Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Беріліс қорабы

Пән аты: Өндірістік оқыту
Топ № 13 Мамандығы: <<Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану>>
Квалификациясы : <<Автокөлікті жөндеу слесары>>

БЕКІТЕМІН

Аға шебер _______________ Т.Тажиметов.

- - - - - - - ________ 20 _______ж

№ 22 ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1. Сабақтың тақырыбы: Беріліс қорабы.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту
5. Сабақтың көрнекілігі: Оқу өндірістік шеберханасы, плакат, оқулықтар

САБАҚ БАРЫСЫ

І Кіріспе нұсқау:
А) Тәртіп секторының баяндамасын қабылдау;
Б) Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару, құрал-жабдықтарын тексеру;
В) Оқушыларды жұмыс орнына отырғызу, кезекші тағайындау;
Г) Техника қауіпсіздігін еске салу;
--------------------------------------------------------------------------------
Д) Бұрын өтілген оқу материалын еске алу;
1. Ілінісу муфтасының қандай түрлерін білесіз?
2. Фрищиондық ілінісу муфтасы қалай жұмыс атқарады?
3. Ілінісу муфтасының қызметтерін айтып беріңіз?
ІІ Ағымдағы нұсқау.
Тақырып: Беріліс қорабы
Беріліс қорабының негізгі түрлері. Автомобильдің беріліс қорабы жетекші дөңгелектерінің тартымдылық күшін, беріліс санын, моторды трансмиссиядан ұзақ уақытқа ажыратуға және жүру бағытын өзгертуге арналған.Беріліс қорабы сатылы, сатысыз, механикалық, гидравликалық, электрлік, автоматты және құрама болып бөлінеді. Сатылы механикалық беріліс қорабы алға жүру сатыларының санына байланысты төрт сатылы, бес сатылы және т.с.с. болып бөлінеді.Беріліс саны көп болған сайын мотор қуатын жақсы пайдаланады және жанармай үнемділігі жоғары болады.Бұл жағдайда беріліс қорабының конструкциясы күрделенеді және берілісті оптимальды таңдау қиынға соғады. Беріліс қорабы әдетте цилиндрлі тісті дөңгелектен және механизмдерден тұрады (сурет 9.3).

1-бірінші (жетекші) білік, 2-бірінші білік шестернясы, 3-тісті тәж, 4-берілісті ауыстырып қосқыш рычаг, 5-қақпак, 6- Ш және IV беріліс шестернялары, 7- I және II беріліс шестернялар блогы, 8-екінші (жетектегі) білік, 9-артқы жүріс шестернялар блогы, 10-картер, 11-аралық білік, 12-ұдайы ілініс шестернясы.
9.3 - сурет - ГАЗ-53 автомобильінің беріліс қорабы.
Сатысыз беріліс қорабын қолдану кез келген беріліс санын алуға мүмкіндік береді. Сатысыз беріліс қорабы механикалық (екпіндік, фрикционды,т.с.с), гидравликалың (гидродинамикалық, гидрокөлемдік), электрлік және құрама болып бөлінеді.Автомобильдерде көп тарағаны құрама гидромеханикалық беріліс қорабы, гидродинамикалық сатысыз берілістен (гидротранформотор) және оған жалғанған механикалық сатылы берілістен тұрады.Автоматтандырылған беріліс қорабы. Үлкен қалаларда жеңіл автомобиль жүргізушісі әр 100 км жол жүргенде 700 рет ілініс педалін басады және 600 рет берілісте ауыстырып қосады. Орта есеппен әр 30 секундта бір рет ауыстырады.Жүргізушінің жұмысын жеңілдетуге, құрамына гидротрансформатор, планетарлы механизмі бар, басқару жүйесіне кіретін автоматтандырылған сатылы трансмиссия көмектеседі. Бүкіл әлемдегі осындай, автоматтандырылған қораптар миллиондаған машиналарда, автомобильдерде, және тағы басқа көліктерде қолданылады.<<Еаsуtronic>> деп аталатын беріліс қорапты, жылдамдықты ауыстырып қосқыш механизмді, <> және <<Воsсһ>> компаниялары Gеnеrаl Моtоrsпен бірігіп жасаған. Ол гидромеханикалық трансмиссиямен және қолмен ауыстырып қосатын беріліс қорабының көптеген <<оңды жақтарын>> біріктірді.
Құрылғының (конструкция) негізі: бес сатылы механикалық қораптан, қосымша ауыстырып қосатын механизм, үш қадамды электромотордан тұрады. үш қадамды электромотордың екеуі жылдамдықты ауыстырып қосуды қамтамасыз етеді, үшіншісі іліністі басқарады.Жүргізуші қолдық немесе автоматты жұмыс режимін таңдай алады. Іліністің педалін баспайақ, қораптың рычагын алға-артқа қозғау арқылы жоғары және төменгі беріліске өтуде қолдық режим пайдаланылады. Рычаг келесі беріліске қарай қозғалысын бастай берген кезде, сезгі бұл жайлы іліністі басқаратын жүйеге <<хабарландырады>>. Ол автоматты түрде табактарды (дискі) ажыратады және келесі сатыға ауыстырып, косудың жұлқусыз жайлы жатықтығын (плавность) қамтамасыз етеді. Мотор және сезгілердің жұмысын ЭББ компьютері басқарады, сонымен қоса өз әрекетін компьютер басқа автомобиль жүйелерімен салыстырады. Автоматты режимде компьютер жылдамдықты қарапайым гидромеханикалық берілістегідей (ГМП) өзі ауыстырып қосады.Бұндай автоматтандыру арқылы, бір жағынан, автоматты қораптың қолайлылығы (қозғалыстың аздығы), ал екінші жағынан, жүргізушінің өзі қолданып жүрген қораптардағыдай автомобиль қозғалысын басқара алады. Дәстүрлі АБҚ-мен (айналмалы беріліс қорабы) салыстырғанда, режимнің әрқайсысында ауыстырылып қосылу орта есеппен 300 миллисекунд уақыт ала отырып, тез әрі дәл жүзеге асады. Сонымен қоса ілініс табақшалары (диски) бір-біріне керекті уақытта нақты минимал күшпен сығылады. Берілген автоматты беріліс қорабының артықшылығы, оның автомобильдің басқа жүйелерімен электронды қатынасынан толықтай көрінеді.Тағы бір артықшылығы -- ААБҚ-ның (автоматты айналмалы беріліс қорабы) жағдайды талдауға және қорытынды жасауға қабілеттілігінде. Сонымен жаңа қорап, тіркеме тіркегендегі немесе таулы жерде өрге қарай жүргенде автомобильге түсетін артық күшті реттейді. <<Қыстық>> режимді қосқанда, ол гидравликалық ААБҚ сияқты, орнынан, мотордың оптимальды тарту күшін пайдаланатын режимінде қозғалуын қамтамасыз етеді.Бірінші рет, автоматтандырылған қорапта, бірден аттап бірнеше жоғарғы немесе төменгі беріліске өту мүмкіндігі туады. Бүл, мысалы, басқа автомобильден басып озу үшін қажет. <<Төменгі>> 2-ші беріліске, үнемді бесінші берілістен тікелей ауысуға болады. <<Автомобильді қою>> режимінің мүмкіндігі бар немесе жүргізуші қажет деп тапса, өте ақырын қозғалуға болады. Осы жағдайда газ педалінен аяқты алған сөтте ілініс табақшалары бірден ажырайды.Әсіресе, ААБҢ жүйелі механикалың ңорап тәжірибесіз жүргізушілер мен әйелдерге ыңғайлы. Осы тәрізді берілісті автоматты ауыстыратын ңораптар автомобильдерде ғана емес, басңа транспорттың көліктерде де ңолданады.
ІІІ Қортынды нұсқау.
Өтілген тақрып бойынша қайталап келу. Оқушылардың жұмысты толық меңгергеніне көз жеткізу.
Үй тапсырмасы.
Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П.Жүнісбеков. 163-165 бет
Бір күндік қортынды шығару. Орындалған жұмыстарға сарапта жасау.
Әрбір білім алушының орындаған жұмысын сапасын бағалау.
Білім алушының ішінен кім жақсы көрсеткішке ие болғанын атап айту.
Білім алушылардың жұмыс барысында едәуір жіберген қателіктерін талдау.

Топ шебері: ____________________________________

Ұқсас жұмыстар
Автоматты беріліс қорабы сұйықтығын құю
Берілісті өзгерту қорабы
Автоматты беріліс қорабын басқару
Беріліс қорабын диагностикалыу құралдары
Беріліс қорабының ақауларын жөндеу
САБАҚ БАРЫСЫ. Сабақтың тақырыбы
Беріліс қорабының бөлшектерін тексеру
Механикалық трансмиссияның жалпы құрылысы
Автоматты беріліс қорабының ақаулары
Автокөлікті орнынан қозғау және берілістерді ауыстыру
Пәндер