Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Автокөліктің тежеуіш жүйелеріне қойылатын талаптар

ТҮРКІСТАН АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
<<Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ>> МКҚК

Бекітемін
Д.Қонаев атындағы
аграрлық техникалық
колледжі директоры
____________И.Исмаилов <<___>>____________2021 ж
Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тежеу жүйесі

Арнайы пән оқытушысы: А. Раимкулов

Қарабұлақ-2019ж

Өтілген күні:
Пән аты: Автомобиль құрылымы
Топ: № Асл 9-201
Мамандығы: 1201000-<<Автомобиль көлігіне қызмет көрсету,жөндеу және паыдалану>>
Біліктілігі: 1201082-<<Автокөліктер шанағын жөндеуші шебері>>

Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Тежеу жүйесі
Сабақтың мақсаты: Тежеу жүйесін үйрену, бөлшектеу және жинау бойынша операцияларды орындау
Тәрбиелік: Тежеу жүйесін бөлшектеу және жинау бойынша машықтар мен дағдыларды меңгеру.
Дамытушылық: Тежеу жүйесі туралы түсінігін кеңейтіп, олардың тұрмыс-техникада қолдану маңыздылығын білу студенттерді жүйелі түрде ойлауға бағыттау.
Сабақтың түрі: Түсіндіру, аралас
Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: Тежеу жүйесі бөлшектері, құрал-саймандар
Көрнепіліктер: Плакат, слайд, инстурменттер жиынтығы
Сабақта қолданылытын әдіс-тәлідер: Түсіндіру, проблемалық оқыту
Сабақ өткізілетін орын: Шеберхана

Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Оқушылардың көңіл-күйіне, сырт көрінісіне назар аудару.
Кіріспе нұсқау:
Сабақ тақырыбын баяндау
Тапсырмаларын беру және оны орындау тәртібімен таныстыру.
Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудан нұсқау.
Бұрын өтілген оқу материалын еске алу.
Бұрын өтілген оқу материалын еске алу:
Автокөліктің рөлдік басқарылуы қандай негізгі элементтерден тұрады?
Жеңіл автокөліктерде рөлдік механизмдердің қандай түрлері қолданылады?
Рөлдік жетек қандай негізгі бөлшктерден тұрады?

Кіріспе
Тежеуіш жүйесі автомобильдің жылдамдығы тежеп, оны шұғыл тоқтатуға және орнында тоқтатып ұстап тұру үшін пайдаланады. Сенімді тежегіш жүйелері оның орташа жылдамдығын көбейтіп және автоомобильді қауіпсіз пайдалануды арттырады.
Автомобильдерді тежеуге, тежеу механизмдерімен бірге қозғалтқышпен де тежеуді, аэродинмикалық тежеуді пайдаланады. Қозғалтқышпен тежеуді автомобиль жоғарыдан төмен түсіп келе жатқанда қолданады. Мұны қозғалтқыштың айналу жылдамдығын азайту арқылы жүргізеді. Аэродинамикалық тежеуді автомобильдердің жарысы кезінде өте жоғары жылдамдықты азайту үшін (парашют, арнайы қалақша) қолднылады. Бұл құрылғыларды іске қосқанда ауа кедергісі ұлғайып, автомобильдің жылдамдығын азйтады. Автомобильдерде өте көп тараған тежеуіштің түрі - механикалық тежеуіштер. Оларды фрикционды тежеуіш механизмдер деп айтамыз. Фрикционды тежеуіш механизмдер дискілі және атанақты болып бөлінеді.
Тежегіш педалін босатқанда, серіппелер педальді бастапқы қалпына қайтарады, ал серіппе 5 тежегіш қалыпты 7 атанақтан кері қайтарады. Атанақпен 6 тежеуіш қалыбының 7 арасында саңылау пайда болып, атанақ доңғалақпен бірге айналады. Атанақты тежеуіш механизмдері жүк автомобильдерінің доңғалақтары мен трансмиссияларында, ал кіші және орта класты жеңіл автомобильдердің артқы доңғалақтарын тежеуге қолданады.
Дискілі тежеуіште диск доңғлақпен бірге айналады, қалыптары(колодкалар) айналмайды. Тежеу кезінде қалыптар дискіні екі жағынан қысып тежейді. Дискілі тежеу механизмдері жоғары классты жеңіл автомобильдердің алдыңғы және артқы доңғалақтарында, ал кіші және орта классты автомобильдердің алдыңғы доңғалақтарында қолданылады.

Жаңа сабақті түсіндіру.
Тақырыб:
Автокөліктің тежеуіш жүйелерінің мəні жəне құрамы.
Автокөліктің тежеуіш жүйелері оның жылдамдығын тоқтағанға дейін азайтуға жəне оны қозғалмайтын күйде ұстап тұруға арналған. Жеңіл автокөліктер жұмыс, қосалқы жəне аялдау тежеу жүйелерімен жабдықталған.
Автокөліктің кез келген тежеу жүйесі басқарушы құрылғыны, тежеуіш жетегін жəне тежеуіш тетіктерін қамтиды.
Басқарушы құрылғы тежеуші жүйені əрекетке келтіру үшін қызмет етеді жəне өзіне көлік жүргізушісінің бұлшықет күші есебінен əрекет ететін басқару органын (басқыш немесе иінтірек), сонымен қатар автокөлікті тежеу кезінде басқару органына көлік жүргізушісінің күшін азайтушы энергиямен жабдықтаушы қосымша құрылғыны қамтиды. Қосымша энергиямен жабдықтаушы құрылғысы бар тежеу жүйесі энергиямен жабдықтаушы, ал мұндай құрылғысы жоқ - бұлшық еттік деп аталады. Тежеу жүйесінде энергиямен жабдықтаушы ретінде пневматикалық, гидравликалық жəне электр энергиясымен жұмыс істейтін құрылғылар пайдаланылады.
Тежеуіш жетегі басқарушы немесе энергия жабдықтаушы құрылғыдан тежеуіш тетіктеріне күшті үлестіру жəне беру үшін қызмет етеді. Ол механикалық, гидравликалық, пневматикалық, вакуумдық, электрлі немесе құрамалы, мысалы гидропневматикалық болуы мүмкін. Қазіргі уақытта жеңіл автокөліктерге гидравликалық (жұмыс жəне қосалқы тежеуіш жүйелерге) жəне механикалық (аялдау тежеуіш жүйесіне) жетек қолданылады. Ал таяу келешекте электрлі басқарумен тежеуіштердің электрлі жетектерін тарату күтілуде.

Автокөліктің тежеуіш жүйелеріне қойылатын талаптар.
Тежеу автокөліктің қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басты тəсіл болып табылатындықтан оның тежеуіш жүйесінің саулығына жəне жұмысының тиімділігіне пайдалану үдерісінде ең жоғары талаптарды жүктейді. Жол жүру ережесімен жұмыстық тежеуіш жүйесінде ақаулар болғанда, сонымен қатар автокөлікті оның жұмыстық жəне аялдау тежеуіш жүйесінің бекітілген нормаларға тиімділіктерінің сəйкессіздігі жəне гидравликалық тежеуіш жетегінің бітеулігі бұзылған кезінде автокөлік қозғалысына тыйым салынады
Автокөліктің тежеуіш жүйесінің тиімділігін тексеру ГОСТ Р 51709
-- 2001 сəйкес оның санамасы нəтижесінде жүргізіледі. Тежеуіш жүйесінің тиімділігінің біршама нақты анықтамасы атанақты түрдің арнайы диагностикалық стендінде автокөлікті сынамалау кезінде қамтамасыз етіледі.

Жұмыстық тежеуіш жүйесінің тиімділігін автокөлік доңғалақтарының тежеуіш жүйелерімен дамытылатын меншікті тежеуіш күшінің 64 % кем болмауы керек шамасы бойынша бағалайды. Меншікті тежеуіш күші алдыңғы жəне артқы доңғалақтарының осьтері үшін доңғалақтардағы берілген осьтегі автокөлік салмағына келетін тежеуіш күшінен жеке анықталады. Сөйтіп бір осьтегі доңғалақта дамытылатын меншікті тежеуіш күштерінің əр түрлілігі 9 % аспауы керек, ал тежеуіш басқышына ұсынылатын күш беру 50 кг аспауы керек.
Аялдау тежеуіш жүйесі стендте сынамалау кезінде артқы доңғалақтарда жалпы меншікті тежеуіш күшін əр доңғалақтағы тежеуіш жүйесінің біркелкі еместігін есептемегенде 16 % болмауы керек. Осылайша аялдау тежеуіш жүйесінің басқару иінтірегіне ұсынылатын күш беру 40 кг аспауы керек.
Қорытынды:
А) Оқушылардың білімін бағалау.
Б) Алған бағаларын топқа жарияланады.
В) Жұмыс орнын жинастыру.
Өтілген оқу материалын бекіту:
Кез келген тежегіш жүйесі қандай негізгі бөліктерден тұрады?
Жеңіл көліктерде қандай тежегіш жүйелер қолданылады жəне олардың жетегі қандай болады?
Автокөліктің тежегіш жүйелеріне қандай талаптар қойылады?
АБС не үшін қызмет етеді жəне оның жалпы құрылымы мен əрекет ету қағидасы қандай?
Бұрмалы жəне өзгермелі құрсандары бар бараанды тежегіш механизмдер қалай құрастырылған жəне олардағы алдыңғы тежегіш құрсандар артқыға қарағанда неліктен тез тозады?
Тегерікті тежегіш механизмдер қалай құрастырылған жəне барабандарға қарағанда олардың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
Жұмыс бабындағы тежегіш жүйенің гидрожетек жүйесі қандай элементтерден тұрады?
Тоқтату тежеуіш жүйесі қалай құрастырылған жəне неліктен ол механикалық жетекке ие?
Үй тапсырмасы:.
П. Жүнісбеков автомабильдің құрылысы және пайдаланылуы.

Арнайы пән оқытушысы: А. Раимкулов

Ұқсас жұмыстар
Автомобильдің тарту - экономикалық қасиеттерін диагноздауға арналған стендтер
Топтық ашылған чатқа кіру
Автокөліктің жалпы құрылымы
Майлау және тазалау жұмыстары
Өлшеу камераларпы
Автомобильдің тежеу жүйелері
Электрондық басқару блогы
Автомобиль көлігін басқарудың электронды жүйелері, автомобильдердің электронды жүйе сезгілертері
Автокөлік жүргізушінің қауіпті жол жағдайларда орындайтын әрекеттері
Қоректендіру жүйесіне ТҚК дегі талаптар
Пәндер