Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Практика Қатараралықты өндеуге арналған машиналар

Сабақтың тақырыбы: Практика Қатараралықты өндеуге арналған машиналар. КРН-5,6 құрылысы мен жұмыс істеу.
Топтар
ТР 9-192

Сабақ өтетін күн
23.01.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
1. СУПН-8А сепкішінің СУПН-8 сепкішінен артықшылығы неде?
2. СУПН-8 сепкіші қандай негізгі бөліктерден тұрады?
3. Соқа тістерінің жүрісін қандай механизммен және қалай реттейді?
4. Егу аппараты қалай құрылған?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
КРН-8,4 ілмелі кеңқамтуы бар қопсытқыш
Қопсытқыш егілген жүгеріні, күнбағысты және басқа да жоғарысабақты отамалы дақылдарды қатараралығы 60, 70 және 90 см болатын жүйекаралық өңдеуге арналған. Қолданылатын жұмыс органдарына байланысты қопсытқышты өсімдіктерді минералды тыңайтқыштармен қосымша қоректендіру, гербицидтер себу, топырақты егіс алдындағы өңдеу және т.б. үшін пайдалануға да болады. Машиналарды ДТ-75Н және Т-70СМ тракторларымен агрегаттайды.
Қопсытқышқа рама, екі тіректі дөңгелек, жұмыс органдарының секциялары, жұмыс және көлік тіреуіштері кіреді.
Рама қиғаштап қойылған тірек және фланецпен біріктірілген қоссырықтан, қоссырықүстінен және швеллерлерден тұрады. Қопсытқыштың автоматты ілмегіне арналған құлып қоссырық ортасында орналасқан.
Дәнекерленген құрылымның көлденең қоссырығы раманың фланеціне бекітілген. Қоссырық жиектеріне тік жағалардың екі жұбы дәнекерленген. Әрбір тік жағалардың екі жұбында алты тесіктен қарастыылған.
Дәнекерленген құрылым дөңгелегінің көліктік тіреуіші көлденең қоссырықпен тік жағалардың жоғарғы жұбымен біріктірілген. Қопсытқыштың жұмысы барысында көліктік тіреуіш қада және сіргенің көмегімен көлденең қалыпта тұрады. Қопсытқышты тасымалдау барысында осы тіреуішті тік орнатады және тік жағалар тесігінің төменгі жұбында бекітеді.
Тұғырықтар (жұмыс және көлік) қопсытқышты оны трактордан ажырату, жұмыс және көлік қалпына келтіру барысында аударылуынан сақтандырады. Тұғырық құбыр және өкшеден жасалған.
Жұмыс органдарының секциясы алдыңғы және артқы тіреуіштерден, реттелетін төменгі және жоғарғы буындардан тұратын төрт буынды параллелограмды механизмді білдіреді. Артқы тіреуіш арқалықтың тақтайшасына бекітілген. Тақтайшаның алдыңғы ұшымен көшіргіш дөңгелек байланысты. Секцияның мұндай құрылымы жұмыс органдарының топыраққа кіруінің тұрақты бұрышын және өңдеудің біркелкі тереңдігін қамтамасыз етеді.
Жұмыс органдарының секцияларына орнатылған иінтіректі механизмге тісті сектор және көшіргіш дөңгелектің тақтайшасына дәнекерленген көтеру иінтірегі кіреді.
Механизм жұмыс органдарының жүрісін 90 мм дейін топтық реттеу үшін қолданылған.
Секцияны қапсырмамен және қысатын ұшымен жасалған бекіту механизмінің көмегімен көтерілген қалыпта ұстап тұрады. Қапсырмаға ілгек дәнекерленген. Сақина шектеуші шынжырдың буынын түсіп кетуден бекітеді.
КРН-8,4 қопсытқыш-өсімдік қоректендіргіштің жұмыс 9.3. суретте көрсетілген. Әмбебап жебе табанды биіксабақты дақылдардың жүйекаралығын 10-12 мм тереңдікке өңдеу барысында арам шөптерін бір уақытта кесумен бірге топырақты қопсыту үшін пайдаланады.
Біржақты сыдыражыртқыш табандар (ұстара) оң және сол болады. Табандардың қалқаншалары өсімдік жүйектерін топырақпен жабылып қалудан сақтандырады. Біржақты сыдыражыртқыш табанмен бірінші қопсыту барысында жүйекаралықты 4-6 см тереңдікке өңдейді.
Қашаутәрізді табандарды қант қызылшасының жүйекаралығын 16 см қопсыту барысында пайдаланады.
Айналмалы табандардың көмегімен бақшалар мен көкөніс дақылдарының жүйекаралығын 12 бастап 25 см дейінгі тереңдікте өңдейді.
Түптеуші жұмыс органдарын картоп жүйекаралығын 12 см дейінгі тереңдікте қопсыту, арамшөптерін жұлу және қопсытылған топырақтың өсімдіктердің төменгі бөліктеріне жинау үшін пайдаланады.

9.3. сурет. Қопсытқыш-өсімдік қоректендіргіштің жұмыс органдары: а - әмбебап жебе табан; б - біржақты сыдыражыртқыш табан; в - қашаутәрізді табан; г - айналмалы; д - саусақтық торлары бар түптеуші корпус; е - қосымша коректен - діргіш пышақ; ж - отайтын тырма; з - табан-қайырма ; и - ротациялы шанышпалы дискілер.
Серіппелі табандар қорғау аймақтарында топырақ бетін бұзуға және арамшөптерді жоюға арналған.
Шанышпалы дискілерді әрбір жүйекке екі жұппен: біреуін оң жаққа, біреуін сол жаққа орнатады. Бірінші және екінші жүйекаралығын өңдеу барысында шанышпалы дискілерді пайдалану айтарлықтай әсер береді.
Құйғышы бар қосымша коректендіргіш пышақты атыздың түбіне тыңайтқышты беру үшін қолданады.
Жұмысқа дайындық келесідей болады.
Қопсытқышты тракторға іліп, тегіс алаңда орнатады. Трактордың орталық тартымы ұзындығын өзгерте отырып, машинаның қоссырығын көлденең қалыпқа келтіреді.
Әрбір секцияны өңдеуді топтық реттеу тұтқасын шеткі позицияға ауыстырады. Өңдеудің қажетті тереңдігі реттеу тұтқасын сектор бойынша артқа ауыстыру барысында қол жеткізіледі. Сектор бөліктеріне 2, 5, 7, 9 және 12 см тереңдіктері сәйкес келеді. Берілген тереңдіктен ауытқу +-1 см артық болмауы тиіс.
Жұмыс органдарын ұстағыштарда жүзі алаңда болатындай етіп орнатады. Қопсытқыш табандарды өңдеудің 16 см тереңдігіне орнату барысында көшіргіш дөңгелектер қалыңдығы 3-4 см болатын қоссырықтарды итереді. Табан жүздері бір жазықтықта болуы тиіс. Буын ұзындығын кеміту барысында арқалықтың ұшын көтереді, ал кемі генде түсіреді. Жұмыс органдарының тіректерін арқалықтың ұзындығы бойымен олардың аяқтары арасындағы қашықтық ең үлкен болатындай етіп қояды (арқалық ұзындығы мүмкіндік беретіндей).
Қопсытқыштың қосымша коректендіргіш пышақпен жұмысы барысында тыңайтқышсепкіш аппарат біліктерінің теңестірілуін тексереді. Ол үшін аппараттардың біреуінің білігіне сызғыш қояды. Сызғыш пен іргелес аппараттың білігі арасындағы саңылау 10 см артық болмауы тиіс. Біліктердің теңестірілуін оларды өсі бойымен бұрай отырып қол жеткізеді.
Тыңайтқышсепкіш аппараттардың жиегінен екіншісінде дөңгелек жұлдызшасымен бір жазықтықта болуы тиіс Z = 12 жұлдызшаларын орнатады. Жұлдызшалар сәйкес келмегенде аппараттарды бекіту тіреуіштерін қоссырықта +-30 мм шамасында жылжытады.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар

КРН-8,4 қопсытқышының құрылғысын сипаттаңыз.
Қандай құрастырма бірліктер КСКУ-6А жүгері жинайтын комбайнның негізі болып табылады?
Автоматты жүргізу жүйесі не үшін тағайындалған және қан - дай құрастырма бірліктер оның негізін құрайды?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Технология (ұл балаларға арналған) 9-сынып
Ағаш өңдеуге арналған қазіргі заманғы технологиялық машиналар
Тағам әзірлеу технологиясы
Суару машиналарын қолдану бойынша техникалық қауіпсіздік талаптары мынадай
Шөп шабатын машиналар
Өсімдік қорғау әдістері мен машиналары
Информатиканың негізгі түсініктері
Компьютер экранына ақпаратты шығаратын құрылғы
Білу тапсырмалары
Paint графикалық редакторының қызметі
Пәндер