Картоп қазғыштар

Сабақтың тақырыбы: Картоп қазғыш КТН-2Б, КСТ-1, 4 құрылысы жұмыс технологиясы.

Топтар
ТР 9-191
Топтар: Сабақ өтетін күн
ТР 9-191: 10. 03. 2021
:
:
:
:
:
:

САБАҚ БАРЫСЫ

І Ұйымдастыру бөлімі:

А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;

Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;

В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;

Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;

Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау

В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;

  1. КРН-4, 2Г культиваторын қандай жұмыс органдарымен жаб­дықтауға болады?
  2. Культиватор қандай тракторла­рымен арегатталады?
  3. Культиваторды қандай жинақтық бірліктерден тұрады?

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Картоп жинау жұмысы түйіндерді тазалау және сорттаумен аяқталады. Бұл жұмыс операциялары КСП-15 Б картоп сорттау пунктінде жүргізіледі. Сақтау орындарындағы картопты тиеу және түсіру үшін біздің өнеркәсіп орындарымыз ТЗК-30 өздігінен жүретін әмбебап конвейер-тиеуіш шығарады. Картопты реттеп отырғызғанда түіндер бір-бірінен 25-30 см қашықтықта орналасады. Оларды топырақтың бос, ылғал қабатына отырғазады, ал тыңайтқышты белгіленген норма бойынша әр қатарға бірдей мөлшерде себеді. Мұнда белгіленген қатараралығын және қатарлардың көлденеңінен және ұзынынан түзулігін сақтау керек. Қатарлардың арасы 70см болғанда негізгі қатараралықтарды ±2 см-ге, алтүйіліскен жерлерде ± 10см-ге ауытқууға болады.
Топыраққа және климат жағдайларына байланысты түйінді жоталап немесе тегістеп егеді. Егу тереңдігі бір қалыпты болуы тиіс (жоталап еккенде 10- 18см, тегістеп еккенде 8-14см) . Белгіленген тереңдіктен ± 2см ауытқуға болады. Бапталған түйіндер немесе өскіндер еккен кезде зақымданбауы керек.

Картоп қазғыштар . КТН-2Б екі қатарлыкартоп қазғышы (9-сурет) қатараралықтары 70см етіп отырғызылған картопты жинауға арналған. Оны МТЗ-80 немесе Т-40М тракторларына асып пайдаланылады, жұмыс өнімділігі -0, 45 га сағ.
Картоп қазғыш екі жүріс доңғалағы бар рамадан, түреннен (1), негізгі (2) және каскадты элеватордан (4), ірі електен (5, беріліс механизімінен тұрады)
ТҮРЕН (10-сурет) екі қатардағы картопты қазып, оны негізгі элеваторға жібереді. Ол үш секциядан (5, 6 және 7) тұрады. Әр секцияның арт жақ шетінен тілік жасалған, оларға тастың тығылып қалуын болдырмауға арналған, топсалы орнатылған саусақтар (2) бекітілген. Әр саусақ жоғары қарай 900 -қа ауытқи алады. Ал, түреннің бүйір секциялары рамаға бекітілген кронштейндерге (1, 4) орнатылады. Орталық секция ұзынша бой тасаға бекітілген. Ал, түрен екі жағынан рамаға бұрылған қапталдармен шектелген. Түреннің ең көп тереңдеуі 24см.

Негізгі элеватор топырақты қопсытуға және елеуге арналған ол ұзыннан вертикаль бөлінген екі полотнодан, әр полотно диаметрі 10мм болат шыбықтардан (3) тұрады (10 -сурет) . Олар втулкалы-роликті шынжырдың бцындарына (1, 2) екі-екіден қосылған. Әр шыбық ортасынан біреуі жоғары, екіншісі төмен иілген, мұның өзі түйнектердің элеватордан сырғанап кетуін болдырмай, топырақпен пәлектің түйнектен бөлінуін жақсартады. Элеватор
буыны адымының ені 21мм. Полотно алдыңғы жағынан шарикті подшипникте (6) айналатын конус тәрізді шойын роликке (5) тіреледі. Ал полотноның жоғарғы тармағы орта тұсынан 10 тісті, сопақша келген жұлдызша-сіліккішке (4) тіреледі. Соның нәтижесінде полотноның жоғарғы тпрмағы жұмыс кезіндегі ауық- ауық тербеліп отырады да топырақ кесектері жақсы ұнтақталып, элеватор шыбықтарының аралығына түсуіне мүмкіндік туады. Негізгі элеватордың жетекші білігіне шпонкамен және тоқтатқыш винтпен жұлдызша бекітіледі.
Білік корпустары рамаға орнатылған шарикті үш подшипникке айналады. Негізгі элеватор түйнектерді, пәлек пен қалған топырақты шамамен 15см төмен орналасқан каскадты элеваторға лақтырып салады. Сонда қалған кесек топырақтар ұнтақталып, бөлініп шығады. Каскадты элеваторда картоп қазғыштың бүкіл ені бойынша сызылған бір полотносы бар. Оның құрылысы негізгі элеватор полотносының құрылысына ұқсас болып келеді.

Каскадты элеватордың жоғарғы тармағының астыңғы жағына негізгі элеватордың жұлдызша-сіліккішінің өлшеміне қарағанда шағындау келген, ені ұстағыш және екі сіліккіш жұлдызша орнатылған. Каскадты элеватордың жетекші және каскадты элеватордың жұмыс қалпындағы еңкіштік бұрышы 20-220-қа тең болады. Ал олардың полотноларының сызықтық қозғалыс жылдамдығы 2, 1 мс.
Вибрациялық тор картоп түйнектерінен негізгі және каскадты элеваторларда бөлініп, шықпай қалған қоспаларды қосымша бөліп шығаруға арналған. Бұл тор планкаға пісірілген диаметрі 10мм ұзындығы 580мм болат шыбықтардан түрады. Елеуіш горизонтқа 300 бұрышпен орналасып, қазғыштың бүйіріне топсалы бекітіледі. Ол каскадты элеватордың жетекші білігінің
екі жағына отырғызылған эксцентриктің рычагы арқылытербелмелі қозғалысқа келеді.

Беріліс механизмі кардан білігінен беріліс қорабынан және адымы 25, 4мм-лік втулкалы-роликті екі шынжырдан тұрады. Беріліс қорабының 15 тісті жетекші және 26 тісті жетектегі конусты екі шестернясы болады.
Айналыс беріліс қорабынан шынжыр арқылы негізгі элеватордың жетекші білігіне, ал одан сол шынжыр арқылы каскадты элеваторға беріледі. Сондай-ақ қозғалыс каскадты элеватордан екі эксцентрик және қозғалыс рычағты арқылы вибрациялық торға беріледі.
Трактордың аспалы жүйесінің жоғарғы тартқышын пайдалана отырып, түйнектер тегіс көмілетіндей тереңдік жасайды, бірақ топырақтың түйнекті көп басып қалмау жағы да қарастырылады. Егер қолайсыз жағдай болып, топырақ еленбей, түйнектер көміліп қалса, онда трактордың жылдамдығы төмендетіледі.
Егер топырақ негізгі элеваторда еленсе, онда трактордың жүріс жылдамдығы жоғаралатылады.

КСТ-1, 4 картоп қазғышы (11- сурет) жартылай аспалы екі қатарлы, оны КТН- 25 картоп қазғышы сияқты мақсатқа пайдаланады. Ол барлық топырақта, соның ішінде сазды және топырақты жерлерде жұмыс істеуге арналған, сондай-ақ оны ылғалды шымтезекті топырақта да пайдаланады. МТЗ тракторының барлық өзгертілген түрімен агрегатталады, жұмыс жылдамдығы 1, 93-8, 3 кмсағ, ал тасымал жылдамдығы 26 кмсағ-қа дейін жетеді. 1 сағат ішіндегі таза жұмыс өнімділігі 0, 91га.
Картоп қазғыш екі активті түреннен (6), жылдамдық элеваторынан (7), негізгі элеватордан (2), каскадты элеватордан (1), тарылтқыш қалқаншалардан (1) тұрады. Оның жұмыс органдары трактордың қуат плу білігінен қозғалыс алады. Түрендердің тереңдік жүрісі бағдарлауыш доңғалақтың (5) винті механизммен реттеледі де доңғалақ шарикті подшипникке айналады.

Машина рамасындағы түрендер остердегі резеңке втулкада тербелетін кронштейндерге және аспаларға топсалы жалғастырылған. Олар түрендер жетегі білігінің эксцентриктерінен шатындар арқылы тербелмелі қозғалысқа келтіріледі.
Біліктегі эксцентриктер бір-біріне 1800 бұрыш жасап орналасқан, мұның өзі түрендердің қарсы бағыттардағы тербелмелі қозғалысын қамтамасыз етеді.
Тербеліс амплитудасы - 14мм. Білік жылдамдық элеваторының жетекші білігінен шынжырлы беріліс арқылы қозғалысқа келеді. Жылдамдық элеватордың тербеліс жиілігі арқылы қозғалысқа келеді. Жылдамдық элеваторының тербеліс жиілігі мен жылдамдығын редуктордың (3) сол жақ білігіндегі жұлдызшаны алмастыру арқылы реттеуге болады.

Түрендердің 1 минут ішіндегі тербеліс саны 500, 565 және 627. Сонда жылдамдық элеваторының қозғалыс жылдамдығы 2, 03, 2, 28 және 2, 54 мс өзгертеді. Түрендерінің бүйіріне рамаға қозғалмайтын қапталдар орнатылған. Күш көп түсетін түренді күш аз түсетін қапталдармен байланыстыру топырақтың үйілуін және өсімдік қалдықтары мен пәлектің ілінуін болдырмайды. Активті түрендер топырақ қабатын жақсы жыртып
КТН-2Б сияқты пассивті картоп қазғыштардағы түрендерге қарағанда тілу кедергісін азайтады. Шапшаң элеватор топырақ қабатын түреннен қабылдап алып оны ұсақтайды да, топырақты елейді, содан кейін қалған массаны негзгі элеваторға жібереді. Негізгі элеватор екі жылғалы шыбықты полотнодан, жұлдызшаны ұстап тұратын бағыттауыш роликтерден және жетек жұлдыызшалары бар жетекші біліктен тұрады. Полотноның шыбықтары қарсы бағытта кезектесіп иілген. Полотно шынжырының адымы - 41, 3мм. Негізгі элеватор топырақ кесектерін одан әрі ұсата отырып, топырақты елеп, қалған массаны каскадты элеваторға береді, ал бұл элеватор бір жылғалы полотнодан, жетекші және жетектегі біліктерден және эллипстік жұлдызша - сіліккіштен тұрады. Осы жұлдызшалардың ықпалымен полотноның жоғарғы тармағы сілкіленіп - қағылады да соның нәтижесінде топырақ дұрыс еленіп картоп түйнектерді пәлегінен бөлініп шығады. Полотноның қозғалыс жылдамдығын негізгі элеватордың жетекші білігіндегі жетек жұлдызшаны 1, 93 және 1, 68 мс аралығында алмастыру арқылы реттейді.
Картоп қазғыштың жүріс доңғалақтары пневматикалы болып (өлшемі 6, 5х16), машина рамасының кронштейндеріне қатаң бекітілген жартылай остегі конус тәрізді подшипникте айналып тұрады.


Ұқсас жұмыстар
Машина МТЗ
Сошниктың құрылымы
КАРТОП - ЕКІНШІ НАН
Картоп егу технологиясы
Картоп отырғызғыштардың жіктелуі және агротехникалық талаптары
Көкөністерден жасалған тағамдар
Стационарлық картоп сұрыптау бекеті
Сабақтың түр өзгерістері
Екі келі
Әдібай Табылдиев Күз кереметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz