Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тай жинағыш МТЗ

Сабақтың тақырыбы: Практика. ПК-1,6А; ПС-1,6; <<Қырғызстан-2>>; ПРП-1,6; ГУС-2,5 құрылысы мен жұмыс істеу тәсілі.

Топтар
ТР 9-192

Сабақ өтетін күн
21.01.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Шөп шапқыштарға қандай агротехникалық талаптар қойылады?
КРН-2,1А шөп шапқышы қандай құрастыру бірліктерінен құралады және жұмыс процесі қалай іске асырылады?
КПРН- 3,0А шөп шапқыш таптағышы өзіне қандай меха - низмдерді қамтиды?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
ПРП-1,6 пресс-жиғыштың жұмысшы органдары мен механизмдері ВОМ тракторынан және оның гидрожүйесінен әрекет ету арқылы келтіріледі.
Машина өзіне мыналарды: жинағышты, жинағышты көтеру механизмін, сницаны, кардандық берілісті, доңғалақты жүрісті, редукторды, транспортерды, гидрожүйені, тайлағыш белдіктерді, орағыш аппаратты және тайлағыш камераны қамтиды.
Жұмыс процесі былайша өтеді. Дестенің бойлай жүру барысында жинағыш 1 (3.3 сурет) серіппелі тістермен шөпті жинап, оны транспортерге 9 береді. Транспортердің белдіктері, тайлағыш белдіктердің тарамдары 3, жылжымалы біліктің 7 және барабанның 8 арасында алдын ала сығылу және тайланатын, кейіннен тайлағышқа берілетін массаның нығыздалуы іске асырылады. Жылжитын тайлағыш белдіктердің әсерімен орамды құраудың басы болып табылатын тайланатын массаның қабаты ілмек тәріздес бүгіледі. Тайланатын массаның одан әрі түсуі орамның көлемін арттырады, ал ол ілмектің өлшемін ұлғайтады. Оның ұлғаюы диаметрінде өсетін орамды, кергіш құрылғының гидроцилиндрлерімен 7 туғызылатын кедергіні еңсеру есебінен жүреді. Тайлағыш белдіктердің керілуі көп болған сайын, тайлау тығыздығы соғұрлым жоғары болады. Орам берілген өлшемге жеткенде, орайтын аппараттың автоматы іске қосылады. Бұл кезде кабинаға сигнал түсіп, тракторшы агрегатты тоқтатады, өйткені орам агрегат тоқтағанда баумен оратылады. Транспортердің үстіне қондырылған ине түсіп, баудың ұшын транспортерге бағыттайды. Бау транспортердің белдіктерін, оларға орналасқан тайланатын массаны қармап ұстайды. Баулар тайлағыш камераға түскенде ине айналып, бауды жылжытады Иненің жылжуы барысында иінтіректің дөңесі 3 (3.4. сурет), орамның бойы.Қырылдақтың 4 жүгіру жолымен жылжып, серіппені 5 көтереді және жылжымалы пышақты 9 итереді.
Қырылдақтың 4 айналуына серіппе астындағы жүгіртпе 2 кедергі келтіреді. Орамды баумен орауды аяқтаған ине көтеріліп, бауды кесуге қарсы 7 және жылжымалы пышақтардың 9 арасындағы кеңістікке апарады.
Бұл кезде иінтіректің дөңесі 3 қырылдақтың 4 бүйірлік жолымен кірігеді және пышақ серіппенің 5 әсерімен бауды кеседі. Осыдан кейін ине бастапқы күйіне қайта келеді.
Орамды баумен орау аяқталғанда клапанды бекітіп тұрған ілмешек босайды. Айналатын орам клапанды жоғары көтереді, ал тайлағыш белдіктер орамды жерге тастайды. Осыдан кейін гидроцилиндрлер жақтауды бастапқы күйіне қайта келтіреді. Тайлағыш белдіктер бұл кезде керіледі, ал қарнақтар клапанды жабады. Тракторшының кабинасындағы сигналдық шам сөніп, процесс қайтадан қайталанады.
Тай жинағыш стационарда жұмыс істегенде серіппенің шыбықтары жинағыштың алдында жерге түседі, ал масса айырмен қолмен беріледі.
Жұмыс істеуге дайындық мынадай шараларды қамтиды. Алқапқа шығар алдында трактор дайындалады, онымен бірге шөп шапқыш агрегатталады. Бұл үшін тракторлың артқы топсасы механизмінің қиғаш тірегінің ұзындығы 515 мм тең етеді, олар бойлық тартқыштармен жалғанады, қиғаш тіректердің айырларындағы дөңгелек қуыстарды пайдаланады. Тіркемелі құрылғының арқалығына екі саусақпен тіркегіш айыр бекітіледі. Трактордың ҚАБ бүйірінен тіркеме айырының қуысына дейінгі арақашықтық 509 мм тең, ал ҚАБ осінен арқалыққа дейінгі арақашықтық 250 - 300 мм болып белгіленді.
Амортизациялық серіппелерді керіп көшіргіш доңғалақтың топыраққа 150-200 Н тірелуіне қол жеткізіледі. Жинағыштың білігіне қондырылған үйкелісті сақтандыру муфтасының айналу моменті 180 Н.М болуы тиіс.
Жақтаудың көмегімен тайлағыш белдіктерді гидроцилиндрлермен керіп отырып, тайлаудың тығыздығы ретке келтіріледі.
ППЛ-Ф-1,6М тай жинағыш табиғи шөптердің немесе сабанның дестелерін жинауға, тайларды автоматты байлай отырып, оларды тік бұрышты тайларға тайлауға арналған. Тайларды түсіру қатар жүріп жаратын транспортерге қабат жүктеу науасының көмегімен немесе алқапта астыңғы науаны пайдаланып, жүргізіледі.
Тай жинағыш бес кардандық берілістер, жинағыштан, буып-түйгіштер механизмінен, тайларды көлік құралдарына қабат тиеуге және тайларды алқапта түсіруге арналған науалардан, іліп тоқу аппаратынан, доңғалақ жүрістен, тайлағыш камерадан, бұлғақты піспектен, бас беріліс редукторынан, сницадан құралады.
Тай жинағыш <<Диринг>> іліп тоқу аппаратымен, аралық тіреуі бар кардандық беріліспен жарақталған.
Тай жинағыш МТЗ-100; МТЗ- 80; МТЗ-82 және ЮМЗ-6АКЛ/АКМ тракторларымен агрегатталады.
ТП-Ф-45 жинағыш жартылай тіркемесі ылғалдылығы 45 % дейінгі дегдітілген шөпті, білікшелерден түсетін пішен мен сабанды майдалап немесе майдаламай, жинауға, тасымалдауға және механикалық түсіруге арналған. Жинағыш МТЗ-80; МТЗ-82 тракторларымен агрегатталады.
Жинағыш пісірмелі рамадан, түсіру транспортерінен, жинағыштан, тығыздағыш механизмнен, ыдыстардан, сницадан, жұмыс органдары жетегінен, гидравликалық және тежеу жүйесінен, тіреуден, электр жабдықтарынан және доңғалақ жүрістен құралады.
Жинағыштың сницасы тракторға орнатылған арнайы тіркегіш құрылғыға жалғанады.
Жұмыс үрдісі былай болады. Жинағыш дестелерден майсаны жинайды. Жиналған майса тығыздағыштың беру механизмімен тайлағыш камераға беріледі. Онда майса гығыздалады және сонсоң ыдысқа сығылады. Тайлағыш камера серіппе астындағы он алты пышақпен жарақтанғанда онда майса ұсақталады. Кесудің орташа ұзындығы 150 мм. Пышақтарды сынудан сақтау үшін олар серіппеленеді. Қажет болған жағдайда кескіш аппарат ажыратылады.
Нығыздалған масса транспортердің көмегімен ыдысқа сығылады. Ол дәміл-дәміл қосылғанда масса шанақтың бүкіл көлеміне біркелкі орналастырылады. Массаны транспортер артқы қабырға арқылы түсіреді, оны түсіру кезінде жоғары көтереді. Ыдыстың үстіңгі бөлігі (тент) жиналады, қажет болғанда шешіп алынады.
Жинағыш пневматикалық тежегіштермен және жарық дабылдағыштармен жарақталады
Жинақтағыштың жұмыс органдарының жетегі трактордың ҚАБ-нан және гидрожүйесінен жүргізіледі.
Пішіні тік бұрышты ірі габаритті тайларды ПКТ-Ф-2,0 тайлап жинағышы пішеннің, табиғи шөптердің немесе сабанның дестелерін жинауға, оларды салмағы 500 кг дейінгі ірі габаритті тайларға синтетикалық баумен байлай отырып, жинауға арналған.
Сницасы және доңғалақ жүрісі бар рамадан құралады. Рамаға жинағыш, жетек және тайланатын массаны беру механизмі, піспекті майлағыш камера, инелер, байлау аппараты мен тайлардың ұзындығын және тайлау тығыздығын ретке келтіру механизмдері, орталық жетек, піспекке қатынайтын жоғарғы тылсым нүктеде дәміл-дәміл тоқтайтын кейінді-ілгерінді жүріс орнатылады. Тайлаудың тығыздығы гидравликалық қадағалау жүйесімен жалғанған топсамен бекітілген жоғарғы қабырғамен қамтамасыз етіледі. Тайдың ұзындығы өлшейтін доңғалақпен ретке келтіріледі.
Жұмыс процесі былайша болады.
Агрегат жүрген кезде трактордың доңғалақтары арасынан өтетін дестеден алыған масса жинағыштың серіппелі саусақтарымен қармалып ұсталып, қабылдау камерасына беріледі. Масса қабылдау камерасында берілген тығыздыққа жеткенде піспек іске қосылады. Ол массаны сығымдап, сына тәріздес тайлағыш камераның артқы жағына ығыстырады. Бұл камера жылжымалы ретке келтірілетін қысқыш қабырғамен жарақтанған. Піспек бастапқы күйіне қайта келгеннен кейін процесс қайталанады және тай құралады. сығымдалған масса тайлағыш камераға жылжып келе, өлшегіш доңғалақты айналдырады. Бұл доңғалақ тай берілген ұзындыққа жеткенде байлау аппаратын іске қосады. Бұл жағдайда инелер піспектің саңылауларына жылжи отырып, жіптерді түйіндегіштерге береді, мұнда қысылған және берілген ұштар байластырылып, келесі тайға арнап кесілген ұштар қармалады.
Сығымдалған массаның жаңадан түскен сыбағалары байластырылған тайды тайлағыш камерадан сыртқа итерін, ол науаның бойымен жерге түседі.
Жұмыс органдардың жетегі айналу жиілігі минутына 1000 айна59
лымдық трактордың ҚАБ-мен іске асырылады.
Тайлар мен орамдарды тиеу мен қаттап жинайтын ПТ-Ф-500 айлтетігі ПКТ-Ф-2, ППР-1,6 тай жинағыштары құрастырған ірі габаритті тайларды жинауға, сондай-ақ оларды көлік құралдарына тиеуге, тайлар мен орамдарды дестелеп жинауға арналған.
Айлатетік өзіне топсаны, гидроцилиндрлері бер жоғарғы және төменгі қармағыштарды, діңгекті, гидравликалық арматураны, май жетегін қамтиды.
Айлатетіктің негізгі жұмыс органдары - бұл тайларды қармағыштар. Олар тайларды тиегенде және түсіргенде ұстап тұрады. Қармағыштар үстіңгі төрт және астыңғы алты саусақтан құралады. Бұл қармағыштар тайды немесе ормады гидроцилиндрлердің күшінің көмегімен ұстап тұрады. Дестені құраудың биіктігі (ПФ-0,3Б бірге агрегатта) 6 м дейін.
ПТ-Ф-500 айлатетігі ПКУ-0,8; ПФ-0,5Б тегіштердің рамаларына ілінеді, сондай-ақ МТЗ- 100; МТЗ-102; МТЗ-80 және МТЗ-82 тракторларының топсалы жүйесіне ілінеді.
Тіркемелі тіркеме - ПСЕ-Ф-20 арнайы ыдысы сүрлем жинайтын және азықжем жинайтын комбайндардың, ұсақтағыштардың шапқыштарының ұсақталған массасын жинауға және оны жалпы желідегі жолдармен және дала жағдайларында тасымалдауға арналған.
Тіркеме өзіне шассиді, негізгі борттары бар платформаны, күнқағарларды, борттардың бүйірлік тұғырларын, күнқағарларды басқару және клапан борттарды ашу механизмдерін қамтиды.
Тіркеме үймелі және ақтармалы жүктерді бүйір тұстарға түсіре отырып, бүйірлік борттарын автоматты түрде ашатын тұғырлы борттарсыз тасымалдайды.
ПСЕ-Ф-20 тіркемесі МТЗ-100; МТЗ-102, МТЗ-80; МТЗ-82 тракторларымен агрегатталады.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
ПРП-1,6; ПТ-Ф-45; ПКТ-Ф-2,0 тайлап жинағышының жұмыс процесі қалай өтеді?
МТЗ-80; МТЗ-82 және ЮМЗ-6АЛ тракторларымен қандай тырнауыштар агрегатталады.
Тай жинағыш қандай тракторларымен агрегатталады.
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Оны МТЗ
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру
Қызылша жетілдіру және жинау машинасы
Егу секциялары
Машина МТЗ
Линзаларда кескін салу
Физикалық эксперементтік есептерді компьютерлік бағдарламалар көмегімен модельдеу
Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою
Есептер шығару.есептер шығаруды үйрету
Дөӊес линза
Пәндер