Картоптың қатар араларын өңдеу және азықтандыру культиваторлары (КРН-4,2Г, КРН-5,6): құрылымы, жұмыс органдары және агрегатталуы

Сабақтың тақырыбы: Картоптың қатар араларына өнім беру культиваторы. КРН-4, 2г. КРН-5, 6.
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
- Картоп отырғызғыштар қалай жіктеледі?
- Картоп отырғызғыштар қандай агротехникалық талаптарды қамтамасыз етуі тиіс?
- Картоп отырғызғыштар қандай жинақтық бірліктерден тұрады?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Культиватор-өсімдік қоректендіргіш келесі агротехнкалық талаптарға сай болуы тиіс.
Ауқымының ені картоп отырғызғыштың ауқымдық жұмыс еніне сәйкес келуі тиіс. Атыз арасын өңдеу кезінде тамыр бөлігін де, жапырақ-собық бөлігін де зақымдамауы тиіс. Тыңайту кезінде өсімдіктің екі жағынан 15-20 см және отырғызудың берілген тереңдігін сақтай отырып, тыңайтқыш себіледі.
Культиватор КРН-4, 2Г атыз арасы 70 см картоптың алты қатарын өңдеуге пайдаланады.
Культиватор арам шөптерді жою мен топырақтың беткі жағын қопсыту мақсатында және бір тарапты әмбебап жалпақ кескіш қалақтармен атыз арасын өңдеу, қопсытқыш қашау тектес қалақтармен атыз арасын қопсыту, минералдық тыңайтқыштармен өсімдіктерді қоректендіру, өсімдіктерді түптеу, топырақты жаппай өңдеу мақсаттары көздей отырып бір мезгілдегі культивация мен түптеуді жаппай өнім өнгенге дейін және өнгеннен кейінгі тырмалауды жүзеге асырады.
Культиватор МТЗ-80; МТЗ-82; ЮМЗ-6М; ЮМЗ-6Л тракторларымен арегатталады.
Культиватор
Діңгек-жақтаудан, жеті жұмыс органынан, екі тірек дөңгелектен, екі тұғырдан, азықтандыру сайманы мен жұмыс органдарының жиынтығынан тұрады. Діңгек-жақтаудың орта тұсында СА-1 тіркелетін автотіркестің кілті орналасқан. Культиватор жұмыс органдарының қимыл тереңдігін реттейтін тұтқалы механизммен жабдықталған. Бұл механизм тісті секторды (секцияның артқы кронштейніне қатты бекітілген) және көтеру тұтқасын (көшіргіш дөңгелектің жақтауына дәнекерленген) қамтиды. Осы механизммен жұмыс органдарының қимыл тереңдігін 90 мм-ге дейін өзгертуге болады. Культиватор көлік ахуалында болған кезде органдардың тереңдік жұмыс ахуалының тұтқасын сектордық орташа пазына қояды.
Культиваторды келесі жұмыс органдарымен жабдықтайды: қашау тәріздес, әмбебап және тегім кескіш бір жақты қалақтармен, түптегіш корпустармен, азықтандырушы пышақтар және екі секциялы торлы тырмамен жабдықтайды.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
- КРН-4, 2Г культиваторын қандай жұмыс органдарымен жабдықтауға болады?
- Культиватор қандай тракторларымен арегатталады?
- Культиваторды қандай жинақтық бірліктерден тұрады?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
- Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
- Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.