Сабақ жоспары :: Физика
Файл қосу
Жылу құбылыстары. 10-сынып
Пән: Физика және Астрономия.
Сынып: 10
Сабақтың тақырыбы: Жылу құбылыстары (Қайталау сабағы)
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша
алған білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін,
белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық оқушы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ізденістерін дамыту.
2. Өз беттерінше, топпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
3. Дәстүрлі емес сұрақтарға нақты жауап беруге үйрету.
Сабақтың көрнекіліктері:
Интерактивті тақта, бағалау парақтары, презентациялар, үлестірмелі
материалдар, деңгейлік тапсырмалар, демонстрациялық тәжірибе көрсетуге
арналған құрал-жабдықтар.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: 7-модулдік жаңа технологиялардың негізгі
элементтерін қолдану.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың барысы:
1. «Бәйге» Екі топқа сұрақтар беріледі. Дұрыс жауапқа 1 жұлдызшадан
беріледі.
2. «Сәйкестікті тап» Физикалық шамалар мен өлшем бірліктерді
сәйкестендіру қажет.
3. «Ойлан тап» Топтарға есептер беріліп, тақтаға орындайды.
4. «Ғажайып ұяшық» Тақтадағы ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беру.
5. «Тапқыр достар» сұрақтарға және есеп шығару арқылы жауап беріп
тақтаға суреттерді орналастыру керек.
Бірінші бөлімде интерактивті тақтада ағаштың суреті тұрады. Оқушылар
сұрақтарға жауап беру арқылы ағаш жапырақтарын толтырады.
І топ сұрақтары
1. Заттың күйлерін атаңдар? (Сұйық, қатты, газ)
2. Судың қайнау температурасы? (1000С)
3. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері? (Жұмыс, жылу беру)
4. Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы? (Жылу
мөлшері)
5. Ішкі энергияның өлшем бірлігі? (Джоуль)
6. Будың сұйыққа айналу процесі? (Конденсация)
7. Қатты күйден сұйыққа айналу процесі? (балқу)
ІІ топ сұрақтары
1. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі? «Джоуль)
2. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара
әсерлесу энергиясы? (ішкі энергия)
3. Сұйықтың буға айналу құбылысы? (Булану)
4. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу? (қаныққан бу)
5. Жылу берілудің неше түрі бар? (жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену)
6. Мұздың балқу температурасы (0 градус)
7. Сұйық күйден қатты қатты күйге ауысу процесі? (қатаю)
2 бөлімде оқушыларға есептер беріледі. Тақтаға шығарады.
1. Температурасы 46,5 0С-қа дейін қыздырылған 200 г шай ішкен адам, егер
өзінің температурасы 36,5 0С болса, қанша энергия алады?
(жауабы:8400Дж)
2. 3 кг бензин мен 2 кг керосинді араластырады. Осы қоспа толық жанғанда
қанша жылу мөлшерін шығарады? (23*107 Дж)
3. 440*107Дж энергияны алу үшін Қарашығанақта өндірілетін табиғи газдың
қандай мөлшерін жағу керек? Табиға газдың меншікті жану жылуы 4,4*107
Дж/кг. (100 кг)
4. 1,89*107 Дж пайдалы жұмысты орындау үшін тракторға 4,2*107Дж/кг
меншікті жану жылуы бар 1,5 кг отынды қажет ететін трактор
қозғалтқышының ПӘК-ін табыңдар? Жауабы: 30%
3 бөлімде физикалық шамалардың сәйкестігін тауып орындарына орналастыру
қажет.
|t | с |Уақыт |
|Q |Дж |Жылу мөлшері |
|V |м 3 |Көлем |
|m |кг |Масса |
|c |Дж/кг0С |Меншікті жылу |
| | |сыйымдылығы |
|λ |Дж/кг |Меншікті балқу жылуы |
4 бөлімде «Ғажайып ұяшық» бөлімінде ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарына
жауап беру. Дұрыс жауап берсе, таңдаған ұяшықтың ұпайы қосылады.
|5 |10 |5 |
|15 | |15 |
|5 |10 |5 |
5 ұпай: Дененің жұмыс істеу қабілеті (Энергия)
Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі (Конвекция)
Механикалық энергияның түрлері (Потенциалдық және
кинетикалық)
Дененің температурасы артқан сайын оның ішкі энергиясы
қалай өзгереді ?
(ішкі энергиясы артады)
10 ұпай: Сәуле шығару дегеніміз не? (электромагниттік толқындар
көмегімен бір денеден екінші денеге энергияның берілу процесі)
Жаздыгүні қандай көйлек киген дұрыс: ақ түсті немесе қара
түсті? (ақ түсті, себебі:ол күн сәулесін нашар жұтады.)
15 ұпай: суретті сұрақ
5 бөлімде оқушыларға сұрақтар жазылған карточкалар беріледі.
1. Шикі жұмыртқаны пысқан жұмыртқадан қалай ажыратуға болады? Тәжірибе
жасап көрсет. Берілген құралдар: Тарелка, 2 жұмыртқа, сызғыш
(жұмыртқаны айналдыру керек, пысқан тез
айналады)
2. Конверт ішінде кілт жатыр. Осы кілтті конвертке қол тигізбей қалай
алуға болады? Берілген құралдар: КІлті бар конверт, қайшы, су,
сіріңке.
(конвертті жағып жіберу керек)
Есептерді шығарып, тақтадағы жауаптарымен сәйкестендіргенде
төмендегідей Астананың символы «Бәйтерек» монументі көрінеді.
«Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Астана қаласында
орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек»
сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: Әлемде
бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын
күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған
шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Ал 97 метр биіктікте орналасуы
1997 жылды көрсететін Астананың мемлекеттің жаңа астана болғанын және
осыған сәйкес ел тарихындағы жаңа кезең нүктесі.
• Қазақстан астанасында асқақтаған бұл «терек» жаңартулардың сәулеттік
символы, тәуелсіз Қазақстан символы ретінде орын алады. Ендеше бүгінгі
сабағымызда алған бағаларымызды ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына
арнаймыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz