Өндірістік оқыту сабақ жоспары: автокөліктің электр тогы, тұтынушылар мен қосылу әдістері

Пән аты: Өндірістік оқыту

Топ № Мамандығы: «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Квалификациясы : «Автокөлікті жөндеу слесары»

БЕКІТЕМІН

Аға шебер Т. Тажиметов.

20 ж

№ 17 ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ

  1. Сабақтың тақырыбы: Электор энергиясыны тұтынушылар.
  2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
  3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
  4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту
  5. Сабақтың көрнекілігі: Оқу өндірістік шеберханасы, плакат, оқулықтар

САБАҚ БАРЫСЫ

І Кіріспе нұсқау:

А) Тәртіп секторының баяндамасын қабылдау;

Б) Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару, құрал-жабдықтарын тексеру;

В) Оқушыларды жұмыс орнына отырғызу, кезекші тағайындау;

Г) Техника қауіпсіздігін еске салу;

Д) Бұрын өтілген оқу материалын еске алу;

1. Генератор мен стартердің қызметі неге негізделген?

2. Генераторлардың мүмкін болатын ақауларын айтып беріңіз?

ІІ Ағымдағы нұсқау.

Тақырып Электр тогы. Электрондардың өткізгішпен бағытталған қозғалысын электр тогы деп атайды. Олардың бір бағыттағы қозғалысы тұрақты ток деп аталады. Ток тұйық өткізгіште электр қозғаушы күшінің әсерінен пайда болады.

Электр тізбегі әдетте ток көзінен, тұтынатын орындардан және оларды жалғастырушы өткізгіштерден пайда болады. Электр тогын металдар, көмір, сілтілер мен қышқылдардың судағы ерітінділері жақсы өткізеді. Электр жабдық­тауыштың аспаптарын жалғастыратын өткізгіштер ретінде пиле немесе алюминий сымдарын пайдаланады.

Электр тогын мүлде өткізбейтін материалдарды өткізбейтіндер немесе оқшаулағыштар (изоляторлар) деп атайды. Олар - эбонит, резеңке, пластмассалар, маталар типе басқалар. Мұндай оқшаулағыштар ток жіберуші өткізгіштермен электр жабдықтары үшін кабық ретінде пайдаланылады. Автомобиль электр жабдықтарының аспаптары тұрақты токпен қоректенеді. Тұрақты ток сыртқы тізбекте оң полюстен теріс полюске карай қозғалады деп шартты түрде есептейді. Тұтынушылар мен ток көздеріне өзара тізбекті жөне параллель қосылады.

Токты тізбектей қосқан кезде бір ток козіндегі он, полюс екіншісіндегі теріс полюсқа жалғанады, Жалпы кернеу барлык ток көзіндегі кернеу қосындысына тең болады.

Электр көздерін ңосу әдістері: а-ток көздерінің тіз-бекті қосылуы, б-ток көздерінің параллель қосылуы

Ток көздерін параллель (4. 1-сурет, б) қосқан кезде аттас полюстерді өзара жалғастырады. Ток көздерінің жалпы кернеуі бір ток көзіндей ғана болады, ал сыйымдылығы батареялар санына сай еселеп артады. Электр тұтынушыларын параллель қосқанда ток оларға жеке-жеке, ал тізбекпен (4. 1-сурет, а) қосқанда олар бір-біріне жалғасып қосылады. Электр магнитті индукция.

Ток жеткізуші өткізгішті спираль етіп орап, оған магнитті жақсы өткізетін аз ісөміртекті болаттан жасалған өзек темір орнатсақ, онда табиғи магниттің барлық қасиеті бар электр магниті пай­да болады.

Электр магниттері электр жабдықтарының аспаптарында (стартерлер, генераторлар, дыбыс дабылдары, бақылап-өлшеу және басқа аспаптар) кеңінен қол-данылады. Тұйық өткізгіштен магниттің магнит күш сызығы қиып өтсе, онда өткізгіште электр тогы пайда болады немесе механикалық энергияны әлектр энергиясына (мысалы генераторларда) айналдырады.

ІІІ Қортынды нұсқау.

Өтілген тақрып бойынша қайталап келу. Оқушылардың жұмысты толық меңгергеніне көз жеткізу.

Үй тапсырмасы.

Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П. Жүнісбеков. 155-157 бет

  • Бір күндік қортынды шығару. Орындалған жұмыстарға сарапта жасау.
  • Әрбір білім алушының орындаған жұмысын сапасын бағалау.
  • Білім алушының ішінен кім жақсы көрсеткішке ие болғанын атап айту.
  • Білім алушылардың жұмыс барысында едәуір жіберген қателіктерін талдау.
  • Жұмыс орнын жинау.

Топ шебері:


Ұқсас жұмыстар
Автокөліктің жалпы құрылысы, түрлері, маркалары және арнаулылығы: өндірістік оқыту сабақ жоспары
Өндірістік оқыту сабақ жоспары: автокөліктің отын қоректендіру жүйесін көрсету, ақауларын анықтау және жөндеу
Жарықтандыру мен дабылдау аспаптары бойынша өндірістік оқыту сабақ жоспары
Электр тогы мен ток көздері: 8-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Тұрақты электр тогы тарауын қорытындылау: брейн-ринг форматында деңгейлеп оқыту сабақ жоспары
Өндірістік оқыту сабағы: автокөліктің қоректендіру жүйесін көрсету, ақауларын анықтау және жөндеу
Электр тогы және ток көздері: сабақ жоспары мен тәжірибелік жұмыстар
Электр тогы: тізбек бөлігі мен толық тізбек үшін Ом заңы
Өндірістік жарақаттану мен кәсіби науқастану бойынша өндірістік оқыту сабақ жоспары
Физика - ғажайыптар әлемі: тұрақты электр тогы бойынша ойындық-жарыс сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz