Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Тыңайтқыш дайындайтын машиналар
Сабақтың тақырыбы: Минералдық тыңайтқыш шашатын машиналар
Топтар
ТР 9-192
Сабақ өтетін күн
23.10.2020
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Тыңайтқыштарды салуда қандай агротехникалық талаптар қолданылады?
АИР-20 агрегатының қызметі және ол қанжай тракторлармен агрегатталады?
Минералды тыңайтқыштарды дайындау және салуға арналған машиналардың қызметін айтыңыз.
1-РМГ-4 минералды тыңайтқыштарды қандай тракторлармен агрегатталады?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Тыңайтқыш түрлері және себу әдістері. Ауыл шаруашылығында негізінен екі түрлі тыңайтқыш органикалық және минералдық тыңайтқыштар қолданылады. Органикалық тыңайтқыштарға малдың қиы, торф жатады. Оларды жергілікті жерде шаруашылықтың өздері дайындайды. Минералдық тыңайтқыштар өндірісте шығарылады. Олар майда ұн түрінде немесе түйіршіктер түрінде және сұйық түрінде дайындалады. Минералдық тыңайтқыштарға түйіршіктелген суперфосфат, фосфорит ұны, аммиак селитрасы, калий тұздары жатады. Минералдық тыңайтқыштың жергілікті жерде дайындалатын түрі де болады. Оған әртүрлі известь тектес материалдар жатады. Тыңайтқыштарды екі түрлі мақсат үшін қолданады: біріншісі - топырақ құрылысын жақсартып, оның құнарлылығын арттыру үшін көбінесе известь тектес материалдарды пайдаланады. Сор басып кеткен жерлерге жылма-жыл известь шашып, оны топырақпен араластырады. Ондай топырақ бірте-бірте құнарлы топыраққа айналады.
Өсімдікті қоректендіру үшін тыңайтқышты қолданудың үш түрлі тәсілі бар: негізгі қоректендіру, дер кезінде және кейіннен қоректендіру. Негізгі қоректендіру үшін тыңайтқыштар топырақ өңдеу алдында жер бетіне біркелкі шашылады, бұдан кейін топырақ өңделеді. Сонда тыңайтқыш пен топырақ араласады. Ондай топыраққа себілген өсімдік сол тыңайтқышпен қоректенеді. Дер кезінде қоректендіру үшін тыңайтқыш тұқыммен бірге шашылады. Мұндай тәсіл бойынша тұқым мен тыңайтқыш тікелей араласып себіледі немесе екеуінің аралығында жұқа топырақ қабаты болады. өсімдік өніп шыққаннан кейін осы тыдайтқышпен қоректенеді. Ал кейбір өсімдіктер өзінің өсуі кезінде кейбір элементтерді өте қажет етеді. Егіске сол элементтері бар тыңайтқыштар шашылады. Мұны кейіннен қоректендіру деп атайды. Осы қолданылатын тыңайтқыш түріне және қоректендіру тәсілдеріне қарай машиналардың да бірнеше түрі пайдаланылады. Оларды негізінен төрт түрге: тыңайтқыш дайындайтын, тыңайтқыш шашатын, тыңайтқышты тұқыммен бірге себетін және өсімдік қоректендіретін машиналар деп бөлінеді. Төменде солардың әрқайсысына сипаттама беріледі. Тыңайтқыш дайындайтын машиналар.
Тыңайтқыш дайындайтын машиналармен әртүрлі тыңайтқыштарды қосып араластыруға, бірігіп қатып қалған тыңайтқыштарды ұсақтауға және жергілікті жерде дайындалған тыңайтқыштарды ұсақтап, електен өткізуге болады. Мұндай машинаның өндірісте шығарылатын түрі - ИСУ-4 машинасы. Ол рамадан, шанақтан, ұсақтарыш аппараттан, транспортерден және беріліс механизмнен тұрады. Шанақ цилиндр пішіндес болады және оның қабырғасына қақпағы бар тесік орнатылған. Шанақ түбіне конусты редуктор, оның тік білігіне ұсақтағыш бекітілген. Ұсақтағыш аппарат төрт қалақшадан, әрқалақшаға бекітілген сегіз пышақтан және тордан тұрады. Ұсақтағыштың қатты және жұмсақ тыңайтқыштарға арналған екі түрлі пышағы бар. Көз шамасы 4 мм және 10 мм екі түрлі тормен жабдықталады. Шанақ тесігінен алдына транспортер бекітілген. Оның биіктігін өзгертіп тұруға болады. Беріліс механизміне жататындар: трактордың қуат білігіне жалғасатын карданды білік, конусты редуктор және шынжырлы берілістер. Тыңайтқыштарды ұсақтау былай жүргізіледі. Тракторға аспалы етіп агрегатталған ұсақтағышты тыңайтқыш үйілген алаңға алып келіп, жерге түсіреді. Беріліске қосылғаннан кейін бункерге қолмен немесе тиегішпен тынайтқыш тиейді. Ұсақтағыш аппарат айналған кезде пышақтарымен тыңайтқышты ұсақтайды. Ұсақталған тынайтқыштар тор көздерінен өтіп төмен түседі де қалақшалармен транспортерге жеткізіледі. Ал транспортер оны транспортқа тиейді немесе жерге үйеді. Тыңайтқыштарды араластыру үшін олардың әрқайсысын тиісті мөлшерде өлшеп бункерге салады да машинаны іске қосады. Бұл кезде олар араласып тор арқылы төмен түседі. Минералдық тыңайтқыш шашатын машиналар. Өсімдікті негізгі қоректендіру үшін тыңайтқыш шашатын машиналар қолданылады. Топырақты өңдеу алдында тыңайтқышты машиналармен жер бетіне біркелкі етіп шашады. Сол шашу жұмыстарын мынадай екі түрлі принципке негізделген жұмысшы бөлшектері атқарады: ортадан тепкіш күшті пайдаланып шашатын дискілі аппарат және ыдыстағы тұқымды еркін шашатын табақты аппарат. Дискілі шашқыш аппараттың негізгі бөлігі - бетіне қалақшалар орнатылған жазық диск. Жұмыс кезінде ол диск үлкен жылдамдықпен айналып тұрады. Оның үстіне шамалағыш қондырғысы бар тыңайтқыш ыдысы бекітіледі. Сол ыдыстан дискіге келіп түскен тыңайтқыш түйіршіктері қалақшалармен бірге айналады. Айналған кезде ортадан тепкіш күш пайда болады да тыңайтқыш түйіршіктері диск сыртына қарай шашылады.
Табақты аппараттың бөліктері: тылайтқыш ыдысы, табақ және лақтырғыш қалақша. Тұкымды еркін алып шығатын тарелка ыдыс астына орналасқан және арнаулы беріліс арқылы айналып тұрады. Табақтың жартысы ыдыс астында, жартысы одан шығып тұрады. Ыдыстан шықып тұрған жеріне лақтырғыш қалақшалар бекітіледі. Олар да жұмыс кезінде айналып тұрады. Табақтың ыдысқа кіріп тұрған бөлігіне тыңайтқыш өздігінен сырғып түседі. Табақ айналып тұратындықтан тыңайтқыш ыдыстан сыртқа шығарылады. Сол арада лактырғыш қалақшалар оны іліп алады да қатты лақгырып жер бетіне шашады. Бұл аппаратта шашу нормасы тарелка алып шыққан тыңайтқыш қалыңдығына байланысты болады. Оны реттеуге мүмкіндік болу үшін табақтың ыдыстан шығар жеріне қақпақ қойылады. Сол қақпақты ашып-жабу арқылы табақ алып шығатын тыңайтқыш шамасын өзгертуге болады. Тыңайтқышты тұқыммен бірге себуге арналған машиналар да табақты аппаратпен жабдықталған. Оның айырмашылығы қалақшалы лақтырқыштардың орнына дискілі түсіргіштер орнатылған. Табақ шығарған тыңайтқышты дискілі түсіргіштер сырғытып тұқым түтікке немесе тыңайтқыш түтігіне түсіреді. Мұндай аппараттар тыңайтқыш пен тұқымды бірге егетін құрамалы сеялкаларда және өсімдікті кейін қоректендіретін қатар аралық өңдеуіш культиваторларға орнатылады. Оларды реттеу жұмыстарында да жоғарылардан айтарлықтай өзгешелік жоқ. Тыңайтқыш шашатын тіркемелі сеялка РТТ-4,2 түйіршіктелген немесе ұнтақталған минералдық тыңайтқыштарды шашуға арналған. Ол рамадан, тыңайтқыш жәшігінен, сепкіш аппараттан, жүргізуші дөңгелектен және беріліс механизмінен тұрады. Жәшік түбінде табақты, онбір шашқыш аппарат орнатылған. Себу аппаратының алдына қалған қойылған. Екі қалақшалы лақтырқыштан шашылған тұқым сол қалғанға ұрылады да жер бетіне біркелкі таралады. Сеялканың екі тірек дөңгелегі бар. Сол дөңгелектер арқылы барлық жұмысшы мүшелері қозғалысқа келтіріледі. Сеялка тетіктеріне мынадай реттеулер жүргізіледі.
Жұмыс істеу алдында сеялканың барлық бекітілетін бөліктерін тексеріп қарайды және бұрап бекітеді. Майланатын механизмдерді майлайды. Қозғалатын механизмдердің бүркеншігі, қорқаныс қалғандары бекітіледі. Сеялка рамасын көтеріп қояды да жүріс дөңгелектерін қолмен айналдырып, беріліс механизмдерінің жеңіл айналуын тексереді. Ақауларды түзетеді. Тыңайтқыш ыдысы мен шашқыш табақ арасындағы саңылау 1-2 мм болуға тиіс. Осы шамадан үлкен болса, тыңайтқыш өздігінен жерге шашылады. Сондықтан саңылауды реттеу үшін табақ бекітілген бұрыштама темірді брус арқылы жылжытады. Барлық шашқыш аппараттардың себу нормасы бірдей болуы үшін, норма реттегіш механизмдерді бір қалыпқа келтіреді, яғни реттегіш тұтқа ноль белгісінде тұрғанда, реттегіш қалғандар шашқыш тарелкаға тиіп тұруы тиіс. Олай болмаған жағдайда қалғанды бекітілген орнынан босатып, солға жылжыту керек. Сеялканы берілген нормаға қою үшін шашқыш табақтың айналыс санын өзгертеді, басқаша айтқанда беріліс механизміндегі қырықаяқтарды алмастырады және шашқыш табақ пен реттегіш қалғанның арасындағы саңылауды өзгертеді. Себу нормасын анықтау үшін аспалы гидравликалық механизм көмегімен сеялканы көтеріп, астына брезент төсейді. Оң жақтағы және сол жақтағы дөңгелектерді бірдей жылдамдықпен 12,6 рет айналдырады. Содан кейін брезентке түскен тыңайткышты өлшейді де оны 100 санына көбейтеді. Осы цифр бір гектарға шашылатын тыңайтқыш мөлшерін білдіреді.
Егер тиісті шама шықпаса, реттегіш тұтқа арқылы немесе беріліс санын өзгерту арқылы сеялканы себу нормасына келтіреді. Ол үшін жоғарыдағы әдісті қайталау керек. Минералдық тыңайтқыш шашқыш НРУ-0,5 тұқым себер алдында минералдық тыңайтқыш шашу үшін және сидерат тұқымдарын себу үшін қолданылады. Машинаның негізгі тораптарына жататындар: бункер, мөлшерлегіш, шашқыш диск, маятник тәрізді араластырғыш, конусты және цилиндрлі редукторлары бар беріліс механизмі. Машина жұмыс істеген кезде шашылатын тыңайтқыш бункерден мөлшерлегіш арқылы шашқыш дискіге түседі. Бункердегі тыңайтқыш мөлшерлегішке өтпей, тоқтап қалмау үшін маятникті араластырғыш орнатылған. Мөлшерлегіш қондырғы теңселіп тұратын ирек планка мен сақиналы жапқыштан құралған. Планка қозғалған кезде тыңайтқышты жапқыш пен шанақ түбінің аралығындағы саңылау арқылы шашқыш дискіге түсіреді. Шашқыш диск оны ортадан тепкіш күш әсерімен сыртқа лақтырады. Машинаның тетіктері мына төмендегіше реттеледі. Себу нормасын реттегіш механизмді былай тексереді. Реттегіш тұтқасының көмегімен шанақ астына киілген реттегіш сақинаны толық төмен түсіреді. Осы кезде реттегіш тұтқадағы фиксатор сектордағы екінші белгіде тұруы керек, ал реттегіш сақина түсіргіш дискіге жанасуы, бірақ оның жеңіл айналуына кедергі жасамауы тиіс. Осы көрсетілген қалыптан басқаша болса, реттегіш сақинаны тұтқаға бекітілген орнынан жылжытып, сол арқылы қалыпқа келтіреді.
Себу нормасына мөлшерлегіш сақинаны, бункер түбіндегі саңылауды және сепкіш ирек планканың тербелу амплитудасын өзгерту арқылы қояды. Сондықтан алдымен мөлшерлегіш сақина арқылы себу нормасына қояды да содан кейін планканың амплитудасын өзгертеді. Егер агрегат жылдамдығы басқаша болған жағдайда себу нормасын мынадай формуламен есептеп шығарады: Q = 7,5Qt/V, кг/га., мұндағы: Qt - себу нормасы, кгк/га; V - агрегат жылдамдығы, км/сағат Себу нормасын анықтау үшін, машинаны көтеріп, астына брезент төсейді де іске қосады. Бір минуттан кейін токтатып, төгілген тыңайтқышты өлшейді де мына формула бойынша есептеп шығарады: Q=600Qмин/V ·B, кг/га, мұндағы Qмин - бір минутте шашылған тыңайтқыш, кг; В - агрегаттың алым кеңдігі, м; V - агрегат жылдамдығы км/сағат. Берілген нормадан ауытқу байқалса, мөлшерлегіш сақина мен сепкіш планканың амплитудасын өзгертеді. Қорапты шашқыштар РУМ-3, І-РМГ-4, КСА-3 известь, гипс сияқты материалдарды және минералдық тынайтқыштарды тасымалдауға немесе шашуға арналған. Қорапқа тиелген тыңайтқыш мөлшерлегіш қондырғы арқылы бағыттағышқа беріледі. Бағыттағыш астында жоғарыда айтылғандай дискілі шашқыш аппараттар орналасқан. Олар тыңайтқышты жер бетіне шашады. Органикалық тыңайтқыш шашатын машиналар. Бұл машиналар мал қиларын және торфтарды шашуға арналған. Оның негізгі бөліктері трактордың тіркемелі арбасына орнатылған, еденінде планкалы-шынжырлы транспортер қорап, шашқыш аппарат, мөлшерлегіш қондырғы және беріліс механизмі бар. Шашылатын тыңайтқыш тиегіш арқылы қорапқа салынады. Оның түбіндегі транспортер мөлшерлегіш қондырғы арқылы қозғалысқа келтіріледі де тыңайтқышты шашқыш аппаратқа жақындатады. Шашқыш аппарат қалақшалы немесе шнекті барабаннан құралған. Олар жылдам айналады да өздерінің қалақшаларымен тыңайтқышты лақтырып шашады. Мөлшерлегіш қондырғы транспортердің жетекші білігіне орнатылған. Ол иінді-жылжымалы механизм мен тісті-ілгекті механизмнен тұрады. Иінді білік бір айналғанда транспортер белгілі бір қашықтыққа жылжиды. Ол қашыктық иінді білікке бекітілген штанга осінің иін осінен қашықтығына байланысты. Осьтен алыстақан сайын транспортердің жылжуы артады, яғни себу нормасы өседі. Органикалық тыңайтқыш шашқыштың бірнеше түрі шығарылады.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Тыңайтқыш түрлері және себу әдістері қалай қолданылады?
Тыңайтқыш түріне және қоректендіру тәсілдеріне қарай машиналардың неше түрі пайдаланылады?

Минералды тыңайтқыштарды себу нормасы қалай қойылады?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz