Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қашау тәрізді наральникті қопсытқыш табандарда ашылуы бұрышы

САБАҚ ЖОСПАРЫ № ____

Сабақтың тақырыбы: Жаппай қопсытқыштың құрылысын үйрену
Топтар
ТР 9-192

Сабақ өтетін күн
17.09.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
1. КПС-4 культиваторының қызметі не?
2. КПС-4 культиваторы құрылысы қандай?
3. КПС-4 культиваторы қандай жылдамдықпен жерді өңдейді?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Жаппай қопсытқыштың (культиватордың) құрылысын үйрену

Культиватор топырақты қопсытуға, арамшөпті отауға, тыңайтқыш шашуға, түптеуге арналған. Атқаратын қызметіне қарай топырақты жаппай өңдейтін және қатар аралықты өңдейтін культиваторларға бөлінеді. Тракторға тіркеу әдісіне байланысты тіркемелі және аспалы болып бөлінеді. Культиваторлар жебе сияқтя табан мен де серіппелі тістермен де жабдықталуы мүмкін. Негізгі құрастыру бөлшектері суреттегі көрсетілгендей- рама, тіркеу тетігі, доңғалақ, жұмыс орғандарының тереңдңгңн реттейтін механизм, тырманы асатын құрал, көлденең білеушелермен жұптасып жалғанған.
Культиваторлармен топырақты жаппай өңдеуді алдыңғы өңдеуге көлденең бағытта 9-12 км/сағ жылдамдықпен жүргізу керек.
Культиватордың жұмыс органдары - жебе тәрізді және қопсытқыш табандар. Әмбебап жебе тәрізді табанның найза тәрізді наральнигі қатты тірекке 2 бекітілген. Табан жүзі көлденең жазықтықпен 23...300 құрайды, ашылуы бұрышы 60...650, алым ені 270 және 330мм. Әмбебап табандар топырақты жақсы қопсытып, арамшөптерді толық кеседі. Оларды топырақты 12см тереңдікке дейін өңдеуде қолданылады.
Қашау тәрізді наральникті қопсытқыш табандарда ашылуы бұрышы 60 ...700 тең екі кескіш жүзі бар. Наральниктер серіппелі қатты тіректерге бекітілген. Екі ұшты наральниктерді бір ұш тозса, 1800 бұрып орнатады.
Серіппелі тіректерге орнатылған алым ені 20...50мм табандар топырақты 16см тереңдікке дейін өңдеуге, тамырөркенді арамшөптердің тамырын жұлуға және жоғары ылғалды топырақты культивациялауға қолданылады.
Доға тәрізді орнатылған табандар тассыз топырақты жерлерді өңдеуде қолданылады. Тасты топырақты S- тәрізді тіректе орнатылған табандармен өңдейді.
КПС-4 культиваторы 12 км/сағ жылдамдықпен сүрлік жерді жаппай өңдеуде, топырақты тұқым себер алдында қопсытып, арамшөптерді кесіп және тырмалауда қолданылады. Алым ені 4м, өңдеу тереңдігі 5 .... 12см.
Культиваторлардың негізгі жанастыру бірліктері : дәнекерленген рама , тіркеме , жұмыс органдарының өңдеу тереңдігін реттейтін винттік механизмді тірек доңғалақтар , табандар бекітілген грядилдер , тырма бекітетін аспа қондырғы және гидроцилиндр жатады.
Культиватор әртүрлі модификацияда шығады: КПС-4 тіркемелі, КПС-4-02 аспалы әмбебап, жебе тәрізді табанды, КПС-4-01 тіркемелі және КПС-4-03 аспалы доға тіректе орнатылған қопсытқыш табанды, КПС-4-04 тіркемелі және КПС4-05 аспалы - тәрізді тірекке орнатылған қопсытқыш табанды.
Табан тіректері рамаға топсалы бекітілген грядильдерге орнатылған. Жебе тәрізді табандар екі қатарға шахмат тәртібімен орналыстырған. Арамшөп аз тараған аңыздықты өңдегенде алдыңғы қатарға қысқа грядильдерге алым ені 270мм табандарды, ал артқы қатарға ұзын грядильдерге алым ені 330мм табандар орнату керек. Арамшөптердің тамырын толық кесу үшін табандардың кесу жүздері әр жағында алдыңғы табандарының жүзін 40....50мм жауып тұруы қажет. Арамшөп көп жайылған аңыздықты өңдеуде қысқа және ұзын грядильдерде алым ені 330мм табандарды орнатады.
Қопсытқыш табандарды көлденең үш қатарға орналыстырады. Қысқа грядильдерде бір, ал ұзын грядильдерге қосталған ұстағыш арқылы екі табан бекітіледі. Көрші қарықтар ара қашықтығы 167мм. Өңдеу тереңдігін реттегіштің винтімен тірек доңгалағының рамаға орналасу жағдайын өзгерту арқылы қояды.
Жебе тәрізді табанның грядильге болт пен ұстағыш арқылы бекітеді. Болтты 3 бұрғанда тірек ұстағыш бойымен қозғалып, табанның көлденең жазықтыққа көлбеулігін өзгертеді. Жеңіл топырақты және таяз өңдеуде табанның кесу жүздері алаңның тегіс бетіне толық тиіп тұруы керек. Ауыр топырақты және терең өңдеуде табан тұмсығы алға 2...30 еңкейіп орнатылуы қажет. Алға көп еңкейтілген табан алдына топырақ жинайды, ал шалқайтылған табан топыраққа нашар тереңдейді.
Жұмыс органдарды орналастыру, оларды реттеу және берілген өңдеу тереңдігіне қою жұмыстарын тегіс алаңда өткізіледі. Культиваторларды жұмыс жағдайына келтіріп, оның доңғалақтарының астына қалыңдығы өңдеу тереңдігінен 2...4см-ден кем кесектер қояды (доңғалақтардың топыраққа ену тереңдігін ескерту). Реттегіштің винтін бұрау арқылы табандар алаң бетіне тигенше раманы түсіреді. Сонда рама көлденең жағдайда, ал басқыш штангалардың қалпақшалары бұрыштамаларға тіреліп тұруы қажет.
Егер қалпақшалар бұрыштамадан жоғары немесе табандар тірек бетке тимей тұрса, болттарды босатып) табан тірегін ұстағыш бойымен жоғарғы немесе төмен қозғайды Арамшөбі көп және топырағы қатты жерлерді өңдеуде серіппенің қысымын тіректің орнын өзгерту арқылы реттейді. Барлық штангаларда серіппе қысымы біркелкі болуы керек, ал тракторлар доңғалағы ізімен жүретін табандар штангасында серіппе қысымен көбейтеді.
КШУ-6 және КШУ - 12 культиваторларының атқаратын жұмысы КПС - 4 ұқсас.
КШУ-12 культиваторы бас, екі орта және екі шеткі секциялардан тұрады, олар бір-бірімен топсалы бекітіледі. Секциялар жұмыс жағдайында бір жазықтықта орналасады. Бас секция қосарланған доңғалақтарда, ал шеткілер бір доңғалақтарда орналасқан. Алыс қашықтықта тасымалдандағанда орта және шеткі секциялар бас секциядан бұрылып тік жағдайда бекітіледі. Секцияларға алым ені 330мм әмбебап табандарды немесе серіппелі бекітілген қопсытқыш табандар, серіппелі тырма немесе шыбықты каток орналыстырады. Барлық табандардың өңдеу тереңдігін реттегіштің винтін бұрау арқылы, ал жеке табандарды тіректерін ұстағышта жылжытуымен реттейді. КШУ-12 - культиваторының алым ені - 12м, ал КШУ -6 - 6м.
КШП - 8 және КПЗ-9,7 культиваторының топырақты тұқым себер алдында 6...12см тереңдікке дейін қопсытуға, топырақ бетін тегістеуге және пар өңдеуде қолданылады.
Бұл культиваторлар секциялы, жиналмалы, төрт қатарға орналастырылған S - тәрізді тірекке бекітілген қопсытқыш табандармен, тегістегіш бруспен , шыбықты катоктармен немесе тісті тырмалармен жабдықталған. Ылғалды және ауыр топырақта тісті тырмалар, ал жеңіл топырақта катоктар қолданылады. КШП-8 культиваторының алым ені - 8 м, ал КПЗ-9,7 - 9,7м.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Жаппай қопсытқыш (культиватор) неге арналған?
2. Культиваторлардың негізгі жанастыру бірліктеріне нелер жатады?
3. КШУ-12 культиваторының құрылысы?
4. КШП - 8 және КПЗ-9,7 культиваторлыры қай кезде қолданылыды?

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
1. Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
2. Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Культиватор МТЗ
Тұқым сепкіштің жұмыс процесі мынадай
Үгілмелі қамырдан тағам даярлау
Практика Қатараралықты өндеуге арналған машиналар
Ағаш өңдеуге арналған қазіргі заманғы технологиялық машиналар
Тұқым себетін аппараттар
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ . Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Геометриялық пішіндердің ғажайып әлемі
Қамыр қопсытқыштары
Саятшылық құстары жайлы
Пәндер