Шиналар кесіндісі

Пән аты: Өндірістік оқыту

Топ № 13 Мамандығы: «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Квалификациясы : «Автокөлікті жөндеу слесары»

БЕКІТЕМІН

Аға шебер Т. Тажиметов.

20 ж

№ 23 ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ

  1. Сабақтың тақырыбы: Автомобильдың жүріс бөлігі
  2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
  3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
  4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту
  5. Сабақтың көрнекілігі: Оқу өндірістік шеберханасы, плакат, оқулықтар

САБАҚ БАРЫСЫ

І Кіріспе нұсқау:

А) Тәртіп секторының баяндамасын қабылдау;

Б) Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару, құрал-жабдықтарын тексеру;

В) Оқушыларды жұмыс орнына отырғызу, кезекші тағайындау;

Г) Техника қауіпсіздігін еске салу;

Д) Бұрын өтілген оқу материалын еске алу;

1. Беріліс қорабы не үшін қажет?

2. Трансмиссияның қызметі?

ІІ Ағымдағы нұсқау

Тақырып: Автомиабилдың жүріс бөлігі.

Автомобиль аспасы. Жеңіл автомобильдің артқы асқышына көбіне рессорларды (10. 1 сурет, а-нұсқасы), ал алдыңғы асқышына серіпелерді (10. 1 сурет, б-нұсқасы) пайдаланады. Рессордың алдыңғы шеті жапсырмалы құлақшаға бекітіліп, артқы шеті сырғымалы болады. Рессор астары артқы рессор ортасынан жетекші белдік картеріне үзеңгі арқылы бекітіледі. Рессор астары құлақшасы жоқ шеті сырғанамалы болады. Кедергіге кездескенде рессор тербелісін өшіру үшін амортизатор пайдаланылады. Автобустарда және жүк автомобильдерінде серіппе ретінде рессорлар, торисиондар (10. 1 сурет, в-нұсқасы) және пневмобаллондар (10. 1, г-нұсқасы) қолданылады.

http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/2016/TTiLS/Zhumabekov/%D0%A2%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F/lek10.files/image001.gif а - рессор; б - серіппе; в - торисион; г - пневмобаллон; 1 - басты рессор төсемі; 2 - орталық болт; 3 - қамыт, 4 - төсем; 5 - болт; 6, 7 - сығушы бөлуші сақина, 8 - эластикалық қабық.

10. 1 - сурет - Автомобильдің серпімді асқыштары.

Автомобиль амортизаторлары

Амортизаторлар механикалық тербеліс энергиясын жылу энергиясына айналдырып, автомобильдің жатық (селкілдемей) жүруін қамтамасыз етеді.

Амортизаторлар екі топқа бөлінеді - бір және екі түтікті (трубалы) . Олар қос әрекетті сұйық телескоптық немесе сұйық пен газды болады.

Бір түтікті амортизаторлар сұйық телескопты немесе сүйық пен газды телескопты болады. Сұйық пен газды амортизаторларда, газ (В) және сұйық (А) бір-бірімен бөлектеуші поршеньнің (1) әсерінен жанаспайды (10. 2-сурет, а-нұсқасы) .

http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/2016/TTiLS/Zhumabekov/%D0%A2%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F/lek10.files/image002.jpg Екі түтікті амортизаторлар көбінде телескопты болады, оларда да сұйық немесе сұйық пен газды бірге қолданады. Бұл амортизаторларда газ (В) бен сүйық (А) бір-бірімен жанасады (10. 2-сурет, б-нұсқасы) .

10. 2 - сурет - Бір (а) және екі (б) түтікті амортизаторлар.

Амортизатор поршеньдерінде (2) екі тесік (3, 5) жасалған, олар бір жағынан пластиналы серіппелі клапандармен жабылған.

Кедергіден дөңгелек өту кезінде рессор майысады да, амортизатор сығылады. Рессор қайта серпілгенде амортизатор созылады. Дөңгелек жоғары көтерілгенде (3) клапан ашылып, сұйық поршеньнің бір қуысынан екінші қуысына ауысады. Поршень (2) жылдам қозғалғанда ауысу қуысында қысым ұлғаяды. Амортизатордың сығу кедергісі оның кері кедергісінен бірнеше рет аз болады. Бұл қайту (созылу) автомобильдің кедергіге тап болған кезіндегі соққысын азайтады.

Автомобильдерде қос әрекетті сұйық телескоптық амортизаторлар қолданылады.

10. 3 Пневмобаллондар

Кәзіргі кезде пневмоболлардар рессорларға қарағанда автобустарда (сурет 10. 3) және жүк көлінде (сурет 10. 4) көп қолданыс тапқан. Себебі жүктің негізгі салмағына байланысты серпелісті реттейді. Олар кейінгі кезде транзиттік көліктің жартылай тіркемелерде міндеттелен құрылғы болып саналады.

Описание: http://www.pnevmoballon.ru/img/dop/pnevm2.jpg

10. 3 - сурет - Пневмобаллондардың автобустарда қолданылуы

Описание: http://www.pnevmoballon.ru/img/dop/pnevm3.jpg

10. 4 - сурет - Пневмоболлондардың жартылай-тіркемелерде қолданылуы

Пневмобаллон, пневморессор, пневмоамортизатор пневматикалық аспаның негізгі элементті болып саналады. Ол резиналық сильфоннан, тарелкадан және темір немесе пластикалық стаканнан тұрады.

Соңғы жылдары пневмоболондармен жеңіл көліктер көп шығарыла бастады. (AUDI ALLROAD, Volkswagen Touareg 2002ж. ) .

10. 4 Дөңгелектер

Автомобиль асқыштар арқылы дөңгелектерге орналастырады.

Дөңгелектің негізгі қызметі - автомобильдің тербелісін жеңілдетіп (подрессорирование), бағытының өзгеруін қамтамасыз етеді.

Деңгелектер жетекші, басқарушы, құрама (жетекші басқарушы) және ұстаушы (сүйемелдеуші) болып бөлінеді.

Жетекші дөңгелек айналдыру моментінің әсерінен автомобильді алға қозғайды. Басқарушы дөңгелек автомобильді бұрып бағыттап отырады.

Пневматикалық шина (10. 5-сурет) домалағанда деформацияланып, әрбір соққыны жеңілдетіп, жойып дөңгелек осінің бірқалыпты жылжуын сақтайды. Бұндай пневматикалық шинаның қасиетін жұмсақтатушы деп атайды (сглаживающей) .

Шинада ауа қысымы басты пайдалану өлшемі болып табылады, ол резинаның ұзақ мерзім жұмыс істеуі мен үнемді жанармай шығынына әсерін тигізеді.

Пневматикалық шиналар диагональды, радиальды, орташа, жалпақ, төмен және өте төмен профильді, камералы және камерасыз болып келеді.

http://lib.kstu.kz:8300/tb/books/2016/TTiLS/Zhumabekov/%D0%A2%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F/lek10.files/image005.jpg

Диогналды Радиалды

1-протектор, 2-протектор бүйірі, 3-шина жақтауы, 4-брекер, 5-каркас, 6-борт.

10. 5 - сурет - Шиналар кесіндісі


Ұқсас жұмыстар
Жедел жад құрылғысы
Автомобиль жолдарының сипаттамасы
Автомобиль жолдарының санаттары
Енгізу құрылғылары
Алтын қима
Адасқан әріптер
Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері
Интерфейстің тәсілдері
Паскаль тіліндегі программаның оператор бөлімінде
Стериометрия аксиомалары және салдары. Кеңістіктегі түзудің орналасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz