Сабақ жоспары :: Сурет, сызу
Файл қосу
Түстердің жарыққа тәуелділігі
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы
<<Өжек Жаңабаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен>> мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: Түстердің жарыққа тәуелділігі.
Бейнелеу, сызу, технология пәндерінің мұғалімі: Бөкшінов Б.
Сабақ: №10
Сабақтың тақырыбы:
Түстердің жарыққа тәуелділігі.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың бояу түстері жайлы таным-түсінігін
кеңейту.
ә) Дамытушылық: Олардың бояуымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін арттыру,
дамыту, мүмкіндігінше шығармашылық
жұмыс жасауға баулу.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Бояу түрлері (акварель, гуашь), дидактикалық көрнекілік құралдар, қылқалам, қағаз, иллюстрация, т. б.
Сабақтың өту барысы:
* Ұйымдастыру кезеңі.
* Үйге берілген тапсырманы тексеру.
* Жаңа тақырыпты түсіндіру.
* Тапсырмаларды орындау.
* Сабақты бекіту.
* Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
-1689101485265 Импрессионизм бағытының негізін қалаушылардың бірі - Камиль Писсарроның Париждегі Монмартр алаңын бейнелеген, құрылымыбірдей үш туындысын көріп тұрсыңдар. Алайда жұмыстардың әрқайсысытүрлі әсер береді және түстер гаммасы да әр түрлі. Өзің де байқаған боларсың, суретші бірінші құрылымда қапырық тал түсті,екіншісінде - түнгі Парижді, ал үшіншісінде таң сәріні бейнелеген.
2117725104775
335915-622303723005-113665
1938020179705
2749550673100-260985673100 Мына фотосуреттерден Алматы қаласында бой көтерген ғимаратты көріп тұрсың. Фотосуреттер тәуліктің әр мезгілінде жасалынған. Әрбір фотосуреттің қай мезгілде түсірілгенін анықтап көр.
Таң сәріде, күн ұясынан әлі шықпаған кезде айнала жарық болғанымен барлық заттар қанықпаған бозғылт көгілдір түске боялады. Күн шыққан соң барлық заттар қаныққан ашық түске айналады. Ал көлеңкеде заттардың түсі қанықпаған қою түске боялады. Кешке қарай күн батар кезде жарық та азаяды, түстер канық реңін жоғалтып, анағүрлым күңгірт тартып, суық реңктерге ауыса бастайды.
Ал түнде түстер реңін мүлде жоғалтып, пейзажда тек қою, қара реңкті түстер ғана қалады. Демек тәулік мезгілі мен ауа райының әр түрлі жағдайларында заттардың түсі өзгеретініне көзіміз жетті. Ағаштар таңертеңгі ашық жасыл түстен түнге қарай қара түске айналған. Үйлер мен аспан да сондай. Мүмкін, өзің де байқаған боларсың, заттардың бояуы оларға түскен жарықтың мөлшеріне қарай өзгереді. Заттарға жарық аз түскен сайын олардың түстері де қоюлана бастайды -қызыл күрең қызылға, көгілдір қою көк түске, ашық жасыл қою жасыл түске айналады. Жарық неғүрлым мол түссе, кез келген заттың түсі ашық, айшықты болып көрінеді. Бұл құбылысты табиғат аясында бақылауға болады.
9461564135 Заттардың түсі тәулік мезгіліне байланысты ғана өзгеріп коймайды екен. Мына суретте Римнің басты алаңы бейнеленген. Алаң мен ғимараттардың жартысына күн түсіп, жартысы көлеңкеде тұр. Олардың түсінің көлеңке мен күн көзі түскенде қалай өзгеретіні анық байқалады.
2545080381044500803810 Тіпті бір ғана заттың түсінің өзі жарық қай тұсынан түскеніне байланысты әр түрлі болып көрінеді. Көлеңкеде ол қанықпаған қою, ал жарық жақсы түскенде қаныққан ашық түске боялады. Өзіңді қоршаған дүниені байқампаздықпен бақыласаң, бұған көз жеткізесің. Заттардың түс қанықтылығына қарап жарықтың қай жақтан түсіп тұрғанын ешқандай қиындықсыз байқауға болады. Жоғарыдағы екі натюрморттағы заттарға жарық қай жағынан түсіп тұрғанын анықта.
360680045085497395552705 Оқушыларға тақырыпты бекітуге арналған тапсырмалар беремін.
* Таң сәріні бейнелеу үшін сен қандай түстік гамманы таңдайсың (жылы не суық, қанық немесе қанықпаған)?
* Тал түсті бейнелеу үшін қандай түстік гамманы таңдайсың?
* Қас қарайған ымыртты бейнелеу үшін сен қандай түстік гамманы таңдайсың?
* Мына жапырақтардың қайсысына күн көзі молырақ түсіп тұр?
5. Заттардың түсі жарық түскен жағында канық бола ма, әлде көлеңкеде ме?
-2127255511806. Мына үш жиынтықтың қайсысына жарық көп түскен? Әрбір түстік гаммаға сипаттама бер.
Үйге тапсырма беру: Жылы және суық реңдерге арнап сурет салу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz