Фрегат ЖМБ жаңбырлатқыш машинасы

Сабақтың тақырыбы: Практика. Жаңбыр жаудырумашиналары. ДДН-70; ДДН-100МА; ДКШ-64; «Волжанка»; РОСА-3.
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
1. Суару жолдарын атап көрсетіңдер.
2. Суландыратын машиналарға қандай техникалық талаптар қойылады?
3. Суландыру үшін қандай машиналар қолданылады?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Алысқа шашатын жаңбырлатушы аспалы машина АШЖА-70 көкөністерді суару, техникалық дақылдарды, жемісті және орман тәлімбағы үшін қолданылады. Машина гидроқоректендіруші тыңайтқыштарға арналған құралдармен жабдықталған. Уақытша суару желісі және су қоймаларымен жұмыс істейді. ДТ-75Н тракторларымен ДДН-70 агрегатталады. ВОМ тракторларынан жұмысшы органдарының жетегі.
Жаңбырлатқыш АШЖА-70 (10. 1-сур. ) құрамына жақтау, редукторлар, ортадан тепкіштік сорғы 1, құбыр желілері, шығыр, бұрылу механизмі 3, оқпан 5, негізгі 6 және кішкентай 7 ағыншалы шүмек, эжектор және эжектордың құбыр желісі кіреді.
10. 1-сурет. Алысқа шашатын жаңбырлатушы машина АШЖМ-70: 1-ортадан тепкіш сорғы; 2-шұра; 3-бұру механизмі; 4-қалақ; 5-оқпан; 6-негізгі шүмек; 7-шағын шүмек; 8-қоректеуші бәк; 9-шұра; 10-сорушы құбыр желісі; 11-сорушы тор.
механизмі 3 бұрамдықты редуктордан, топсалы білікшеден, эксцентрик және иінтіректен тұрады. Иінтіректің иіні, ауыстырып-қосқышы бар тіреуішті ілгекшаппаны көтеріп тұрған осьпен жабдықталған. Білікше айналып тұрған кезде, иінтірек тербеледі. Иінтірек тербелген кезде, ілгекшаппа тіреуіші бар ілініске кіреді, осылайша оған және оған қатты бекітілген стақанға, сонымен бірге оқпанға 5 әсер ете отырып, шеңбер бойымен үзілісті айналмалы қимыл жасайды. Ілгекшаппа қайта жүрген кезде, оқпан үйкелісті жапсырманың тежегішімен тоқтайды. Сектор бойынша суару кезінде ілгекшаппапны қайта қосу, иін ернемегінің радиаль тесігінде орналасқан, екі тірек арқылы автоматты түрде жасалады. Суарылатын сектор бұрышының өзгеруі, осы тіреуіштерді ернемек тесіктеріне ауыстырып қою арқылы жүзеге асырылады.
Жаңбырлатқыш екі шүмекпен жабдықталған: негізгі 6 және кішкентай 7. Негізгі оқпанмен лақтырылатын ағынша, негізгі шүмекпен шеңбердің ішкі бөлігін, ал кішкентай шүмекпен шығатын 7 сыртқы бөлікпен суарады. Жаңбырдың қарқыны негізгі шүмектегі 6 ауыстырылатын саптамаларды қою арқылы реттеледі. Саптаманың шығар тесігінің диаметрі 35, 45 және 55 мм. Кішкентай шүмек 7 саптамасының диаметрі 16 мм. Кішкентай шүмек тегіс суаруды реттеуге арналған шашатын қалақтармен 4 жабдықталған. Шүмек қайырмалы қақпақшалармен жабдықталған, ол сорғымен су сору кезінде оны жібере алдында жаңбырлатқышқа жіберілетін ауаны үзіп жібереді.
Ағынды тегістеу жаңбырлатқыштың оқпанында құрастырылған түзеткіш арқылы жүзеге асырады.
Жаңбырлатқыштың қисаюын шынжыр арқылы жояды.
Ірі өсімдік бөліктері мен қоқыстың құбыр желілеріне кіруінен қорғау су шөмішінде орнатылған алмалы-салмалы тор 11 арқылы жүзеге асырылады.
Жаңбырлатқышты жұмысқа қоса отырып, құбыр желісі сорғысымен біріктірілген, эжектормен сорғыдағы ауаны шығарады. Содан кейін шығырмен соратын құбыр желісін 10 арнаға жібереді. Соратын желі мен сорғыны қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда сумен толтырады. Сұйық тыңайтқыштармен толтырылған гидроқоректеуші бәгі 8, құбыр желілері арқылы сорғының қысымды және соратын бөліктерімен хабарланады. Құбыржелілері, бәкке қуылатын және одан алынатын су көлемін реттеуге арналған шұрамен жабдықталған.
10. 2-сурет. ЖДКА-64 «Волжанка» жаңбырлатқыш машинасы: а - сызба; б - өздігінен қондырылу механизмі; 1 - қанатшалары; 2 - гидрант; 3 - доңғалақ; 4 - суаратын құбыр желісі; 5 - жаңбырлатқыш аппарат; 6 - қозғалтқыш; 7 - жетекті доңғалақ; 8 - жетекті арба; 9 - гидроқоректеуші; 10 - суландыратын құбыр желісі; 11, 16, 21 - бұрыштары; 12 - футорка; 13, 23 - қарсысомын; 14 - ауырлық; 15 - иіні; 18 - сомын; 19 - нығыздағыш шығыршық; 20 - төлке; 22 - баған; 24 - құбыр желісі бөлімі.
Маңдайшеппен жылжитын ЖДКА-64 «Волжанка» жаңбырлатқыш машинасы аласа бойлы астық тұқымдастар мен техникалық дақылдарды, сонымен қатар көкөніс және бақша дақылдарын, көп жылдық шөптерді, шабындықтар мен жайылымдарды суару үшін қолдынылады. Машина жабық суару желілерінен тұрғылықты жұмыс істейді. Ол екі жаңбырлатқыш қанатша 1 түрінде атқарылған ( 10. 2-сур. ), суару кезінде екі жағын суаратын құбыр желісіне 10 қояды. Құбыр желісінің әрбір қанатына бөлімнің 32 құбыры, 32 доңғалағы, жетекті арбасы 8 және жаңбырлатқыш аппараты 5 кіреді. Бөлімнің суару құбырлары 4 алюминий құбырдан жасалған, ұштарында ернемек орналасқан. Бүйір беттегі 30 бөлімде, биіктігіне қарай үлкен ернемектерде бұрандалы тесік жасалған.
Осы тесік арқылы құбырға жаңбырлатқыш аппараттың өздігінен қондырылатын механизмінің бағанын жалғайды. Ернемектің ішінде ағызатын қақпақшалар орнатылған, оларды ЖДКА-64 басқа жерге ауыстыру кезінде, құбыр желісінен су ағызу үшін қолданады.
Оның әр қанатшасын, жетекті арбада 8 орналасқан бензин қозғалтқышы 6 арқылы жылжытады. Қозғалтқыш 6 арбаның 7 бос жүрісті доңғалағы мен суаратын құбыр желісін 4 қозғалтады.
Құбыр желісі 4 тірек доңғалақтардың осі болып табылады. Доңғалақты әр бөлімнің ортасына орналастырады, ал шеткі бөлімдерін қос доңғалақпен (жұп) жабдықтайды. Құбыр желісін құрастыруды гидранттың қасындағы егістік шетінде жүргізеді және оған иілімді құбыршекті қосады.
Өздігінен қондырылу механизмі (10. 2-сурет, б) бітегіш тығырықпен және ауырлығы 14 бар құбырлы топсалы бөлім түрінде жасалған. Ауырлық жұмыс істеп тұрған кезде аппаратқа тік қалыппен қамтамасыз етеді.
Өздігінен қондырлатын механизмді құрастыру, баған осьтері 22, иін 15 мен футоркалар 12 бір жазықтықта орналасатындай жүргізеді.
Жұмыс барысы келесі үлгіде жүргізіледі. Суаратын құбыр желісіне 4, суландыратын құбыр желісінің 10 гидранты бар 2 жаңбырлатқыштың қанатшаларын жалғайды, сосын гидранттың жапқышын ығыстырады. Құбыр желісі арқылы 4 жүретін судың әсерінен, ағызатын қақпақшалар жабылып қалады да, жаңбырлатқыш аппарат жұмыс істей бастайды. Суаратын мөлшерді бере отырып, жапқышты жабады, ал қанатшалар гидранттан ажыратылады. Қысымды 0, 07 МПа дейін төмендеткен кезде, ағызатын қақпақшалар автоматты түрде ашылады да, су құбыр желісінен өздігінен аға бастайды. Осыдан кейін, қозғалтқышты іске қосып, қозғалту үшін машина қажетті бағытқа қойылады, сосын қанатшаны басқа бағытқа орналастырады. Қажет болған жағдайда, суарумен бірге минералды тыңайтқыштарды ЖДКА 64 жаңбырлатқышына қосу үшін гидроқоректеушіні 9 іске қосады.
Өздігінен жүретін жаңбырлатқыш машинасы «Фрегат» ЖМБ барлық далалық дәнді-дақылдарды, жайылымдар мен шабындықтарды, биіктігі 2, 2 м аспайтын өсімдіктерді суару үшін қолданылады. Машина жабық суландыратын желілерден жұмыс істейді және суаруды шеңбер секілді айналып жүргізеді. Осындай айналу су қысымымен жұмыс істейтін су жетектерді жасайды.
ЖМБ құрамына айналмалы доңғалағы мен топсасы, су жүргізетін белдігі бар орталық қозғалмайтын тіреуіш, жаңбырлатқыш бүріккіш аппарат мен машинаны басқару жүйесі кіреді.
Орталық қозғалмайтын тіреуіш қиық пирамида түрінде жасалған. Ол құбырлы өзекшеге тіреледі. Осы тіреуіштің ортасында тіреуіште, төменгі ұшы суландыратын желі гидрантымен жалғанған жалғамалы құбырды біріктіреді. Оның жоғарғы ұшы, айналмалы иіннің цилиндр тәрізді ұшына қойылған кеңернеуді білдіреді. Ол су жүретін құбырымен буындасқан, тіреуіш шығыршықта айналады. Тіреуішті бетон табанда жөндейді, тіреуіш өзекшені іргетасқа қатты бекітеді. Құбыр желісі болат мырышталған құбырдан жасалған. Өздігінен жүретін арбалар, су таратқыштың негізгі құбырларымен буындасқан, қысқа құбыр бөлімдерімен жабдықталған. Құбыр желісінің әрбір жоғарғы бөлігі, ұштарын қоспағанда, келтеқосқыштармен жабдықталған. Қысқа бөлімдердің келте қосқыштарын су өндіру кезінде су жетегіне, ал қалған бөлімдерін - жаңбырлатқыш аппаратты монтаждау үшін қолданады. Келте қосқышта, қысқа бөлімдерді қоспағанда, бөлімдері төмен жағынан автоматты ағызатын қақпақшаларға бекітіледі. Бұл қақпақшалар құбыр желісіндегі су қысымы түскен кезде ашылады. Шеткі құбырдың ернемектері, ішкі бұрандасы бар шығыршықпен жабдықталған, ол арқылы шеткі алыс сатылы жаңбырлатқыш аппаратты жалғайды. Бұл аппарат шаршы даланың бұрыштарын суландырады.
Су жүретін белдіктің қаттылығы арқан жүйесіне келтіреді.
Барлық арбалар, суландыратын су қысымымен қозғалысқа келтіретін гидравликалық жетекпен жабдықталған. Өздігінен жүретін арбаның су жетегі былай жұмыс істейді. Негізгі құбыр желісіндегі 6 су (10. 3-сур. ) армирленген құбыршегі бойымен 8 сүзгі 7 арқылы реттеуші қақпақшаға 9 қысыммен, таратқыш-қақпақшаға 22 барады. Содан кейін, қуыс соташық 2 арқылы су цилиндрдің жоғарғы қуысына келіп түседі, сосын корпусты 4 жоғары қарай итереді. Бұл корпус, су цилиндрінің төменгі қақпағына топсалы жалғанған күштік иінтіректі 5 көтереді. Бұл иінтіректің қарама -қарсы орналасқан ұшы, көлденең қарнақпен 17 будандасқан, екі иінді иінтірекке 19 жалғанған. Қарнақ 17 қозғалады, сосын шпорды итере отырып, доңғалақты 18 айналысқа келтіреді.
Гидроцилиндрдің жоғарғы қозғалысы, күштік иінтірек 5 ілгекке тиген кезде, тік жетек 15 пен иініағашты 20 тарта бастағанда аяқталады. Иінағашқа 20 шақпақты серіппе 21 әсер еткен кезде бұрылады, сосын айырғы қақпағының 1 соташығының әрекеті, судың гидроцилиндрге құйылуын тоқтатады. Бқл мезетте ағызатын тесік 23 ашылады. Серіппенің 16 әрекетінен гидроцилиндр төмен қарай жүреді, сосын одан су ағыла бастайды. Итеретін қарнақ бастапқы күйіне оралады да кезекті тепкіге ілініседі. Төмен қарай жүргенде, қарнақтар иінағашпен бірге, өзінің төменгі иінімен айырғы-қақпақша соташығының буылтығын қармап, судың гидроцилиндрге берілуін қайтарады.
Кезең қайталана бастайды.
Арба айналу ортасынан әртүрлі қашықтықта орналаса отырып, әркелкі жылдамдықпен қозғалады, сондықтан да олардың барлығы жылдамдықты реттеу механизмімен жабдықталған. Қандай да бір арба қалып қойған кезде, құбыр желісі иіліп, жетеккүшті 12 ауыстырады. Жетеккүштің әрекетінен өзекше 11 алға жылжиды, ол қисайып, қысқыш иінтірекке әсер етеді, ал ол болса реттегіш қақпақшаның 9 соташығына әсер етеді. Қақпақшаның өткізетін тесігі ұлғаяды, сумен гидроцилиндрдің толтырылуы жеделдетіледі және арбаның жылжу жылдамдығы артады. Бұл, қалып қойған арба қалғандармен бір сызықта болғанда тоқтатылады. Құбыр иілімі азайған кезде судың гидроцилиндрге құйылуы азаяды.
Суарылатын телім алаңында суды тең мөлшерде бөлу, қозғалыссыз тіреуіштен алшақ тұрған, жаңбырлатқыш аппаратпен судың жұмсалуын арттыруға байланысты. Сондықтан да аппаратты тесгі үлкен шүмектермен жабдықтайды, сосын суаратын құбыр желісіндегі су қысымын реттейді.
«Фрегат» машинасының ұзындығы 199- 463 м және арба саны 7-16 құрайтын бірнеше түрленімде әзірленеді.
Жұмысқа дайындау.
«Фрегат» ЖМБ жаңбырлатқыш машинасы. Арбаларды бір сызықта түзейді. Бұрандалар мен сомындардың тартылуын, суландырылатын жүйенің жүргізетін құбырлары мен тікқұбырды, реттеуші қақпақшаны айырғы қақпақшамен будандастыратын, резеңке құбыршектің орналасуын тексереді. Бұл қақпақша арбаның күштік иінтірегінде, қозғалмайтын тірек жағынанда орналасуы және су жетегінің қозғалып тұрған бөліктеріне тимеуі қажет. Машинаны жуады. Бұл үшін жылдамдық беретін -кранды тоқтатып қояды, итергішті көтеріп, ағызатын қақпақшаларды, қысқа құбырлы сүзгілерді, сабының ұштарын ажыратады да оларға бітеуіш қояды. Содан кейін 10 минут ішінде жаюды жүзеге асырады. Жаюды аяқтаған соң, шешіп алынған бөлшектерін өз орнына қояды.
Тексереді және қажет болған жағдайда реттейтін бұрандамалар мен айырғы қақпағының соташығы арасында тесік орнатады. Бұл тесік 2, 8-8, 8 мм болуы қажет. 1, 2-2, 4 мм тесікті, иінтіректің тұмсығы ауыстырған кезде соташықтан жақын қашықтықта орналасқан жағдайда орнатады. Гидроцилиндр төмен қарай жүрген кезде иінтіректі қайта қосу кезіндегі қақпақ қапталы мен табан бұрыштары арасындағы тесік 11-32 мм сәйкес келуі қажет. Цилиндр төмен орналасқан кезде тесікті жетеккүш қапсырмасын үш тесіктің бірінде орнату арқылы реттеледі: ұлғайту үшін - төменгі тесікке, кішірейту үшін - жоғары тесікке. Егер жетеккүш қапсырмасын орнату арқылы жоғарғы және төменгі тесікті реттеуге сәті түспесе, онда жоғары күйде тұрған цилиндрдің жүрісін серіппелі шрифтпен жетеккүш өзегінде бір тесік төмен ауыстыру арқылы өзгертеді.
Итергіштерді орнатуға назар аударады.
Гидроцилиндрді көтеру және түсіру кезінде алдыңғы итергіш аударғыш иінтірек айырғы -қақпақша осі бекіткішінің бастиегіне тиіп кетпеуі қажет.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz