Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Автомобильдің тежеу жүйелері

Пән аты: Өндірістік оқыту
Топ: № 13 Мамандығы: <<Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану>>
Квалификациясы : <<Автокөлікті жөндеу слесары>>

БЕКІТЕМІН

Аға шебер _______________ Т.Тажиметов.

- - - - - - - ________ 20 _______ж

№ 27 ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1. Сабақтың тақырыбы: Автомобильдің тежеу жүйелері
2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту
5. Сабақтың көрнекілігі: Оқу өндірістік шеберханасы, плакат, оқулықтар

САБАҚ БАРЫСЫ

І Кіріспе нұсқау:
А) Тәртіп секторының баяндамасын қабылдау;
Б) Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару, құрал-жабдықтарын тексеру;
В) Оқушыларды жұмыс орнына отырғызу, кезекші тағайындау;
Г) Техника қауіпсіздігін еске салу;
--------------------------------------------------------------------------------
Д) Бұрын өтілген оқу материалын еске алу;
--------------------------------------------------------------------------------

1. Басқару жуйесінің қызметі мен оган қойылатын талаптарды түсіндіріңіз!
2. Басқару жүйесінің жалпы қурылысын айтыңыз!
3. Рульдік трапеция қандай қызмет атқарады?
4. Рульдік механизмнің қандай турлері болады?
5. Червякті-роликті рульдік механизмнің қурылысы мен жұмысын айтып беріңіз!
6. Рульдік күшейткіш қай кезде қолданылады және қалай жұмыс істейді?
7. Басқару дөңгелектерін қалай тұрақтандырады?
--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------------

ІІ Ағымдағы нұсқау.
Тақырып: Автомобильдің тежеу жүйелері
Автомобильдің тежеу жүйесі, басқару жүйесі си- яқты, негізгі бір жүйелердің қатарына жатады. Себебі автомобильдің жүріс қауіпсіздігі, динамикалық си- паттамасы т.с.с. көптеген көрсеткіштері осы тежеу жүйесінің қызметіне көп байланысты. Жалпы автомобильді тежеу дегеніміз оның массасының кинетикалық энергиясын тежеу түріне қарай азайту немесе мүлде жою болып табылады. Ал автомобильдерді тежеудің екі түрі болады: бірі қызметтік тежеу, екіншісі авариялық тежеу.
Автомобильді қызметтік тежеу кезінде оның жүріс жылдамдығы белгілі бір шамага дейін азайтылады, ал авариялық тежеу кезінде автомобильдің жүріс жылдамдығын нольге дейін жеткізіп, оны тоқтатады. Қызметтік тежеу кезінде тежеу жүйесінен басқа қозғалтқыштың де кедергісін пайдалануға болады. Оны қозғалтқышмен тежеу деп атайды. Ол кезде жүріс жылдамдығының төмендеуі өте баяу болады. Ал авариялық тежеу үшін тек қана тежегіш жүйені пайдаланады.
Тежегіш жүйенің құрылысы негізінен екі тораптан тұрады: біріншісі тежегіш торап, екіншісі оның жетегі.

5.5-сурет. Гидравликалық жетегі бар тежеу жүйесі:
1-педаль; 2-басты цилиндр; 3-таратқыш кран; 4- жұмыс цилиндрі; 5-вакуумді күшейткіш; 6-вакуум түтігі;

Тежегіш тораптар да құрылыстарына қарай колодкалы немесе дискілі болып екіге болінеді, ал жетек торабының құрылысына қарай гидравликалық немесе пневматикалық жетек болып бөлінеді. Енді төменде солардың бір түрін қарастырып, басқаларының ерекшеліктеріне тоқталамыз.
5.5. суретте гидравликалық жетегі бар колодкалы тежеу механизмінің құрылысы көрсетілген. Мұндай жүйе автомобильдің әрбір жүріс дөңгелектерінде қойылған колодкалы тежегіш қондырғылар (4) мен гидравликалық жетек торабы болады. Гидравликалық жетек торабы жүргізуші педалінен (1), басты гидроцилиндрден (2), таратқыштан (3), вакуумдіқ күшейт- кіштен (5) және кері клапаннан (6) құралады.
Гидравликалық жетегі бар тежеу жүйесі мына төмендегідей жұмыс істейді. Автомобильді тежеу үшін жүргізуші педальді (1) белгілі бір күшпен (С) итереді. Сол кезде басты гидроцилиндр (2) ішіндегі толып тұрған сұйық тұтіктер арқылы тежегіш қондырғыдағы жұмысшы гидроцилиндрге (4) келеді. Ондағы жұмысшы поршендері сұйықтың қысым күшімен екі жаққа қарай жылжиді да оған жанасып тұрған тежегіш колодкаларды сыртқа қарай кереді. Бұл колодкалардың сыртында жүріс дөңгелектерімен бірге айналатын барабан киіліп тұрады. Енді колодкалар сол барабандарға жанасып, үйкеліс күшін тудырған- діқтан, автомобильдің жүріс дөңгелектерінің кедергілері артып, жылдамдіқтары азаяды. Сонымен тежегіш жүйе автомобильдің кинетикалық энергиясын үйкеліс арқылы жылу энергиясына айналдырып, қоршағанортаға таратып жібереді.
Осы жоғарыда айтылған тежеу жүйесіндегі автомобильді тежеу күші колодкалардың барабандарға итерілу күшіне байланысты. Олай болса, жүргізүшінің аяқ күшімен жасаған тежеу күші кейде жеткіліксіз болуы мүмкін әрі жүргізүшіні шаршатады. Сондықтанда осы жетекпен қатар істейтін пневматикалық күшейткіш қолданылады. Оның жұмыс схемасы
5.6-суретте көрсетілген.
Вакуумдіқ күшейткіштің құрылысы вакуумдіқ камерадан (18) клапандық механизмнен (8) және гидроцилиндрден (14) тұрады. Вакуумдіқ камера екі жартыдан жасалып ортасы диафрагма (2) арқылы екі қуысқа (А және Б) бөлінген. Диафрагма (2) серіппе (17) арқылы үнемі Б-қуысына қарай итеріліп тұрады. Оның ортасында шток (16) бекітіліп, поршеньге (21) киліп тұрады. Штоктың сол поршенге киілген ұшында жазық кесік жасалып, оған жалпақ итергіш (24) бос кіріп тұрады. Поршеньнің (21) ішінде шарикті клапанорналасқан. Оның жабылуы өз серіппесі арқылы, ал ашылуы жалпақ итергіш (24) арқылы болады.
Клапанды механизмде (8) екі клапан бар: ауа (5) және вакуум (9) клапандары. Екеуі бір оське (6) жалғастырылған. Ондағы екі қуыс (В мен Г) диафрағмамен (10) бөлінген. Диафрагманың табақшасына (11) поршень (12) бекітілген. Сол табақшаның (11) ортасындағы тесік арқылы В мен Г қуыстары жалғасып тұрады, ал сол тесікті вакуумді (9) клапан ашып- жабады.

5.6-сурет. Вакуумдіқ күшейткіштің жұмыс схемасы:
А,Б,В,Г-қуыстар; 1,15-тұтіктер; 2,10-диафрагмалар; 3,19-шлангалар; 4,7,17-серіппелер; 5-қүлыптағыш; 6-өзекше; 8-клапан; 9-вакуум кла- паны; 11-табақша; 12,21-поршендер; 13-юіапан; 14-цилиндр; 16-шток; 18-вакуум қуысы; 20-шарикті клапан; 22-шайба; 23-штифт; 24-итергіш.

Осылайша құрылған тежегіш күшейткіші мына төмендегідей жұмыс істейді. Автомобильді тежемей қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде ауа клапаны (5) серіппенің (7) көмегімен жабық ұсталады. Онымен бір оське бекітілген вакуум клапаны Бұл кезде ашық болады. Сонда В - қуысына ауа келуін тоқтатып, А мен Б қуыстары вакуум (9) клапаны арқылы қозғалтқыштың сору каналымен (19) жалғасып, олардың ішінде бір мөлшердегі вакуум пайда болады. Олайболса вакуум камерасының диафрагмасы (2) серіппенің (17) көмегімен цилиндр поршенін (21) ең сол жактағы шетінде ұстап тұрады. Поршень шетінде тұрғандықтан жалпақ итергіш (24) қораптың қыры- на тіреледі де оның екінші ұшына шарик (20) тіреледі де серіппесін қысып, ашық тұрады.
Автомобильді тежеген кезде, басты цилиндрден тұтікпен (1) келген сұйық ашық тұрған шарикті клапан (20) арқылы тұтік (15) арқылы дөңгелектер- дегі тежегіш цилиндріне беріледі. Осыған қосым- ша, басты цилиндрден келген сұйық қысымы пәр- шень (12) арқылы диафрагманың (10) табақшасына (11) беріледі. Егер қысым онша көп болмаса, онда ди- афрагманың (10) серіппе (4) күшін жеңе алмайды да диафрагма мен табақшасы қозғалмайды. Ал қысым көбейсе, тарелка жогары көтеріліп, оның ортасындағы тесік вакуум (9) клапанымен жабылады. Енді А мен Б қуыстары бір-бірінен ажырайды. Диафрагманың әрі қарай көтерілуі ауа клапанын (5) да ашады. Сонда А-қуысы қозғалтқыштың сору жүйесіндегі вакууммен жалғасқан күйінде тұрады, ал Б-қуысы ауа клапаны (5) арқылы сыртқы ауамен жалғасады. Енді вакуум каме- расындағы диафрагманың екі жағында екі түрлі қысым болады. Б-қуысында қысым көп, А-қуысында аз. Олай болса диафрагма (2) серіппе (17) күшін жеңіп пәр- шеньді (21) оңға қарай қозғайды. Сол кезде шарикті клапан (20) итергіштен (24) алшақтағандықтан серіп- песінің көмегімен жабылып қалады. Енді поршенді (21) диафрагма (2) мен бас цилиндрден келген сұйық қысымы бірігіп итереді де оның оң жағында қысым көбейеді. Осылайша тежеу күші артатын болады.
Алғашқы кезде В мен Г қуыстарында бірдей мөлшерде вакуум болады. Ал жоғарғыдағыдай тежеу кезінде вакуум клапаны (9) жабылып, ауа клапаны
(5) ашылғандықтан диафрагмаға (10) серіппе (4) күшінен басқа осы екі қуыстағы В мен Г қысым айырмашылығының салдарынан тағы да итеретін күшпайда болады. Сөйтіп диафрагма төмен жылжиді. Егер оны итеретін күш жеткілікті болса, онда ол ауа клапанын (5) жапқанша жылжи береді. Ауа клапаны жабылған кезде В мен Г қуыстарындағы қысым ай- ырмашылығының өзгерісі тоқталады. Онымен бірге диафрагма да тоқтайды. Сөйтіп поршеньді (21) белгілі бір қысыммен үстап тұрады. Сонда ол қысымның мөлшері жүргізүшінің тежеу жүйесіне жасалған қысы- мына пропәрционал болады. Себебі диафрагма (10) төмен қозғаларда оны итеріп тұрған поршендегі (12) сұйық қысымын да жеңуі керек. Қысым көп болса, ауа клапаны жабылады немесе керісінше.
Гидравликалық жетегі бар автомобильдің тежеу жүйесінің басқа тораптарының құрылысы мен жұмысы оншалықты күрделі болмағандықтан оларға түсінік берілмейді.

5.7-сурет. Пневматикалык жетегі бар тежеу жүйесі:
1-басгы тежеу краны; 2,6-тежеу камералары; 3-сақтандырғыш клапан; 4-қысым реттегіш; 5-компрессор; 7-ауа алатын кран; 8-ажыратқыш кран; 9-жалғағыш икемшік; 10-ресиверлер.

Көптеген автомобильдерде пневматикалық жетегі бар тежегіш жүйе қолданылады. Оның жұмыс принципі гидравликалық жетегі бар тежегіш жүйенің жұмыс принципінен айырмашылығы жоқ десе де болады. Тек гидравликалық тораптардың орнына ауаның қысымымен іске қосылатын пневматикалық тораптар қолданылады. Сондай пневматикалық жетегі бар тежегіш жүйенің бір түрі 5.7-суретте көрсетілген.

13.1 - сурет. Барабан типтес тұру тежеуіші
1 - бекіткіш кнопкасы, 2 - рычаг, 3 - қозғалмайтын диск, 4 - ажырату стержені, 5 - тежеуіш колодкасы, 6 - босату құрылғысы, 7 - барабан, 8 - қатайту серіппесі.9 - реттеуіш құрылғысы,10 - реттеуіш вннті, 11 - жетек рычагы, 12 - тартқыш

Автомобильді тежеу үшін тежеуішті 2 қолмен ығыстырады. Бұл кезде рычагтың төменгі шеті, тартқыш пен жетек рычагы 11 арқылы ілгері ығысып, шарикті ажырату стерженьніне 4 әсер етеді. Шариктің әсерінен колодканың жоғарғы шеті жылжып, оның фрикциялық жапсырмасы тежеуіш барабанына қысылады, ол тежеліп, өзімен қосылған трансмиссияның кардан білігінің айналуына бөгет жасайды.
Тежеуіш рычагы тежелген қалыпта тұрған кезде, сектордағы ілгешекпен бекітіледі. Тұру тежеуішті ажырату үшін кнопканы 1 басып, ілгешекті шығару керек, сөйтіп тежеуіштің рычагын ілгері ысырады. Қатайту серіппесінің 8 әсерінен колодка кері кетіп, бастапқы қалпына келеді. Қолодканың фрикңиялық жапсырмасы мен барабан арасындағы қажетті саңылау реттеуіш винтпен 10 реттелінеді.
Жалпы пайдаланылатын доңғалақты тракторда лента типтес тұру тежеуіші қолданылады (13.2 - сурет).
Тежелу лента мен барабан арасында пайда болған үйкеліс әсерінен туады, ол алдыңғы жетекші белдіктің жетек білігінің соңғы шетіне бекітілген. Шкив 4 шойын жапсырмасы бар болат лентаны 5 қамтиды. Оның бір шеті үлестіргіш қорабы корпусына бұралып, кронштейнге 9 бекітіледі, ал екіншісі кабинада орнатылған орталық тежеуіш басқаруының қол рычагы 12 бар тартқыш жүйемен қосылған. Тежеуіштің рычагы тіреуіш тісті құрылғымен бекітіледі.

13.2 - сурет. Лента типтес тұру тежеуіші

1 - реттеуіш болт, 2 - тежеу лентасының тірегі, 3 - созу серіппесі, 4 - шкив, 5 - тежеуіш лентасы, 6 - лентаның реттегіш гайкасы, 7 - тартқыш, 8 - саусақтар, 9 - кронштейн, 10 - компенсациялық серіппе, 11 - екі иінді рычаг, 12 - тежеуішті басқару рычагы.

Тежеуіш лентасы мен барабан аралығындағы біркелкі саңылау созу серіппесі 3 мен реттеуіш болт 1 арқылы қамтамасыз етіледі. Рычагты 12өзіне қарай ақырына дейін жылжытқанда, тартқыш жүйесі арқылы күш лентаға түседі, ол барабан айнала оралып, оны тежейді. Рычагты кері босатып жібергенде серіппе лентаны бастапқы қалпына келтіреді.
Жоғарыда айтылған тежеуіш механизмдерінен басқа Гидравликалық жетекті тежеуіш механизмі - автомобильдерде қолданылады. Ол тірек дискісіне орнатылған екі колодкадан, доқғалақ тежеуіші цилиндрімен, тірек саусақтарынан және реттеуіш эксцентриктен тұрады.
Пневматикалық жетекті тежеуіш механизмдері - бірқатар тракторлар мен автомобильдерде қолданылады. Ол доңғалақ тежеуіші механизмдерінен (тежеуіштер) және пневматикалық жетектен тұрады.

Тежеуіш жүйелерінің ақаулары
Толық тежелмеу мынадай себептерден болады: гидравликалық және пневматикалық жетектердің гидравликалық жетек жүйесіне ауаның енуі, ондағы тежеуіш сұйығының, тежеуіштің пневматикалық жетегіндегі ауаның жеткіліксіздігі, тежеуіш механизмдерін реттеудің бұзылуы, тежеуіш колодкалары мен барабандар жапсырмасының тозуы және майлануы.
Тежеуіш гидравликалық жетегі жүйесіне ауаның енуін, оның педалының болар-болмас қарсылықсыз түсіп кетуінен (<<педалдың құлап түсуі>>) анықтауға болады. Гидравликалық жетектен ауаны <<тежеуішті айдау>> арқылы шығарады. Бұл жұмысты екі адам мына жүйемен орындайды. Ең алдымен, басты цилиндрге тежеуіш сұйығы толтырылады, оның деңгейі құю тесігінің жоғарғы жиегінен 15-20 мм төмен етіп құйылады. Екеудің бірі оң жақтағы артқы дөңгелектің тежеуіш цилиндрінің қайта жіберу клапанынан резеңке қалпағын босатып алады да, клапан қалпақшасына ұзындығы 350- 400 мм резеңке шланг кигізеді. Шланганың екінші шетін ортан беліне дейін тежеуіш сұйығы құйылған жарты литрлік шыны ыдысқа салады да қайта жіберу клапанын айналымға бұрайды. Екінші адам (көмекші) тежеуіш педалын бірнеше рет жылдамдата басып, сонан соң жайлап босатады. Бұл қимыл сұйыққа жіберілген түтіктен ауа көпіршігі бөлініп шығуы тоқтағанға дейін қайталана береді. Педальды әрбір бес-алты қайтара басқан сайын, жүйеге ауа енбеуі үшін, басты цилиндрге тежеуіш сұйығын үстеп құяды.
Көпіршіктің бөлініп шығуы тоқтаған кезде, тежеуіш педалын тірелгенше басып тұрып, қайта жіберу клапанын нығыздап бұрайды.
Қайта жіберу клапанынан шланг алынып, оған резеңке қалпақша кигізіледі. Сонан соң тежеуіш цилиндрінің басқа доңғалақтарынан ауа мына жүйемен шығарылады: әуелі алдыңғы оң жақтағы, алдыңғы сол жақтағы және артқы сол жағындағы доңғалақтан шығарылады. Гидравликалық жетекте ауа болмаған жағдайда және тежеуіш механизмдері дұрыс реттелгенде, тежеуіш педалын басқан кезде, ол жүрістің жартысынан артық төмендемеуі тиіс.
Тежеуіш колодкасына май ақаулы сальник арқылы енуі мүмкін. Ақаулы сальникті айырбастау қажет, колодка мен барабандарды бензинмен жуу, ал колодканың фрикциялық жапсырмасын болат щеткамен тазалау керек. Колодканың тозған жапсырмасы мен барабандарын айырбастайды. Колодка мен барабан аралығындағы саңылау үлкейген жағдайда, тежеуіш механизмін реттейді.
Егер тежеуіштің пневматикалық жетегінде ауаның жеткіліксіздігі байқалса, онда оның ақауын анықтап, оны жөндейді.
Тежеуіштің дөңгелекке бір мезгілде әсер етпеуі салдарынан автомобильдің (трактордың) ауытқып не сырғанап кетуі мүмкін. Бір мезгілде тежелмеу себебінен, жетектің реттелуі мен тежеуіш механизмдерінің бұзылуы, тежеуіш жетегі білікшелерінің қажалуы, түтік өткізгіштері мен шланганың бітелуі мүмкін. Реттеу бұзылған болса, оны қалпына келтіру қажет. Егер білікше қажалатын болса, оны алып тазалап, майлау керек. Түтіктер мен шлангалар бітелген жағдайда, сығылған ауамен үрлеген жөн.
Дөңгелектің тежеуіш механизмдерінің қажалуы салдарынан, тежелудің тоқталмауы мүмкін. Қажалудың себебі тежеуіш колодкасы жапсырмасының үзіліп кетуінен, тежеуіш барабанына олардың жабыса қатып қалуынан, колодкалардың қатайту серіппелерінің сынуынан, басты тежеуіш цилиндрінің ауа және компенсациялық тесігінің бітелуінен, дөңгелекті тежеуіш цилиндрлеріндегі поршеньнің кептеліп қалуынан да болады. Тежеуіш колодкаларындағы жапсырманың жабыса қатып қалуын тежеуіш барабандарын қыздыру арқылы жоя алады. Сынған детальдар ауыстырылады. Басты тежеуіш цилиндріндегі бітеліп қалған тесіктер мыс сыммен тазартылады. Поршень кептеліп қалған жағдайда доңғалақ тежеуіш цилиндрін ауыстырады. Тұру тежеуішінің ақаулығы барабан мен колодка (немесе тежеуіш лентасы) аралығындағы саңылаудың ұлғаюы нәтижесінде болады. Бұл ақаулық тежеуішті реттеу арқылы жойылады
Пневматикалық жетегі бар тежегіш жүйе дөңгелектерге қойылган тежегіш тораптарға қоса компрессәрдан (5), тежеу кранынан (1), тежеу камералары- нан (2,6), ауа ыдыстарынан (10) және басқа реттегіш, сақтандырғыш тораптардан құралған.
Мұндағы компрессор (5) қозғалтқыштан белдікті беріліс арқылы қозғалыс алады да ауа қысымын тудірып, қысылған ауаны ыдыстарға (10) айдап кіргізеді. Ауа ыдыстары қысылған ауаның автомобильді бірнеше рет тежеуге жететін қысылған ауа қорын жасау үшін қолданылады. Ол өте толып кеткен жағдайда, сақтандырғыш клапан (3) арқылы қысылған ауаны сыртқа шығарып жібереді.
Ыдыстардағы (10) қысылған ауамен тұтік арқы- лы тежеу краны (1) жалғасқан. Ол жүргізүшінің тежегіш педалі арқылы іске қосылады, яғни педальді басқанда ол ашылып, ыдыстағы қысылған ауаны тұтіктер арқылы тежегіш камераларға (2,6) жібереді. Тежегіш камераларға келген ауа қысыммен оның диафрагмасын итереді де онымен жалғасқан тежегіш торапты іске қосады. Тежеу аяқталғаннан кейін, қолданылған ауа кран (1) арқылы сыртқа шығарылады.
Осындай пневматикалык жетегі бар тежегіш жүйенің негізгі кемшілігіне оның іске қосылу уақытының көбірек екенін жатқызуға болады. Мысалы гидрав- ликалық жетектің іске қосылу уақыты шамамен
2 с. болса, пневатикалық жетекте 0,6 с. дейін жетеді. Себебі мұндағы тежегіш камералар мен тұтіктерді қысылған ауамен толтырғанша біраз уақыт кетеді.

ІІІ Қортынды нұсқау.
Бір күндік қортынды шығару. Орындалған жұмыстарға сарапта жасау. Әрбір білім алушының орындаған жұмысын сапасын бағалау. Білім алушының ішінен кім жақсы көрсеткішке ие болғанын атап айту. Білім алушылардың жұмыс барысында едәуір жіберген қателіктерін талдау.
Үй тапсырмасы.
Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П.Жүнісбеков. 234-244 бет

Топ шебері: ____________________________________

Ұқсас жұмыстар
Автокөліктің тежеуіш жүйелеріне қойылатын талаптар
ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Студенттердің білімін бағалау
Автомобильдің пневматикалық және гидравликалық тежеу жүелері
Автомобильдің жай - күйін анықтау тәсілдері
Майлау және тазалау жұмыстары
Автокөлік құралдарын пайдаланудағы техникалық күйінің өзгеру себептері
Автоматты беріліс қорабын басқару
Тежегіш сұйықтығын ауыстыру
Автомобильдердің жай - күйін анықтау жүмыстарын ұйымдастыру
Пәндер