Кабина және қосымша жабдықтары: автомобиль шанақтарының түрлері мен сипаттамалары

Пән аты: Өндірістік оқыту

Топ № 13 Мамандығы: «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Квалификациясы : «Автокөлікті жөндеу слесары»

БЕКІТЕМІН

Аға шебер Т. Тажиметов.

20 ж

№­­ 29 ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ

  1. Сабақтың тақырыбы: Кабина және қосымша жабдықтары
  2. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімділік қабілетін арттыру
  3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Мамандыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру
  4. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау логикалық қабілетін дамыту
  5. Сабақтың көрнекілігі: Оқу өндірістік шеберханасы, плакат, оқулықтар

САБАҚ БАРЫСЫ

І Кіріспе нұсқау:

А) Тәртіп секторының баяндамасын қабылдау;

Б) Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару, құрал-жабдықтарын тексеру;

В) Оқушыларды жұмыс орнына отырғызу, кезекші тағайындау;

Г) Техника қауіпсіздігін еске салу;

Д) Бұрын өтілген оқу материалын еске алу;

1. Тежегіш жуйесінің қандай турлерін білесіз!

2. Гидравликалық жетегі бар тежегіш жуйесінің жалпы қурылысы мен жұмысын түсіндіріңіз!

3. Негізгі гидроцилиндрдің қызметі не?

4. Тежегіш күшейткіші не үшін қолданылады?

5. Күшейткіштің жұмысын түсіндіріңіз!

6. Пневматикалық тежегіш жуйесінің жалпы құрылысы мен жұмысын түсіндіріңіз!

Ағымдағы нұсқау:

Тақырып: Кабина және қосымша жабдықтары

Шанақ (Кузов) - Жолаушы мен жүкті тасымалдауға арналған көліктің құрамдас бөлігі. Шанақ көліктің рамасына бекітіледі. Рамасы жоқ шанақтардың түрлері де болады. Оларға көліктің қалған құрамдас бөліктері бекітіледі. Жеңіл көліктердің кең таралған шанақ түрлерін қарастырайық.

Минивэн - көліктің рөлі машинаның алдыңғы білігінің тура үстінде орналасқан, біркөлемді, жолаушыларды тасымалдауға арналған шанақ түрі. Бұл анықтамаға жапондық және корейлік көліктерді жатқызуға болады.

Описание: http://massaget.kz/userdata/uploads/u17/minivan.jpg

Кабриолет - жиналмалы төбесі бар шанақтың түрі. Жұмсақ жиналмалы тент пен шешілмелі бүйір терезелермен жабдықталады. Халықаралық классификацияға байланысты бұл көліктің бүйір терезелері түсірілмелі емес, шешілмелі.

Описание: http://massaget.kz/userdata/uploads/u17/cabriolet.jpg

Купе - екі немесе үш көлемді есіктері бар жолаушылар шанағы. Бір негізгі немесе бір негізгі және бір қосымша отырғыштар қатарымен жабдықталады.

Описание: http://massaget.kz/userdata/uploads/u17/kupe.jpg

Лимузин - жолаушылар шанағы, бірінші мен екінші қатарлардың арасында қорғаныс қалқасы болады. Германияда бұндай шанақты көліктерді Pullman деп атайды. Кейде лимузин деп құрамында 3 тен кем емес отырғыштар қатары болатын көлікті атайды.

Описание: http://massaget.kz/userdata/uploads/u17/limo.jpg

Пикап - жолаушы мен жүкті тасымалдауға арналған шанақ түрі. Жүкті орнату платформасы ашық түрде орындалған. Көлік кабинасы мен жүк салғыш стационарлы қалқамен ажыратылған.

Описание: http://massaget.kz/userdata/uploads/u17/pickup.jpg

Родстер - ашық, екі орынды жолаушыларға арналған шанақ түрі. Алынбалы, жұмсақ төбесі болады.

Описание: http://massaget.kz/userdata/uploads/u17/roadster.jpg

Седан - үш көлемді, төрт есігі бар көлік шанағының кең таралған түрі. Шет елдерде басқа атауларға ие: АҚШ - Sedan, Англия - Saloon, Франция - Berline, Германия - Limousine, Италия - Berlina.

Описание: http://massaget.kz/userdata/uploads/u17/sedan.jpg

Универсал - үлкен көлемді жүкті тасымалдайтын орны бар жолаушылар шанағы. Артқы отырғыштар қатарын алып тастауға болады. Соның салдарынан жүк салғыштың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Екі көлемді, артқы есігі бар шанақтың жүк салғыш орны жолаушылар салонынан қалқамен қоршалмаған.

Описание: http://massaget.kz/userdata/uploads/u17/universal.jpg

Фургон - шанағы жабық жүк көлігі. 2. Жүк пен жолаушыны тасымалдайтын көліктің шанағы. Жолаушы мен жүк орындары бір-бірінен қалқамен қоршалған. 80-90 жылдары қосымша отырғыштар мен бүйір тереземен жабдықталған көліктер үлкен сұранысқа ие болған. Басқа атаулары: Англия - Van, Германия - Kastenwagen, Франция - Fourgonette.

Описание: http://massaget.kz/userdata/uploads/u17/furgon.jpg

Хэтчбек - универсалға ұқсас шанақ түрі. Айырмашылығы еңкейтілген артқы есігінде, сондықтан жүк салғыштың көлемі де кішірек болады.

Описание: http://massaget.kz/userdata/uploads/u17/hetchbek.jpg

ІІІ Қортынды нұсқау.

Бір күндік қортынды шығару. Орындалған жұмыстарға сарапта жасау. Әрбір білім алушының орындаған жұмысын сапасын бағалау. Білім алушының ішінен кім жақсы көрсеткішке ие болғанын атап айту. Білім алушылардың жұмыс барысында едәуір жіберген қателіктерін талдау.

Үй тапсырмасы.

Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы П. Жүнісбеков. 234-244 бет

Топ шебері:


Ұқсас жұмыстар
Электроизоляциялық материалдар мен кабельдер: сипаттамалары, түрлері және қолданылуы
Автомобиль кузовы мен қаңқасы: түрлері, қызметі және айырмашылықтары
Автомобиль сүзгілерінің құрылғысы, түрлері және қызмет көрсетуі
Автомобиль генераторларының түрлері мен құрылысы (37.3701 генераторы мысалында)
Өндірісті автоматтандыру пәні: Датчиктер - түрлері, сипаттамалары және қолданылуы
Автокөлік жолдарының сипаттамалары мен элементтері және жүріс қауіпсіздігі
Коваленттік байланыс: түзілуі, түрлері және негізгі сипаттамалары
Қол тігістері: түрлері, құрал-жабдықтары және бүгіп көктеу тігісі
Автомобиль стартерінің жұмыс істеу принципі, құрылысы, түрлері және техникалық қызметі
Өндірістік оқыту: Автомобиль және экология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz