Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шөп шабатын машиналар

Сабақтың тақырыбы: Практика. Касилкалар КС-21; КДП-4; КРН-21 құрылысы.

Топтар
ТР 9-192

Сабақ өтетін күн
25.12.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
ПРП-1,6; ПТ-Ф-45; ПКТ-Ф-2,0 тайлап жинағышының жұмыс процесі қалай өтеді?
КСК-100А азықжем жинау комбайнын қандай құрастыру бірліктерінен құралады және жұмыс процесі қалай өтеді?
КСК-100А1 комбайнының КСК-100А комбайнынан айырмашылығы неде?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Шөп шабатын машиналардың жіктемесі және оларға қойылатын агротехникалық талаптар
Шөп шабатын машиналардың жіктемесі мынадай. Шөп шабатын машиналарды кесу аппараттарының саны және мақсаты бойынша бөледі.
Кесу аппараттарының саны бойынша шөп шабатын машиналар бірбілеулі, екі-үшбілеулі және бесбілеулі болады.
Мақсаты бойынша шөп шабатын машиналар шөп шабуға арналған машиналар, жаныштағыш шөп шабатын машиналар және майдалағыш шөпшабатын машиналар деп бөледі.
Агротехникалық талаптар мынадай. Шөп шабатын машиналар жемшөптерді шығынсыз алуды және жоғары сапаны қамтамасыз етуі тиіс. Олар 6 см жоғары емес табиғи шөптерді және 8 см жоғары емес егілген шөптерді кесуі, шабылған массаны тік сызықты үймелерге жинауы, төменгі қабаттарын кептіру үшін үймелерді жарты айналымға орауға, кондициялық ылғалдылықтағы шабылған массаны толыұ жинауға жағдайлар жасауға тиіс.
Шөп шабатын машиналар. КРН-2ДА аспалы ротациялық шөп шабатын машина шығымдылығы жоғары табиғиғ және егілген шөптерді шабу кезінде пайдаланылады. Шөп шабатын машина МТЗ-80 жіне МТЗ-82 машиналарымен агрегатталады.
Шөп шабатын машина ілмектің жақтауынан 8 (3.1-сурет), ротациялық кесу аппаратынан 3, теңгеру механизмінен 4, кергіштен 5, гидрожабдықтан 7, тарпа сақтандырғыштан 9, іске қосу механизмінен 10 және егістік бөлгіштен тұрады.
Жұмыс процесі төмендегідей өтеді. Өсімдіктердің сабақтарын роторларға топсалы түрде монтаждалған пластина тәрізді пышақтар кеседі. Пышақтар бір-біріне қарама-қарсы 65 м/с жылдамдықпен айналады. Пышақтар өсімдіктерді тіреуішсіз кесу қағидаты бойынша кеседі, оларды қысып алып, кесу аймағынан шығарады да, кесу аппаратының үстінен жылжытады. Кесілген масса егістік бөлгіштің істігіне кездесіп, қозғалыс траекториясын өзгертеді, екінші рет жүріп өткен кезде трактор дөңгелектерінің өтуіне орын босатып, шалғы жолына құлайды.
Ілмектің жақтауы трактордың аспалы құрылғысына шөп шабатын машинаның қосылуына қамтамасыз етеді. Ол басты жақтаудан және аспадан тұрады. Басты жақтау дәнекерленіп жасалған және оны трактордың аспалы құрылғысының төменгі тартпаларына қосуға арналған өсі бар. Бұл жақтаудың оң жағы тартпа сақтандырғышына арналған өспен жаблықталған. Бұл сақтандырғышты монтаждан кейін өске істікпен және сіргемен бекітеді.
Жақтауға төменгі жағы кергішті орнатуға арналған кронштейнмен жарақталған аспа топсалы түрде бекітілген. Аспаның көлік тартпасын қосуға арналған шынжыры бар.
Ротациялық кесу аппаратын шөп шабу үшін пайдаланады. Аппараттың панель білеуі және болттармен бекітілген түбі бар. Түбінің астына жерге тіреліп тұруға арналған табандықтар орналасқан.
Кесу аппараты кронштейндердің шетмойындарымен бұрылады. Бұл топырақтың бұдырларын қайталауға мүмкіндік береді.
Кесу аппараты бірдей төрт ротормен жарақталған. Әрбір ротор арнайы болттармен топсалы түрде монтаждалған екі пышақпен жабдықталған. Ортаңғы роторлар ұзартылған пышақтармен жарақталған.
Кесу аппаратының оң жақ бөлігі егістік бөлгішін қосуға арналған кронштейнмен жабдықталған.
Теңестіру механизмі кесу аппаратының топыраққа қысымын шектеуді, осы аппаратпен егістіктің бұдырларын қайталауды, шөп шабатын машинаны көлік жағдайына ауыстыруды қамтамасыз етеді.
Теңестіру механизмі иінтірекпен топсалы түрде мүшеленген гидроцилиндрді қамтиды. Бұл иінтірек еркін жүру тарпасының көмегімен кесу аппаратына жалғанған.
Теңестіру механизмін көлік жағдайында кронштейннің істігіне (2) (3.1-сует) лақтырылатын көлік тартпасымен және көлік жағдайын орнатылған телескоптық тоқтатқыш құрылғымен беітіледі.

3.1-сурет. КРН-2,1А аспалы ро - тациялық шөп шабатын машина 1 - егістік бөлгіш; 2 - кронштейн;3 - кесу аппараты; 4 - теңестіру механизмі; 5 - кергіш; 6 - таған; 7 - гидрожабдық; 8 - аспаның жақтауы; 9 - тартпа сақтандырғыш; 10 - қимыл механизмі; 11 - тұмсық.
Гидрожабдық теңестіру механизмінің жұмысын қамтамасыз етеді. Гидрожабдыққа гидроцилиндр, баяулату клапаны, ауа шығарғыш, жоғары қысым түтік құбыры және гидрожүйені трактордан ажырату кезінде одан майдың ағуына кедергі келтіретін құрылғы кіреді.
Тартпа сақтандырғышы кесу аппаратын кедергілермен ұшырасқан кезде сынудан сақтау қызметін атқарады. Оның сыналы фиксаторлары бар екі тартпасы бар. Фиксаторлар бекітілген күйінде цилиндрлік серіппе қамтамасыз ететін күштің көмегімен тұрады. Сақтандырғышты іске қосу күшін сомынмен реттейді.
Егістік бөлгіш шабылған массаны шабылмаған шөптен ажыратады. Егістік бөлгішке кронштейн, бөлгіштің қалқаншасы, шайбалы серіппе және болт кіреді. Бөлгіштің қалқаншасы агрегат қозғалысының бағытымен бұрыш құратындай етіп монтаждалған. Бұл қаншаны жұмыс жағдайында шамадан тыс жүктеме кезінде оны артқа жіберіп, олар еңсерілгенде бастапқы жағдайға қайтаратын серіппе ұстап тұрады.
КПРН-3А ротациялық шөп шабатын машина-таптағыш бір мезгілде сабақтарды таптай және массаларды үймектерге немесе жұқа жаймаларға дестелей отырып, шығымдылығы жоғары егілген шөптерді шабу кезінде пайдаланылады. Шатысқан және жапырылған шөптері бар егістіктерде МТЗ-80, МТЗ-82, ЮМЗ-6АЛ тракторларымен агрегатта жұмыс істей алады. Шөп шабатын машиналардың жұмыс істеу органдары трактор ҚІБ-нен от алады.
Шөп шабатын машина жақтаулар жиынтығынан, кардандық берілісі бар сницадан, кесу аппаратынан, таптағыш білдектерден, трансмиссиядан және қорғағыш құрылғыдан тұрады. Шөп шабуды ротациялық кесу аппараты жүзеге асырады. Қарсы айналуға ие және пышақтарының шеңберлік айналу жылдамдығы жоғары роторлар өсімдіктерді тіреусіз кесуді жүзеге асырады. Роторлардың пышақтары мен дискілері кесілген шөпті таптағыш білдектер аймағына береді. Өсімдік массасын одан әрі таптауды қабырғалы таптағыш білдектер барлық қамту ені бойынша жүргізеді. Сосын бұл масса үймек құрушы құрылғының бағыттауыштарымен үймектерге дестеленеді. Шөпті ылғалды ауа-райында таптауға болмайды, өйткені тапталған сабақтар тапталмағандарға қарағанда тез шіриді.
Жұмыс кезінде шөп шабатын машиналар <<жұқалап ою>> жұмысы кезінде одан үймек түзуші құрылғының бүйірліктері алынады.
Таптағыш білдектер жоғарғы 7 (3.2-сурет) және төменгі білдектерді, қозғалтқыш блогын 21, керу құрылғысын 19, шынжырларды және білдектер арасындағы қысымды реттеу механизмін қамтиды. Төменгі білдек 2 жақтаудың бүйірлеріне бекітілген. 1 және 13-фланецтер арасына мойынтіректері 11 бар шар тәрізді корпустар 10 орнатылған, оларға білдектің сол жақ 3 және оң жақ 12 шетмойын орналастырылған. Сол жақ шетмойын екі қатарлы жұлдызшамен 4 жарақталған. Жоғарғы білдек кронштейдердің 5 және 18 көмегімен жақтаудың бүйірлерімен топсалы түрде қосылған, сол жақ шетмойын 6 айналу берілісінің жұлдызшасымен жарақталған, кронштейнге кергіш құрылғының жұлдызшасы 16 жалғанған.

3.2 - сурет. Жаншитын білдектер.1 - мойынтіректің бекіту фланеці; 2 - төменгі білдек; 3 - қозғалтқыш цапфа;4 - жұлдызша; 5 - оң жақ кронштейн; 6 - білдек цапфасы; 7 - жоғарғы білдек; 8 - болт; 9 - сол жақ кронштейн; 10 - мойынтіректің шар тәрізді корпусы; 11 - мойынтірек; 12 - білдек цапфасы; 13 - шар тәрізді фланец; 14 - кергіш; 15-регттегіш бұранда; 16 - жұлдызша; 17 - шынжыр;18 - кесу аппаратының бекіту жақтауының кронштейні;19 - кергіш құрылғы; 20 - өс; 21 - блок-жұлдызша.
Ротациялық кесу аппараты төменнен түппен жабылған негізгі білеуді қамтиды. Түпке табандықтар бекітілген, олардың көмегімен кесу аппараты жерге сүйеніп тұрады. Кесу аппараты басты жақтауға қосылған. Негізгі білеудің бойына, оның жоғарғы бөлігіне роторлар бекітілген. Білеулердің қарсы ұштары жетек тегершіктермен жарақталған. Аралық тегершіктер жоғарғы ұштары негізгі білеу құндақтарының саңылауларына, ал төменгілері - негізгі білеудің тағанына бекітілген құндақ қақпағының саңылауларына тығылған өстерге монтаждалған. Кесу аппараты кардандық беріліс арқылы озғалысқа келтіріледі.
Теңестіру механизмі кесу аппаратының топыраққа бірдей және тұрақты қысымын ұстап тұру қызметін атқарады. Механизм екі өтемдік серіппеден, блок-жұлдызшадан, тартпа шынжырынан және кергіш болттан тұрады. Тартпа шынжыр шығыршықтың және өстің көмегімен сница-қорапқа бекітілген. Шынжырдың қарсы ұшы өьемдік серіппелерге қосылған.
Машинаның трансмиссиясы басты редукторды, таптағыш білдектердің жетегін, аралық редукторды, кесу аппаратының сына-белдікті берілісін қамтиды.
Үймек түзуші құрылғы сол және оң жақ үймек түзгіштерден тұрады. Олардың қозғалмайтын бөліктері бүйірлерге және жақтаудың артқы білеуіне бекітілген.
Жұмысқа дайындық. Гидрожүйеде майдың қысымын тексереді, дөңгелек жолтабанына 1800 мм болатындай етіп трактордың дөңгелектерінде 9,8 МПа аз емес болуы керек. Машинаның сницасын трактордың арқалық сырғасына жалғайды.Трактордың ВОМ бірге карданның қосу ашасымен біріктіреді. Керу құрылғыларымен жетек шынжырларының 19 және 14 (3.2-сурет) керілуін реттейді. Шынжырларды тартқанда, ондағы шынжырдың түйініне қойылған бұрауыш 20 - 300 бұрышқа бұралатындай етіп тартады.
Сына-белдікті берілісті тартпалы бұранмен қалыпты күйге келтіреді. Ол үшін бәсеңдеткіштің қорабын рамаға бекітетін жердегі бұрандаманы босатып, бәсеңдеткішті сопақ тесіктің бойына қарай жылжытады. Содан кейін әрбір қайыс белдіктің ортасына ұсынылған 3-4 кг-дық күштер, 14-16 мм-ге тікелей сызықтан қисаятындай етіп тартпалы бұрандамен қайыс белбеуді тартады.
Бәсеңдеткіштің аралық қабаттарын белдікпен айналатын тегершіктердің жылғалары бір сызықта орналасуына көз жеткізеді.
Жұқарта талқылағыштағы біліктер арасындағы саңылауды, жоғарғы және төменгі біліктердің арасындағы қабырғалардың орналасуын және біліктердің арасындағы қысымды реттейді. Реттейтін бұрандалармен 15 (3.2-сурет) біліктер арасындағы саңылауды реттейді. Құбырдың қабырғалары мен үстіңгі бетінің арасындағы саңылаудың ең аз мөлшері 8 мм болуын қадағалайды. Біліктердің қабырғаларының өзара орналасуын реттеу кезінде жоғарғы біліктің бірқатарлы қайысты тартпасын ажыратады. Содан кейін реттейтін бұрандалармен 15 (3.2-сурет) жоғарғы білікті көтереді және айналған кезде төменгі біліктің қабырғаларына жанаспайтындай етіп орналастырады. Жоғарғы білікті айналдырып, оны жоғарғы біліктің қабырғалары төменгі біліктің қабырғаларының арасында орналасатындай етіп қояды. Шынжыр мен тартылмалы жұлдызшаны біріктіре отырып оны тартады.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар

Шөп шапқыштарға қандай агротехникалық талаптар қойылады?
КРН-2,1А шөп шапқышы қандай құрастыру бірліктерінен құралады және жұмыс процесі қалай іске асырылады?
КПРН- 3,0А шөп шапқыш таптағышы өзіне қандай меха - низмдерді қамтиды?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Ұр, тоқпақ (ертегі)
Оны МТЗ
Ауыл шаруашылығы машиналарының түрлері
Жергілікті жер атаулары
Суару машиналарын қолдану бойынша техникалық қауіпсіздік талаптары мынадай
Паскаль заңы. Гидравликалық машиналар
Електі орнақтар
Сүрлем жинайтын комбайн
Қазақ тілі. Етістіктен өткенді қайталау
Айқын полюсті машинаның қҧрылғысы
Пәндер