Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жүгері комбайнының жұмыс технологиясы

Сабақтың тақырыбы: Жүгеріні дәнге жинау КОП-1,4 <<Херсонец-7>> құрылысы мен жұмысы.
Топтар
ТР 9-192

Сабақ өтетін күн

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
КС-2,6; КСГ-3,2; КС-1,8 сүрлем комбайндары қандай тракторларымен агрегатталады?
Қандай құрастырма бірліктер КС-2,6 жүгері жинайтын комбайнның негізі болып табылады?
Сүрлем дайындайтын комбайн КС-1,8 неге арналған?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Жүгеріні дәнге жинау үшін КОП-1,4 "Херсонец-7" комбайны қолданылады. Онымен қатар аралығы 70-90 см етіп отырғызылған жүгеріні үш түрлі әдіспен жинауға болады: жүгері дәні толық піскенде собықтарын бөліп, оларды қабығынан тазалайды және сабақтарын турайды; жүгері дәні шала піскенде собықтарын бөліп, сабақтарын турайды; жүгерінің көк күйінде сабақтары мен собықтарын қосып, бәрін бірге турайды. Осындай үш түрлі әдіспен жинау үшін машинаны да үш түрлі жұмыс мүшесімен жабдықтайды. Бірінші әдіс кезінде машинаға собық үзетін білікшелер, екінші әдіс кезінде активті білікшелер, үшінші әдісте битерлі білікшелер орнатылады. 4.1.-сурет.
Жүгері комбайнының жұмыс технологиясы: 1-собық шнегі; 2,4-собық транспортерлері; 3-тақтайша; 5-тазалағыш аппарат; 6-қабық транспортері; 7-дән шнегі; 8-кескіш аппарат; 9-сабақ көтергіш; 10-бөлгіш; 11-карданды білік; 12-сабақ беретін шынжыр; 13-собық үзетін аппарат; 14-құбыр; 15-ұсақтағыш аппарат; 16-жүріс дөңгелегі. Машинаның мынандай негізгі тораптары бар (4.1.-сурет): сабақ көтеретін 9 және беретін 12 шынжырлар, кескіш аппарат 8, собық үзетін аппарат 13, ұсақтағыш аппарат 15, собық транспортерлері 2, 4, тазалағыш аппарат 5, қабық транспортері 5 және дән шнегі 7. Сабақ көтеретін және беретін шынжырлар қосарлана жұмыс істейді. Сол қосарланған шынжырлар аралығында сабақ өтетін өзекше қуыс жасалған.
Сабақ көтеретін шынжырларда саусақтар бар және олар жер бетіне көлбей қозғалады. Сондықтан саусақтар жүгері сабағын төменгі жағынан ұстайды да бірте-бірте көтере жылжытады. Сабақ көтергіш шынжыр қозғалысын әрі қарай беретін шынжырлар жалғастырады және олар жай қарапайым шынжырлардан жасалған. Шынжырдың екі тармағы қосарланған жерінде жүгері сабақтары қысылады.
Сабақтары сенімді қьюып үстауы үшін қосарланған екі шынжыр бір-бірінен жарты қадам озық немесе қалып орналасады. Сонда екі тармақ өзара жақсы беттеседі. Шынжырдың жұмыс істемейтін тармақтары қалғандармен қапталған. Ол қалғандар машина алдына қарай үшкірленген. Сол үшкір ұштары бөлгіш 10 қызметін атқарады. Кескіш аппарат пышақтан және қарсы кескіш пластинкадан тұрады. Ол аппарат, сабақтар бергіш шынжырмен толық қысылғаннан кейін кесетіндей орналасқан. Кесу биіктігін гидроцилиндр арқылы реттеп отырады.
Собық үзетін аппарат екі біліктен тұрады. Жұмыс кезінде олар бір-біріне қарама-қарсы бағытта айналып тұрады. Білікшелер бетіне бедер жасалған. Олардың арасы жүгері сабағы өтетіндей, ал собықтары өте алмайтындай етіп жасалған. Бергіш шынжырлар арқылы келген сабақтарды осы білікшелер қысып әрі қарай жылжытады, ал собықтар өте алмағандықтан, үзіліп қала береді. Собық үзетін аппараттың астына транспортер, ал артына ұстақтағыш аппарат орналасады. Ұсақтағыш аппарат 15 білікшелер аралығынан шыққан сабақтарды турайды да түтік 14 арқылы көлікке тиейді. Тазалағыш аппарат 5 бірнеше білікшелерден құралады. Олардың біреуі - бетінде бедері бар шойын білікше, екіншісі - резеңке қапталған білікше. Осы білікшелер үстіне қысқыш орналасқан. Тазалағыш аппараттың шойын білікшелері мен резенкелі білікшелері қосарланып жұмыс атқарады. Осындай қосарланған сегіз қосақ бар. Олар бір-бірінен жоғары және төмен орналасқандықтан тазалағыш аппаратта науа пайда болады. Осындай төрт науамен жүгері собығы жылжып, сыртындағы орамдарынан ажырайды.
Тазалағыш аппарат астында қабық транспортері 17 орналасқан. Оның түбі тесікті елек сияқты. Тазалағыш аппараттан шыққан қабықтар мен жеке дәндер осы транспортерге түседі. Қабықтар транспортермен тасылады, ал жеке дәндер торкөз електен өтіп, сырғыма тақтайша арқылы дән шнегіне 7 барады.
Машинаның жұмыс технологиясы мына ретпен атқарылады. Комбайн жүгері қатарлары бойымен жылжыған кезде бөлгіш 10 және көтергіш шынжырлар 9 сабақтарды бергіш шынжырға 12 бағыттайды.
Сабақтарды кескіш аппарат 8 кескеннен кейін бергіш шынжырлар оларды сабақ үзетін аппаратқа қарай бағыттайды. Ол кезде сабақтың бас жағы қалқанға тіреледі де түп жағы алға қарай бұрылып ілгері кетеді. Енді сабақтар білікшелер аралығынан әрі қарай өтеді, оларды ұсақтағыш аппарат 15 турайды, сөйтіп қатар келе жатқан көлікке түтік арқылы тиеледі. Білікшелер аралығында саңылау аз болғандықтан, собықтар одан өте алмайды, үзіліп транспортерге 2. түседі. Транспортер оларды жоғары көтеріп сырғыма тақтайшаға 3 тастайды. Транспортер астында желдеткіш бар. Сол желдеткіштен шыққан ауа ағыны, собықтар сырғыма тақтайшаға лақтыру кезінде, оларды кейбір жеңіл қоспалардан тазартады. Собықтар сырғыма тақтайша арқылы тазалағыш аппаратқа 5 келіп түседі. Тазалағыш аппарат олардың сыртындағы қабықтарын қысып астына сыдырады да өздерін шнекке 2 жібереді. Шнек тазаланған собықтарды транспортерге 4 тиейді.
Тазалағыш аппараттан шыққан қабықтар және үгітіліп түскен дәндер қабық транспортеріне 6 келгеннен кейін екіге ажырайды. Дәндер шнекке 7 түсіп, одан әрі транспортерге 4 барады. Транспортердегі 4 таза сабақтар мен дәндер комбайн артына тіркелген көлікке тиеледі. Транспортерден 6 шыққан қабықтар жер бетінде шашылып қалады немесе қосымша қондырғы орнатылып, ол қабықтарды құбырмен 14 жалғастырады. Бұл кезде комбайн екі түрлі жұмыс атқарады. Біріншісінде қабықтарды жер бетіне шашып тастайды, екіншісінде қабықтарды ұсақтағыш аппарат туралған сабақтарқа қосып, олармен бірге көлікке тиейді. Бұл технологиялық схема жүгері толық піскен кезде оны дәнге жинау үшін қолданылады. Ал жүгері дәні шала піскен кезінде сабағын сүрлемге турап, собығын бөліп алу үшін комбайн жұмыс технологиясын онша өзгертпейді. Бұл кезде тек тазалағыш аппарат ғана, жұмыс істемейді. Ол үшін сырғыма тақтайды 3 басқаша бекітеді, яғни жүгері собықтары тазалағыш аппаратқа бармайды, бірден шнекке 1 барады да одан әрі транспортер арқылы 4 көлікке тиеледі.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар

Жүгеріні дәнге жинау үшін қандай комбайндар қолданылады?
Жүгері комбайнының жұмыс технологиясы қалай жүргізіледі?
Жүгеріні неше түрлі әдіспен жинауға болады?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Кескіш аппараттың түрі шапқыш
Сүрлем жинайтын комбайн
Дәнді дақылдарды жинау технологиясы
Жапырақтардың сабаққа орналасуы
Жармадан және бұршақ, макарон өнімдерінен тағамдар даярлау технологиясы
Картоп егу технологиясы
Картоп отырғызғыштардың жіктелуі және агротехникалық талаптары
Сан есім жайлы
Әдібай Табылдиев Күз кереметі
Құстар Жануарлар Жорғалаушылар топтары
Пәндер