Топырақ эрозиясына ұшыраған жерлерді өңдейтін машиналар

САБАҚ ЖОСПАРЫ №
Сабақтың тақырыбы: Катоктар. Топырақ эрозиясына ұшыраған жерлерді өңдейтін машиналар.
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
- Сыдыра жыртқыш неге арналған?
- Сыдыра жыртуда қандай сыдыра жыртқыштар қолданылады. ?
- Сыдыра жыртқышты қай тракторларымен агрегаттайды?
- Сыдыра жыртқыштардың маркасы қалай оқылады?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Катоктар. Топырақ эрозиясына ұшыраған жерлерді өңдейтін машиналар.
Табиғи жемшөптік жерлерді жақсарту үшін бірқатар дақылдық- техникалық және агротехникалық іс-шаралар жүзеге асырылады. Шабындықтар мен жайылымдарды үстірт және түбегейлі жақсарту осы іс-шаралардың негізін құрайды.
Үстірт жақсарту егістіктерді қоқыстан тазартудан, томарлар мен бұталарды жоюдан, тыңайтқыштар енгізуден, шөптер егуден, тырмалаудан және саңылаулаудан тұрады. Бұл ретте шығымдылығы мен жемшөптік қасиеттері артатын табиғи өсімдіктер сақталады.
Түбегейлі жақсарту дақылдық жайылымдар алу мақсатында табиғи өсімдіктерді бағалы дақылдармен ауыстыруды көздейді. Түбегейлі жақсарту кезінде топырақты соқамен, дискілі тырмалармен, фрезалармен өңдеуді жүргізеді; тыңайтқыштар енгізеді және шабындық шөптердің тұқымдарын егеді.
Шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту үшін тыңайтқыштар шашқыштарды, топырақ өңдеуші және арнайы машиналар - шабындық тырмаларын, томар кесуіштерді, шабындық агрегаттарын және т. б. қолданады.
БПК-3, 6 шабындықтық құрама тырмасы дақылдық жайылымдардағы жануарлардың қиларын және көртышқандар індерінің жаңа төмпешіктерін ұсақтауға және тегістеуге арналған.
Жақтау алдыңғы, артқы және екі бойлық білеулерден, сондай-ақ екі кергіден тұрады. Жақтаудың алдыңғы білеуі дөңгелек қималы түтіктерден дайындалған. Білеудің ортаңғы бөлігінек таған және трактордың ілмегіне қосуға арналған тармақтар балқытып жапсырылған. Артқы және бойлық білеулер тіктөртбұрыш қималы түтікті білдіреді.
Бұзып таситын жұмыс органдары - бұл өзара топсалы мүшеленген тарақшалардың екі қатары.
Тырманың жақтауына қосқыш буындармен еркін айналатын төрт иірмекті секция бекітілген. Бұл секциялар көртышқан індерінің төмпешіктерін, жануарлардың қиларын, томарларды ұсақтайды және оларды егістіктің бетіне шашады.
БПК-3, 6 тырмасы Т-30 тракторымен агрегатталады.
АПЛ-1, 5 топырақ өңдейтін шабындықтық агрегаты топырақты бір мезгілде терең қопсыту арқылы өнімділігі төмен шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту және жаңартуға, минералды тыңайтқыштарды енгізуге, бүркеме дәнді дақылдарды бір мезгілде егумен бірге шөптер егуге және егістік бетін егуден кейін нығыздауға арналған.
Агрегат жақтаудан, фрезадан, тыңайтқыштарды енгізуге және дақылдар мен шөптердің тұқымдарын себуге арналған тұқым сепкіштерден, нығыздағыш тегістеуіштан, көлік дөңгелектерінен және гидрожүйеден тұрады.
Фреза топырақты қопсытады, минералды тыңайтқыштарды топырақпен араластырады, лақтырылған толпырақтың фракцияларымен тұқымдарды отырғызады. Фреза трактордың ҚІБ-нен іске қосылады.
Минералды тыңайтқыштарды себуге арналған тұқым сепкі жәшіктен, тәрелке тәрізді себуші аппараттан, беріліс механизмінен және егуді реттегіштен тұрады.
Дақылдық сепкіштің шарғылық тұқым себетін аппараттары бар. Шөптер мен дәнді дақылдардың сусымалы емес тұқымдары люктер, тұқым құбырлары және қыртөсті түрендер арқылы топыраққа фреза жүріп өткеннен кейін түседі. Сусымалы тұқымдар топыраққа тұқым құбырлары арқылы шашылып түседі, содан кейін топырақтың шөгілген фракцияларымен жабылады.
Тұқым себетін аппараттар тізбекті беріліс арқылы тегістеуіштан іске қосылады. Фреза жүріп өткеннен кейін, тегістеуіш топырақты тығыздайды және тұқымдарды түпкілікті отырғызады.
Топырақты терең қопсыту тереңдігін бұранда типті механизммен реттейді.
Агрегатты жұмыс және көлік жағдайын ауыстыруды екі гидроцилиндрдің және жоғары қысымды құбыршектердің көмегімен жүзеге асырады.
Агрегат ДТ-75Н және Т-153 тракторымен жұмыс істейді.
Сортаң топыраққа арналған АЛС-2, 5 шабындықтық агрегаты сортаңды кешендердегі өнімділігі төмен жемшөптік жерлерді топырақты қабаттап өңдеу арқылы түпкілікті жақсартуға арналған.
Агрегат чизельді табандардан, фрезадан, тегістеуіштан, дәнді дақылдарды, шөптер мен тыңайтқыштарды егуге арналған бункерлері бар дақыл сепкіштен тұрады. Агрегаттың конструкциясы фрезаны чизельді табандармен бірге бөлек қолдануға мүмкіндік береді.
Бір жүріп өту кезінде агрегат топырақтың сортаңды жиегін қопсытады, сортаң үстіндегі құнарлы қабатты терең қопсытады, топырақты тығыздайды, тыңайтқыш енгізеді, шөптердің бүркеме дақылдардың ірі тұқымдарын топыраққа отырғыза отырып егеді, шөптердің ұсақ тұқымдарын шашады және топырақты нығыздайды.
Агрегатты К-701тракторына іледі, ал тұқым сепкішті фрезамен қосуды сницаның көмегімен жүзеге асырады.
СВУ-2, 6А күшейтілген тіркемелі дестелеуіш-қар сыдырғы 20 см дейінгі қар жамылғысы болғанда қарды ұстап тұру және сүдігерлерде, парларда, күздік және көпжылдық шөптердің егістерінде ылғалды жинақтау мақсатында қар жымғысының биіктігінен 2-3 есе артық қар белдерін түзуге арналған.
Қар сыдырғы оң және сол жақ қайырмадан, артқы және алдыңғы арқалықтан, оң және сол жақ арқалықтан, тіркемеден, шектеуіш тірек шаңғылардан және тірек сырғытпалардан, буксирлік тартпалардан тұрады. Буксирлік тартпалар қайырмалардың артқы бөлігіне бекітілген және оны тасымалдауға және қар жамылғысынан босатуға арналған.
Қар сыдырғының жұмысы егінмен жүре отырып (кең негізі алдыда) қар жамылғысын оюдан, қарды қайырмалармен алып, оны жұмыс беттерімен бұранда траекториясы бойынша көтере отырып қысудан тұрады. Қар қайырмалар арасындағы тар саңылау арқылы өтіп, трапеция тәрізді формадағы үймекке жиналады.
Үймектерді желдің басым бағытына көлденең, ал еңіс егістіктерде оларды қар ерігенде эрозиядан қорғай отырып, ылдыға көлденең түзеді.
Қар сыдырғыларды ДТ-75Н, Т-153 тракторларымен агрегаттайды; екі-үш қар сыдырғыны СП-11А немесе СП-16А тіреуіштері арқылы К-701, К-701М тракторларымен агрегаттайды.
Аспалы СВШ-7 дестелеуіш қар сыдырғысы егістіктерде қар жамылғысы қатты, ылғалдылығы жеткіліксіз аймақтарда қарды ұстап тұруға және жинақтауға, сондай-ақ ішкі шаруашылық жолдарын тазалауға арналған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz