Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Рульдік басқарудың ақауы

Пән аты: Өндірістік оқыту
Топ № 13 Мамандығы: <<Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану>>
Квалификациясы : <<Автокөлікті жөндеу слесары>>

БЕКІТЕМІН

Аға шебер _______________ Т.Тажиметов.

- - - - - - - ________ 20 _______ж

№ - - 26 ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1. Сабақтың тақырыбы: Механикалық және гидравликалық, электронды басқару жүесі.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту
5. Сабақтың көрнекілігі: Оқу өндірістік шеберханасы, плакат, оқулықтар

САБАҚ БАРЫСЫ

І Кіріспе нұсқау:
А) Тәртіп секторының баяндамасын қабылдау;
Б) Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару, құрал-жабдықтарын тексеру;
В) Оқушыларды жұмыс орнына отырғызу, кезекші тағайындау;
Г) Техника қауіпсіздігін еске салу;
--------------------------------------------------------------------------------
Д) Бұрын өтілген оқу материалын еске алу;
--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------
1.Рульдік басқару қандай негізгі бөліктерден тұрады?
--------------------------------------------------------------------------------
2.Рульдік механизмнің қандай типтерін білесіз?
--------------------------------------------------------------------------------

ІІ Ағымдағы нұсқау
Тақырып: Механикалық және гидравликалық,электронды басқару жүесі
Басқару жүйесі автомобильдің жүріс бағытын бас- қаруға арналған торап. Ол автомобильдің негізгі жа-уапты тораптарының қатарына жатады. Себебі осы басқару жүйесі автомобильдің жүріс қауіпсіздігін кам- тамасыз ететін торап. Сондықтанда автомобильдің басқару жүйесіне өте қатал талаптар қойылады. Сондай талаптардың ішіндегі ең негізгілеріне мынандаи екі түрлі талапты жатқызуға болады. Оның біріншісі - жүргізуші рульдік басқару механизмімен бүрған кезде автомобиль белгіленген қисық сызықты троекториямен бүлжымай жүруі керек. Ал екіншісі - жүргізуші рульдік басқару механизміне әсер етпеген кезде автомобиль түзу сызықты бағытынан өздігінен өзгермей жүріп отыруға тиіс. Осы қойылған тараптың біріншісі рульдік бұру механизмінің қасиеті мен кинематикасына байланысты болса, екіншісі басқару дөңгелектерінің орналасу геометриясына тәуелді болады.
Басқару жүйесіне рульдік басқару механизмі басқару дөңгелектері жоне осы екі тораптардың аралығындағы жетек құралдары жатады. Сондай баскару жүйесінің жұмыс схемасы 5.1-суретте көрсетілген.
Ол мынандай негізгі тораптар мен бөлшектерден қүралған: рульдік механизм (3), рульдік тұтқа дөңгелегі (1), рульдік құлақша (4), ұзындық тартқыш (6), рульдік трапеңияның көлденең (5) жоне жандық (7) тартқыш, бүрылғыш жүдырықша (9) мен оны тартқыш (8). Бүрылғыш жүдырықшада (9) басқару дөңгелегі ішкі жоне сыртқы подшипниктер арқылы бекітіледі, ал жұдырықшаның (9) өзі топса (шкворень) арқылы басқару белдемесінде (2) орналасады. Соның салдарынан, дөңгелек бұрылғыш жұдырықша арқылы әртүрлі бұрышқа бұрыла алады.

5.1-сурет. Рульдік басқару жүйесінің түрлері:
а-алдыңғы осі түтас кесілмеген; б-алдыңғы осі кесілген; 1 -рульдік тұтқа дөңгелегі; 2-белдеме; 3-рульдік механизм; 4-сошка; 5-көлденең тартқ ыш; 6-ұзындық бойындағы тартқыш; 7-жандық тартқыш тұтқасы; 8-бүрылатын жүдырықшаның тұтқасы; 9-бүрылатын жүдырықша; 10-жандық тартқыш.

Осындай басқару жүйесі мына ретпен жұмыс атқарады. Жүргізуші автомобильді бүратын бағытқа қарай рульдік дөңгелек тұтқаны (1) бүрайды. Сол кезде рульдік механизм (3) арқылы рульдік құлақшабұрылады. Оның бұрылуы ұзыңдық тартқыш (6)арқылы бұрылғыш жұдырықшаны (9) басқару дөңғелегімен қоса тиісті жағына бұрады. Сол жақ- тағы дөңгелектің бүрылуы рульдік трапеция (5,7) тартқыш арқылы оң жақтағы дөңгелекті бүрады. Сөйтіп басқару доңгелектерінің жүріс бағытын өзгерт- кендіктен, онымен бірге автомобильдің де жүріс бағыты өзгереді.
Осылайша қүрылған басқару жүйесінің негізгі ерекшелігіне, басқару дөңгелектерінің бүрылуы рульдік трапеция арқылы болатындығын жатқызуға болады. Себебі оң жоне сол жақ дөңгелектер өзара осы трапеция тартқыш арқылы жалғасқан. Трапеция деп отырғанымыз оның бір табанын бұрылғыш жұдырықша бекітілген алдыңғы белдеменің екі жақтағы топса аралығы құраса екінші табанын көлденең тартқыш (5) қүрайды, ал екі жаны жандық тартқышпен (7) жалғасқан.
Рульдік трапецияның бұрылыс кезінде дөңгелектерге ортүрлі бұрыш береді. Мысалы оңға қарай бұрылғанда оң жақтағы дөңгелек сол жақтағы дөңгелекке қарағанда көбірек бүрышқа бүрылады. Сонда ғана олар тайғанамай, жер бетіне үйкелмей дөңгелей алады. Сондықтанда рульдік трапеңия бүрылыс кезінде басқару дөңгелектерін тек өртүрлі бүрышқа бүрып қана қоймайды, осыған қосымша сол екі бүрыштың айырмашылығын ұнемі тұрақты үстап түрады. Оны арнаулы қондырғыларда тексеріп, қажет болса көлденең тартқыштың үзындығын озгертуге болады.
Басқару жүйесіндегі негізгі механизм -- ол рульдік механизм болып табылады. Рульдік механизм үшін көбінесе червякті -- роликті немесе винтті рейкалы механизмдер қолданылады. Себебі бүл механизмдердің кері қарай берілісі болмайды, яғни күшті рульдік басқару тұтқасынан басқару дөңгелектеріне жеңіл береді де керісінше доңгелектен рульдік тұтқага бермейді. Себебі жұмыс кезінде басқару доңгелектері жол бедерінің әсерінен әртүрлі күштерге душар болады. Ол кері берілсе жүргізушіге зиян келтіруі мүмкін.
Автомобильдің басқару жүйесінде рульдік меха- низммен қатар күшейткіш механизмдер қолданылады. Себебі тек қана червякті берілістің бүру күші жеткіліксіз болуы мүмкін. Сол кезде күшейткіш ме- ханизм бірге қосылып істейді. Ондай механизм үшін көбінесе гидравликалық механизм қолданылады. Онда арнаулы насос арқылы гидроцилиндрді қозғай- ды. Ал гидроцилиндрдің қозғалуын рульдік механизм басқарады, яғни рульдік механизм бүралғанда гидроцилиндр іске қосылады да, ол тоқтаған кезде гид- роцилиндр ажыратылады. Енді төменде осылардың қүрылысы мен жұмысы қаралады.
Червякті роликті рульдік механизм алдыңғы басқару белдемесіне 25 кН дейін күш түсетін автомобильдерде қолданылады. Оның жалпы қүрылысы 5.2-суретте көрсетілген жоне қүрылысы мынандай болады. Рульдік дөңгелек тұтқаның білігіне (14) чер- вяк (10) отырғызылып, рульдік механизмнің қорабында (1) екі подшипник (12) арқылы айнала алады. Червякпен қырлы ролик (18) тістесіп түрады. Ал ро- лик (18) инелі подшипник (3) кигізілген ось(16) ар- қылы рульдік құлақшаның (18) аша иіні бар білігіне (2) жалгасады. Бүл білік (2) рульдік механизмнің қорабында бір жағы роликті подшипникке (23), ал екінші жағы қола ішпекке (26) орнатылған. Оның ось бойымен қозғалу мөлшерін реттегіш винтпен (21) шектейді.
Червяк (10) бүралған кезде роликтің (18) онымен тістесіп түрған қырлары арқылы бүрай қозғайды да руль құлақшасын (28) бүрады, ал оның бүрылуы үзындық тартқыш арқылы басқару дөңгелектеріне жетеді.
Червякті роликті рульдік механизмнің артықшылығына, әдеттегі червякті механизмдегі сырғанау үйкелісі мүңдағы роликтің дөңгелеу үйкелісімен алмастырылғандығын жатқызуға болады. Соның салдарынан автомобильді басқару жұмысы жеңілдейді. Бірақ мүңдағы айтарлықтай кемшіліктің біріне, червяк пен роликтің қырларының тістесу саңылауын үнемі реттеп отыру қажеттіғі болып табылады. Сондықтанда мүнда осы саңылауды реттейтін күрделі қондырғы қолданылады.Оның бірі жоғарьща айтыл- ған реттегіш винтпен (21) ролик білігін (2) қозғайтын болсақ, екіншісі червяк осінде қозғайды.

5.2-сурет. Червякті рульдік механизм:
1-картер; 2-білік; 3,9,12,23-подшипниктер; 4-винт; 5,27-тығыздағыш- тар; 6-серіппе; 7-төменгі қақпак: 8-реттегіш аралық тосемдер;10-чер- вяк; 1І-тығын; 13-түтік; 14-руль білігі; 15-жоғарғы қақпақ; 16-ось; 17,19,20-шайбалар; 18-ролик;21-реттегіш винт; 22-штифт; 24-жандық қақпақ; 25-аралық тосем; 26-ішпек; 28-сошка.

Ол үшін қорап (1) пен оның қақпағының (7) аралығына әртүрлі қалындықтағы аралық төсем (8) қойылған. Сол аралық төсемнің қалындығын өзгерту арқылы червякті жылжытады.
Басқару белдемесіне түсетін салмақ 25 кН-нан көп болған жағдайда рульдік механизмге қосарлана жұмыс істейтін күшейткіш қондырғы қолданылады. Ол кезде рульдік механизмді винтті рейкалы беріліс етіп жасайды.

5.3-сурет. Гидравликалық күшейткіші бар рульдік механизм жұмысы:
а-бейтарап қалпы; б-құлыптағыштың оңға жылжуы; в-құлыптағыштың солғажылжуы; 1-сапун; 2,3-сүзғілер; 4,7,8-клапандар; 5-ьщыс; 6-насос; 9-қысым мағистралы; 10-тоғу мағистралы; 11-тесік; 12-шарикті клапан; 13-реактивті плунжер; 14-золотникті құлыптағыш; 15-винт; 16-сошка секторы; 17-картер;

Сондай механизм мен күшейткіштің жұмыс схемасы 5.3-суретте көрсетілген.
Күшейткіші бар рульдік басқару жүйесінде рульдік механизмге қоса гидравликалық цилиңдрі, реттегіші және май кіші қысымды тораптары бар жүйе қолданылады. Ондағы жұмыс мына ретпен іске асады.
Рульдік дөңгелек тұтқасын автомобиль жүргізуші ешқай жаққа бүрмаган кезде (5.3а-сурет) оның білігімен жалғасқан білік (15) ешбір жағына қозғал- мағандықтан онымен бірге жасалған золотник (14) ортаңғы бейтарап қалпында түрады. Оның бейтарап қалпында тұрған кезінде насоспен (6) айдалған сұйық май қайтадан ыдысқа (5) құйылады. Ал жүргізуші дөңгелек тұтқаны автомобильді бүру үшін бүраған кезде оның білігі (15) бүралады. Ол өзі винтті кесікарқылы поршеньмен жалғасқан рульдік құлақшаны (16) бұрады. Бұл кезде білікпен (15) бірге жасалған золотник (14) аздап қана (шамамен Ғ1,5 мм) бір жағына жылжиды. Себебі білікте (15) құлақшадан (16) түсетін осьтік күш пайда болады. Енді винтті біліктің (15) гайкасы қызметін атқаратын поршеннің бір жағы насоспен май келетін тесікпен, ал екінші жағы май кері қайтатын тесікпен жалғасады. (5.3.б,в-суреттер). Сойтіп рульдік құлақшаны (16) әрі жүргізүшінің винтті білікті (15) айналдыру күшімен орі ондағы поршенді май қысымының итеру күшімен бүрады. Сөйтіп басқару дөңгелектерін бүру жұмысы жеңілдейді.
Егер автомобиль жүргізушісі басқару дөңгелектерін белгілі бір бүрышқа бүрғаннан кейін рульдік тұтқаны бүруды тоқтатса, онда күшейткіш те жүмы- сын тоқтатады. Себебі бүл кезде золотниктің олсіз серіппесін итеретін күш болмайды да ол алғашқы бей- тарап қалпына қайтып оралады. Ал бүруға қажетті күш көбейген сайын реактивті плунжерді (13) серіп- песімен бірге сұйық та қысады да поршенге келетін қысым көбейе береді. Ал автомобильді бүруға аз ғана күш қажет болатын болса, онда золотниктің (14) серіппесі қысылмай, ол орнынан қозғалмайды. Рульдік тұтқадағы жанама күш 50-100 Н-нан асса ғана күшейткіш іске қосылады. Сонымен осындай қон- дырғылардың көмегімен күшейткіш "жолды сезіп" отырады.
Егер бір себептермен насос (6) жұмысын тоқтататын болса, онда шарикті клапан (12) май айдайтын жоне қайта қайтатын тесіктерді өзара жалғастырады. Енді поршень еркін қозғалады да автомобильді күшейткішсіз бұруға мүмкіндік береді.
Гидравликалық жүйедегі қысымды реттеп отыру үшін сақтандырғыш (7), қайта жіберетін (8) клапандар қойылган.
Жоғарыда айтылгандай, басқару жүйесіне қойылатын талаптың бірі автомобиль жүрісінің тура бағытын жүргізуші бүрганга дейін өздігінен өзгертпеуі керек. Осы талапты орындау үшін басқару дөңгелектері машинаға бірнеше геометриялық параметрлермен орнатылады жоне ол параметрлерді жұмыс кезінде үнемі бақылап, алшақтап кетсе қайтадан қалпына келтіріп отырады.
Басқару дөңгелектері машинаға негізінен төрт түрлі геометриялық параметрлермен орнатылады: 1-жоғарғы алшақтығы; 2-алдыңғы түйіскіштігі; 3-топ- саның (шквореннің) көлденең еңкею бүрышы; 4- топсаның үзындық еңкею бүрышы.
Дөңгелектердің жоғарғы алшақтығы деп олардың жер бетіне тиіп түрған нүктелерінің ара қашықтығы үстіңгі жағындағы ара қашақтығынан аз болатынды- ғын айтады, ягни дөңгелектердің үстіңгі жағы алшақ орнатылады. Бүл алшақтық дөңгелектердің жұмысын тұрақтандырмайды, керісінше олардың жүріс бағытынан ауытқуына мәжбүр етеді. Бірақ машина жасаушылар бүл алшақтықты амалсыздан қолданады. Себебі осы кезде басқару дөңгелегінің торабын қүрастыру мен бөлшектеу жұмысы мүмкін болады, яғни дөңгелектің осіне қойылатын ішкі және сыртқы подшипниктердің диаметрлерін ортүрлі етіп қабылдайды -- ішкісі үлкен, сыртқысы кіші. Өйткені дөңгелек жантайып түрғандықтан оның ішкі под- шипнигіне коп салмақ, ал сыртқысына аз салмақ түседі. Енді дөңгелек торабын қүрастырғанда неме- се бөлшектегенде ішкі подшипник өз орнына, ал сыртқы подшипник ез орнына тікелей барып орналасады.
Басқару доңгелектерінің алдыңғы түйіскіштігі деп олардың ось түсынан олшегендегі алдыңғы жағындағы ара қашықтығы артқы жағына қарағанда аз болады. Бүл да доңгелек жұмысын тұрақтандырмайды. Дегенмен осылай орнатуға тура келеді. Себебі дөңгелектердің жоғарғы алшақтығынан олар жүріс кезінде бағыттарын тура бағыттан ауытқытады.
Өйткені олардың ауырлық нүктесі сыртқа қарай ауыт- қығандықтан дөңгелеу бағыты да сыртқа қарай ауытқи береді. Осындай ауытқуды болдырмас үшін басқару дөңгелектерінің алдыңғы жағын күн ілгері түйістіріп қояды.
Олай болса басқару дөңгелектерінің жұмысын тұрақтандыратын тек оларды машинаға жалғастыра- тын осьтерінің ғана параметрлері болады. Енді со- ларды қарастырып көрелік.
Басқару дөңгелегінің бүрылу топсасы шкворень деп аталады. Сол шкворень машинаның алдыңғы бүрылу белдемесіне жоғарыда айтылғандай екі түрлі бүрышпен орналастырылады: біреуі -- көлденең бағытта, ал екіншісі үзындық бағытта. Шквореннің көлденең бағыттағы еңкею бүрышының схемасы 5.4а-суретте көрсетілген. Мүндағы топсаның еңкею бүрышы. Басқару дөңгелектерінің осы схема бойын- ша орналасқан кезіндегі жұмысын тұрақтандыратындығын білу үшін шартты түрде оны 180-градусқа бүралық (ол үздік сызықпен көрсетілген). Сол кезде дөңгелек жер бетіне һ -- биіктігіне тапталуы немесе машинаның алдын сондай биіктікке көтеруі керек. Яғни мүңдай кезде дөңгелек алгашқы қалпынан басқа жағдайға бұрылу үшін қосымша күш керек болады. Сөйтіп ол әрқашанда алғашқы қалпын сақтап отырады. Егер жүргізуші күш жүмсап машинаны бүрмаса, онда машина түзу сызықты жолмен жүре береді.
Рульдік басқарудың ақауы
Рульдік басқарудан трактор мен автомобильдің жүмыс істеуі ғана емес, сонымен бірге оларды жұмысқа қосу қауіпсіздігі де байланысты.
Рульдік басқаруда мынадай ақаулар болған жағдайда трактор мен автомобильдерді пайдалануға рұқсат етілмейді: рульдік басқарудың тұтылып қалуы, рульдік дөңгелектің люфтісінің шамадан тыс болуы, рульдік басқару бөлшектеріның көбірек тозуы, бекітулерінің босап және шплинттің бұзылуы.
Егер рульдік басқару тұтылып қала берсе, жүргізуші тез шаршайды, ал жол қозғалысы зор ынтаны қажет еткен жағдайда және жоғарғы жылдамдықпен жүргенде соқтығысып немесе біреуді мерт қылу қаупі туады. Червяк подшипниктерінің бұзылуы жәие тартқыштың майысуына байланысты, рульдік басқару тұтылып қалса, онда бұзылған детальдарды ауыстыру керек. Рульдік механизм дұрыс жөнделмеген жағдайда оны реттеу керек. Егер гидрокүшейткіштің ақауы болса, жөндеу қажет.
Рульдік басқарудың бекіту детальдарының босағандарын қысып, жоғалған немесе сынған шплинттерін, сондай-ақ рульдік басқарудың тозған детальдары жаңасымен ауыстырады.
Бағыттаушы дөңгелектің күпшек подшипнигі мен руль тартқышының бөліктеріндегі саңылаудың үлкеюі нәтижесінде, рульдік механизм корпусының, сошканың және цапфаның бұрылу рычагтарының бекітілулері босайды. Червяк подшипниктері мен червяк және ролик (сектор) арасында саңылауы мен гидрокүшейткіші бар рульдік механизмде, май жетіспеушілік салдарынан рульдік дөңгелектің люфтісі ұлғаяды. Рульдік дөңгелектің люфтісін жоғарыда айтылған ақаулар себебін жою арқылы реттеуге болады.
Механикалық басқаруы бар рульдік механизмді реттеу. Егер рульдік дөңгелектің еркін жүрісі, жасап шығарған завод белгілеген нормадан артық болса, онда рульдік басқаруды ретке келтіру қажет.
Ең алдымен, рульдік тартқыштың топсалы қосылыстары мен бағыттаушы дөңгелектің конусты подшипниктеріндегі саңылауды реттейді. Егер рульдік дөңгелектің еркін жүрісі бұдан кейін де кеңейтілген күйінде қалса, рульдік механизмнің червягындағы конусты подшипниктердің өсьтік саңылауы тексеріледі (13.2-суретті қараңыз). Ол үшін көлденең тартқышты 15 сошкадан 16 бөліп алып, рульдік доңғалақты кез келген жаққа айналдыра отырып, червякті 8 роликпен ілінісуден шығарады. Одан кейін өсьтік бағытта рульдік дөңгелектің білігін қозғайды. Егер біліктің ауысуы елеулі болса, червяктің конусты подшипниктеріндегі саңылауды кішірейтеді, ол үшін рульдік механизмнің төменгі қақпағының 1 астындағы реттеуіш төсемнің бір бөлігін алып тастайды. Червяк подшипниктерін дұрыс реттеген жағдайда рульдік доңғалақ 3 -- 5Н (0,3 -- 0,5 кгс) күшпен айналуы керек.
Бұдан кейін червяктің орта түсына қарама-қарсы роликті орнатады, сошканы қозғай отырып, ролик пен червяк аралығындағы саңылауды тексереді. Егер саңылау үлкен болса, онда оны реттеу қажет.
Червяктің роликпен ілінісін реттеу мынадай жолмен жүргізіледі. Рульдік механизмді босатып, реттеуіш винтінің гайкасын кері бұрап бекіткіш шайбаны 11 да алады. Ролик червяктің орта түсына қарама-қарсы орналасқан жағдайда, олардың арасындағы саңылау ең аз болғанша реттеуіш винтті 10 бұрай береді. Бекіткіш шайбаны орнына кигізіп, гайкамен бекітеді де, рульдік механизмді орнына қояды.

ІІІ Қортынды нұсқау.
Бір күндік қортынды шығару. Орындалған жұмыстарға сарапта жасау. Әрбір білім алушының орындаған жұмысын сапасын бағалау. Білім алушының ішінен кім жақсы көрсеткішке ие болғанын атап айту. Білім алушылардың жұмыс барысында едәуір жіберген қателіктерін талдау.

Үй тапсырмасы.

Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П.Жүнісбеков. 225-231 бет

Топ шебері: ____________________________________

Ұқсас жұмыстар
Рульдік механизмдер
Бөлгіш және гидрокөлемді рульдік басқарудың әрекет ету схемасы
Негізгі гидравликалық жүйе
Рөлдік басқаруды диагностикалау
ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Жүріс дөңгелектері
Студенттердің білімін бағалау
Рульдік Басқару блогы
Автокөлікті жөндеуші слесарь
Қозғалыс дегеніміз не EV3-ге алғашқы бағдарламаны жасау. Үлкен моторлардың қозғалысы Рульдік Басқару блогы. Сілтеме
Пәндер