Қант қызылшасын механикаландырылған жинау: КСТ-3А, КСТ-2А комбайндары мен БМ-6Б жапырақ жинағышының талаптары мен жұмысқа дайындауы

Сабақтың тақырыбы: Қызылша жинайтын комбайн КСТ-3А; КСТ-2А.

Топтар
ТР 9-192
Топтар: Сабақ өтетін күн
ТР 9-192: 03. 03. 2021
:
:
:
:
:
:

САБАҚ БАРЫСЫ

І Ұйымдастыру бөлімі:

А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;

Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;

В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;

Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;

Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау

В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;

  1. Қант қызылшасын жинауды қандай агротехникалық талаптар қойылады?
  2. БМ-6Б пәлек жинағыш машинаның жұмысына дайындық қандай операцияларды қамтиды?

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Қант қызылшасын механикалан-ды­рылған жолмен жинағанда қызылша жинайтын машиналар келесі та­лаптарға сай болуы керек.

Жапырақты кескенде оны көзшеден төмен кесуге болмайды және жапырақтың бастау алар тұсынан 2 смден жоғары кесілмеуі керек.

Жоғарыдан кесілген немесе кесілмеген жапырақтың массасы 5%-дан аспауы керек.

Жапырақтың құрамына кеткен өсімдік басының мөлшері барлық кесілген тамыр жемістерінің ішінде 5%-дан аспауы қажет.

Тамыр жемістерін төмен немесе қисық кесу жалпы массамен са­лыстырғанда 10-15%-дан аспайтын мөлшерді құрауы тиіс.

Жапырақтың жоғалған мөлшері 18%-дан аспауы керек, ал жапы­рақтың топырақпен кірленген мөлшері 5%-дан аспауы керек.

Жұлынып алынған құйыршықтардың диаметрі 1 см шамасында болуы тиіс. Құйыршықтарының диаметрі үлкен болған тамыр жемі­стерінің мөлшері 3%-дан аспауы қажет.

Айтарлықтай зақымданған тамыр жемістерінің массасы 12 %-дан аспауы тиіс. Машинаның көмегімен қазылған және алынған тамыр жемістерінің мөлшері 99 %-дан кем болмауы қажет, ал егістік бетінде қалған тамыр жемістерінің мөлшері 5%-дан аспауы керек.

БМ-6Б жапырақ жинайтын машинасы қатарларының арасы 45 см болып егілген қант қызылшасы жапырақтарын жинау кезін­де және қант қызылшасы жапырақтарын көлік құралдарына арту кезінде қолданылады. Машинаны МТЗ-80, МТЗ-82, МТЗ-100, МТЗ-102 (жетекші дөңгелектері енсіз шинамен жабдықталған), Т-70СМ, ДТ-75Н (енсіз шынжыр табанмен жабдықталған) тракторларымен агрегаттайды.

Машинаның құрамына мынадай бірліктер кіреді: жапырақ ке­сетін аппараттар, тасымалдағыш, жапырақты сыпыратын құрылғы, тамыр жемісті тазартқыш, гидробасқару жүйесі, жұмыс органдары­ның айналуын бақылайтын жүйе, электрлі жарықтандыру, рама және қозғалтқыш бөлік.

БМ-6Б жапырақ жинайтын машинасының негізгі ерекшелі­гі болып жүк тиейтін көліктің бес қалақты сыпырғыш барабаннан тұратындығы жатады. Бұл жүк тиеу биіктігін арттыруға және көлік құралдарының жүк көтергіштігін толық қолдануға мүмкіндік бе­реді. Тазартқыштың роторы тазарту сапасын арттыратын соққымен жабдықталған. Негізгі құрастырма бірліктер: жүк тиейтін тасымал­дағыш, көшіргіш механизмдер, тілгіш аппараттар, тазартқыш.

Жапырақ көлік құралдарына жеткізіледі. Өсімдік массасы және тамыр жемістегі жапырақ қалдықтары білігіне бұрандалы желі бой­ынша қайыс бекітілген тазартқыштың көмегімен алынып тасталады.

Рама дегеніміз дәнекерленген құбырлы конструкция. Ол пневма­тикалық шинадан тұратын жүріс дөңгелектеріне сүйенеді.

Жапырақ кесетін аппарат екі секцияға бөлінген. Секция дәнекер­леу конструкциясының жылжымалы рамкасынан тұрады. Аталған конструкцияға үш кесу аппараты және үш көшіргіш механизм монта­ждалған. Ол негізгі рамаға жалғасқан және алдыңғы бөлігі көшіргіш дөңгелекті тірек етеді.

Көшіргіш механизм автоматты түрде тиісті биіктікте тамыр жемі­стерінің басын кесу үшін пышақтарды орналастырады. Механизм ке­скінделген, тараққа ұқсаған көшірме түрінде орындалған және серіп­песі бар топсалы төрт буынды түрде орындалған.

Кесу аппараттары жапырақтарды кесуге және оны қабылдау көлігінің төсеміне беруге арналған. Олар дискілі тегіс пышақтармен және қатты ластанған жерлердегі жұмыстарға арналған сегменттер­мен жабдықталған. Кесу аппараттары бөліп таратқыш редуктордан шыққан карданды берілістің көмегімен қозғалысқа келеді.

Қабылдаушы тасымалдағыш жапырақтарды қабылдайды, топы­рақтан тазартады және жүк тиейтін элеваторға жолдайды. Тасымал­дағыш рамадан, шынжырлардың қақпақылынан, қырғыштары бар шыбықты төсемеден, негізгі біліктен, жетектегі және тірек роликтер­ден тұрады. Тасымалдағыш бәсеңдеткіштің көмегімен қозғалысқа түседі. Қақпақылдың білігі тасымалдағыштың негізгі білігімен шын­жырлы беріліс арқылы байланысқан.

Гидробасқару машинаның жұмыс органдарын автоматты түрде қант қызылшасының жиналатын қатарларына бағыттауға арналған. Оның құрамына сорғы, гидротаратқыш, құбыр желісі жүйесі, көлде­нең күш, көшіргіштер (оң жақ, орта және сол жақ) және май орна­ласқан блок кіреді.


Ұқсас жұмыстар
Қант қызылшасын механикаландырылған жинау: агротехникалық талаптар және БМ-6Б жапырақ жинағышының құрылымы мен жұмысы
КТН-2Б және КСТ-1,4 картоп қазғыштарының құрылысы мен жұмыс технологиясы
ККУ-2А картоп жинау комбайнының құрылысы мен жұмыс технологиясы, КСП-15Б сұрыптау бекеті және картопты сақтау әдістері
Дәнді дақылдарды жинау технологиялары мен агротехникалық талаптары
Оқушыларды өздік жұмысқа үйретудің әдістері мен ұйымдастыру талаптары
Шөптен пішен және көк жем жинауға арналған касилка мен КСК-100А комбайндары
Практикалық сабақ: КС-6Б/КС-6В, МБК-2,7 және МКК-6 қызылша жинайтын машиналарының құрылысы мен жұмыс технологиясы
Сабақ: ЛДГ-5 және ЛДГ-10 дән аршығыштары мен БЗТС-1,0 тырмалары - құрылымы, агротехникалық талаптары және жұмысқа дайындау
Шөп тырнауыштары мен пішен жинау машиналарының құрылымы және жұмыс істеу тәртібі
Практикалық сабақ: Ауылшаруашылық машиналары мен агрегаттарымен жұмыс істеу кезінде еңбек және өрт қауіпсіздігі талаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz