалар кіреді.
Иінді білік шестернялардың көмегімен таратқыш білікті айналдырады. Таратқыш білік рычактар арқылы қозғалысты шығару және кіргізу клапандарына жеткізіп ашылып жабады.
Иінді білік бензин қозғалтқыштарында 1 секунд ішінде 100-150 айналыс жасайды, ал дизельдерде 1 секундта 70 рет айналып үлгереді, немесе поршень 1 секундта 70-150 рет төмен және жоғары жылжып үлгіреді. Клапандардың ашылып жабылу аралық уақыты 0,07-0,2 секунд қана. Немесе осы аз уақыт ішінде цилиндр ауа немесе жанғыш қоспаны кіргізіп және оны жанып болғаннан кейін шығарып жіберуге мүмкіндік жасауы қажет.
Сондықтан сору клапаны поршень жоғарғы шекті нүк-теге (ЖШН) жетпей ашылады, төменгі шекті нүктеден (ТШН) өткеннен кейін жабылады (сурет 4.2).
Сол сияқты шығару клапаны да ерте ашылып шекті нүктеден өткеннен кейін жабылады.

4.2 - сурет - Газ тарату диаграммасы

Клапан стержені ажарланған. Стержень ұшы шынықтырылған, соның нәтижесінде оның күйентесі әсерінен баяу тозады. Клапандар жақсы жабысып орналасуы үшін олардың әрқайсысы ұя қырнағына (фаскасына) 1,5-2 мм ендікте үйкеленіп тұрады.
Клапанның жоғарғы бөлігіндегі стерженьде конусты сухариктер орналастыруға арналған қырнақ, болады, сол қырнақтың көмегімен клапан серіппе табақшасына берік ұстатылады. Сухариктер жартылай қақ бөлінген конус сақина тәрізді. Кейбір қозғалтқышта жоғарғы тірек шайбалар мен сухариктердің аралығында втулка болады, ол сухариктерді қысып ұстап, төменгі сүйір ұшымен табақша түбіне тіреледі.
Күйенте болаттан жасалған екі иінді рычаг. Оның орта тұсындағы жуандау жерінде тесігі болады, сол тесікке втулка кигізіледі. Күйенте иінінің біреуінде (ұзынында) шынықтырылған соққыш болады, ол клапанды басады, ал екіншісінде -- бұрандалы тесік бар, оған реттеуіш винт бұрап кигізіледі.
Соның көмегімен клапан мен күйенте соққышының аралығында саңылау жасалады және де мұның өзі клапандардың нығыз жабылуын қамтамасыз етеді. Күйенте осьте еркін тербеліп тұрады, ал осьтің өзі блок қалпакшасына бұрап кіргізілген тіреуге орнатылады. Таяныш серіппе мен тоқтатқыш сақина күйентені осьтік ығысудан сақтайды.
Штанга түрткіштегі күшті күйентеге беруге арналған. Штанга бітеу болат шыбыктан немесе іші қуыс болат стерженьнен жасалады. Штанганың ұшында ажарланған, қыздырып өңделген ұштық болады. Төменгі үштықтың формасы шар тәрізді. Ол түрткіштің шар тәрізді ойығына тіреледі. Жоғарғы ұштың шар формалы немесе ойығының беті шар тәрізді болуы мүмкін. Оған күйентеге бұрап кіргізілген реттеуіш винттің қалпақшасы тіреледі.
Таратқыш білік мойнының біреуінде блок каналына май жіберетін саңылау болады, май осы саңылау арқылы күйентеге беріледі. Саңылау блок каналымен сәйкес келгенде май жіберіледі.
Таратқыш шестерня көпшілік қозғалтқыштарда ол алдыңғы бөлігіндегі арнайы картерде орналасады. Ол иінді білікпен ілінісе отырып таратқыш білікті, отын насосының білігіне, май насосына және басқа да механизмдерді іске қосады. Шестерня болаттан немесе текстолиттен жасалады. Шуылын азайту үшін олар қиғаш тісті етіп жасалған.

ІІІ Қортынды нұсқау.
Өтілген тақрып бойынша қайталап келу. Оқушылардың жұмысты толық меңгергеніне көз жеткізу.

Үй тапсырмасы.
Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П.Жүнісбеков. 58-62бет
- - -

Бір күндік қортынды шығару. Орындалған жұмыстарға сарапта жасау.
Әрбір білім алушының орындаған жұмысын сапасын бағалау.
Білім алушының ішінен кім жақсы көрсеткішке ие болғанын атап айту.
Білім алушылардың жұмыс барысында едәуір жіберген қателіктерін талдау.
Жұмыс орнын жинау.

Топ шебері: _______________________________

Ұқсас жұмыстар
Газ тарату механизмі
Газ тарату механизміндегі тарсылды анықтау
Газ тарату механизмінің ақаулары
Газ тарату механизміне техникалық қызмет көрсету және бөлшектерін жөндеу
Карбюраторлы қозғалтқыштың ақаулары
Цилиндрдің тығыздығын талдағыш
Пайдаланылған газдардың құрамы
Тарсыл саңылаулар
ТЫНЫС АЛУ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ ӨКПЕНІҢ ТІРШІЛІК СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ
ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пәндер