Тұқымды тыңайтатын жәшіктер

Сабақтың тақырыбы: Практика. Көшет отырғызатын, тұқым себетін машиналар машиналар

Топтар
ТР 9-192
Топтар: Сабақ өтетін күн
ТР 9-192: 15. 10. 2020
:
:
:
:
:

САБАҚ БАРЫСЫ

І Ұйымдастыру бөлімі:

А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;

Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;

В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;

Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;

Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау

В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;

1. Тұқым сепкіштерді қалай жіктейді?

2. Тұқым сепкіштер қандай агротехникалық талаптарға сәйкес келге тиіс?

3. С3-3, 6А тұқым сепкішін қандай түрендермен жарақтауға болады?

4. С3-3, 6 А тұқым сепкішінің негізгі құрастырма бірліктерін атаңыз.

5. С3-3, 6 А тұқым сепкішінің жұмыс процесі қалай өтеді?

6. С3-3, 6 А тұқым сепкішінің астық егу аппараттарын реттеуді қалай жүзеге асырады?

7. С3-3, 6 А тұқым сепкішін егу нормасына қалай орнатады?

8. С3П-3, 6А тұқым сепкішінің С3П-3, 6 тұқым сепкішінен негізгі айрықша ерекшеліктерін атап өтіңіз. Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Көшет отырғызу технологиясы өте күрделі процесске жатады. Себебі отырғызатын көшеттердің сан алуан түрлерімен қоса оларды ыдыста немесе ыдыссыз өсіреді. Осыларқа байланысты ондай көшеттермен жұмыс атқару технологиясыда өзгешеленеді. Осындай технологиялық жұмыстарды іске асыратын машиналар ыдыспен немесе ыдыссыз өсірілген көшеттерді егістік жерге отырғызуға арналған. Олармен көшетті катарлап немесе шаршы-ұялап отырғызуға болады. Қатарлап отырғызғанда қатар аралық 50, 60, 70, 80 см, ал бір қатардағы өсімдік аралығы 35, 50, 60, 70, 80 және 100 см болады. Шаршы-ұялап отырғызу аралығы 50x50, 60x60, 70X70 см болады. Бұл кезде өлшегіш сымды пайдаланады. Көшет отырғызатын машиналар топырақта арықша қазады да оған көшетті орналастырады, оны сұйық тыңайтқышпен немесе сумен суарады, бұдан кейін арықшаны көмеді де көшеттің айналасын тығыздайды. Осы жұмыстарды атқаратын машина бөлшектерін екіге бөлуге болады: біріншісі - трактордың аспалы механизміне бекітілген көшет отырғызатын бөлік, екіншісі - трактор үстіне бекітілген қосымша бөліктер.

Отырғызатын бөлікке рама, огырғызғыш аппарат, қопсытқыш, тірек дөңгелектері, беріліс механизмі, түзеткіш механизм және із көрсеткіштер жатады. Ал трактор рамасына бекітілген қосымша бөліктер су құйған ыдыстан, көшет салынған жәшіктер қойылатын текшелерден және шаршылап отырғызуға керекті қондырғыдан тұрады. Отырғызғыш аппарат (3. 10. -сурет) машина рамасына топсалы жалғасады. Оның негізгі бөліктері рама, көшет ұстағыштар 7 бекітілген отырғызғыш диск 5, сошник 10, суарғыш ыдыс 4, көмгіш дөңгелек 8, қопсытқыш 2 және көшет жәшігін доятын стол 6 мен орындық 3. Машина жұмыс істеген кезде бір отырғызғыш аппаратты бір адам басқарады. Ол үшін адам отыратын орындық 3 бар. Аппарат жұмысты мынадай ретпен атқарады. Машина қозғалып жұмысқа кірісу алдында су келетін шүмекті ақытады. Көшет салынған жәшікті столға орналастырады. Басқарушы адам орындыққа отырады. Осындай дайындық жұмыстарынан кейін агрегат өте баяу қозғалады. 2. 10-сурет. Көшет отырғызатын аппарат: а-бүйірінен көрініс; б-алдынан көрініс; 1-рама; 2-қопсытқыш; 3-орындық; 4-суарғыш ыдыс; 5-отырғызғыш диск; 6-көшет ыдысы; 7-көшет ұстағыш; 8-көмгіш дөңгелектер; 9-тазартқыш; 10-сошник. Агрегат қозғалған кезде отырғызғыш дискілер айнала бастайды. Оған айналыс екі түрлі әдіспен беріледі. Егер көшетті қатарлап отырғызатын болса, онда айналысты тірек дөңгелектерінен алады, ал шаршы ұялап отырғызатын жағдайда, отырғызғыш дискіні өлшегіш сым қозғалысқа келтіреді. Соңғы жағдайда диск үздік-үздік айналады, яғни сымның түйінді шайбалары әсер еткенде ғана айналады, ал басқа кезде тоқтап тұрады.

Отырғызғыш аппарат машинаның тірек дөңгелектері мен қозғалысқа келтірілгенде диск үнемі айналып тұрады. Мұндағы беріліс санын диск шеңбері арқылы жердегі салыстырмалы жылдамдық болмайтындай етіп жасаған. Сондықтан диск көшетті жерге отырғызған кезде оны өзімен бірге ілестіріп сүйреп кетпейді. Сонымен отырғызудың екі тәсілін қолданқан кезде де дисканың айналу жылдамдығы жүрген жол шамасымен тікелей байланысты, яғни ол агрегаттың жылдамдығына тәуелді болады. Сондықтан агрегатты жылжытқанда басқарушы көшетті отырғызғыш дискіге үлгеріп тұратындай жылдамдықпен қозғайды. Айналып тұрған дисканың көшет ұстағыш алақандағы басқарушыға кезекпен келіп отырады. Оларға көшетті адам қолмен береді. Ол үшін көшет жақындаған кезде алақан ашылады. Оның ашылуын, картоп отырғыштары сияқты, лекало атқарады. Ашылған көшет ұстағышқа басқарушы өсімдік тамырын өзіне қаратып орналастырады. Өсімдік салынғаннан кейін көшет ұстағыштағы екінші басы лекалодан шығады да серіппенің көмегімен жабылады. Ол кезде көшет сабақынан қысылып ұсталып қалады. Отырғызғыш диск әрі қарай айналады да көшетті төмен қаратып, сошник жасаған арықшаға жеткізеді. Көшет тамыры жерге жеткеннен кейін арнаулы суарқыш механизм көмегімен суару ыдысындағы су немесе сұйық тыңайтқыш өсімдік түбіне төгіледі. Енді сошник артында келе жатқан жасырғыш дәнгелектер арықшаға екі жанынан итеріп топырақ түсіреді. Көшет түбі топырақпен ептеп көмілгеннен кейін көшет ұстағыш ашылады. Ол үшін де лекало қойылған.

Көшет ұстағыш әрі қарай бос айналады, өсімдік жерге бекіп орналасады. Оны жасырғыш дөңгелектер топырақпен жасырып түбін тығыздайды. Аппарат осы ретпен әрі карай жұмыс істей береді. Көшет отырғызатын машиналардың басқа отырғызғыш машиналардан айырмашылығы - олар түзеткіш механизммен жабдықгалған. Ол механизм өзара біріктірілген, екі тісті муфтадан тұрады. Бұл муфта отырғыш аппараттарқа козғалыс беретін негізгі білікке орналасқан. Түзеткіш механизм көмегімен көшетті егіске көлденең бағытта бір түзудің бойында орналастыруға болады. Ол үшін машинист алғашқы жүрісте отырғызылған көшеттердің көлденең қатарларына қарайды. Егер қатарлар дұрыс орналаспаса, онда ол түзегіш механизмнің тұтқасын тартып муфтаны ажыратады. Бұл кезде отырғызғыш аппарат тоқтайды. Енді дисканың төменгі жақындары көшет бұрынғы отырғызылған көшет қатарына дәл келген кезде түзеткіш механизм тұтқасын босатады. Одан әрі аппарат жұмысын істей береді. Жүріс дөңгелегі тұғырына отырғызғыш аппараттарқа қозғалыс беретін мынадай екі түрлі жұлдызша бекітуге болады: тіс саны 40 немесе 36. Оларды отырғызу қадамына сәйкес пайдаланады .

Отырғызу жұмысын ұйымдастыру. Отырғызу бағытын жер жағдайына қарай анықтайды. Жер беті көлбеу болса, отырғызу бағытын оған көлденең етіп алады, ал жер беті тегіс болса, отырғызу бағыты оның ұзындығы бойымен сәйкес келеді. Отырғызылатын көшеттердің тамыры шоғырланған жинақы және сабақтары болуы керек. Бір гектарға егілетін көшет санын мына формула бойынша есептеп табуға болады: К = 1/bl1, мұндағы: К - көшет саны (бір гектардағы) ; b - қатар аралығы, м; l - өсімдіктер аралығы, м. Көшет отырғызғыш машинаның бір жұмысшы жүрісіне қажетті су мөлшерін мына формуламен есептеп шығарады:, л мұндағы: Q - машинаның бір жұмысшы жүрісі үшін қажетті су мөлшері, л; n - машинадағы отырғызғыш секция саны; l - бір жұмысшы жүріс ұзындығы, м; q1 - бір көшетке керекті су мөлшері (0, 4-0, 7) л; l1 - өсімдік аралығы, м. Машинаның бір жұмысшы жүрісіне керекті көшет санын мына формуламен есептейді: K1=l·n/l1, мұндағы: К1 - бір жұмысшы жүрісте отырғызылатын көшет саны; l1, n және l - жоғарыда көрсетілген шамаларды білдіреді.

Сепкіштер. Көкөніс сепкіштер тұқымдарды себудің берілген нормасын қамтамасыз етуі тиіс: әр сепкіш аппаратпен бірдей себу (ауытқу ± 4 % артық емес) ; тұқымдарды талап етілетін тереңдікке біркелкі бітеу (ауытқулар ± 1 см артық емес) ; қатарлардың тік сызықтығы (қатарлар арасындағы еннен ауытқу ± 2 см, ал түйісу ± 5 см) ; тұқымдардың себу аппараттарымен зақымдануы 0, 3 % артық емес. Тармақтардағы себулер және қайта себулерге рұқсат етілмейді.

СО-4, 2 көкөніс сепкіші . СО-4, 2 сепкішін қатарда тұқымдарды бөлудің жоғары біркелкілігімен және минералдық тыңайтқыштарды енгізумен тұқымнан біруақытта бөлумен тегіс, жалға және жүйекті қабаттарда көкөніс дақылдарының тұқымдарын қатарлық егу үшін қолданады. Сепкіш тұқымдарды қатарлар арасындағы енімен әр түрлі көкөніс дақылдарының тұқымдарын себеді: 45, 60, 70, 60+20, 8+62, 140, 40+100, 32+32+76, 50+110 және т. б.

Сепкішті МТЗ-82 және МТЗ-80 тракторларымен агрегаттайды. Агрегаттың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тракторлардың алдыңғы бөлігіне салмағы 270 кг жүктерді орнатады.

СО-4, 2 сепкіші ұрық шашатын жолдардан 1 (4. 4-сурет), тұқымды тыңайтатын жәшіктерден 2, беру механизмінен 5, маркерлерден 6, рамадан 7, тірек жетекті дөңгелектерден 8, шанатабанды түрендерден 9, екі тармақты немесе бір тармақты түрендерден 10, құбыр жолдарынан, басқыштан 13, домалатататын домалатқыш секцияларынан 12, сүйреткіштерден 11 және тұғырдан тұрады.

Тұқымды тыңайтатын жәшіктер . Сепкіш екі тұқым тыңайтатын жәшіктермен жабдықталған. Әр жәшік екі бөлімшеден түзілген: минералды тыңайтқыштарға арналған алдыңғы және тұқымдарға арналған артқы.

Жәшіктердің алдыңғы қабырғаларында тыңайтқыш себетін аппараттар құрастырылған (сол жақ жәшікте алты аппарат, оң жағында бесеу) . Әр жәшіктің түбіне он тұқым себетін аппараттар қоса бекітілген. Тыңайтқыштар және тұқымдарды беру үшін себу аппараттарына иірліктер орналасқан. Иірліктермен бір білікте аппараттардың қабылдау терезелерінің үстіндегі тұқымдық бөлімшеде көкөніс дақылдарының аз сусымалы тұқымдарын себуде жинақтарды бұзуға арналған қопсытқыштар орнатылған.

Аз нормалармен тұқымдарды себуде (0, 5-4 кг/га) және тек кішігірім алаңдар үшін (3-5 га) жәшіктердің тұқымдық бөлімшесіндегі алаңдарда бункерлерді құрастырады. Жұмыс істемейтін аппараттарды жабуға арналған көкөніс дақылдарын себудің бірнеше сызбаларында жапқыштар көзделген.

Жәшіктердің бүйірлеріне жұлдызшалар және тісті дөңгелектер бекітілген. Жұлдызшалар тұқым және тыңайтқыш себетін аппараттардың біліктеріне айналу береді. Тісті дөңгелектер жәшіктердің тұқымдық бөлімшелеріне қопсытқыш білігін айналдыруға беруге арналған. Барлық жұлдызшалар және тісті дөңгелектер рамаға бекітілген қалқандармен жабылған.

Рама. Тірек рамасы 7 тіректік-жетекті дөңгелектерге 8 қызмет етеді. Рама дәнекерленген құрылымды құрайды. Ол көлденең байланысты және әр түрлі қималы үш қоссырықтармен түзілген кеңістіктік ферма түрінде орындалған. Негізгі діңгектің орталық бөлігіне автокірес құлыбы дәнекерленген. Екінші діңгекке шанатабанды түрендердің қысқыш қарнақтарды және түрендерді орнатуға арналған шылбырлары бар кронштейндер жалғастырылған.

Сепкіш екі шпренгелдермен жабдықталған. Олар раманың артқы және негізгі діңгегіне дәнекерленген тіректерге бекітілген. Шпренгелдер діңгектермен бірге құрылымның қаттылығын жасайды.

Дискті түрендердің қысқыш қарнақтары бар айырлары раманың артқы діңгегіне бекітілген.


Ұқсас жұмыстар
Тұқым себетін аппараттар
Ашық тұқымды өсімдіктер
Тұқымды даярлау мен себу. жылыжай
Доминанттылық заңы. екінші ұрпақта белгілердің ажырау заңы. гомазиготалы, гетерозиготалы даралар
Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі
Мүк тәріздестер бөлімі
Тақырып - Жемістер
Жабық тұқымды өсімдіктер
Беске көбейту
ДОМИНАНТТЫЛЫҚ ЗАҢЫ. ЕКІНШІ ҰРПАҚТА БЕЛГІЛЕРДІҢ АЖЫРАУ. АЖЫРАУ ЗАҢЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz