Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Органикалық тыңайтқыш шашатын машиналар

Сабақтың тақырыбы: Органикалық тыңайтқыш шашатын машиналар

Топтар
ТР 9-192

Сабақ өтетін күн
12.11.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;

Тыңайтқыштарды салуда қандай агротехникалық талаптар қолданылады?
АИР-20 агрегатының қызметі және ол қанжай тракторлармен агрегатталады?
Минералды тыңайтқыштарды дайындау және салуға арналған машиналардың қызметін айтыңыз.
1-РМГ-4 минералды тыңайтқыштарды қандай тракторлармен агрегатталады?

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

МЖТ-10 Сұйық органикалық тыңайтқыштарды салуға арналған машиналар органикалық тыңайтқыштардың өзін-өзі тиеуге, тасымалдауға және олардың егістік бетінде жаппай егу үшін тағайындалған.
МЖТ-10 машинасын техникалық мақсаттарда су тасымалдауға пайдалануға болады.
Машина өзіне цистернаны, тізбекті құрылғыны, вакуумды қондырғыны, сұйықтық құятын түтікті, ортадан тепкіш сорғыны, деңгей өлшегішті, теңгерілетін ілмекті электр жабдығын қамтиды.
Алдынан цистерна-жартылай тіркеме ілініс құрылғысы көмегімен трактордың гидроілгекке сүйенеді, ал артынан теңестірілетін аспа арқылы жүріс дөңгелектеріне сүйенеді.
Машина өзін босататын қысымды-ауысыпқосылатын және реттегіш құрылғылармен жабдықталған. Цистерна төменгі және жоғарғы люктері бар қақпақтармен жабдықталған.
Цистернада сұйықтық құю процесінде сұйылтуды вакуумды құрылғы қамтамасыз етеді. Құрылғыға ротациялық типті екі сорғы кіреді.
Сорғылардың сіңіретін коллекторы сақтандырғыш клапан корпусы бар құбыр желісімен буындасқан.
Ортадан тепкіш сорғы өзіне корпус және қалақшалары бар жұмыс дөңгелегін қамтиды. Сорғы цистернаның жалғама құбырының фланеціне бекітілген. Жұмысқа ол трактор ВОМ келтіріледі. Бұл сорғы цистернадан сұйықтықты айдайды және оны қысымды құбыр желісіне береді.
Ауыстырып қосқыш құрылғы төменгі және жоғарғы бөгеттерден, гидроцилиндрден, иінтіректен және тартымнан тұрады. Жалғама құбыр қысымды құбыр желісін цистернаның ішкі қуысымен біріктіреді.
Таратып құйғыш құрылғы өзіне жалғама құбырды, ауыспалы жапқышты және еңістігін реттейтін реттегіш қалқаншаны қамтиды.
Тыңайтқыштарды егуді келесідей іске асырады. Бөгетті жауып, басқа бөгетті ашады, ал ортадан тепкіш сорғыны іске қосады. Бұл сорғы құбыр желісі бойымен сұйықтықты таратып құйғыш құрылғының жалғама құбырына береді.
Сұйықтық, айтарлықтай жылдамдықпен, ауыспалы жапқыштың саңылауы арқылы өте отырып, қалқаншаға ұрылады да, ені 12 м болатындай етіп топырақ бетімен төгіледі. Топырақ бетіне себілетін сұйықтық мөлшерін жапқыштардың ауысуы, реттегіш қалқаншаның ауысуы арқылы және агрегат қозғалысының жұмыс жылдамдығымен реттейді.
АВВ-Ф-2,8 жартылай тіркемелі агрегатты сұйық органикалық тыңайтқыштарды топырақ ішіне және жайылымдар мен шалғындықтарда органикалық-минералды қоспаларды егу үшін қолданады.
Агрегат сериямен шығарылатын тыңайтқыштарды топырақ ішіне егуге арналған құрылғымен жабдықталған МЖТ-10 машиналардан тұрады. Құрылғыны көтеру және түсіруді гидрожүйенің гидроцилиндрлері жасайды.
Құрылғыға рама, төрт секция, реттегіш құрылғы және гидроцилиндр кіреді. Секциялар рамаға параллелограмды аспалардың көмегімен бекітілген. Әрбір секция дискілік пышақпен, қоректендіруші түтікпен және домаланатын катогы бекітілген сыдыражыртқыш табанмен жабдықталған.
Сорғы қысымды құбыр желісі бойымен сұйық органикалық тыңайтқыштарды қоректендіруші түтіктерге бағыттайды. Бұл құрылғы икемді түтіктерімен тыңайтқыштарды қоректендіруші түтіктерге береді. Диск пышағы қалқаншаның топырақ тереңдігіне кіру қалпымен қозғалысына ықпал ете отырып, топырақтың беткі қабатын кеседі. Қалқанша топырақтың қабатын көтеріп, оның астына сұйық тыңайтқыштарды кіргізеді, ал оның артынан ілесетін каток топырақты нығыздайды. Катоктардың орнын ауыстыру және қысатын серіппелерді қысу барысында топыраққа тыңайтқыштарды егу тереңдігін реттеуді жүргізеді. Себілетін тыңайтқыштар көлемін (50 - 100 кг/га) шайбалардың орнын ауыстыру арқылы және агрегаттың қозғалыс жылдамдығымен реттейді.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
МЖТ-10 машинасын қандай мақсаттарда қолданылады?
АВВ-Ф-2,8 жартылай тіркемелі агрегатының қызметі және ол қанжай тракторлармен агрегатталады?
Органикалық тыңайтқыштарды дайындау және салуға арналған машиналардың қызметін айтыңыз.
МЖТ-10 Сұйық органикалық тыңайтқыштарды қандай тракторлармен агрегатталады?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Тыңайтқыш дайындайтын машиналар
Тұқым себетін аппараттар
Тұқымды тыңайтатын жәшіктер
Минералдық тыңайтқыш дайындайтын машиналар
Күзде атқарылатын топырақ өңдеу жұмысы
Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою
Ауыл шаруашылығы машиналарының түрлері
Тұқымды даярлау мен себу. жылыжай
Егу жерлерін суару әдістері және суару машиналары
Топырақтан суды және минералды заттарды сіңіру органикалық және минералдық тыңайтқыштар. Фотосинтез, күннің жарығы мен хлорофилдің осы процестегі рөлі.
Пәндер