Машина МТЗ

Сабақтың тақырыбы: Практика. КС-6Б қызылша жинайтын машинасының құрылысы.
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
- Жоғарыдан кесілген немесе кесілмеген жапырақтың массасы қанша %-дан аспауы керек?
- БМ-6Б жапырақ жинайтын машинасы қандай тракторлармен агрегатталады?
- БМ-6Б пәлек жинағыш машинаның жұмысына дайындық қандай операцияларды қамтиды?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
КС-6В тамыр жинайтын, өздігінен жүретін машинасы жапырақтары алынған қант қызылшасының, мал азықтық қызылшаның, аналық қызылшасының тамырларын жинау кезінде қолданылады. КС-6В машинасы КС-6Б-ның негізінде құрастырылған, сонеың жаңартылған түрі болып табылады. КС-6В машинасының ерекшелігі болып жетекші көпірдің, қозғалтқыштың, көліктік және тазартқыш құрылғылардың, кабинаның және қатар бойынша жүретін автоматтың конструкциясы табылады.
КС-6В машинасына мына құрастырма бірліктер кіреді: алмалы-салмалы қазуға арналған құрылғы, тасымалдағыш, жаңа конструкцияның бойлығы, сужетекпен жабдықталған жүк артқыш, тасымалдаушы органдар, тазартқыш төбешік, СВА-1М жүргізудің электронды-механикалық автоматы, жетекші дөңгелектер көпірі, кабина, қозғалтқыш, шасси, жұмыс органдарын бақылау және электрмен жабдықтау жүйесі.
Мал азықтық қызылшаға арналған МБК-2, 7 жапырақ жинайтын машина.
МБК-2, 7 машинасын 45 см қатараралықтағы мал азықтық қызылшаның тамыр жемісіндегі жапырақтарды жинап алу үшін қолданады. Машина МТЗ-80/82; МТЗ-100; МТЗ-102 тракторларымен және шынжыр табанды ДТ-75Н; Т-70СМ тракторларымен агрегатталады.
Машинамен агрегатталған трактор машинаның жанында, қызлшаның жапырақтары мен тамыр жемісін бүлдірмей жиналған егістің үстімен жүріп отырады.
МБК-2, 7 машинасы жұмысының технологиялық процесі мынадай жолмен жүзеге асырылады.
Жапырақты бір деңгейде кесу үшін машинаны неғұрлым шығыңқы тамыр жемістерге орналастырады.
Тамыр жемістер қатарының бойымен жылжи отырып машина айналып тұрған, топсалы бекітілген пышақтардың көмегімен жапырақтарды және қатарлар мен қатараралықтағы арамшөптерді кеседі. Пышақтар секциялар бойынша, ротордың ұзына бойына орналасқан. Қызылша тамырында қалып қойған жапырақтардан роторға пышақтармен кезектестіріліп орналастырылған шөткелер мен соққылар тазартады. 126
Кесіліп алынған жасыл массаны ротор иірме лақтырушыға бағыттайды. Жасыл массаның ағыны тарыла кеп иірменің ортасына орналасады. Иірме лақтырушы қақпақылмен бірге жапырақты автоматты таратқышқа және тасымалдағышқа жібереді. Мұнда қоспалары бар жапырақ автоматты түрде төсеніштің бойына тарайды да, ырғатылу арқылы жабысқан топырақтардан босайды, өзіне қарсы айналып тұрған барабандардың көмегімен көлік құралына лақтырылады.
Машинаға кіреді: негізгі рама, қозғалтқыш және тірек дөңгелектер, сница, трансмиссия, гидравликалық жүйе, жапырақ кескішті көтеретін механизм, тасымалдағыш, жапырақтарды таратқыш.
Рама дәнекерленген кеңістіктік конструкция түрінде орындалған. Оған жұмыс органдары мен механизмдер біріктірілген. Рама қозғалтқыш пневматикалық дөңгелектерге бекітілген.
Сница машинаның негізгі рамасын трактормен жалғастыратын қызметті атқарады. Ол дәнекерленген ашылмалы-жабылмалы конструкция түрінде орындалған. Сница мыналардан тұрады: оқ ағаштан, тіркемеден, өзара көлденең білікпен топсалы буындасқан және реттеліп отыратын күштен. Оқ ағаш Сницаның алдыңғы бөлігі боып табылады, соңы машина мен тракторды біріктуретін сақинамен бітеді. Сницаның алдыңғы бөлігіне сақтандыру шынжыры жалғанған, артқы бөлігі тірекке арналған баспалдақпен жабдықталған. Негізгі рамаға Сница ретке келтіріп отыратын күші бар топсалы үшбұрышпен жалғанған. Сницаға кардан білігі мен гидравликаның май өткізгіші жалғасқан, айналып тұрған бөліктері қаптамамен және қалқанмен жабылған. Қалыпты және қолайсыз жағдайларда жұмыс кезінде Сницаны бірнеше күйде орнатуға болады.
Жапырақ кескіш тамыр жемістердің жапырақтарын, қатардағы және қатараралықтағы арамшөптерді кеседі, барлық осы жасыл массаны жүк тиейтін көлікке артады. Жылжымалы қорап тектес, жұмыс кезінде екі тірек дөңгелекке сүйеніп тұратын рамкада орналасқан: айналып тұратын ротор, иірме лақтырушы, қақпақыл, жапырақтарды бағыттап отыратын қаптама. Иірме лақтырушы төменгі жағынан науамен жабылған. Аспалы рамка негізгі рамаға топсалы түрде біріктірілген.
Ротор дегеніміз - мойынтіректе айналып тұратын қуыс білік. Ротордың тұла бойына секциялы түрде жалпақ пышақтар қойылып, біліктеріне топсалы түрде бекітілген. Пышақтың жұмысқа арналған бөлігі айналу бағытына қарай иіліп жасалған. Пышақтың жоғарғы жағында тесік бар. Осы тесікке керіле төлке орнатылған, ол тозған жағдайда ауыстырылып отырады.
Ротордың бір шетіне - жапырақ кескішке сигнал бергіші бар үйкелісті жалғастырғыш бекітілген, ал қарама-қарсы шетіне жетекті тегергіш орнатылған. Сақтандырғыш жалғастырғаш иірме лақтырушыны сынып қалудан және жүктің артық салынуынан қорғап тұрады. 127
Бұл жалғастырғаш жетекші дискілер мен белгі беретін құрылғыдан тұрады. Мұндағы белгі беретін құрылғы - белағашқа орнатылған, қоңыраудың ішінен дискіге бекітілген серіппелі соққыш.
Жапырақтарды кесіп, жинаумен бірге ротор өзінің жалпақ, иілмелі, білікте шөткелермен кезектесіп орналасқан соққыларымен тамыр жемістерді жапырақтардан толық тазартады.
Жапырақ кескіштің иірме лақтырушысы жасыл массаны ортаға қарай жылжытады да, жүк артатын көлікке қарай жолдайды. Ол құбырлы білік түрінде орындалған. Бұл білікке иірменің айналымдары мен лақтырушының қалақтары қатты бекітілген. Иірме лақтырушы жапырақ кескіш жақтаудың науасында орналасқан және алмалы-салмалы қаптамамен жабылған. Мойынтірек біліктің тірегі болып тұрады.
Жапырақкескіштің қақпақылы лақтырушыдан келіп түсетін жасыл массаны жүк тиейтін көлікке лақтырады. Қақпақыл біліктен, төрт иілмелі қалақтан және мойынтіректі арамшөптердің оратылуынан сақтап тұратын құрылғыдан тұрады. Біліктің ұштарына жетекші топсалы айырлар орналасқан.
Жүк тиейтін тасымалдағыш иірме лақтырушы мен жапырақ кескіштің қақпақылынан келіп түсетін жасыл массаны қабылдайды, оны топырағынан тазартады да, көлік құралына лақтырады. Тасымалдағыш жақтауды, жетекші білікті, жетектегі жұлдызшаларды, тиегіш барабандарды, роликтерді, бағыттаушы күнқағарды, төсемені, жоғарғы кішкентай қалқанды қосады.
Жақтау екі бөліктен тұрады: жоғарғы қозғалмалы және төменгі көмекші бөлік.
Тасымалдағыштың жетекші білігі белгі бергіші бар, роликті озба жалғастырғышы бар сақтандырғыш жалғастырғышпен жабдықталған. Тасымалдағыштың төсемі екі паралельді орналасқан, 38, 1 мм қадамға ие төлке-роликті шынжырмен жабдықталған. Бұл шынжырлар өзара қапсырмалар бекітілген шыбықшалармен біріккен. Төсемені рычагқа созып кигізілетін тұтқыш арқылы әсер ететін серіппенің көмегімен кереді. Тасымалдағыштың жетекші білігі цилиндрлі редуктордан келетін шынжырлы берілістің көмегімен айналады. Тасымалдағыштың жоғарғы қозғалмалы бөлігін жұмыстық немесе көліктік жағдайға қою екі гидроцилиндрдің көмегімен жүзеге асырылады.
Машинаның гидравликалық жүйесі жапырақ кескіш пен жүк артатын тасымалдағышты көтеріп, түсіреді. Ол екі жақты әрекет ететін 200 мм-лі поршенді гидроцилиндрден, екі гидроцилиндрден (400 мм-лі поршень), жалғастықтан, жоғары қысым жеңінен және клапандардан тұрады. Магистральдердің бірі мысалы түсіру магистралі баяулатқыш клапанмен (дроссельмен) жабдықталған. Жапырақ кескішті көтері механизмінің гидроцилиндрі шток арқылы көтеру білігінің ортаңғы кронштейніне жалғасқан, корпусы машинаның негізгі рама128
сына жалғанған. Жапырақтарды жинайтын машинаның гидравликалық жүйесі жалғастырғыштың көмегімен трактордың гидравликалық жүйесіне жалғанған.
Жұмысқа дайындықты тракторды дайындаудан бастайды. Қатар аралығы 45 см қызылша егістігіндегі жұмыс үшін дөңгелекті тракторларға 1350мм жолтабан орнатадығ 9х12 артқы дөңгелек шиналарындағы қысым 0, 2 МПадан төмен болмауы тиіс, ал шынжыр табанды Т-70СМ, ДТ-75Н, Т-153 тракторлерге енсіз шынжыр-табандар орнатады.
Қатараралығы 60см егістіктегі жұмыс кезінде дөңгелектің жолтабаны 1200 мм болуы керек.
Машинаны жұмысқа дайындау кезінде жапырақ кескіштің жұмыс істеп тұрғандығын, трансмиссияның дөңгелекті жүрісін, жүк артатын тасымалдағышты, рамалар мен сницаларды тексереді. Шынжырлардың дұрыс тартылғандығына (оларды майлайды), төсемнің ауытқып кетпегендігіне көз жеткізеді. Бұрандамаларды қатайтады.
Машинаны тракторға мынадай жолмен қосады.
Тракторды артқа қарай жүргізіп, машинаға әкеледі, тіркемелі құрылғының сақинасын трактордың қапсмырмасына жалғайды.
Негізгі кардандық берілістің топсасын ВОМ трактордың сіргелі шетіне кигізеді де, тәжді сомыны бар бұрандамамен бекітеді, сіргелейді. Негізгі карданды берілісті тіркей отырып ішкі шанышқылардың бір жазықта орналасқанына көз жеткізеді.
Машинаның гидрожүйесін трактордың гидрожүйесіне иілгіш құбырішектер арқылы жалғайды.
Жұмыс органдарының көтеру жүйесін тексереді, ол үшін жапырақ кескішті бекітіп тұрған көтеру білігін босатады.
МКК-6 тамыр жинайтын машинасын мал азықтық тамыр жемістердің тамырын жікті ауыстырып тиеу әдісімен және толассыз әдіспен жинау кезінде қолданады.
Машина тамырларды қазады, оларды топырақтан және өсімдік қалдықтарынан тазартады, қасында келе жатқан көлікке артады.
Тамырлардағы жапырақтарды МКК-6 машинасымен бірге кешенді жұмыс істейтін жапырақ жинайтын машина жинап отыруы тиіс.
МКК-6 тамырларды жинайтын машинасы тамыр жинайтын бөліктен және МТЗ-80/80Л тракторының рамасына қойылған, негізгі дөңгелектері шешілген артқы ілмек меанизмінен және басқарылатын дөңгелектердің көпірінен тұрады.
Трактор негізгі рамаға арнайы тіреулердің көмегімен құрастырылған, алдыңғы бөлікке қапсырманың, артқы бөлікке бұрандаманың көмегімен бекітілген. Бұл бұрандамаларды тракторды рама бойымен қозғаған кезде, жетекші дөңгелектер жетегінің шынжырларын тартқан кезде қолданады. 129
МКК-6 тамыр жинайтын машинасына мыналар кіреді: көтергіш жақтау, иірмекті, көлденең, бойлық, жүк тиейтін тасымалдағыштар, рульдік басқару механизмі, трансмиссиялар, электрлік және гидравликалық жүйелер, жүргізу автоматы және сөндіргіш. Машинада түнгі уақытта қолдануға арналған жарық беруші құрылғылар орнатылған.
Технологиялық процесс былай жүреді. Дискілі қазғыштар қант қызылшасының тамырларын қазады, ал оған қарсы айналып тұрған жұдырықшалы және қақпақылды біліктер оларды топырақтан және өсімдік қалдықтарынан тазартады. Осыдан кейін тамырлар екінші жұдырықшалы біліктің көмегімен қабылдап алушы көлікке қарай жылжытылады да, одан иірмекті тазартқышқа келіп түседі. Бұл көлікте тамырлар өсімдік қалдықтары мен топырақтан тазартылады да, бойлық тасымалдағышқа жолданады. Одан тамырлдар көлденең шыбықты тасымалдағышқа беріледі де, жүк тиейтін тасымалдағыш арқылы тамырлар қасында келе жатқан көлік құралының шанағына түседі.
Машинаның рамасы дәнекерленген кеңістік құрылмалары түрінде орындалған.
Раманың негізгі бөліктеріне мыналар жатады: сол жақ және оң жақ ланжерондар, басқарылатын көпірді орнатуға арналған кеңістік, негізгі көпірдің тірегі, көлденең көліктің рамасы.
Рама басқарылатын және жетекші дөңгелектердің көпіріне сүйенеді.
МКК-6 машинасының жүрістік бөлігі басқарылатын дөңгелектердің көпіріне және негізгі көпірге ин. Машина МТЗ-80/82 тракторының басқарылатын дөңгелектерінің көпірімен жабдықталған.
Негізгі көпірге аунақша мойынтірек арқылы және ступица арқылы бекітілген пневматикалық дөңгелектер кіреді.
Дөңгелектің сыртындағы суреттегі шыршалар жүру бағыты кезінде ұшар бастары алға қарай орналасады. Жетекші дөңгелектер шынжырлы берілістің көмегімен трактордың белағашынан айналымға ие болады. Машинаның негізгі рамасы бойынша реттегіш бұрандамалардың көмегімен тракторды жылжыта отырып осы берілістегі шынжырлардың тартылысын жасайды. Жетекші көпір шынжырларын тарту бойынша барлық операцияларды рульдік басқару күшін сөндіргеннен кейін, көтеру май өткізгілерін ажыратқаннан кейін, трактордың оң жақ жанындағы сыртқа шығарылған өткізгі мен көтеру цилиндрін жалғап тұрған жүкті түсіру тасымалдағышын, майөткізгілерін түсіргеннен кейін және жүргізу автоматын көшіргішті төменге түсіргеннен кейін, рульдік басқару гидротасымалы мен жетекші дөңгелектердің бөліп таратқышын жалғастырып тұрған майөткізгілерді ажыратқаннан кейін жүргізеді. 130
Шынжырларды тарту бойынша операцияларды орындай отырып күштің ұзындығын ретке келтіреді, ажыратылған майөткізгілерді жалғап, бекітеді.
Қатарлар бойынша операциялар автоматы дегеніміз - қызылшаны қазып алатын жұмыс органдарының қатарлар бойынша автоматты түрде бағытталуы жүргізілетін гидромеханикалық құрылғы.
Жүргізу автоматы рамадан тұрады, рамаға бекітілген: кронштейндер, паралеллограмды ілмекетер, серіппе, көшіргіштерді көтеру біоігі, көлденең күш, тұтқыш, көтергішті көтеру гидроцилиндрі, капот және бағыттағыш. Жүргізу автоматының рамасы екі фланцтың көмегімен машинаның рамасынга бекітілген. Жүргізу автоматының жұмысы мынадай жолмен іске асады. Машинаны қатарлар бойынша жылжыту кезінде көшіргіш датчиктер өз қауырсындарымен қызылша тамырының басын жанайды. Жетекші дөңгелектердің қатар аралық осьтен жылжып кетуі кезінде көшіргіш ортаңғы күйден ауысады да, рычагты жүйенің көмегімен жетекші дөңгелектердің бөліп таратқышын жылжытады. Бұл кезде май басқарылатын дөңгелектердің қандай да бір гидроцилиндріне түседі де, дөңгелек тиісті жаққа бұрылады.
Рульмен басқару механизмі трактордың гидротаратқышының көлденең білігінен басқарылатын дөңгелектердің бөліп таратқышына машиналарды бұру кезінде және жұмыс барысын қолмен реттеу кезінде күш салуды беру үшін қызмет етеді.
Рульмен басқару механизмі фланцтың көмегімен трактордың гидрокүшейткіш білігіне біріккен. Бұл фланцқа күшпен біріккен рычаг бекітілген. Бұдан кейін күш салу тежеу буыны орналасқан айналатын білікке ауысады.
Машинаның жүру бөлігіне басқарылатын дөңгелектердің көпірі және жетекші көпір жатады. МКК-6 машинасы МТЗ-80/82 тракторының басқарылатын дөңгелектерімен жабдықталған.
Жетекші көпірге мойынтірегі бар ступицалардың көмегімен белағашқа орнатылған пневматикалық дөңгелектер кіреді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz