Сүрлем жинайтын комбайн

Сабақтың тақырыбы: Практика Жүгері және сүрлем жинайтын машиналар. КС-1, 8; КС-2, 6 құрылысы мен жұмыс істеуі.

Топтар
ТР 9-192
Топтар: Сабақ өтетін күн
ТР 9-192: 23. 01. 2021
:
:
:
:
:
:

САБАҚ БАРЫСЫ

І Ұйымдастыру бөлімі:

А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;

Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;

В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;

Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;

Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау

В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;

  1. КРН-8, 4 қопсытқышының құрылғысын сипаттаңыз.
  2. Қандай құрастырма бірліктер КСКУ-6А жүгері жинайтын комбайнның негізі болып табылады?
  3. Автоматты жүргізу жүйесі не үшін тағайындалған және қан­дай құрастырма бірліктер оның негізін құрайды?

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Жүгері жинауды бірнеше технологиялық әдіспен жүргізеді. Ол әдіс жүгерінің қандай мақсат үшін пайдаланатындығына байланысты. Егер жүгері мал азығы үшін жиналатын болса, онда оны піспей тұрған көк балауса кезінде сүрлем комбайнымен орып, сабағы мен собығын тұтас ұсақтап турайды да сүрлемге салады. Ал егер жүгеріні дән үшін жинайтын болса, онда оны толық піскеннен кейін жүгері комбайнымен жинайды, ал комбайн жүгері сабақтарын сүрлемге турап, собықтарын бөліп алады да сыртындағы орамдарынан тазартады.

Тазаланған собықтарды арнаулы молотилкаларда бастырып дән алады. Жүгеріні дән үшін жинаған кезде астық комбайндарын да қолдануға болады. Ол үшін комбайнға арнаулы жүгері жинайтын кондырры орнатылады. Ондай қондырғымен жабдықталған комбайндар собықты бөліп, дәнге бастырып, бірден тазалап шығарады. Сүрлем дайындауға байланысты технологиялық жұмыстарды сүрлем комбайндары атқарады. Олар жиналатын дақылдың сабақтарын орады, турайды және ұсақталған массаны көлікке тиейді. Осы сүрлем комбайндарының КС-2, 6; КСГ-3, 2; КС-1, 8 сияқты маркалары және арнаулы жүгері жинайтын қондырғымен жабдықталған астық комбайндары қолданылады. Сүрлем жинайтын комбайн. КС-2, 6 әртүрлі әдіспен себілген жүгеріні, күнбағарды және басқа сүрлемдік дақылдарды жинауға арналған. Бұл комбайнмен биіктігі 4 м және диаметрі 40 мм сабақтары бар дақылдар сүрлемге туралады.

Комбайнның алым кеңдігі 2, 6 м "Беларусь" және ДТ-75 тракторларымен агрегатталады. Комбайн жаткадан, қалбағайдан, турағыш аппараттан, сүрлем тасығыш пен тиегіш транспортерден құралған. Комбайнның қалбағайдан басқа жұмысшы мүшелері трактордың қуат білігінен козғалысқа келтіріледі, ал қалбағай қозғалысты жүріс дөңгелегінен алады. Жұмысшы мүшелері жүріс бөлігі бар рамаға бекітіледі. Жатка мен қалбағай рамаға топсалы орнатылғандықтан жұмыс кезінде жер бедеріне икемделіп жүреді. Ол үшін жатка сырғымамен және теңестірілгіш механизммен жабдықталған. Қалбағай айналмалы қалақшалардан тұрады. Оның қызметі кесілетін сабақтарды кескіш аппаратқа жақындату, кесіліп біткеннен кейін жаткаға құлатып жатқызу. Қалбағайдың орналасу биіктігін гидроцилиндр арқылы өзгертіп отырады. Қалбағай белдікті және шынжырлы берілістер арқылы жүріс дөңгелегі әсерінен қозғалатындықтан, оның айналыс жылдамдығы агрегаттың жылдамдығына қарай өздігінен өзгеріп отырады. Өсімдік сабағының биіктігіне байланысты оның диаметрін 1800 мм шамасына дейін өзгертуге болады. Жатка платформа бойымен жылжитын шынжырлы-планкалы транспортерден, кескіш аппараттар, сырғымадан және теңестіргіш механизмнен құралған.

Жұмыс кезінде жатка салмағының көпшілігі теңестіргіш механизмдегі серіппелерге түседі, шамалы бөлігі сырғымаға түседі. Сол сырғымалар көмегімен кескіш аппарат жер бетінен белгілі бір биікте жүреді. Машина қалыпты биіктікте кесетін кескіш аппаратпен жабдықталған. Мұндағы шалғы мен саусақтардың ара қашықтығы 90 мм.

Платформаның бойымен жылжып жүретін шынжырлы-планкалы транспортердің жоғары білігі жетекші де төменгі білігі жетектелуші және кергіш қондырғымен жабдықталған. Транспортердің төрт шынжыр тармағы өзара планкалар арқылы жалғасқан. Ұсақтағыш аппаратта қоректендіргіш білікше мен пышақты барабан бар.

Қоректенгіш екі білікшеден тұрады. Оның біреуінің беті тегіс, екіншісінің бетіне қырлы планкалар бекітілген. Ол екеуін серіппе қысып тұрады және қарама-қарсы айналады, Қоректендіргіш біліктің артына қарсы кескіш пышақ бекітілген. Оны барабанның пышағы жанап айналады. Барабанға қисық дүзді пышақтар бекітілген.

Ол кесу күші біркелкі болу үшін істеледі. Ұсақтағыш аппараттың жалғасы сүрлем тасымалдағыш болып табылады. Ұсақталған масса оның ішімен тасымалданып тиегіш транспортерге жетеді де әрі қарай көліктерге тиеледі. Машинаның жұмыс технологиясы мынадай ретпен атқарылады. Тракторға тіркелген комбайнның жұмысшы мүшелері іске қосылып, қозғалысқа келеді де егіс бойымен жылжи бастайды. Осы кезде қалбағай да айналып, сабақтарды кескіш аппаратқа жақындатады. Кесілген сабақтар жатка транспортердің үстіне түседі. Транспортер ол сабақтарды қоректендіргіш білікшелерге жеткізеді. Білікшелер оларды арасына қысып әрі қарай жылжыта береді де кескіш барабанға жақындатады. Барабан сабақтарды қарсы кескіш пышаққа қысып кеседі де үлкен күшпен сүрлем тасымалдағышқа лақтырады. Сүрлем тасымалдағыштың ішінде барабан әсерінен ауа ағыны пайда болады да кесілген майда бөліктерді тиегіш транспортердің үстіне тастайды. Транспортер оны қатарда келе жатқан көлікке тиейді.


Ұқсас жұмыстар
Кескіш аппараттың түрі шапқыш
Жүгері комбайнының жұмыс технологиясы
Кен комбайн
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру
Ауыл шаруашылығы машиналарының түрлері
Тай жинағыш МТЗ
Бауырсақпен қоштасу
Дәнді дақылдарды жинау технологиясы
Суару машиналарын қолдану бойынша техникалық қауіпсіздік талаптары мынадай
Комбайн жаткасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz